ҚЫЗЫЛОБА – Шыңғыстау жотасының батыс
бөлігіндегі тау сілемі. Шығыс Қазақстан обл.
Абай ауд. Жүрекадыр а-ның солт.-батысында 50 км
жерде орналасқан. Абс. биікт. 1064 м, салыстыр-
малы биікт. 50–60 м. солт.-батыстан оңт.-шы-
ғысқа қарай 16 км-ге созылған, енді жері 6 км.
тау аңғарларымен, өзен, сай-жыралармен тілім-
денген. Беткейлері тік жарқабақты, қырқалы кел-
ген тізбектелген жоталардан тұрады. солт-нен
Қарасу, оңт-нен Байқошқар, Бақанас өзендері тау
бұлақтарынан бастау алады. солт-нде Қараағаш,
оңт.-шығысында Қосбастау, Қарақшы, оңт-нде
Ақдомбақ таулары бар. төм. және орта палеоген
кезеңінің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас,
тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстардан түзілген.
Етегінде қорымтастардың үйінділері көптеп кез-
деседі. Баурайында тобылғы, қараған, аңғарында
тал, терек, қайың, шалғын өседі.
ҚЫЗЫЛОРДА ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, сырда-
рия аңғарында, Қызылорда қ-нан оңт.-шығысқа
қарай орналасқан. Кен орны Қызылорда қ-н ша-
руашылық ауызсулық сумен қамтамасыз етуге
(тәулігіне 148 мың/м
3
) арнап барланған. Жер асты
суы ұсақ түйіршікті құмдардан тұратын жоғ.
Қызылқұм құмды алқабы
Қызылқұм
443
төрттік кезеңінің қазіргі шөгінділерінде шоғыр-
ланған. сулы құм қабаттың қалыңд. 28,9 м-ден
64,4 м-ге дейін өзгереді. Грунт суының тереңд.
1,4–5,2 м. Ұңғымалардың дебиті 11–34,5 л/с. Жер
асты суы тұщы, минералд. 0,5–0,7 г/л. Жобалы
сутіректің 1-телімінде 20 ұңғыма жоспарланған.
Ұңғымалардың тереңд. 65–70 м. әр ұңғыманың
өнімд. 30 л/с. Есептік бас тоған (2-телім) өзен
бойынан 100 м қашықтықта. Пайдаланылатын
ұңғымалар саны 20, олардың арақашықтықтары
237 м, тереңд. 60–65 м, бір ұңғымадан 30 л/с су
шығады. Жер асты суының пайдаланылатын қо-
рын аймақтық су комитеті бекіткен. Кен орны
1977 жылдан пайдаланылуда.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ – Қазақстанның оңт-
ндегі әкімш.-аумақтық бөлініс. 1938 ж. 15 қаңтарда
құрылған. Жер аум. 226 мың км
2
(Қазақстан жері-
нің 8,3%-ы). тұрғыны 689,7 мың адам, орташа ты-
ғызд. 1 км
2
-ге шаққанда 3 адамнан келеді (2010).
Орт. – Қызылорда қ. солт-нде Қарағанды, солт.-ба-
тысында Ақтөбе облыстарымен, оңт.-батысы мен
оңт-нде өзбекстан республикасымен, шығысында
Оңт. Қазақстан обл-мен шектеседі. Облыс құра-
мында 7 әкімш. аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы,
Жалағаш, сырдария, Шиелі, Жаңақорған), 3 қала
(Арал, Қазалы және респ. мәндегі Байқоңыр қ.) бар.
Облыстың жер бедері негізінен жазық, құмды белес-
тер, төбешік, шоқылар болып келеді. Биіктік ауыт-
қуы 53 – 200 м-ді құрайды. Ең төмен жері батысында
Арал т-нің жағалауында, ең биік жері шығысындағы
Қаратау сілемдерінде (1419 м) орналасқан. Облыстың
негізгі бөлігі геол. жағынан күрделі өзгерістерге
ұшыраған. Қазір оның басым бөлігін сырдария
өз. бағытымен оңт.-шығыстан солт.-батысқа қа-
рай Арал т-не дейін созылған сырдария жазығы
алып жатыр. Бұдан 80 – 100 млн. жылдар бұрынғы
бор дәуірінің шөгінділері, палеоген және төрттік
кезеңдеріндегі түзілімдер сақталған. Қаратау сілем-
дері төм. палеозой құрылымына жатады. Аймақтың
кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлық-
тарынан ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит
тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрылысқа
қажетті ұсақ қиыршықтастар, әйнек және шыны
бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс,
алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас,
тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) және
басқа кен байлықтарының мол қоры бар. Қ. о. түсті
металл кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады.
Отандық сапалы ас тұзының 60%-ы, мұнай мен газ
конденсатының 21,4%-ы, мырыштың 15,1%-ы, уран
қорының 14%-ы Қ. о-ның еншісінде. Оңт. торғай
иінінің обл. бөлігінде 350 млн. т мұнай, 100 млрд. м
3
газ қоры анықталды. Арал т. маңында 75 млн. т мұ-
най, 2 трлн. 30 млрд. м
3
газ қоры бар (2004).
Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық,
жазы құрғақ әрі аңызақты ыстық. Ауа райының ор-
таша темп-расы қаңтарда –13ºс, шілдеде 26 – 28ºс.
Жазда ыстықтың көтерілу шегі 42 – 44ºс-қа дейін
барады. Құм 60 – 70ºс-қа дейін қызады. Жауын-ша-
шынның жылдық орташа мөлш. 100 – 115 мм. Арал
т-нің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарата-
тын улы заттары және экол. ортаның нашарлануына
байланысты соңғы жылдары қышқыл жаңбыр жауа-
тын болды. Облыс жерімен сырдария өз-нің 1 мың
км-ге жуық төм. ағысы өтеді. 1956 ж. маусымда
сырдария өз-нде Қызылорда бөгеті іске қосылды.
1958 ж. сырдарияның ескі арнасы Жаңадарияға
өзен суы жіберілді. 1950 – 60 ж. Қызылорда су
тораптарының сол жақ және оң жақ каналдары қа-
зылды. 1969 ж. Қазалы су торабы егіс даласы мен
жайылымдық жерлерді суғаруға берілді. өзендер
суының теңізге құю мөлшерінің кемуінен Арал т.
Үлкен және Кіші Арал болып екі көлге бөлінді.
Облыс жерінің едәуір бөлігін құм басып жатыр.
топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді.
Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс
өседі. Пайдалануға қолайлы жер аумағының 12%-
ы сырдария өз. жайылмасында, 23%-ы шөлейтте,
65%-ы шөл аймағында орналасқан. Облыс таби-
ғатына сәйкес мұнда, негізінен, ақ бөкен, құлан, қа-
рақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қос-
аяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүр-
кіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, Аралда, сырда-
рияда, көлдерде балықтың көптеген түрлері кезде-
седі (алабұға, сазан, жайын, бекіре, т.б.).
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары облыс эко-
номикасын дамыту және нарықтық экономикаға
көшу барысында шаруашылықтың барлық сала-
лары жандана бастады. Қаратау сілеміндегі қор-
ғасын мен мырыштың бай қоры негізінде Шалқия
кеніші жұмыс істей бастады. Кенішке т. ж. тар-
мағы тартылды. 1992 жылдан бері Құмкөл кен
орнынан сапасы жоғары мұнай өндіріле бастады.
уран кенінің (Қарамұрын) өндірістік қуаты жылы-
на 700 т-ға жеткізілді. Емдік қасиеті бар балшық,
шипалы минерал судың көздері пайдаланылады;
«Жаңақорған» бальнеол. шипажайы жұмыс істейді.
республикадағы бірегей целлюлоза-қатырма қағаз
комб., күріш машиналарын шығаратын «Қызылор-
дакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары мен құ-
ралымдары комб., Эксперименттік мех. және тә-
жірибелік жөндеу-мех. з-ттары, тоқылмайтын ма-
талар, аяқ-киім ф-калары, Аралтұз комб. облыс эко-
номикасын дамытуда елеулі орын алды. Қызылорда
астық өнімдері, ет, сүт өнімдері комб-тары, «Бе-
рекенан», «Балық», «Жайна», «Ісмер», «Қуат» АҚ-
лары жұмыс істейді. Облыста а. ш-на жарамды
жер аум. 226 мың га, оның ішінде егістік 109,1
мың га, шабындық 116,9 мың га, жайылым 105,4
мың га (2009). Агр. секторда Қ. о-нда республика-
да жиналатын күріштің 70%-ы, бақша өнімдерінің
20%-ы, қаракөл елтірісінің біршама бөлігі өндірі-
сырдария өзені
Қызылорда
444
445
Үржар ауд. Қазымбет а-ның солт.-шығысында 24 км
жерде орналасқан. Абс. биікт. 2033 м, солт.-батыс-
тан оңт.-шығысқа қарай 13 км-ге созылған, енді
жері 4 км. Беткейлері тіктеу. Батысы, солт. және
шығысымен Базар, оңт-нен Қусақ өзендерінің са-
лалары тау бөктеріндегі бұлақтардан бастау алады.
Батысында Базар, Үржар, оңт-нде тікжолдың асуы
орналасқан. тау шатқалында көк терек, қайыңнан
тұратын орман, қара және қызғылт қоңыр топырақ
жамылғысында бұта аралас астық тұқымдас шөп-
тесіндер өседі.
ҚЫЗЫЛСУ – Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қа-
зақстан обл. Жарма және Ұлан аудандары жері-
мен ағады. Ұз. 185 км, су жиналатын алабы 3280
км
2
, жалпы ұз. 172 км болатын 51 саласы бар.
өзен алабында аум. 1,1 км
2
болатын 2 көл жатыр.
Ірі салалары: Ақтасты, Жантас, Шилі, Алаайғыр,
Қарабұға, Жаңғызағаш, Күйелі, т.б. Бастауын
Бесшоқы тауының батыс бөктеріндегі бұлақтар-
дан алып, Қызылқорған қирандысының батысын-
да Ертіс өз-не құяды. Қызылсу а-нан Шалабай а-на
дейінгі жоғ. және орта ағысының жағалауы жар-
тасты, жарқабақты және жарлауытты келген. төм.
ағысында арнасы кеңейіп, алабы сайлы-жыралы
келеді. сағасында ені 10–15 км болатын жайылма
құрайды. өзен бойында елді мекендер көп, алабы
жақсы игерілген. негізінен жер асты және жауын-
шашын суларымен толығады. Арнасында жыл
бойы ағын болады.
ҚЫЗЫЛСУ – Есіл алабындағы өзен. Ақмола обл.
Есіл ауд. жерімен ағады. Ұз. 91 км, су жинала-
тын алабы 2670 км
2
. Бастауын Жақсы ауд. Жақсы
леді. инж. дайындықтан өткізілген 215 мың га су-
ғармалы жер және оның күрделі гидротех. жүйесі
облыстың егін ш-н дамытуға пайдаланылады. Жеке
шаруашылықтар, серіктестіктер мен ұжымдық бір-
лестіктер облыстағы 8 млн. га суғармалы алқапқа
егін егеді. Ауылдарда ет және сүт өңдеу шағын з-
ттары жұмыс істейді. Облыстың шаруашылығы,
халықтың әл-ауқаты мен денсаулығына Арал апаты
зиянды әсерін тигізді. Облыстың жалпы аймақтық
өнімі 2010 ж. 840,8 млрд. теңге болды. Бұл респ-
ның жалпы өнімінің 3,9%-ын құрайды. Осы жылы
өнеркәсіп өнімі жалпы аймақтық өнімнің 96,3%-ын
құрады. Облыстың негізгі капиталына 2010 ж. 247
млрд. теңгенің инвестициясы жұмсалған. Жалпы
аймақтық өнім 2006–10 ж. аралығында облыс аума-
ғында 363,8 млрд. теңгеден 840,8 теңгеге жетті не-
месе 2,3 есеге өсті. Осы жылдар аралығында өнер-
кәсіп өнімдері 1,6 есеге өсіп, 809,6 млрд. теңгені
құрады. соңғы 5 жыл ішінде (2006–10) облыстың
негізгі капиталына жұмсалған инвестиция 3,7 есеге
дейін өсіп, 246,9 млрд. теңгеге жетті.
Облыста 2010 жылдың соңында денсаулық сақтау
саласында 61 аурухана және 160 амбулаторлық ем-
хана тіркелген. Ондағы барлық сала дәрігерлерінің
саны 2,2 мыңға жетті. 2006–10 ж. аралығында мек-
тепке дейінгі мекемелер саны 2,4 есеге өсіп, 2010
жылдың соңында 217-ге жетті. Оларда 15,4 мың
бала тәрбиеленеді. Жалпы білім беретін 293 мек-
тепте 128,7 мың, сонымен қатар тех. және кәсіптік
бағдар беретін 35 мекемеде 27,3 мың оқушы білім
алуда. 5 жоғары оқу орнында 17,2 мың студент
дәріс алады. Аймақтық агроэкология ғыл.-зерт. ин-
ты облыста ғыл.-зерт. жұмыстарымен айналысады.
сыр өңірінде респ. және обл. маңызы бар 500-ден
астам архит., археол. және мәдени ескерткіштер
есепке алынған. Облыс арқылы мемл. маңызы бар
Шымкент–Қызылорда–Ақтөбе
автомагистралі
және ташкент–Орынбор (1-Қазақстан т. ж. магис-
тралі) т. ж. магистралі өтеді.
ҚЫЗЫЛОРДА СУ ТОРАПТАРЫ, 1) Қызылорда су
торабының оң жақ каналы. Бастауын сырдария
өз. арнасында салынған бөгет (1957, Қызылорда
қ-нан шығысқа қарай 12 км) маңынан алып, өзен-
нің оң жақ бойымен Қармақшы ауд-на дейін со-
зылады. Ұз. 80 км, ені 20, кейде 40–80 м. тереңд.
5–12 м. су ағымы каналдың басында 48 м
3
/с.
Канал бойында бірнеше бөгеттер, көпірлер бар.
сырдария өз-нің оң жақ бойындағы өңірдің а. ш-н
дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суы-
мен күріш, жемшөптік дақылдар егілетін 60 мың
га жер суғарылады; 2) Қызылорда су торабының
сол жақ каналы, республикада салынған (1950–60)
ірі су құрылыстарының бірі. Бастауын сырдария
өз. арнасына салынған (1957) бөгеннен алады. Ұз.
140 км, ені 40–70 м, тереңд. 4,5–9 м. су ағымы
бас жағында 60 м
3
/с. Канал сырдария, Қармақшы
аудандарының шаруашылықтарына сырдария
суын жеткізеді. суғарылатын жер аум. 50 мың га-
дан астам. Канал жалпы ұз. 500 км-дей Жаңадария
(сырдарияның ескі арнасы) каналымен жалғасады.
Оның суымен 600–700 мың га жайылым және ша-
бындық суландырылады.
ҚЫЗЫЛСЕРІК – тарбағатай жотасының солт.-
батыс бөлігіндегі тау сілемі. Шығыс Қазақстан обл.
Қызылсерік тауының етегі
Есіл алабындағы Қызылсу өзені
Қызылсу
446
солт-нде Қараматақ, оңт-нде өзенжал, оңт.-баты-
сында Қаратөбе, оңт.-шығысында Ақтас таулары
бар. тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамыл-
ғысында жусан, боз, бетеге, қараған, селеу, бұ-
талар өседі. Беткейі жазғы жайылымдыққа және
қыстауға пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛТАС ТАУЛАРЫ – сарыарқадағы аласа
таулар мен биік шоқылар шоғыры. Қарағанды обл-
ндағы Ақтоғай ауд-ның солт.-батысында. Қар-
қаралы тауларының оңт.-батысында 60–65 км
жерде. Аум. 4 мың км
2
. солт-нде – Керегетас
(1183 м), сораң (1208 м), Қиматас (1247 м), шы-
ғысында – Берікқара (1099 м), сарыжол (1153 м),
Жантау (1217 м), Қызыладыр (1114 м), оңт-нде –
Көрпетай (1226 м), нұртай (1172 м), Жыланды
(1195 м), орт-нда – Ақшоқы (1153 м), Отар (1159 м),
Қушоқы (1283 м), Ақкемер (1132 м) және осы
таулардың жалпы атауымен аталған Қызылтас
(1195 м), т.б. таулар мен шоқылар орналасқан.
Оларды тауаралық аңғарлар мен өзен аңғарлары
жеке-жеке тауларға бөліп тұрады. Беткейлері
шатқал, сай-жыралармен тілімденген. тас көмір
кезеңінің гранит, гранодиорит интрузивтері ара-
лас пермь, тас көмір, силур, девон шоғырлары-
нан түзілген. Қ. бұлақтарға бай. Олардан нұра,
Шерубайнұра, Жарлы, тоқырауын, Жәмші өзенде-
рінің жоғ. салалары бастау алады. Беткейлерінде
және тауаралық аңғарларда аласатаулық бозғылт
қоңыр топырақ таралған. Онда қайың, көк терек,
тал шоқтары, әр түрлі астық тұқымдас шалғындар,
сондай-ақ бетегелі және жусанды-бетегелі қуаң
далалық өсімдіктер өседі. таулардың төңірегі мау-
сымдық жайылым және оның шалғынды тұстары
шабындық ретінде пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛТАС ҮҢГІРІ, Қарқаралы таулы-орманды
алқабының оңт.-батысындағы Қызылтас тауларын-
да, Қарағанды обл. Ақтоғай ауд-нда орналасқан.
Гранит жартастарындағы үңгірдің аузы шығысқа
қараған. Оның сырт жағын қатпарлы тастардан
тұратын жартылай дөңгелек жартас бөгеп тұр.
негізгі бөлігінің ұз. 5–6 м, ені 4–5 м, биікт. 2–3 м.
Үңгірдің төрінде тас тұғыр, бүйірінде қуыстар,
төбесінде қызыл бояумен жасалған белгілер бар.
ҚЫЗЫЛТАУ – сарыарқаның орт. бөлігіндегі тау.
Қарағанды обл. Шет ауд. Қызылтау а-нан батысқа
кентінің оңт.-батысындағы Қосшоқы тауының
солт.-батысынан алып, Есіл қ-нан батысқа қарай
5 км жерде Есіл өз-не құяды. Ірі салалары: Құмай,
Биегіз, Қарамырза. Аңғары кең (0,5–2 км). Арнасы
көбіне жайпақ, ені 5–100 м аралығында өзгеріп
отырады. Жер асты, жауын-шашын суларымен
толығады. Жылдық орташа су ағымы 1,12 м
3
/с.
суын өзен бойындағы елді мекендер пайдалана-
ды. Алабы мал жайылымына қолайлы.
ҚЫЗЫЛСУ – Арыс алабындағы өзен, сайрам
өз-нің тармағы. Оңт. Қазақстан обл. төле би және
сайрам аудандары жерімен ағады. Ұз. 88 км. өзен
Зертас а-нан төменде сайрамсу өз-нен бөлініп шы-
ғып, Аққойлы а-нан төменде Арыс өз-не сол жа-
ғынан құяды. Арнасының жағалауы жарлауытты,
жарқабақты. төм. ағысында жазық өңірмен өтеді.
Арнасында жыл бойы су болады. суының деңгейі
сайрамсу өз-не тікелей байланысты. Алабы толы-
ғымен дерлік игерілген.
ҚЫЗЫЛСУ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ақмола обл.
Есіл ауд. Есіл қ-нан солт-ке қарай 7–12 км жерде,
Қызылсу өз. аңғарында орналасқан. Аллювийлі
шөгіндідегі сулы қабат Қызылсу өз. аңғарында қа-
лыптасқан. су сыйыстыратын тау жыныстары не-
гізінде малтатас аралас әр түрлі құмнан тұрады.
төрттік шөгіндінің қалыңд. 4–10 м. Жер асты суы
арынсыз, 3,2–5,9 м тереңдікте жатыр. сулы қабат-
тың қалыңд. 3–8,5 м аралығында. Ұңғымалардың
дебиті 0,7–1,5 л/с. суы тұщы (0,3–1 г/л), гидрокар-
бонатты-сульфатты, натрий-кальцийлі. Палеозой
тау жыныстарының ашық жарықшақтық бел-
деміндегі жер асты суы кен орнының барлық
жеріне тараған. Олар жарықшақтық құмтастарда,
алевролиттер мен аргиллиттерде шоғырланған.
Мұндағы жер асты суының тереңдіктегі деңгейі
3-тен 44 м аралығында. Ұңғымалардың дебиті 1,3-
тен 13,1 л/с-қа дейін. суы тұщы, минералд. 0,2–1
г/л, хим. құрамы бойынша негізінен хлорид-гид-
рокарбонатты кальцийлі. Жобалық сутірек 20 ұң-
ғымадан тұрады. Ұңғымалардың тереңд. 60–80 м.
Кен орны 1980 жылдан пайдаланылуда.
ҚЫЗЫЛТАС – Қалба жотасының шығыс бөлі-
гіндегі аласа тау. Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд.
төм. тайынты а-ның оңт.-шығысында 32 км жер-
де орналасқан. Абс. биікт. 1108 м. солт.-батыстан
оңт.-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5
км. Беткейі тіктеу, жартасты келген. солт.-шығы-
сында Ляпунов шоқысы, оңт-нде Холодная сопка
(суықшоқы), оңт.-шығысында серебряная (Күміс-
ті), солт.-батысында толстуха (Жуан), оңт.-баты-
сында Қараала таулары орналасқан. Ортаңғы және
жоғ. девон дәуірінің тау жыныстарынан түзілген.
таудың қоңыр топырақ жамылғысында боз, қыз-
ғылт селеу, итмұрын, тобылғы, ешкісабақ, қара-
ған, өзен арналарында қарағай, қайың, т.б. өседі.
ҚЫЗЫЛТАС – Ешкіөлмес тауларының оңт.-ба-
тыс бөлігіндегі тау тізбектері. Қарағанды обл. Шет
ауд. Киік а-ның оңт.-батысында 48 км жерде орна-
ласқан. Абс. биікт. 1037 м. солт.-батыстан оңт.-шы-
ғысқа қарай тізбектеліп 11 км-ге созылған, енді
жері 4 км. Беткейлері тау аңғарларымен, сай-жы-
ралармен тілімденген. Баурайындағы бұлақтардан
Мойынты, Қараеспе өзендері бастау алады. тас кө-
мір жүйесінің гранитоид жыныстарынан түзілген.
сарыарқаның шоқылар шоғырындағы Қызылтас таулары
Қызылсу
447
Қызыл шие
қарай 10 км жерде орналасқан. солт.-батыстан
оңт.-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр,
енді жері 5 км. Абс. биікт. 1091 м (солт. Қызылтау
тауы). Беткейлері көлбеу, аз тілімденген. тас кө-
мір жүйесінің тау жыныстарынан түзілген. Аласа
таулық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында
жусан, сұлыбас, боз, бетеге, қараған, т.б. өседі. тау
беткейі жайылымға пайдаланылады, аңғарында
бірнеше қыстау және Кенесары құдығы бар.
ҚЫЗЫЛТАУ – сарыарқаның орт. бөлігіндегі ала-
са тау. Павлодар обл. Баянауыл ауд-нда, Баянаула
тауларынан оңт.-шығысқа қарай 35 км жерде орна-
ласқан. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай Еспе
өз-нің аңғарынан Балатүндік өз-нің аңғарына
дейін 65 км-ге созылып жатыр. Абс. биікт. 800 м.
Күмбез, шошақ тәрізді денудац. аласа таулар мен
ұсақ шоқы, төбелер тобынан тұрады. Ірі таулары:
Қарақуыс (764 м) пен әулие (1055 м). Ені 10–15 км.
Беткейлері сайлармен тілімденген. таулар соңғы
тас көмір, пермь кезеңдерінің граниттерінен, төм.
және орта девон жыныстарынан түзілген. тау
етектерін девон дәуірінің делювийлі-пролювийлі
шөгінділері жауып жатыр. Етегінде бұлақтар бар.
Қ-дың қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұ-
лыбас, қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жа-
йылымы ретінде пайдаланылады.
ҚЫЗЫЛТАУ – Арғанаты тауларының солт.-шы-
ғысындағы шоқылы тау. Қарағанды обл. нұра
ауд. терісаққан а-нан (Ұлытау) 25 км жерде ор-
наласқан. терісаққан өз. аңғарында. Абс. биікт.
492 м. солт.-батыстан оңт-ке қарай доға тәріздес
созылған таудың ұз. 18 км шамасында. Енді жері
4 км. Беткейлері көлбеу келген көптеген ұсақ шо-
қылардан тұрады. Оңт-нде түпкі тау жыныстары
жер бетіне шығып жатыр. силурдың интрузивтік
жыныстарынан түзілген. Қызғылт қоңыр карбонат-
ты топырақ жамылғысында жусан, селеу, бұталар
өседі.
ҚЫЗЫЛТАУ ҚОРЫҚШАСЫ – респ.маңызы бар
табиғи-зоол. қорықша. 1981 ж. Павлодар обл. Баянауыл
ауд-нда ұйымдастырылған. Аум. 60 мың га, оның
50,1 га-сы тау, 8600 га-сы дала, 1200 га-сы егістік
жер, 200 га-сы орман. Қорықша шаруашылық,
ғыл. және мәдени құндылықтарды қалпына келті-
ру және сақтау, сонымен қатар жануарлармен өсім-
діктердің жойылып бара жатқан түрлерін қорғау
мақсатында құрылған. Мұнда арқар, бүркіт, ителгі,
құр, лашын, сұр шіл, қоян, суыр, борсық, қарсақ,
елік, т.б. мекендейді.
ҚЫЗЫЛТҰЗ – Ертіс алабындағы тұзды көлдер.
Павлодар обл. Железин ауд. Красновка а-нан
солт.-батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен
93 м биіктікте жатыр. Аум. 23,8 км
2
, ұз. 10,8 км, ен-
ді жері 5,8 км, жағалау бойының ұз. 41,6 км.
дөңгелек пішінді көлдің шығыс бөлігінде ша-
ғын 2 арал орналасқан. Жағалауы негізінен жа-
зық, онда қамыс, құрақ өскен. Көлдің батысында
өзімен аттас тағы бір көл (8 км жерде) жатыр. Екі
көл аралығын адам өте алмайтын сор қамтыған.
Шығысында биікт. 8 м болатын төбе орналасқан. Көл
суы қараша айының 1-онкүндігінде қатып, сәуір
айының 2-жартысында ериді. Алабы игерілген,
оны шабындыққа және егістікке пайдаланады.
ҚЫЗЫЛТІЛДІ ЗИЯГҮЛ (Senecio pyroglossus) –
күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жыл-
дық декоративті өсімдік. Қазақстанда Жетісу
Алатауында Лепсі және сарқан өзендерінің жоғ.
бөлігінде кездеседі. Биікт. 20–30 см, тігінен өскен та-
мырлары бар. сабағы қарапайым. төм. жағындағы
сағақты жапырақтары жіңішке жұмыртқа тәрізді,
жиегі тегіс емес. Орта және жоғ. жағындағы жа-
пырақтары сағақсыз. 2–5 себеті (сирек 1) сабақтың
жоғ. жағына топтасқан. Орама жапырақтарының
ұз. 10 мм-дей, ені 10–15 мм. Гүлі қызыл түсті, ұз.
20–25 мм, ені 2–3 мм болатын тілшесі орамасының
ұзындығынан шамамен 2 мм ұзындау. тұқымы
цилиндр тәрізді, қырлы, шамамен ұз. 3,5 мм.
тұқымынан көбейеді. Шілдеде гүлдеп, тамыз
айында жеміс береді. Орман алқаптарында, түрлі
шөп өскен субальпілік шалғында өседі. Мал жа-
йылымы салдарынан саны азаюда. өте сирек кез-
десетін эндемик түр болғандықтан Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.
ҚЫЗЫЛШАЛЫ – Қызылқұм құмының шы-
ғыс бөлігі, сырдария аңғарындағы құдық. Оңт.
Қазақстан обл. Отырар ауд. Маяқұм а-ның солт.-
батысында 58 км жерде орналасқан. тереңд. 16 м,
су шығымы 600 л/сағ. солт.-батысында Қараша,
оңт-нде Жауғашты, оңт.-батысында өмірбек
құдықтары бар. Құдық маңын қалың сексеуіл
тоғайы қоршаған.
Достарыңызбен бөлісу: |