ҚЫЗҒЫЛТ СЕМІЗОТ (Rhodiola rozea) – жасаң-
шөптер тұқымдасына жататын көп жылдық өсім-
дік. сібірде, Моңғолия мен Қытайда, Шығыс Еу-
ропа тауларында, Қазақстанда Алтай таулары, тар-
бағатай жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында
кездеседі. Биікт. 20–30 см, тамыр сабағының қабыр-
шақ тәрізді жапырағы қалың. сабағы тік әрі жуан.
Жапырақтарының ұз. 0,7–3,5 см, ені 0,5–1,5 см,
сағақсыз, сабаққа кезектесіп орналасқан. Ұшына
қарай үшкір, жиекті немесе жиегі тегіс келеді. Қос
үйлі гүлі жартылай шар тәрізді тығыз гүлшоғы-
рына топтасқан. Күлтесі сары немесе жасыл, ұз.
3 мм-дей, ұзын әрі жіңішке. Жапырақ тәрізді жемі-
сінің ұз. 7 мм. тұқымы арқылы және вегетативті
жолмен көбейеді. Мамыр–маусым айларында гүл-
деп, шілдеде жеміс береді. Шырша мен балқарағай
қалың өскен ормандарда, шатқалдар мен тасты
беткейлерде, сусымалы жерлерде, өзен жағасын-
дағы әр түрлі шөп өскен шалғындарда өседі. Қ. с. –
дәрілік өсімдік, тамыры алтындай сары қызғылт
түсті, хош иісті, 400 жылдан астам халық меди-
цинасында қолданылып келеді. «Алтын тамыр»
алу үшін ретсіз көп жинауы салдарынан таралу
аймағы азайып бара жатқандықтан Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген. Марқакөл, Батыс
Алтай қорықтарында, Қатонқарағай ұлттық та-
биғи саябағында қорғалады.
ҚЫЗҒЫШ (Vanellus vanellus) – татреңтәрізділер
отрядына жататын құс. Қазақстанның барлық ай-
мақтарында кездеседі (шөлді жерлерде тіршілік
етпейді). дене тұрқы 30 см-дей, салм. 200 г. Жон
арқасы мен жемсауы қара қоңыр, бауыры ақ түсті.
Желкесінде жіңішке қауырсындардан тұратын ай-
дары бар. Қ. – жыл құсы. наурыз–сәуірде ұшып ке-
ліп, су маңындағы шалғынға және батпақты жер-
лерге құрғақ шөп төсеп, терең етіп ұя салады. Қош-
қыл дақты 4 жұмыртқасын мекиені мен қоразы ке-
зектесіп шайқап, 24–29 күнде балапан шығарады.
«Қызғыштай қору» деген сөз тіркесі осыған байла-
нысты шыққан. Қазан–қараша айларында қыстау
үшін Азияның оңт-не ұшып кетеді. Қ-тар жән-
діктермен және олардың дернәсілдерімен, жауын
құртымен, ұсақ қоңыздармен қоректенеді.
ҚЫЗДАРШЫҚҚАН – Үлкен Борсық құмды алқа-
бының оңт.-батысындағы шағын құм. Ақтөбе обл.
Шалқар ауд. Бозой а-ның солт.-батысында 40 км
жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік
бағытта 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км ша-
масында. солт-нде Қошқарата соры, шығысында
Көкалақұм құмы, оңт-нде Мыңжылқысексеуіл қо-
нысы, батысында Үлкенсор соры мен Қошқарата
құмы орналасқан. төрттік кезеңінің эолды шө-
гінділерінен түзілген. Жер бедері төбелі-белесті
өсімдікпен бекіген құмды жазық. сұр қоңыр то-
пырақ жамылғысында жусан, шеңгел, изен, сексе-
уіл, т.б. өседі.
ҚЫЗДЫҢ ҚАРАСУЫ, Қ а р а с у – Ертіс алабын-
дағы өзен. Ақмола обл. Ерейментау ауд. жерімен
ағады. Ұз. 43 км. Бастауын Басқұдық а-нан оңт.-
батысқа қарай 6 км жерден алады. Жалпы ұз. 11 км
болатын 3 саласы бар. су айрығының жер беде-
рі – төбелі-қырқалы келген ұсақ шоқылық дену-
дац. қырат. сортаңды даланың қара топырағы
қалыптасқан жер бетінде төскей шөпті-бетегелі
өсімдіктер өседі. Жоғ. ағысында талдар мен бұ-
талар кездеседі. Аңғары айқын байқалады. Бүкіл
өзен бойында жайылма бар. Қар суымен толығады.
Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Желтоқсанның
1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің ортасында
ериді. тұзды суы мал суаруға пайдаланылады.
ҚЫЗДЫҢ ТӨБЕСІ – Ақмола обл. Ақкөл ауд-ның
шығысындағы дөңгелек пішінді тау. Аудан орт.
Ақкөл қ-нан шығысқа қарай 60 км, тасмола өз-нің
сол жағалауынан 3–4 км жерде орналасқан. Абс.
биікт. 351 м. Ұзындығы мен ені 2 км. Беткейлері
көлбеу келген, нашар тілімденген. төбелі келген
басы күмбез тәрізді. делювийлі-пролювийлі шө-
гінділер жауып жатқан жоғ. девонның граниттері-
нен түзілген. Оңт. бөлігінің қара топырағында бе-
тегелі қау өсімдіктері, кейде мезоксерофильді әр
түрлі шөптесіндер өседі.
ҚЫЗЕМШЕК – Күнгей Алатау жотасының солт.
беткейіндегі тау массиві. Алматы обл. райымбек
ауд-нда, Шілік өз. аңғарында орналасқан. Абс.
биікт. 4032 м. солт-тен оңт-ке қарай бойлық ба-
ғытта 30 км-ге созылған, енді жері 6 км. Көлбеу
беткейлері кең өзен аңғарлары мен төбесі құмбез
тәрізді жоталар жоғары қарай біртіндеп құ-
лама беткейлі шатқалдар мен үшкір шыңдарға
ұласады. Жер қыртысы протерозой және кале-
дон тау жаралу қатпарлығы кезінде көтерілді.
тау беткейлерінен Құтырған, талды өзендерінің
салалары бастау алады. Жоғ. белдеулерінде тек-
тоник. және мореналық шағын көлдер кездеседі.
тау сейсмик. ауданға жатады. солт. бөлігінде
шырша, қарағай, өзен аңғарларындағы қара, қыз-
ғылт қоңыр топырағында альпілік шалғындар
мен әр түрлі астық тұқымдастар, бұталар өседі.
Аңғары мал жайлауы.
ҚЫЗЕМШЕК – Бетпақдала даласының оңт.-ба-
тысындағы тау. Оңт. Қазақстан обл. созақ ауд.
Жуантөбе а-нан солт-ке қарай 48 км жерде орна-
ласқан. Абс. биікт. 265 м. Екі өркештен тұратын
Қызғылт бірқазан
Қызғылт
435
тау беткейі көлбеу келген. Беткейі мен етегінде
шөл далаға тән өсімдіктер өскен. солт-нде 10 км
жерде өзімен аттас кент және кеніш орналасқан.
ҚЫЗЕМШЕК – Есіл өз-нің аңғарындағы ала-
са тау. солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд.
Шөптікөл а-ның оңт-нде 4 км жерде орналасқан.
Абс. биікт. 255 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа
қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі
көлбеу келген. Шығысында салқынкөл көлі жа-
тыр. Қара топырақ жамылғысында боз, селеу, сұ-
лыбас, өлеңшөп, көкшұнақ, бетеге аралас астық
тұқымдас өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЕМШЕК – Іле Алатауының Шығыс талғар
сілеміндегі шың. Алматы обл. талғар ауд. же-
рінде орналасқан. Биікт. 3461 м. Есік және талғар
өзендерінің суайрығы саналады. Қ. тік жартасты
екі шыңнан тұрады. Мұз жамылғысы жоқ, тек солт.
беткейінің көлеңкелі жерінде ғана кейде жаз ая-
ғына дейін қар жатады.
ҚЫЗЕМШЕК – Батыс Үстірт кемерінің шы-
ғысындағы құдық. Маңғыстау обл. Маңғыстау
ауд. сайөтес а-ның оңтүстік-шығысында 50 км
жерде орналасқан. солт-нде Бесшыңырау, оңт-
нде Ұзын, батысында Ақшыңырау, шығысында
Қоңыр құдықтары бар. тереңд. 25 м, су шығымы
300 л/сағ.
ҚЫЗҚАШ, Қ ы с қ а ш – Аралқұм құмының
шығысындағы таулар. Алматы обл. сарқант ауд.
Көктерек а-ның солт-нде 8 км жерде, Лепсі өз-нің
аңғарында орналасқан. Абс. биікт. 740 м. солт.-ба-
тыстан оңт.-шығысқа қарай 22 км-ге созылған, енді
жері 10 км. тізбектелген ірілі-ұсақты шоқылардан
тұрады. Беткейлері сай-жыралармен қатты тілім-
денген. солт.-батысында Баскерегетас, солт.-шы-
ғысында өтентай таулары, солт-нде Белсексеуіл
құмы, шығысында Жартұма, Қанжығабұлақ бұ-
лақтары орналасқан. Қиыршықтасты қоңыр топы-
рағында сұр жусан, баялыш аралас астық тұқым-
дас өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЫЛ – тарбағатай жотасының солт. бөлігін-
дегі тау сілемі. Шығыс Қазақстан обл. тарбағатай
ауд. Құйған а-ның оңт-нде 31 км жерде орналас-
қан. Абс. биікт. 2556 м. Батыстан шығысқа қа-
рай ендік бағытта 16 км-ге созылған, енді жері 6
км. Беткейі тік, өзен аңғарларымен тілімденген.
солт-нен Орта Ласты (Ұласты), оңт. беткейінен
терісайрық өзендерінің салалары бастау алады.
Батысында Кішіқожыр, шығысында сарышоқы,
солт-нде Қаршыға, оңт-нде Құтанашбай таулары
орналасқан. тау беткейлерін негізінен таудың қара
және қызғылт қоңыр топырақты дала ландшафты-
сы алып жатыр. солт. беткейдің жоғ. белдеуінде
альпі шалғыны басталады. Оңт. бұталы дала, тау
етегінде жусан аралас астық тұқымдас шөптесін-
дер өседі. тауаралық аңғарлары мал жайылымына
қолайлы.
ҚЫЗЫЛ – Ащықақ (тұздықақ) сорының солт.-
шығысындағы құмды алқап. Батыс Қазақстан
обл. Бөкей ордасы ауд. Орда а-ның оңт.-шығы-
сында 28 км жерде орналасқан. Ең биік жері 11 м.
солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 13 км-ге со-
зылған, енді жері 4 км. Жер бедері жонды-белесті
төбелерден тұрады. солт-нде Мешітқұм, шы-
ғысында Қарағали, Қарабуда құмдары жатыр.
Құмды, сортаңды сұр, бозғылт қоңыр топырақ жа-
мылғыларында еркек шөп, жүзгін, қияқ, жусан, т.б.
өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЫЛАҒАШ – Қаратал алабындағы өзен. Ал-
маты обл. Ақсу ауд-ның жерімен ағады. Ұз. 117 км,
су жиналатын алабы 2430 км
2
, жалпы ұз. 190 км
болатын 140 саласы бар және алабында шағын 8
көл орналасқан. Ірі салалары: Мұзбұлақ, Біртоған,
Қапал, Ақтұма, Шыңбұлақ. сондай-ақ Қызылағаш
бөгенінен төменде Егінсу, Ақешкі және Құрөзек
тарамдарына ажыратылады. Бастауын Жетісу Ала-
тауының батыссілемі Қаратау тауларынан алып,
Молалы т.ж. ст-ның солт.-батысында 25 км жерде
Үшкөл 1 көліне құяды. Жоғ. арнасы тар, тау шат-
қалымен ағады, Күреңбел (Қорымбел) қонысы
аумағында арнасы біршама кеңейеді, жағалауы
жарқабақты келген. Орта ағысы жонды-белесті,
сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Мұндағы жаға-
лауы жарлауытты. Қызылағаш бөгенінен төменде
арнасы кеңейеді, алабы жазық жермен өтеді. Қ.
жер асты, жауын-шашын суларымен толығады.
Жылдық орташа су ағымы Қызылағаш а. тұсында
2,16 м
3
/с. суы егістікке пайдаланылады, жайылма-
сы шабындық және жоғ. алабы мал жайылымына
пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛАҒАШ БӨГЕНІ, Алматы обл. Ақсу ауд.
Қызылағаш өз. бойында орналасқан. Пайдалануға
1993 ж. берілді. су сыйымд. 42 млн. м
3
, ұз. 12 км,
енді жері бөгеннің жоғ. бөлігінде 10 км-ге жетеді. Қ.
б-нде 1996 ж. 1420 га жерге күрделі тегістеу және су
Ащықақ сорындағы Қызыл құмды алқабы
Қызылағаш өзенінің орта ағысы
Қызылағаш
436
жүйелерін қайта жаңғыртып салу жұмыстары жүр-
гізілді. нәтижесінде 20 ғ-дың соңында аудандағы
суғармалы жердің аум. 3,3 мың га-ға ұлғайды,
5,1 мың га жердің суландыру жүйелері қайтадан
жаңарды, 5,5 мың га жерге күрделі тегістеу жұмыс-
тары жүргізілді. суды үнемдеу мақсатында 250 км-
ден астам канал темір-бетонмен қапталған.
ҚЫЗЫЛАДЫР – Қызыларай және Үшқайың
тауларының аралығындағы тау. Қарағанды обл.
Ақтоғай ауд-нда орналасқан. солт-тен оңт-ке қарай
15 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. Абс. биікт.
864 м. Беткейі көлбеу, сай-жыралармен тілімденген
бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. девон жүйесінің
жыныстарынан түзілген. Шала дамыған бозғылт
қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, сұлы-
бас, бетеге, бұталар өседі. Бұлаққа бай. тау аңға-
рында қыстаулар бар. Атырабы жайылым, шабын-
дық ретінде пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛАДЫР – Мыржық жотасының оңт-ндегі
аласа тау. Шығыс Қазақстан обл. семей қалалық
әкімдігіне қарасты аумақта, дегелең қонысының
солт.-шығысында 52 км жерде орналасқан. Абс.
биікт. 774 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай
12 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі көлбеу,
тізбектелген шоқылардан тұрады. Оңт. баурайын-
дағы бұлақтардан сарыөзен өз-нің саласы бастау
алады. таудың түпкі жыныстары эроз. процестер-
ге ұшыраған. солт.-шығысында тасқара, Шақпан,
шығысында Арқалық, оңт.-шығысында Борлы,
оңт.-батысында Айғыржал, батысында сарышоқы,
солт.-батысында дос таулары орналасқан. сортаң,
қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас,
боз, селеу аралас бұталы өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЫЛАДЫР – Шақпақ тауларының оңт.-баты-
сындағы аласа тау. Павлодар обл. Баянауыл және
Қарағанды обл. Бұқар жырау аудандары аралығында
орналасқан. Абс. биікт. 746 м. Беткейі сай-жыра-
лармен тілімденген. солт.-шығыстан оңт.-батысқа
қарай 8 км-ге созылған, енді жері 4 км. солт-нде
Айдарлы, батысында Қызылжар, шығысында
Ертісбай қыстаулары, оңт-нде тыңдала жайлауы
бар. тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамыл-
ғысында селеу, қылқан селеу, бетеге, сұлыбас, тал,
шілік, итмұрын, т.б. бұталар өседі.
ҚЫЗЫЛАДЫР – Маңғыстау түбегіндегі қоныс.
Маңғыстау обл. Қарақия ауд. Құрық кентінің оңт.-
шығысында 65 км жерде орналасқан. солт.-шы-
ғыстан оңт.-батысқа қарай 22 км-ге созылған, енді
жері 5 км. Жер бедері жазық келген. Батысында
Жаман Қызыладыр қонысы, солт-нде Молдабай
Шыңырау, оңт-нде Местіқара құдықтары, шығы-
сында Қауынды ойысы жатыр. сортаңды сұр және
бозғылт топырақ жамылғысында бұйырғын, тас-
бұйырғын, қара жусан, т.б. сораң өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЫЛАРАЙ – сарыарқа ұсақ шоқылы тау-
ларының шығысындағы тау тізбектері. Қараған-
ды обл. Ақтоғай ауд-нда орналасқан. Ұз. 70 км, енді
жері 50 км. Ең биік жері – Ақсораң тауы (1565 м,
сарыарқа ұсақ шоқылы тауларының ең биік жері).
Пермь дәуірінің граниттерінен, төм. пермь, орта
тас көмір жыныстарынан түзілген. Қ. таулары-
нан Балқаш алабына жататын Қасабай, Қаратал,
Жіңішке салалары, Қаршығалы өз-нің сарыөлең,
Қарасу, Ақсай салалары басталады. Күрделі пі-
шінді Қ-дың шығысындағы Жіңішке өз. арқылы
Жаман Қызыларай таулары орналасқан (абс. биікт.
1283 м). Беткейлерінде қарағай орманы, қызғылт
қоңыр топырақ жамылғысында қайың, көк терек,
тал, қараған, ойпаң жерлеріндегі бозғылт қо-
ңыр топырағында тобылғы, астық тұқымдас әр
түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. таудың табиғат
жағдайлары мен ресурстары шаруашылық әрекет-
терге көп ұшырамағаны мұнда болашақта қорық
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
ҚЫЗЫЛАРАЙ ҚОРЫҚШАСЫ – респ. маңы-
зы бар табиғи-зоол. қорықша. Қарағанды обл. Қар-
қаралы ауд-ның оңт-нде орналасқан. Аум. 17,5
мың га. Қорықшаның негізгі ландшафтысына ба-
сым бөлігі граниттен тұратын Қызыларай таула-
ры жатады. тау беткейлерінде сирек қарағай ор-
маны кездеседі, бұл сарыарқаның оңт-нде өскен
қарағайлы орман болғандықтан, оны қорғаудың
ғыл. және шаруашылық мәні зор. Қызыларай тау-
ларының жазық баурайында негізінен жусан, құр-
ғақ астық тұқымдастары өскен. Кішігірім өзендер
мен жылғалардың аңғарында қайың, көк терек
аралас шағын орман, бұталар шоғыры мен шал-
ғындар кездеседі. Қорықшаның негізгі жануар
әлемін арқар, суыр, кекілік, ақ және сұр шіл, құр,
т.б. құрайды.
ҚЫЗЫЛАУЫЗ – Қандарақ жотасының оңт.-баты-
сындағы асу. Алматы обл. сарқант ауд. және Қы-
таймен шекаралас орналасқан. Абс. биікт. 3543 м.
Асудың беткейіндегі мұздықтардан бастау алатын
ұсақ өзен салалары солт-ндегі Жасылкөл көліне
Қызыладыр қонысы
Қызыларай тауларының ең биік нүктесі Ақсораң тауы
Қызыладыр
437
құяды. Қ. асуынан мамыр–қыркүйек айларында
салт атты адам өте алады. Беткейлері тік жартас-
ты келген.
ҚЫЗЫЛАУЫЗ – Лабасы тауының оңт.-батысын-
дағы таулар. Алматы обл. Көксу ауд. Қызылтоған
а-ның солт-нде 2 км жерде, Быжы және Көксу
өзендері аралығында орналасқан. Абс. биікт.
978 м. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 14 км-
ге созылған, енді жері 6 км. Беткейлері сай-жыра,
тау аңғарларымен тілімденген. Жонды-қырқалы
келген. солт.-батысында сарыбастау, оңт-нде
Арқалық, батысында Жосалы таулары орналас-
қан. тауалдының қоңыр топырақ жамылғысында
жусан, боз, селеу, итмұрын, тобылғы, тал, т.б. бұта-
лар өседі. Баурайы егістікке және мал жайылымы-
на пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛАУЫЗ – Бетпақдала жазығындағы құдық.
Жамбыл обл. сарысу ауд. Жайлаукөл а-ның солт.-
шығысында 88 км жерде орналасқан. тереңд. 2 м,
су шығымы 1670 л/сағ. солт-нде Шірік, батысын-
да тасбұлақ, шығысында Арыс, Ұялы, оңт.-шығы-
сында Бөденеқұдық құдықтары жатыр. Құдықтың
маңы тақыр келген.
ҚЫЗЫЛАЩЫ – Асутау (Азутау) жотасының оңт.-
батысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Күршім
ауд. Қараой а-ның солт-нде 17 км жерде орналас-
қан. Абс. биікт. 1735 м. Батыстан шығысқа қарай
едік бағытта 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 10
км шамасында. Беткейлері тіктеу, өзен аналары-
мен тілімденген. Оңт. мен шығысынан Қалжыр,
Шаңдыбұлақ, Бетпақдала, Шеттерек өзендері-
нің салалары бастау алады. Орта және жоғ. девон
шөгінділерінен, пермь гранитоидтарынан түзіл-
ген. таудың қоңыр топырағында әр түрлі астық
тұқымдас шалғындар, оңт. беткейінде далалық
шалғынды-бетегелі селеу, солт. беткейінде сұр
күлгінді топырағында майқарағай орманы өскен.
солт-нде тақпыр, шығысында тарлаулы қыстау-
лары бар.
ҚЫЗЫЛЖАЛ – түлкілі тауларының оңт.-шығы-
сындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз және
Алматы обл. Алакөл аудандары жерінде орналасқан.
Абс. биікт. 744 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа
қарай 10 км-ге созылған, енді жері 4,5 км. Беткейі
көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. солт-нде
Ақшоқы, оңт-нде Үшөзек, шығысында семізбұғы
таулары, батысында Бурылтөбе шоқысы бар.
таудың қоңыр топырақ жамылғысында лессинг жу-
саны аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.
ҚЫЗЫЛЖАЛ – сарысу алабындағы өзен.
Қарағанды обл. Ұлытау ауд. жерімен ағады. Ұз.
72 км, су жиналатын алабы 1100 км
2
. Бастауын
Жіңішкежал тауының оңт.-шығысындағы бұлақ-
тардан алып, Мешкейсор көлінің солт-не қарай
13 км жерде тартылып қалады. Жалпы ұз. 25 км
болатын 5 қысқа саласы бар. Қар, жауын-шашын
суларымен толығады. Көктемде аз ғана ағып, жаз
айларында қарасуларға бөлініп қалады. өзен жаға-
лауында Күйгеншілік, Шортанбай, Аманжол, т.б.
қыстаулар орналасқан. Жылдық орташа су ағымы
0,012 м
3
/с. Алабы – жайылым, суы ауыз суға, мал
суаруға пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛЖАР – сарыарқаның оңт-ндегі тау.
Қарағанды обл. Шет ауд. жерінде орналасқан.
Шажағай, сарыбұлақ өзендері аралығында. Абс.
биікт. 1043 м. Батыстан шығысқа қарай 14–15 км-ге
созылып жатыр, енді жері 10–12 км. төм. тас көмір
кезеңі жыныстарынан түзілген. Гранитті, жалаңаш
жақпартасты келеді. Адыр, жыра-сайларындағы
құнарсыз топырағында селеу, бетеге, көкпек, жу-
сан өседі. Беткейлері мал жайылымы.
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ – солт. Қазақстан обл-
ндағы әкімш. бөлініс. 1997 ж. бұрынғы Бескөл және
соколов аудандарын біріктіру негізінде құрылды.
Қ. а. облыстың қиыр солт-нде Есіл өз-нің екі жа-
ғалауын бойлай орманды-дала белдемінде орна-
ласқан. Жер аум. 6,15 мың км
2
. тұрғыны 49,4 мың
адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге шаққанда 8 адамнан
келеді (2010). Орт. – Бескөл а. Ауданның жерін
түгелдей дерлік Батыс сібір ойпатының оңт-н
қамтитын Есіл жазығы алып жатыр. Оның орт.
бөлігіндегі Есіл өз-нің жағасында облыс орт. –
Петропавл (Қызылжар) қ. орналасқан. Жер бедері
негізінен жазық және ауданның орт. бөлігінде Есіл
өз-нің аңғарымен және оның екі жағындағы жыра-
сайлармен тілімденіп, көл қазаншұңқырларымен
біршама ойдымдалған. Қ. а-ның климаты тым
континенттік, қысы суық ызғарлы, жазы қоңыр-
жай жылы. Орташа ауа темп-расы қаңтарда –18–
19°с, шілдеде 19–20°с. Жылдық жауын-шашын-
ның орташа мөлш. 300–350 мм, оның 200–250
мм жылдың жылы мезгілінде жауады. Қыста 20–30
күндей бұрқасын болып тұрады. Жер беті сулары
Есіл өз-нің ортаңғы ағысымен және біршама жиі
Қызылауыз тауының сыртқы көрінісі
Асутау жотасындағы Қызылащы тауының бөктері
Қызылжар
438
тараған ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Ең
үлкен көлдеріне ауданның солт. бөлігіндегі Аққұс,
никулин, Аққу, Ащы көлдері жатады. Аудан жері
түгелдей дерлік қара топырақты, орманды жерлері
күлгін топырақты, Есіл өз-нің аңғарында жайылым-
дық-шалғындық топырақтар, ал жазық жердегі
көлдердің бойында сортаң қара топырақтар тарал-
ған. өсімдіктер қайыңды, қайыңды-теректі орман-
дардан тұрады. далалық жерлерде селеу мен бетеге
басым шөптесін өсімдіктер өседі. Жануарлардан
қасқыр, түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, бұлан; ал
құстардан жазда аққу, қаз, үйректің көптеген түр-
лері, көл және өзен жағалай қызғыш, тауқұдірет,
жылқышы, ормандарда бүркіт, қаршыға, үкі, т.б.
көптеген жануарлар мекендейді. Есіл өз-мен тұщы
көлдерде балықтың бірнеше түрлері бар. А. ш-на
жарамды жердің жалпы аум. 500 мың га-дан астам,
оның 373,1 мың га-сы пайдаланылады. Мұндағы
жыртылған жері 194 мың га, шабындық 13,3 мың
га, жайылым 14,5 мың га (2010). Жол қатынасы
аудан жерін Есіл өз-нің бойымен және облыс орт. –
Петропавл қ. арқылы өтетін респ. маңызы бар ав-
томоб. жолдары жүзеге асырылады.
ҚЫЗЫЛЖАР БӨГЕНІ, Қостанай обл. таран ауд.
және Лисаковск қ. аумағында, тобыл өз-нде ор-
наласқан. суының көл. 9,7 млн. м
3
, аум. 3 мың м
2
.
суымен таран ауд-ндағы егістік жерлер суғары-
лады және Лисаковск қ-ның кәсіпорындарының
тех. қажеттілігіне жұмсалады.
ҚЫЗЫЛЖАР ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Есіл аң-
ғарында, Ақмола обл. Астана қ-нан оңт.-шы-
ғысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Гидрогеол.
тұрғысынан кен орны екі қабаттан – қалыңд.
10–27 м болатын Есіл аңғарының аллювийлі сулы
жоғ. (толығу қабаты) қабаты және екінші (төм.)
қабат – ордовик кезеңінің (өнімді қабат) түпкі
жыныстарындағы жарықшақты белдем. Бұл сулы
қабаттар қалыңд. 2–6 м болатын палеозойдың
үгілуден кіріккен қабаттары саналады. Кен орны
ауданында ордовиктің жарықшақты белдемі алев-
ролиттермен және аргиллиттермен көрініс тапқан.
суланған жабын белдемі 13,4–328 м, табаны 32,5–
50 м тереңдікте. суы мол белдемге 22–40 м жоғ.
бөлігі жатады. Ұңғымалардың дебиті 2–6 л/с, суы
хлорид-сульфатты натрийлі, сульфатты-гидро-
карбонатты натрийлі. судағы зиянды компонент-
терге темір (0,9–1,2 мг/л), бром (0,8 мг/л), марганец
(1–1,2 мг/л) жатады. Кен орнындағы тұщы және
сәл минералданған ордовик дәуірінің терригендік
жаралымы кезіндегі жер асты суының 25 жылға
арналған баланстық қоры бекітілген. Категория
бойынша №1 (минералд. 0,8–1 г/л) телімде с
1
– 0,6
мың/м
3
/тәулік; №2 телім бойынша (минералд.
1,2–1,5 г/л) – 0,4 мың/м
3
/тәулік. Кен орны игеріл-
меген.
ҚЫЗЫЛЖАР МИНЕРАЛДЫ ЖЕР АСТЫ СУ
Достарыңызбен бөлісу: |