«Алаш» партиясының бағдарламасы 10 бөлімнен тұрды: 1.Мемлекет қалпы 2.Жергілікті бостандық 3.Негізгі ісі 4.Дін соты 5.Билік һәм сот 6.Ел қорғау 7.Салық 8.Жұмысшылар 9.Ғылым – білім үйрету 10.Жер мәселесі
4-билет. Қазақстан тарихы бойынша дереккөздердің жіктелуі. Тарихи деректер: ауызша және жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық дерек көздері болып бөлінеді. Ауызша деректер- 1) тарихи аңыздар мен шежірелер 2) мифтік аңыз әңгімелер 3)халықтық жыр-эпостары 4)ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер 5) салт-дәстүр жырлары (бақсы сарындары, айтыс, балалар фольклоры Жазбаша тарихи деректерге- 1)патшалар мен әкімдердің зардары 2) мемелекеттік және сауда құжаттары 3)жылнамашылардың, әр заманда өмір сүрген тарихшылардың жазбалары 4)әр түрлі әдеби шығармалар Деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшеліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныпына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады: -заттай деректер – археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін; -көркем сурет деректері-сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары; -сөздік деректер – күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен; -жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі; -дыбысты деректер – сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.); -салттық деректер – тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
АСАИНОВА АЙЖАН 5 билет Қазақ хандығының солтүстік-батыс және шығыс шекарасын Ресейдің әскери-казак әскерінің отарлауы (XVIII-XIX ғғ.). Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері.