Тауларынан алып, сағат а-ның шығысында сасық



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата18.01.2017
өлшемі9,84 Mb.
#2170
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

ҚҰЛҚАЙЫР  (Malva)  –  құлқайыр  тұқымдасына 
жататын  бір,  екі  және  көп  жылдық  өсімдіктер. 
Қазба қалдықтары миоценнен белгілі. Қ-дың Жер 
шарының  қоңыржай  белдеулерінде  тараған  130, 
ал Қазақстанда 7 түрі бар. Барлық жерде, әсіресе, 
селдір  орманда,  бақта,  бұта  арасында,  жол  жи-
егінде  өседі.  Бүтін,  тілімді  және  саусақ  салалы 
жапырақтары сағақты келеді. Қос жынысты гүлі 
жапырақ қолтығында бірнеше шоғыр құрап, кей-
де  жеке-дара  шашақ  тәрізді  гүлшоғырын  түзеді. 
тостағаншасы төм. жағы біріккен 5 жапырақшадан 
тұрады.  Гүлтәжі  бес  күлтелі,  тостағаншасымен 
бірдей  немесе  одан  ұзындау  болады.  Қошқыл, 
алқызыл, қызғылт немесе ақ, күлте жапырақтары 
жоғ.  жағында  ойық  немесе  қиық,  төм.  жағында 
сүйірленген  тырнақша  сияқты.  түбінде  шашақ 
тәрізді  түкті  немесе  жалаңаш,  аталықтардан  тұ-
ратын  түтікшесі  бар.  Маусым–қыркүйек  айла-
рында  гүлдеп,  шілде–қарашада  жеміс  салады. 
Жемісі  құрама,  піскеннен  кейін  жемісшелерге 
(8–16)  бөлініп  кетеді,  тұқымы  бүйрек  тәрізді.  Қ-
дың  кейбір  гүлдері  медицинада  және  халықтық 
медицинада  кеңінен  қолданылады.  дәрілік  өсім-
діктерге орман Қ-ы (М. sіlvestrіs), кіші Қ. немесе 
түймегүл Қ. (М. pusіlla) жатады; өте құнарлы мал 
азықтық, жемшөптік түрлеріне Могилев Қ-ы – (M. 
mohіlevіensіs),  құрамында  белок  көп  болғандық-
тан  салат  ретінде  қолданылатын  азық-түліктік 
түрлеріне жеке Қ. (M. neglecta) жатады.
ҚҰЛМАҚ ЖОҢЫШҚА (Medicago lupulina) – бұр- 
шақ  тұқымдасына  жататын  бір  жылдық  (сирек 
жағдайда  көп  жылдық)  өсімдік.  Биікт.  10–60  см. 
сабағы  тарамдалған,  жіңішке  әрі  нәзік,  түксіз, 
сыртында  бездері  бар.  Жапырақ  серігі  қандауыр 
жұмыртқа  тәрізді,  ұшына  қарай  сүйір,  1–3  жал-
пақ үшбұрышты тісшесі болады, жоғ. жағындағы 
жапырақтарының жиегі тегіс. Қысқа сағақты жа-
пырақтары жалпақ, ұз. 7–15 мм, ені 3–9 мм, жұ-
мыртқа немесе ромб тәрізді, сабаққа сына тәрізді 
бекіген, жоғ. бөлігінде ойық жиекті. Гүлшоғыры 
тығыз,  10–30  гүл  шоғырланған,  ұз.  2–3  см  бола-
тын жіңішке сағағы бар. Гүл жапырағы таспа-біз 
тәрізді,  гүл  сағағынан  қысқалау.  тостағаншасы 
жалпақ,  қоңырау  тәрізді,  таспа-қандауыр  тәрізді 
үшкір  тісшелері  бар.  Күлтесі  сары,  ұз.  1–3  мм. 
Бір тұқымды, бұршақ басы бүйрек тәрізді, піскен 
кезде  қара  түсті  болады,  доға  тәрізді  жүйке  жү-
йесі  айқын  көрініп  тұрады,  сырты  тықыр,  сирек 
безді  немесе  өрмек  түкті.  тұқымы  сары  немесе 
қоңыр,  жылтыр,  ұз.  1–1,5  мм.  сәуір–шілде  ай-
ларында  гүлдеп,  маусым–тамызда  жеміс  береді. 
Шалғынды,  бұталы  орманды  жерлерде,  өзен  жа-
ғалауында, егістіктерде және жол бойында өседі. 
Құнды мал жайылымдық өсімдік. Орып алғаннан 
кейін де жақсы өседі.
ҚҰЛПЫНАЙ  (Fragarіa  moschata)  –  раушангүл-
ділер  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  шөп-
тесін  өсімдіктер.  Кейбір  мәліметтер  бойынша 
Қ.  бүлдіргеннің  екі  түрінің  буданы  болып  сана-
лады.  Биікт.  30–35  см,  жапырағы  үш  тармақты, 
ірі,  ашық  жасыл,  қалың  түкті.  Гүл  сабақтары 
жапырақтардан биік орналасады, гүлі ақ, дара жы-
нысты. Жемісі – жидек, тәтті, хош иісті. Мамырда 
гүлдеп, маусымда жеміс береді. Қ. суыққа төзімді, 
бірақ ұзақ уақыт болатын суықта, әсіресе, қарсыз 
жылдары  түптері  үсіп  кетеді.  Құрғақшылыққа 
төзімсіз, көлеңкелеу жерде жақсы өседі. Жеміс бе-
руі бүлдіргенге қарағанда төмен. Қ-дың Шпанка, 
Миланская, Гүлжан, т.б. сорттары бар. 
ҚҰЛСАРЫ  МҰНАЙ-ГАЗ  КЕНІ,  Атырау  обл. 
Жылыой ауд-нда, Атырау қ-нан оңт.-шығысқа қа-
рай 160 км жерде. Кен орны үш қанатты тұз күмбезді 
құрылымға жанаса жатыр. төм. бор, ортаңғы-жоғ. 
юра  және  пермь-триас  мұнайлы  түзілімдерінде 
21 өнімді горизонт бар. Олар төм. бор (152–382 м  
тереңдікте), юра (190–1265 м), пермь-триас (1149– 
1256 м) тұсында түзілген. төм. бор кезеңіндегі мұ- 
найлы  шоғырдың  биікт.  2–46  м,  юрада  19–70  м,  
пермь-триаста 60–74 м-ге жетеді, ал газды шоғыр- 
лардың  биіктігі  юрада  9–39  м,  пермь-триаста 
5–60  м.  төм.  борда  мұнайдың  қаныққан  қабаты 
6,5–13,5 м, юрада 3–14 м, пермь-триаста 6,5–31 м. 
Юра шоғырының газға қаныққан қабаты 2–6,8 м, 
пермь-триаста 4,2–19 м. төм. бор горизонттарының 
ашық  кеуектілігі  30%,  юрада  18,5–26%,  пермь-
триаста  24,7–26%;  осыған  сәйкес  өткізгіш-
тігі  0,387–1,1  мкм
2
,  0,0049–0,45  мкм
2
,  0,063– 
0,687 мкм
2
. Мұнайға қанығу коэфф. 0,7–0,8, газға 
Құлсары
Құлпынай жемісі

422
қанығу  коэфф.  0,7.  Мұнайдың  бастапқы  тәулік-
тік  өнімд.  0,3–36  м
3
.  Бастапқы  газ  факторы  13– 
306  м
3
/т.  Бастапқы  қабат  қысымы  1,8–15  МПа, 
темп-расы 16–53°с. тығызд. 0,785–0,919 г/см
3
, кү- 
кірт 0,02–0,35%-ды, парафин 0,57–2,0%-ды құрай- 
ды. Газ құрамы: метан 32,5–83,7%, этан 2,3–23,4%, 
пропан  2,3–23,6%,  изобутан  10,3%,  бутан  10,1%, 
азот  3,4%,  көмір  қышқыл  газ  0,8–5,8%.  Қабат 
суы  хлоркальцийлі,  тығызд.  1,075–  1,146  г/см
3
  
және минералд. 112,8–222,3 г/л. 
ҚҰЛТАНСОР  –  нұра  алабындағы  тұйық  көл. 
Қарағанды обл. нұра ауд. Есенгелді  а-нан  батысқа 
қарай  22  км  жерде  орналасқан.  теңіз  деңгейінен 
416 м биіктікте жатыр. Аум. 14,1 км
2
 (көктемде 16 
км
2
-ге ұлғаяды). Ұз. 5,7 км, енді жері 3 км. Жағалау 
бойының ұз. 33,5 км, орташа тереңд. 0,4 м (ең те-
рең жері 1 м). су жиналатын алабы 134 км
2
. суы 
тұзды. Жағалауы екі террасадан, жиі тілімденген 
түбектер мен шығанақтардан тұрады. Көлде 8 арал 
бар, түбі тегіс, лайлы. Қарашаның аяғында суы қа-
тып, сәуірдің 2-жартысында ериді. негізінен көк-
темгі қар суымен толысады. Жағалауында бетеге, 
жусан,  қараған,  жыңғыл  өседі.  Көлде  аққу,  қаз, 
үйрек, т.б. құстар ұя салады. Кейінгі жылдары көл 
суы тартылып, таязданып келеді. Жауын-шашын аз 
жылдары құрғап шалшық суға айналады.
ҚҰЛЫНДЫ ДАЛАСЫ, Қ ұ л ы н д ы  ж а з ы- 
ғ ы – Батыс сібір жазығының оңт. бөлігіндегі өңір; 
Алтай  республикасы  (ресей  Федерациясы)  мен 
Павлодар обл. аумағында. Аум. 100 мың км
2
. теңіз 
деңгейінен  100–250  м  биіктікте  жатқан  Күшік, 
Құлынды, Бөрілі (Бурла), т.б. шағын өзендері бар. 
Климаты  тым  континенттік;  қаңтардағы  орташа 
темп-расы  –17°–19°с,  шілдеде  19–22°с.  Жауын-
шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  250–350  мм. 
Карбонатты  қара  және  қоңыр  топырақ  жамылғы-
сында бетегелі-бозды, бидайықты, жусанды дала 
ландшафтысы қалыптасқан.
ҚҰМАДЫР  –  Cарыарқаның  орт.  бөлігіндегі  тау.  
Қарағанды обл. Абай ауд-нда, Шерубайнұра бөгені- 
нен 10 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 612 м. Оңт.-
батыстан солт.-шығысқа қарай 8–10 км-ге созылып 
жатыр,  енді  жері  1–2  км.  Ордовик  жыныстарынан 
түзілген.  Беткейлері  көлбеу,  аз  тілімденген,  оңт.-
батыс  бөлігінде  Қосадыр  шоқысына  қосылады. 
Қызғылт қоңыр топырағында жусан, көде, бетеге 
өседі. тау бөктерінен көптеген бұлақтар бастала-
ды. тау аңғарында таңшолақ, Кемпірбай, т.б. көне 
қорған орындары сақталған.
ҚҰМАДЫР  –  Бақанас  өз-нің  оң  аңғарындағы  
төбелер.  Шығыс  Қазақстан  обл.  Аягөз  ауд.  өр- 
кен а-ның батысында 25 км жерде орналасқан. Ең 
биік жері 588 м. салыстырмалы биікт. 38 м. солт.-
шығыстан оңт.-батысқа қарай 12 км-ге созылған, 
енді  жері  7  км.  Жер  бедері  жонды-белесті,  құм-
дауытты төбелерден тұрады. солт-нде Шұбарқақ 
қонысы, батысында Жыланды тауы мен Кішкене 
Жыланды  төбесі,  шығысында  Комсомольская 
қыстауы бар. сортаң, сұр қоңыр топырақ жамыл-
ғысында  сұр  жусан,  баялыш,  тасбұйырғын,  эфе-
мерлі өсімдіктер өседі.
ҚҰМАЙ  (Gyps  hіmalayensіs)  –  қаршыға  тұқым- 
дасына  жататын  жыртқыш  құс.  Қазақстанда  Іле 
Алатауында  кездеседі.  дене  тұрқы  70  см-дей,  қа- 
наттарын  жазғандағы  ұз.  2,5  м-дей  болады.  Көзі 
өткір, биікте қалқып жүріп жердегі қорегін анық 
көре  алады.  Арқа  тұсының  қауырсындары  қо-
ңыр  қошқыл  күл  түсті,  ал  құрсақ  жағындағы 
қауырсындары – ақ сұр, ақшыл сарғыш. тұмсығы 
қоңыр сары түсті, төмен қарай иіліп тұрады. Қ. – 
отырықшы құс. Ұяларын ақпан–наурыз айларын-
да ағаш басына, биік жартастарға салады. Онда 1–2 
жұмыртқа болады. Балапандары 50 күннен кейін 
қанаттанады. 1989 ж. Шілік өз-нің жоғ. ағысынан 
Қ-дың 5 ұясы табылған. Қ. – сирек кездесетін, тір-
шілігі аз зерттелген құс болғандықтан қорғауға алы-
нып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚҰМБАР – Лепсі өз-нің аңғарындағы құмды алқап. 
Алматы обл. сарқант ауд. Көкөзек а-ның солт-нде 
16 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 491 м. солт-тен 
шығысқа қарай доға тәріздес 20 км-ге созылған, енді 
жері  7–8  км  шамасында.  Жер  бедері  ұялы  жалды 
төбешіктерден тұрады. Орта және жоғ. төрттік ке-
зеңінің  шөгінділерінен  түзілген.  солт.-батысында 
Үлкен Алтай көлі жатыр. Қ. бойында соленая және 
т.б.  қыстаулары  орналасқан.  Құм,  сортаңды  сұр 
топырақ  жамылғысында  сұр  жусан,  ши,  ажырық 
аралас астық тұқымдас шөптесіндер, бұталар өседі. 
Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.
ҚҰМБАСЫ  –  Ақдала  даласының  оңт.-шығы-
сындағы  құмды  алқап.  Алматы  обл.  Балқаш, 
Кербұлақ, Көксу аудандары аралығында, Іле өз-нің 
аңғарында орналасқан. Ең биік жері 503 м. солт.-
шығыстан  оңт.-батысқа  қарай  30  км-ге  созылған, 
енді  жері  7  км  шамасында.  Жер  бедері  жонды-
белесті,  төбешікті  келген.  Оңт-нде  Құланбасы 
тауы, шығысында Жуанқұм, Мойынқұм құмдары 
бар. төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділерінен тү-
зілген.  Эолды  жазықтағы  құмда  жусан,  теріскен, 
еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі. Батыс бөлігін қа-
лың сексеуіл тоғайы қоршап жатыр. Жыл бойы мал 
жайылымына пайдаланылады.
ҚҰМБЕЛ – Іле Алатауының батыс бөлігіндегі асу. 
Алматы обл. Жамбыл ауд-нда орналасқан. Биікт. 
3518 м. Іле Алатауының солт-ндегі Ұзынқарғалы 
өз-нің  бастауы  Майбұлақтан,  оңт-ндегі  Кіші 
Кемін  өз-нің  шатқалды  жоғ.  арнасына  соқпақ 
жол  өтеді.  Асудан  мамыр–қазан  айларында  салт 
атты  адам  өте  алады.  Қ.  арқылы  Қарғалы  а-нан 
ыстықкөл  көліне  баратын  туристер  қатынайды. 
Асу қорымтасты.
Құлтансор
Құлынды даласы

423
ҚҰМБЕЛ  –  Қырғыз  Алатауындағы  асу.  Қазақ- 
стан  мен  Қырғызстан  республикалары  шекара-
сында. Жамбыл обл. Меркі ауд-нда, Меркі өз-нің 
бастауында орналасқан. Абс. биікт. 3247 м. Қ-ден 
мамыр–қыркүйек  айлары  аралығында  салт  атты 
адам өте алады.
ҚҰМБЕЛ  САРЫШАТЫРЫ  (Hieracium  kum- 
belicum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын 
көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Қазақстанда  Іле, 
Күнгей  Алатауларында  санаулы  түрде  кездеседі. 
Биікт. 50 см-ге дейін. Көптеген жіңішке қосымша 
тамырлардан  тұратын  тамыр  сабағы  қысқа. 
сабағы тік әрі жіңішке, аздап қатпарланған. түп 
жағын  қалың  түк  басқан.  тамыр  жапырақтары 
гүлдеу кезеңінде солып қалады. сабағындағы 5–7 
жапырағы  жалпақ,  қандауыр  тәрізді,  екі  жағын 
да  қарапайым  және  жұлдыз  тәріздес  түк  басқан. 
тостағаншасы  бірнеше,  ұз.  1,5  см,  сабақтың  жоғ. 
жағында  шатырша  гүлшоғырына  бекіген.  Орама 
жапырақтары  қарапайым,  жұлдыз  тәрізді  және 
безді  түк  жапқан,  күлтесі  ақшыл  сары  түсті. 
Қылтанақты  қара  қоңыр  түсті  тұқымы  цилиндр 
тәрізді, ұз. 2 мм-дей, қыры айқын, айдаршасы ақ 
түсті.  тұқымынан  көбейеді.  Маусым–тамыз  ай-
ларында  гүлдеп,  тамызда  жеміс  береді.  сирек 
кездесетін  эндемик.  Орман  алаңқайларында,  әр 
түрлі  далалы-шалғынды  жерлерде  өседі.  таралу 
аймағының  азаюына  байланысты  Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚҰМБЕТЕГЕ  (Festuca  beckerі)  –  астық  тұқым-
дасы,  бетеге  туысына  жататын  көп  жылдық 
шөптесін  өсімдік.  Қазақстанда  Ертіс  алабында, 
Каспий  т.  жағалауында,  Ақтөбе  обл-ның  құмды 
бұйраттарында,  сортаңдау  топырақты  құмайт 
далада өседі. Биікт. 30–80 см. Қалың өсіп, шымға 
айналады. сабағы жоғ. жағында түкті. Жапырағы 
қатты,  ширатылып  немесе  ұзыннан  қабатталып 
өседі.  Гүлшоғыры  –  сыпыртқы,  ұз.  14  см.  Ма- 
сақшасы  4–6  гүлді,  сұр  жасыл  түсті.  Мамыр–
шілде айларында гүлдейді. Қ. – шөл және шөлейт 
аймақтарда құнарлы мал азығы болып табылады. 
ҚҰМБИДАЙЫҚ,  қ  ұ  м  е  р  к  е  к  (Agropyron 
fragіle) – астық тұқымдасы, бидайық туысына жа-
татын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 
таулы аймақтан басқа барлық жерде өседі. Биікт. 
50–100  см,  тамыры  тығыз  шым  түзейді,  саба- 
ғы  тік,  жапырақ  қынабы  түксіз  кейде  қалың 
түкті.  Жапырағы  жіңішке,  таспа  тәрізді,  кейде 
ширатылған. Масағы тығыз, ұз. 5–15 см, ені 5–12 
мм, түкті, масақшалары солғын жасыл түсті, 5–9 
гүлді.  төм.  гүл  қабыршағы  тегіс.  Маусым–шілде 
айларында гүлдейді. Құрғақшылыққа, суыққа тө-
зімді. Құмды жерлерде құнарлы мал азығы.
ҚҰМБІРЛЕУСОР  –  Маңғыстау  тауларының 
солт.-батыс  бөлігіндегі  қоныс.  Маңғыстау  обл. 
Маңғыстау  ауд.  тұщықұдық а-ның оңт.-батысында 
16  кмжерде  орналасқан.  солт.-шығыстан  оңт.-ба-
тысқа  қарай  18  км-ге  созылған,  енді  жері  2,5–3 
км.  Қоныс  теңіз  деңгейінен  төмен  жатыр.  Қ-дың 
жер  бедері  жазық,  басым  бөлігін  сор  алқабы 
қамтыған.  солт-нде  Қызылқұм,  солт.-батысын-
да уаққұм құмдары, шығысында Қошақ, оңт-нде 
Бүршік төбелері бар.
ҚҰМДАҚШӨП (Arenarіa) – қалампыр тұқымда- 
сына  жататын  бір,  екі  не  көп  жылдық  шөптесін 
өсімдіктер.  Ақтөбе,  Ақмола,  Шығыс  Қазақстан, 
Қарағанды  облыстарында,  Алтай  таулары,  тар- 
бағатай жотасы, Ұлытау тауларында, Іле, Күнгей 
Алатауларында,  Зайсан  қазаншұңқырында,  Бал- 
қаш–Алакөл  алабында  таралған  11  түрі  белгі- 
лі,  оның  үшеуі:  азиялық  Қ.  (A.asіatіca),  тұрлан 
Қ-і (A.turlanіca), Потанин Қ-і (A.potanіnі) – Қазақ- 
станның  эндемиктері.  Биікт.  5–50  см,  жапырағы 
таспа пішінді, қарама-қарсы орналасқан. Гүлі ақ, 
кейде қызғылт, қос жынысты. Гүлшоғыры – жар-
ты шатырша. Мамыр–тамыз айларында гүлдейді. 
Жемісі  –  қауашақ.  Бұл  өсімдіктен  медицинада 
қолданылатын  сапонин  алынады  және  әсемдік 
үшін өсіріледі. Қ. – құнарлы мал азығы.
ҚҰМДЫКӨЛ – теңіз-Қорғалжын ойысының оңт.-
шығысындағы  көл.  Ақмола  обл.  Қорғалжын  ауд. 
Екпінді  а-ның  шығысында  орналасқан.  нұра  өз. 
алабында. теңіз деңгейінен 357 м биіктікте жатыр. 
Аум. 14,3 км
2
, ұз. 6,5 км, енді жері 3,6 км, жағалау 
бойының ұз. 18,7 км. суы мол жылдары аум. 16,3 
км
2
-ге  жетеді.  Жағалауынан  50–70  м-ге  дейін  қа-
лың  қамыс  өскен.  Жауын-шашын  және  жер  асты 
суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, 
сәуірде ериді. Шығысында Ащықұмкөл, батысын-
да Болған, оңт.-батысында Алакөл көлдері жатыр. 
суы тұзды, кермек татиды.
ҚҰМДЫКӨЛ  –  сырымбет  шоқ  қарағайының 
солт.-батысындағы тұйық тұщы көл. солт. Қазақ- 
стан обл. Айыртау ауд. Шоққарағай а-ның солт.-ба-
тысында 6 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 
Құмдыкөл
Іле Алатауындағы Құмбел асуы
теңіз-Қорғалжын  ойысындағы Құмдыкөл жағалауы

424
ған  метасоматиттерді  кесіп  өтеді.  солт.-шығыс 
қанаттан  оңт.-батыс  қанатқа  қарай  300  м-ден  50 
м-ге  дейін  тараған  кентас  белдемі  сына  тәрізді. 
Кентаста  алмастың  таралуы  бірқалыпты  емес. 
Алмас кристалдарының көбі гранатта, ал биотит, 
пироксен,  амфибол,  кварц,  цоизит,  мусковиттер-
де  мөлшері  аз.  Қ.  а.  к-нің  алмастары  кимберлит, 
лампроит  сияқты  магмалық  тау  жыныстарымен 
байланысты  кен  орындарының  алмастарынан 
ұсақтығымен және сырт пішінімен ерекшеленеді. 
Ірілеу алмас кристалдары өте сирек. Олар көбінесе 
қаңқа, куб, крест, қатпар, сфероид, қорап тәріздес 
болып келеді. Алмас кристалдарының 85% мөлш. 
50 мкм-ден аспайды. Кентастағы алмастың орта-
ша мөлш. 23 карат/т, графиттікі 5,3 кг/т.
ҚҰМДЫҚБОЗ (Stipa joannis) – боз туысына жа-
татын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 
Ертіс  алабы,  Ақтөбе  обл.,  Мойынқұм  құмында 
(Оңт.Қазақстан аймағы), Каспий т. маңында, Ал- 
тай  тауларында,  Жетісу  (Жоңғар),  Қырғыз  Ала- 
тауларының  шалғынды  жерлерінде,  тау  бөкте-
рінде  өседі.  Биікт.  30–100  см,  тамыры  шым  тү-
зеді.  сабағы  түксіз,  буын  асты  түкті.  Жапырағы 
жіңішке  таспа  тәрізді,  кейде  ширатылған,  ені 
0,5–2  мм.  Масақшалары  ақшыл,  ұз.  3–5  см,  гүл 
қауызының төм. бөлігі түксіз, жоғ. бөлігі қауыр-
сынды. өте құнарлы мал азығы. 
ҚҰМЖАРҒАН  –  Мұғалжар  тауларының  баты-
сындағы құмды алқап. Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд. 
жерінде. Жем (Ембі) өз-нің батыс жағалауын алып 
жатыр. теңіз деңгейінен 180–250 м биіктікте. Аум. 
160 км
2
. солт.-батыстан солт.шығысқа қарай доға 
тәріздес  36  км-ге  созылып  жатыр.  Құм  төбелер-
дің биікт. 2–4 м. Қ-ды темір, Құмжарған өзендері 
жарып ағады. Жер асты грунт суы 2 м тереңдікте 
кездеседі.  Құмды  алқапта  қамыс,  айрауық,  тал, 
терек, жусан, еркек шөп өседі.
ҚҰМЖАРҒАН – Жем алабындағы өзен. Ақтөбе 
обл-ның Мұғалжар ауд. жерімен ағады. Ұз. 59 км, 
су жиналатын алабы 861 км
2
. Бастауын Мұзбел та-
уының батысындағы бұлақтардан алып, Жұрын а. 
тұсында Жем өз-не құяды. Аңғары жоғ. және төм. 
ағысында 0,5–1,5 км. Жағалауы жоғ. бөлігінде жар-
лы, биікт. 15–18 м, ортаңғы бөлігінде 10– 12 м, төм. 
тұсы тік жарлы, Құмжарған құмын жарып ағады. 
төм.  ағысындағы  жайылманың  ені  0,5–0,8  км-ге 
дейін  кеңейеді,  батпақты,  қамысты,  көктемде  1– 
223 м биіктікте жатыр. Аум. 6,3 км
2
, ұз. 3,1 км, енді 
жері 2,8 км, жағалау бойының ұз. 9,1 км. су жина-
латын  алабы  104  км
2
.  Жағалауы  ойпауытты  кел-
ген. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен 
толысады.  Қараша  айының  соңында  суы  қатып, 
сәуірдің  2-жартысында  ериді.  түбі  тегіс,  тұнба 
шөккен. солт-нде Ақбас, оңт.-батысында Жетікөл 
көлдері орналасқан. Көл жағалауы жайылым және 
шабындық ретінде пайдаланылады.
ҚҰМДЫКӨЛ – нұра алабындағы көл. Ақмола обл. 
Қорғалжын  ауд.  жерінде  орналасқан.  Аум.  10,5 
км
2
, ұз. 5,1 км, енді жері 1,3 км. тереңд. 0,7 м, су 
жиналатын алабы 299 км
2
. Жағасы көбіне жатық; 
тек оңт-нде 3 км, солт-нде 2 км-дей, жағасы жарлы 
(биікт. 1–2 м). түбі тегіс, саз құмды. суы тұзды. 
Жағалауының  таяз  жерінде  қамыс  өседі.  Көлге 
Қарасу өз. (ұз. 16 км) құяды. Маңы шабындық  әрі 
жайылым.
ҚҰМДЫКӨЛ  –  Есіл  алабындағы  көл.  Көкшетау 
қыратының  орта  бөлігінде,  Ақмола  обл.  Бурабай 
ауд.  Қарашілік  а-ның  батысында  10  км  жерде  ор-
наласқан. теңіз деңгейінен 377 м биіктікте жатыр. 
Аум. 10,2 км
2
, ұз. 4 км, енді жері 3,9 км, жағалау 
бойының ұз. 12,8 км. солт. жағалауы жазық, оңт. 
бөлігіндегі жарқабақта шоқ қарағайлар өскен. суы 
тұщы. солт.-батысында нарөлген тауы, батысында 
Қараүңгір, шығысында Балықты, оңт-нде Ұрымқай 
көлдері жатыр. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын 
суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, 
сәуірдің  аяғында  ериді.  Жағалауы  жайылым  мен 
шабындық ретінде пайдаланылады.
ҚҰМДЫКӨЛ  АЛМАС  КЕНІ,  Көкшетау  қ-нан 
оңт.-батысқа қарай 30 км, Құмдыкөл көлінің жа-
ғалауында (Ақмола обл. Бурабай ауд.) орналасқан. 
Кен орнының геол. құрылымы солт.-шығысқа қа-
рай  15–20°  созылып  жатқан  құмдыкөл  шоғырын 
құрайтын  тау  жыныстарынан  тұрады.  Кентасты 
белдемде таужыныстары қарқынды қатпарланып, 
метасоматик.  өзгерістерге  ұшыраған.  Мұнда  әр  
түрлі жастағы бірнеше жарылымдар жүйесі анық-
талған.  солт.-шығыс  бөлігінде  тектонобластит 
басым. Шығыс және солт.-шығыс бағыттағы жа-
рылымдар жүйесі алмасты тау жыныстарын миг-
матиттерден  шектесе,  оңт.-батыс  телімдерінде 
тараған кентастар шығыс, солт.-шығыс бағыттағы 
жарылымдар  солт.,  солт.-шығысқа  қарай  созыл-
Құмдыкөл
Құмдыкөл жағалауы
Құмжарған өзені

425
нералд. 1-ден 1,6–1,75 г/л. Хим. құрамы бойынша 
негізінен  сульфатты-хлоридті.  Жоғ.  альб-сеноман 
шөгінділеріндегі сулы қабат 310–460 м тереңдікте. 
су жиналатын тау жыныстары қалыңд. 10 м құм 
қабаттары құмды-сазды келген. Ұңғымалардың де-
биті 24,5 л/с, минералд. 2,5 г/л, хим. құрамы суль-
фатты-хлоридті.  Ішуге  жарамды  жобалық  сутірек 
тереңд.  250  м  болатын  шығымдылығы  тәулігіне  2 
мың/м
3
 су беретін бір ұңғымадан тұрады. тех. су-
мен қамтамасыз ететін 9 ұңғыманың тереңд. 600–
650  м,  әрбіреуінің  тәуліктік  шығымдылығы  15 
мың/м
3
. Кен орны 1988 жылдан пайдаланылуда.
ҚҰМКӨЛ  МҰНАЙ-ГАЗ  КЕНІ,  Қарағанды  обл. 
Ұлытау  ауд-нда,  Қызылорда  обл.  Қызылорда  қ-
нан  солт.-шығысқа  қарай  150  км  жерде  орналас-
қан. 1983 ж. іздеу-барлау нәтижесінде анықталып,  
1984  ж.  алғашқы  ұңғыманы  бұрғылау  барысын-
да төм. неоком түзілімдерінен мұнай алынған. Кен 
орны  тектоник.  жағынан  сорбұлақ  көтерілімінің 
Арысқұм ойпатына жапсарлас аймағындағы төм.  
неоком мен юра түзілімдеріндегі қабаттардан тұ- 
рады.  өнімді  қабаттың  тереңд.  1063–1270  м. 
Коллекторлардың  ашық  кеуект.  19,3–23,7%,  өт-
кізгіштігі  0,17–1,13  мкм
2
,  мұнайға  қанығу  коэфф. 
0,58–0,71,  газға  қанығу  коэфф.  0,57–0,72.  Бастапқы 
қабат  қысымы  11,5–13,76  МПа,  қабат  темп-расы 
49–56°с.  7  мм  штуцерде  мұнайдың  тәул.  өнімд. 
125,8 м
3
, газ 93,8 мың м
3
. Бор және юра шоғырлары 
мұнайларының құрамы ұқсас. тығызд. 0,812–0,819 
г/см
3
,  күкірт  0,11–0,52%,  парафин  10,8–11,5%, 
асфальтен  0,11–0,92%,  шайыр  4,8–8,42%.  Газ  құ-
рамында күкіртсутек –0,02– 0,07%, азот –3,1–10%, кө-
мір қышқыл газ –0,5– 0,9% және гелий 0,01–0,1%. 
Қабаттағы сулар хлоркальцийлі, минералд. 49,7–
84 г/л. су құрамында бром, литий және стронций 
кездеседі. Кен орны игерілуде.
ҚҰМКӨЛ ТИТАНДЫ КЕН ҚАЙРАҢДАР ТО- 
БЫ,  Қостанай  обл.  Қамысты  ауд.  Аралкөл  а-нан 
оңт.-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Қ. т. 
к. қ. т-ның титандық минералдануы палеоген шө- 
гінділеріне  жақын  орналасқан.  Геол.  кесінділері 
кенқайраң  көлемінде  шаған  шоғырының  көлде-
нең  қабатты  жасыл  сазбалшықтарынан  (эоцен  –  
олигоцендік)  басталады.  сазбалшықтар  арасы-
нан кейде қалыңд. 1–2 м құм қабаттары (кварц –  
глауконитті)  кездеседі.  Одан  жоғары  екі  фацияға 
бөлінген қотанбұлақ шоғырының шөгінділері ор-
наласқан. Қ. т. к. қ. т. төрт өндірістік кентастық де-
нелерден тұрады. Олардың ішіндегі ең ірісі және 
титаны  көбі  шілікті  шоғырының  шалқарнұра 
қабаттарына  жанасып  жатыр.  Қотанбұлақ  және 
шағрай шоғырларының кендері ұсақ әрі титаны аз. 
сонымен қатар Қ. т. к. қ. т. өндірістік маңызы бар 
батыс,  орт.  және  шығыс  кентастық  шоғырларға 
бөлінеді. Қоры және мөлшері жағынан ең ірі орт. 
кентастық  шоғырдың  ұз.  22  км,  ені  2–9  км,  қа-
лыңд. 7,3 м. Құмдардың минералдық құрамында 
кварц (65–90%), дала шпаты (7–30%), слюда (3%), 
ауыр фракциядағы кентастық минералдар (6%-дай) 
бар.  Кен  бойынша  кен  байлықтарының  орташа 
мөлшері: ильменит 21,9 кг/м
3
, рутил 3,8 кг/м
3
, цир-
кон 4,0 кг/м
3
. Кентасты құмнан 84,11% ильменит, 
98,92%  рутил,  64,9%  лейкоксен,  99,2%  циркон 
концентраттарын алуға болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет