Құмкөл
2 м-ге дейін су басып жатады. Көктемде суы көбе-
йіп, жазда қарасуларға бөлініп қалады. суы хло-
ридті, минералдылығы көктемде 0,6–0,8 г/л, жазда
кейбір жерлерде 4 г/л-ден асады. Малға суат, аздап
бау-бақша суғаруға пайдаланылады. сағасынан
6 км жерде жайылмасының сол жағында көк-
темгі тасқын суын көлтабандатып суғару үшін
топырақтан бөгет салынған.
ҚҰМИТЖОН – сексеуілдала даласының солт.-
батыс бөлігіндегі құмды алқап. Жамбыл обл.
Мойынқұм ауд. Мойынқұм а-ның солт-нде 42 км
жерде орналасқан. Абс. биікт. 330 м шамасын-
да. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 15 км-ге
созылған, енді жері 6 км. Жер бедері белесті құм
төбелерден тұрады. солт-нде Қояндыөзекқұдық,
серікбай құдықтары, шығысында Жамбыл таула-
ры, батысында Қалмақ қыстауы бар. Құмды өңір
табиғатына бейімделген сексеуіл, күйреуік, бая-
лыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, т.б.
өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайда-
ланылады. сексеуіл өсіретін және дайындайтын
шаруашылықтар бар.
ҚҰМКӨЛ – Құланөтпес алабындағы тұйық көл.
Қарағанды обл. нұра ауд. жерінде, теңіз деңгейінен
400,5 м биіктікте орналасқан. Аум. 9,1 км
2
, ұз. 4,9 км,
енді жері 2,8 км. Орташа тереңд. 2,5 м, жағалау
бойының ұз. 13 км. су жиналатын алабы 107 км
2
,
суының көл. 16 млн. м
3
. судың ең биік деңгейі –
сәуірде, ең төменгісі – қазан айында. су деңгейінің
жыл бойғы ауытқу мөлш. 0,6 м. түбі лайлы. суы
қараша айының соңында қатып, сәуірдің ортасын-
да ериді. Қар, жер асты суларымен және жауын-
шашынмен толысады. Көл жағалауында қамыс,
қоға өскен. суы жұмсақ, тұщы, шамалы сілтілі,
негізінен, мал суаруға пайдаланылады.
ҚҰМКӨЛ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қызылорда
қ-нан солт.-шығысқа қарай180 км, Құмкөл мұнай
кен орны маңында орналасқан. Кен орнының сулы
қабаты сенон және жоғ. альб-сеноман шөгінділе-
рінде шоғырланған. сенон шөгінділерінің сулы
қабаты кен орынның шығыс және солт.-шығысында
жер бетіне жақын жатыр (20–130 м). су жиналатын
тау жыныстары малтатастар, кейде қиыршықтас
аралас ұсақ түйіршікті құмдардан тұрады. сулы
құмның орташа қалыңд. 60–70 м. суы арынды,
өздігінен ағады. Ұңғымалардың дебиті 21 л/с, ми-
Құланөтпес алабындағы Құмкөл көлі
426
Қ-лар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып,
тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға
дейін өмір сүреді. Аналық Қ-дың дене тұрқы ірі.
Бір илеуде бір, кейде бірнеше аналық Қ. кезде-
седі. Қ-лардың «құртқа» ұқсас ақ дернәсілдері
алғашында әлжуаз, аяғы жоқ, көзі жұмулы бола-
ды. дернәсілдерінің дамуы үшін жылу мен ауа
ылғалдылығының маңызы зор. Жұмысшы Қ-лар
дернәсілдерді күндіз илеудің жоғ. қуыстарына,
түнде төм. қуыстарына үнемі тасып, қолайлы
жағдайлар жасап отырады. әрбір илеудегі Қ.
топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы негізі-
нен өздерінен бөлетін ерекше хим. заттар – феро-
мондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі
өте жақсы дамыған. Қ-лар илеуін қураған өсімдік
сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан
жасайды. тропиктік аймақтарда илеу жасамай
жеке дара тіршілік ететін Қ-лардың түрлері де бар.
негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсіл-
дері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқым-
дары, шырындары. Бір илеудегі Қ-лар тәулігіне
10–30 мыңдай жәндіктерді жояды. Қазақстандық
ғалым П.и.Мариковский Жетісу өңірінің шөлді
аймақтарында кездесетін Қ-ның 41 түрінің тірші-
лік әрекетін, илеуінің құрылыс ерекшеліктерін,
дамуын, қоректенуін, табиғи жағдайларға бейім-
делуін, бір-бірімен қатынастарын жан-жақты зерт-
теген. Қ-лардың адам денсаулығына пайдасын көп
халықтар ерте кездерден-ақ білген. Қ. денесінде
70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин
қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда
Қ-дан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар пре-
параттар дайындалады. Қ-ларға жүргізілген зерт-
теулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен
ауырмайтындығы анықталған. Қ-дан алынатын
дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде,
қан қысымын реттеуде қолданылады.
ҚҰНАҚ (Frіngіllіdae) – әнші торғайлар отря-
дына жататын тұқымдас. Қазақстанның барлық
аймақтарында кездеседі. дене тұрқы 10–22 см,
салм. 7–100 г-дай. Басы домалақ, мойны қысқа.
Көп түрінің тұмсығы жуан әрі мықты. Мекиені
қоразына қарағанда ашық реңді келеді. топтасып
ұшады, көбейген кезде жеке-жеке жұп құрады.
Жұбымен жүріп ағаштың бұтағына, жерге, жар-
тас жарығына ұя салады. Кейде ұясын өсімдік
ҚҰМ ҚОЯН (Lepus tolaі) – қоян туысының бір
түрі, қояндардың ішіндегі ең кішісі. дене тұрқы
38–53 см, салм. 1,5–2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қо-
ңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал
Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұм құмдарында және
Қызылорда, Жамбыл, Оңт. Қазақстан, Маңғыстау
облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді.
Қ. қ. өсімдіктің 118 түрімен қоректенеді. Оның 66 тү-
рі шөптесін өсімдіктер, 38 түрі бұталар, 14-і ағаш
тектес өсімдіктер. Қ. қ. қорегін іздеуге ымырт түс-
кен кезде, түнде шығады. Ұйығу қаңтар–ақпан
айларының аяғында басталады. Қ.қ. – өте өсімтал,
жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1–9 көжектен та-
бады. Көжегінің дене тұрқы 11 см, салм. 85–95 гбо-
лады. Қ. қ-ының жауы жыртқыш сүтқоректілер мен
құстар. Көбейіп кетсебау-бақшаға едәуір зиян кел-
тіреді. сондай-ақ кейбір жұқпалы ауруларды тара-
тады. терісі жеңіл өнеркәсіпте пайдаланылады.
ҚҰМСУАТ – Арал т-нің Чернышев шығанағын-
дағы мүйіс. Қоржынды түбегінің қиыр оңт-нде ор-
наласқан. Қызылорда обл. Арал және Ақтөбе обл-
ның Шалқар аудандары аралығында жатыр. доғал
пішінді мүйістің жер бедері тегіс, құмдауытты.
Мүйіс маңындағы судың тереңд. 3–5 м. Жағалау
бойында қамыс шоғырлары кездеседі. Одан басқа
шөлдің сұр құмдақты топырағында бұйырғын,
тасбұйырғын аралас қара және боз жусан өседі.
ҚҰМТАРЫ (Dіgіtarіa) – астық тұқымдасына
жататын бір, көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыс-
тарының шөлді, құмды және жазық жерле-
рінде өсетін 2 түрі бар. Ең көп тараған түрі –
т а с п а Қ-сы (D.lіnearіs). Оның биікт. 5–50 см.
сабақтары көп бұтақты, кейде дара да болады.
Жапырақтары жіңішке қандауыр пішінді әрі
тықыр, төм. жағы түкті болып келеді. сабағының
ұшында жетілетін гүлшоғыры 2–5 масақшадан
тұрады. Масағы 1–2 гүлді. төм. масақ қылқаны
өте кішкентай, кейде мүлдем болмайды. Гүл
қабыршағы тықыр, шеті ішіне қарай қайырылған.
Шілдеден қазан айына дейін гүлдейді. Қ. – құ-
нарлы мал азығы. Құм тоқтату үшін де өсіріледі.
Кейбір түрі (мыс., қызыл Қ.) жармалық дақыл ре-
тінде пайдаланылады.
ҚҰМЫРСҚА (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар
отрядының бір тұқымдасы. Қ-ның 10 мыңдай
түрі бар. денесі бас, көкірек және құрсақтан тұ-
рады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз
аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда
үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Құрсақ бөлі-
мінің 1- және 2-сегменттері жіңішке сабақшаға
айналған, ал қалғандары ірі. Көпшілік түрлерін-
де құрсақ бөлімінде шаншары мен улы без-
дері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін
сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Қ-
лар, көбіне топталып (10–100 мың дарасы бірігіп),
арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. әрбір илеу-
де аталық, аналық, «жұмысшы» және «жауын-
гер» құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан
жетілмеген топтары – жұмысшы Қ-лар деп атала-
ды. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық Қ-лар-
ды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың
бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық
Қ-лар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық
Құм қоян
Құмырсқа
427
мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Қ., көбіне өзен
жағалауынан ін қазып, сонда паналайды. Інінің
аузы су астында болады. Жатағын қыста қатпай-
тын, балығы бар ағын су бойына салады. Жылына
1 рет түлейді. Аналығы 2–4 құнай табады. Көп
аулануына байланысты саны күрт азайып кеткен.
Осы кезде тек кәдімгі Қ-ды ғана аулауға рұқсат
етіледі. Орт. Азия Қ-ы өте сирек кездесетін бол-
ғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» ен-
гізілген. Бұл аң Кирсанов қорықшасында арнайы
қорғалып, өсіріледі.
ҚҰНДЫЗДЫ – Обаған алабындағы өзен. Қоста-
най обл. Қарасу ауд. жерімен ағады. Ұз. 95 км, су
жиналатын алабы 1420 км
2
, суының жылдық ағым
көл. 11 млн. м
3
. Бастауын Қойбағар а. тұсынан
алып, теңізкөл көліне құяды. Одан әрі өзен Обаған
деп аталады. Ірі салалары: Егінсай, терісбұтақ,
Бұтақ, Қарамырза, сүйіндік. Жоғ. ағысында арна-
сы тік жартасты, Құндызды а-нан кейін кеңейіп,
жайылма пайда болады. суы қараша айының ор-
тасында қатып, наурыздың соңында ери бастай-
ды. өзен аңғарының басым бөлігі жыртылған.
Алабы шабындыққа және мал жайылымына пай-
даланылады.
ҚҰНДЫЗКӨЛ, Қ ұ м д ы к ө л – Жабай өз. ала-
бындағы көл. Ақмола обл.сандықтау ауд-ның
солт-нде, новоникольское а-нда орналасқан. теңіз
деңгейінен 430 м биіктікте жатыр. Аум. 7,7 км
2
(суы мол жылдары 8,6 км
2
). Ұз. 4,4 км, енді жері 3
км, ең терең жері 3,9 м. Жағалау бойының ұз. 13,4
км. су жиналатын алабы 50 км
2
. Оның басым бө-
лігі төбелі келген. Ойпауытты бөлігі көлге бағыттал-
ған. Жағалау бойында орман және дала өсімдіктері
аралас өседі. Аралас орман алабының 40%-ын
алып жатыр. солт. бөлігінен басқа жағалаулары
тік келген, оңт. және оңт.-батысы жарқабақты. Көл
табаны құмды және тегіс. Жағалауында қамыс,
құрақ шоғырлары өскен. Қыста мұздың қалыңд.
1–1,2 м-ге жетеді. суы тұщы, ауыз суға жарамды.
ҚҰНДЫЗШӨП (Pulsatilla) – сарғалдақтар тұқым-
дасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстан-
да Алтай мен тарбағатай жоталарында, Жетісу
(Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Кетпен
(Ұзынқара) жотасында, Батыс тянь-Шань жота-
сында, тобыл–Есіл жазығында, Ертіс өз. бойында,
семей орманында, Каспий т. маңында, Көкшетау
қыратында, Қарағанды обл-ндағы Қу тауын-
сабағы не бұтағынан тоқып та жасайды. табақша
тәрізді ұясының аузы ашық болады. Ұядағы 3–7
шұбар жұмыртқаны мекиені 2 аптадай басады.
Қ-тар өсімдік және оның дәнімен, ұсақ жәндік-
термен қоректенеді. Қ-тың ішінде Арал т-нен
Алакөл ойысына дейінгі аймақта кездесетін –
ш ө л Қ-ы (Rhodospіza obsoleta) бар. Бұл салм. 22–
28 г-дай болатын кішкентай құс. реңі қоңырқай
құм түстес, бауыры ақ, құйрығы мен қанаттары
ақшыл қауырсындармен көмкерілген. Қанаты
жылтыраған қызғылт дақты. тұмсығы қара
түсті. Жыл құсы. Ұясын ағаш, бұта басына салып,
онда 4–6 көгілдір, ақ түсті жұмыртқасын басады.
наурыз айында ұшып келіп, қазанда жылы жаққа
ұшып кетеді. Бір жылда 2 рет балапан ұшырады.
тек дәнмен қоректенеді. Қ-тардың 3 түрі және 1
түр тармағы Халықар. табиғат қорғау одағының
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚҰНДАҚТАҚЫР ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақтө-
бе қ-нан солт-ке қарай 40–60 км жерде, Орал сыр-
ты үстіртінің иінді ойыс жерінде, мезо-кайнозой
дәуірінің өзімен аттас мульдасында орналасқан.
сарыбұлақ кен орындары тобына жататын кен
орны Ақтөбе қ-н шаруашылық сумен қамтамасыз
етуге арнап барланған. Альб-сеномандық сулы
қабаттың тау жыныстары негізінен әр түрлі түйір-
шікті құмдардан тұрады. сутіректің төм. деңгейі
қалыңд. 20–60 м болатын апттың сазынан, ал жоғ.
деңгейі кампанның мергельді сазынан тұрады.
Жабын кешеннің тереңд. 88–130 м, тиімді қалыңд.
91–122 м, жер асты суының тереңд. 39 м, ұңғы-
малардың дебиті 15–32 л/с, минералд. 0,1–0,3 г/л.
сутіректің жалпы ұз. 8432 м, пайдаланылатын
ұңғымалар – 18. Кен орны 1987 жылдан пайдала-
нылуда.
ҚҰНДЫЗ (Lutra lutra) – жыртқыштар отряды,
сусар тұқымдасына жататын терісі бағалы аң.
Қазақстанның орманды, таулы аймақтарында кә-
дімгі Қ. және Орт. Азия Қ-ы кездеседі. дене тұрқы
65–70, құйрығы 41–44 см, салм. 5–8 кг. Арқасы мен
құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры
ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді. саусақтарының
арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Орт. Азия
Қ-ы Қазақстанның оңт.-шығысында таралған. Іле
өз-не құятын Шілік, өсек, Құндызды сияқты тау
өзендерінің сағаларын және Көксу, Қора, тентек
өзендерінің жоғ. жағалауларын мекендейді. Көбіне
шабақтар және балықтармен қоректенеді. сондай-
ақ құстарды, сүтқоректілерден – қоян, су тышқаны
Құндызшөп
Құндыз
Құндызды өзенінің жайылмасы
428
да өсетін 6 түрі бар. Олардың ішінде а ш ы қ Қ.
(P.flavescens) және с а р ғ ы л т Қ. (P. patens) си-
рек кездесетін түрлерге жатады. Биікт. 6–15 см,
жеміс берген кезде үш есеге дейін ұзарып, биікт.
45 см-ге жетеді. тамыр сабағы қаралау түсті, көп
тармақты. тамыр жапырақтары гүлдеген кезде тү-
гелдей жайылады, сағағын аса қалың емес ұзын
түк басқан. Үш жікті саусақ салалы жапырақ
тақтасы дөңгелек, жоғары жағы үшкір, астыңғы
жағы қалың түкті, үстіңгі бөлігінде түгі аз. Жоғ.
бөлігіндегі жапырақтары кішірек. Гүл сидамы тік,
гүлі алғаш ашылған кезде қоңырау тәрізді, кейін-
нен барынша үлкен болып ашылады. Гүлсерігінің
жапырағы 6, сопақша жұмыртқа тәрізді, үшкірлеу
келген, ашық көкшіл, күлгін түсті. Аталықтары
мен аналықтарының саны көп, тозаңдығы гүлсе-
рігінен әлдеқайда кішірек сары жіпше. Жемісі
жіңішке, ұзын әрі үшкір, ұз.3–5 см-дей болатын
аналық мойны бар, сыртын жібектей қалың түк
басқан. наурыз–мамыр айларында гүлдеп, ма-
мыр–маусымда жеміс береді, кейде екінші рет қыр-
күйек–қазанда гүлдейді. Құрғақ далалы жерлерде,
тау баурайларында, құрғақ аңғарлардағы шалғын-
дарда, сирек қарағайлы ормандардағы құмдауыт
топырақта өседі. Гүлдеп тұрған, жемістенген ке-
зінде ерекше көзге түседі. әсіресе, иілген күйінде
қалғып тұрған тәрізді көрінеді. Ашық Қ. өкпе, аяқ-
қол, құяң, бел ауруларына және басқа да ауруларды
емдеуде қолданылады. Жапырағынан алынған шы-
рынмен күйікті емдейді. сарғылт Қ. улы өсімдік,
жас өсімдікті жегенде малдың ас қорыту жүйесі
қабынады және жансызданады. Ал құрғақ кезінде
зияны жоқ. Қу қорықшасында, наурызым, Батыс
Алтай қорығында және Қарқаралы, Баянауыл ұлт-
тық бақтарында қорғалады.
ҚҰНУ (Gulo gulo) – сусар тұқымдасына жата-
тын жыртқыш аң. Қазақстанда Оңт. Алтай жо-
тасындағы самырсын, майқарағай, қайың өскен
ну ормандармен тау өзендерінің бойындағы
тоғайларды мекендейді. дене тұрқы 70–105 см,
салм. 12–19 кг. Жүні ұзын әрі қылшықты қоңыр
сұр түсті. Құйрық жүні үлпілдек. Екі бүйірінде
және маңдайында ақшыл сары түсті жолағы бола-
ды. наурыз–сәуір айларында түлеп, үлпілдек жүні
қарашада толық жетіледі. түнде белсенді тірші-
лік етеді. Көктемде ұрпақтарын қоректендіріп
жүргендері күндіз де азық іздейді. Қ-дың негізгі
қорегі тұяқты жануарлар (елік, құдыр, марал),
кейде өлекселерді де, сондай-ақ аққоян, құр, то-
қалтістілерді, жазда өсімдік тұқымдары мен дән-
дерін қорек етеді. Қ. күйлеу кезінен басқа уақытта
жеке жүреді. 3 жылда жыныстық жағынан жеті-
леді. Маусым мен шілдеде ұйығу (күйлеу) баста-
лып, 8–10 айдан кейін ақпан–наурыз айларында
аналығы 1–4 күшік туады. Олар 6–8 айдан кейін
өз бетінше өмір сүре бастайды. Қ. терісі бағалы
жыртқыш, бірақ саны аз болғандықтан кәсіптік
маңызы шамалы.
ҚҰР (Lyrurus tetrіx) – тауықтәрізділер отряды-
на жататын орман құсы. Қазақстанда Жайық өз-
нен Ертіс өз-не дейінгі орманды аймақтарда ме-
кендейді. Алтай, тянь-Шань тауларында, Жетісу
(Жоңғар) Алатауында кездеседі. Қалба жотасын-
да, көбінесе Марқакөл көлінде итмұрын, бұта
арасында тіршілік етеді. дене тұрқы 53–57 см,
салм. 1,2–1,8 кг. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан
қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқа-
лады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай
қайырылып орналасады. Мекиені қара шұбар
келеді. Қ. – отырықшы құс. Бұтаның, ағаштың
түбінен шұңқыр қазып, ұясын жерге салады,
оған ағаш бұтағын, жапырақ, кейде мүк және
қауырсын төсейді. Аналығы 4–12 жұмыртқа са-
лып, 23–25 күнде балапан шығарады. негізгі қо-
регі – өсімдіктер. Балапандары алғашқы аптада
қоңыздар, дернәсілдер және жұлдыз құрттармен,
құмырсқа, қандала, өрмекші, маса, шыбындармен
қоректенеді.
ҚҰРАЛАЙ, ж а с ы м ы қ (Carpodacus rubicilla) –
торғайтәрізділер отрядына жататын құс. сирек кез-
десетін, саны аз, жете зерттелмеген – ү л к е н Қ.
Қазақстандағы ұялайтын жерлері белгісіз, Іле,
талас Алатауларында және Жетісу (Жоңғар) Ала-
тауындағы Ақсу өз-нің жоғары бөлігінде кез-
дескен. Қазақстанда қыстайтын екі жері – Алматы
маңында таулы үстірт және Ақсу-Жабағылы қо-
рығы белгілі. Биік таулардың жартастары мен
сусымаларында (теңіз деңгейінен 3000 м биік)
альпі көгалдары мен жазықтарды, ал күзде және
қыста тау етегіне (теңіз деңгейінен 900–1000 м)
түседі де, өзен жағасындағы тоғайларды, орман
жолақтарын, бақтарды мекендейді. Жұмыртқасын
мекиені басып шығарады. Жидек тұқымымен
(шырғанақ, долана, мия, таспашөп, ақ қараған,
т.б.) және балапандарын тамақтандыру кезінде
тікқанаттылармен, қоңыздармен, т.б. жәндіктер-
мен қоректенеді. Үлкен Қ. шағын топ болып қана
кездеседі. Бұл түрге сайрағыш құстарды аулап, са-
туды кәсіп еткендер үлкен қауіп төндіреді. Қысқы
мекені көлемі жағынан шағын әрі қолайлы болған-
дықтан оларды аулау оңай.Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген. тағы бір түрі – қ ы з ы л-
қ а н а т Қ-дың денесі орташа, салм. 32–48 г. Батыс
тянь-Шаньның биік таулары мен Жетісу (Жоңғар)
Алатауын, Маңырақ (тарбағатай жотасында)
және Шу-Іле тауларын мекендейді. Құрғақ, тасты,
күнге жақсы қыздырылатын жерлерді таңдайды.
Қанаты, құйрық үсті және түбінде қызғылт түс
басым, қалған жерлері қоңыр түсті, басында қара
«бас киімі» болады. дауысы таза, құз арасынан
жақсы естіледі. Ұясын жерге, тас немесе шөп
Құралай
Құну
429
қалқасына салады. 4–5 айқын нүктелі ақшыл кө-
гілдір жұмыртқаларын аналығы басып шығарады,
аталығы жем тасиды. Балапандары ұшқаннан ке-
йін топқа қосылып, қоныс аударып жүреді.
ҚҰРБАҚА (Bufonіdae) – құйрықсыздар отряды-
ның бір тұқымдасы. Бұлардың көзінің арт жағын-
да құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ
сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы сау-
сақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланыс-
қан. Қазақстанда Қ-ның 3 түрі: к ә д і м г і Қ. (Bufo
bufo), ж а с ы л Қ. (Bufo vіrіdіs) және д а н а т а Қ-сы
кездеседі. Кәдімгі Қ-ның терісі бұдырлы, мүйізді
болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейім-
делген. Оның денесінің ұз. 20 см, орманды-далалы
аймақтарды мекендейді. Жасыл Қ-ның денесінің
ұз. 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік
тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлер-
де тіршілік етеді. Қ-лар денесі кеппеу үшін, күн-
діз орман төсенішінің астына, тышқандар мен
көртышқанның індеріне, құлаған ағаш пен олар-
дың тамырының астына жасырынып, қорегін түнде
аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді
тіршілік етеді. өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт,
шырышты ұлу, шұбалшаңмен, т.б. қоректенеді.
Індерде, тұрғын үй астында, қоймаларда қыркүйек
айының соңы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға
кетеді. наурыздың аяғы – мамырдың басында
қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе
ағыны баяу суқоймасына уылдырығын шаша бас-
тайды. Аталықтары үш, аналықтары төрт жасында
жыныстық жағынан жетіледі. Ұз. 3–5 м-ге жететін
уылдырық (1200–7000-ға жуық) жіпшелерін суға
салады. итшабақ 50 күндей дамып, ұз. 30–32 мм-ге
жетеді. Қ-лар зиянды жәндіктермен қоректеніп, а.
ш-на пайда келтіреді.
ҚҰРБАҚАНАС – солт. Балқаш алабындағы Бақа-
нас өз-нің саласы. Шығыс Қазақстан обл. Аягөз
ауд. жерімен ағады. Ұз. 100 км, су жиналатын
алабы 1170 км
2
, жалпы ұз. 150 км болатын 55 са-
ласы бар. Ірілері: Шолақөзек, самсық, Үшқарасу,
т.б. Бастауын Ханшыңғыс жотасының оңт-ндегі
Көксеңгір тауының солт-нен алып, Үрпек тауы
тұсындағы Көктал қыстауы маңында дағанделі
өз-не сол жағынан құяды. Көксеңгір тауына дейін
Қарақашық қонысында аңғары кең, арнасы жазық
жермен өтеді. Көксеңгір тауынан Ақсораң тауы-
на дейін арнасы тік жарлы, одан төменде аңғары
қайта кеңейеді және арнасының жағалауы жазық
болып келеді. Жауын-шашын суымен толығады.
Көктемде ғана арнасында ағын болады, жазда қа-
расуларға бөлініп қалады. Алабы – жайылым.
ҚҰРҒАҚШОЛАҚ, М а й ж е г е н, А қ т а с т ы –
Жамбыл обл-ның Шу, Алматы обл-ның Балқаш
аудандарындағы өзен. Ұз. 83 км, су жиналатын
алабы 457 км
2
. Бастауын Шу-Іле жотасындағы
Айтау тауларының бұлақтарынан алып, серәлі
бейітінен солт-ке қарай 7 км жерде тартылып қа-
лады. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толы-
ғады. Арнасында көктемде ғана ағын болады.
Алабы – жайылым.
ҚҰРДЫМ – ырғыз алабындағы тұйық көл. Ақтөбе
обл. Шалқар ауд. Жылан а-нан солт.-шығысқа қарай
192 км жерде, теңіз деңгейінен 51 м биіктікте орна-
ласқан. Аум. 22,6 км
2
. Ұз. 10,5 км, енді жері 3 км, жа-
Құрқылтай
ғалау бойының ұз. 31,5 км. Жағалауы жайпақ, бат-
пақты келген. суы тұзды, ішуге жарамсыз. тамыз
айында тартылған көлдің таяз жері тұзды сорға ай-
налады. Алабында шөлейттік өсімдіктер өседі.
ҚҰРЖЕМ, Б а қ а ш, Қ ұ р с а й – Жем алабындағы
өзен. Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд. жерімен ағады.
Ұз. 75 км, жалпы ұз. 15 км болатын 6 саласы бар.
Қ. Бұлақты а. тұсында Жем өз-нен тармақталып,
жолындағы шағын (ауд. 1 км
2
-дей) көлге құяды.
Арнасы өзгермелі, жағасы жазық. Көктемде суы 3–5
км-ге жайылып, шабындықты суландырады. Күзде
құрғақ арнаға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |