Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет17/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ТБН емт (1)

І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1. Алғашқы сөйлемнің құрамындағы дауысты дыбыстарды артикуляциялық тұрғыдан талдаңыз.
2. Соңғы сөйлем құрамындағы дауыссыз дыбыстарға акустика-артикуляциялық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
3. Соңғы сөйлемді фонетикалық транскрипцияға (қосымшада берілген анықтамалық сызбаға сүйеніп) салып жазып шығыңыз.
4. Тіл үндестігі мен ерін үндестігіне бес сөзден мысалға келтіріңіз.
Қырық үшінші сөз (Абай)

Адам ұғылы екі нәрсе бірлән: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили (еріксіз болатын тілек), қайсысы кәсиби (еңбекпен табылған нәрсе) оны білмек керек.


Ішсем, жесем демектің басы – жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу (тілек, мақсат, арман), бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым – бұлар – кәсиби. Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.
Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көңілге түседі.Ол көңілге түсіруге бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек (110-111-бет).


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1. Ерін және тіл үндестігі бойынша айтылатын бес сөзге мысал келтіріңіз.
2. Құрамында ызың дауыссызы бар бес сөзге, құрамында шұғыл дауыссызы бар бес сөзге мысал келтіріңіз.
3. Алғашқы сөйлемді латын графикасына негізделген фонетикалық транскрипцияға салып (қосымшада берілген анықтамалық-сызбаға сүйене отырып)жазып шығыңыз.
4. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тауып, қолданыстағы мағыналарына түсінік беріңіз.

Қырық төртінші сөз (Абай)


Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады.


Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Аның үшін өзге жолдағылардан бәрекелдіні оңды күтпейді маған «бәрекелді» десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді (116-бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет