ЭКОНОМИКА И ПРАВО
68
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашылығына маманданған Моңғо-
лия Республикасының бұл саладағы өндіріс көлемі жылдан жылға азайып, оның
себебінен өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары да
кеміп, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай тиімділігі төмен-
деп отыр. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі келеңсіз мәселелерді шешудің
бірден-бір жолы ауыл шаруашылығын нарық талаптарына сай қалыптастыру
және оны жан-жақты жетілдіру арқылы бар мүмкіндіктерді пайдаланып тиімділікті
жоғарылату.
Аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызмет – аграрлы-экономикалы Моңғолия
Республикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әре-
кет ететін қажетті буын. Республиканың Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық са-
лада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні меншік-
тің алуан түріне негізделген шаруашылықтарды нарық жағдайында жүргізудегі
жаңа жолдарын құру болып табылады. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген
қаржылық қолдаудың азаюы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне
қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы,
өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз азық-түлік
өнімдерінің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің
төмендігі тағы басқалар өз кезегінде аграрлық саладағы кәсіпкерлік қызметке
теріс ықпалын тигізіп отыр.
Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құры-
лымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні,
нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру
барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсару-
ына аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік
субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Ауылдық жерді дамыту тек
қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни
ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздей-
ді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және
әлеумет тік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін
болады. Бұл фермерлік және тағы басқа да агрошаруашылықтардың өнімділігі
мен дамуын көтеруді білдіреді. Сондықтан аграрлық кәсіпкерліктің тиімді дамуы
олардың тек ауыл шаруашылық бағытында ғана болмай, сондай-ақ тұрмыстық
қызмет көрсетуді, халықтың кәсіпшілік бұйымдарын өндіруді, сауықтыру-
профильді формасында қызмет көрсетуді, ұлттық дәстүрлерді насихаттау
бағытында қызмет етуді және тағы басқа түрлерін қалыптастыру – олардың
өрістеуіне мүмкіндік береді. Дамушы елдерде нарыққа негізделген дамуға
қарай елеулі өзгеріс орын алып, оған жеке меншік сектор мен азаматтық қауым
барған сайын көп тартыла бастады. Ал ауыл шаруашылығы саласы біршама
технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, ақпараттың таралуы шапшаңдай түсті.
Ауыл шаруашылығы экономикалық дамудың негізгі катализаторы болып отырған
кезде ауылды дамыту мәселесі әлдеқайда кешенді көзқарасты қажет етеді.
Сондықтан да Баян-Өлгий аймағында аграрлық саладағы шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру
негізінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық
Ж. Хурмет, Қ.Т. Қонбаева
69
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың
жетіспеушілігі, аграрлық өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, саланы
тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі
мәселелердің бірі болып отыр. Бұлар біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың
негізгі бағытын айқындайды.
Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының аграрлық саласындағы
кәсіпкерлік субъектілердің нысандары, нақты және терең зерттеуге аймақтық
шағын және орта бизнестің негізі ретінде шаруа қожалықтардың қызметін тиімді
дамыту мәселелері алынып отыр.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы төмендегілер болады,
ол:
– ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
– халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
– монополияға қарсы әлеуеті бар;
– ғылыми-техникалық прогреске бағытталған алғышарттарды жасайды;
– нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік
мәселелерін шешеді.
Аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына негізделген эконо-
микалы елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту бары-
сында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық
қатынастарын түпкілікті қайта құру – қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың
өзекті мәселелерінің негізіне айналып отыр. Сондықтан да агрокәсіпкерлік
субъектілерінің экономикадағы рөлі өздерінің іскерлік және озық идеяларын
жүзеге асыра отырып, қоғамда жаңа жұмыс орындарын ашады. Сол арқылы
жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларының оңалуына ықпал етеді. Кез келген
кәсіпкерлік субъектілері өндіріс шығындарын мейлінше азайтуға, тұтынушы
сұранысын максималды қанағаттандыруға тырысады (1-сурет).
1-сурет – Агрокәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы орны
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
70
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
Ауыл шаруашылығы өндірісі тұтастай және аграрлық кәсіпкерлікте кез келген
табиғи-климаттық жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және
сыртқы ортаны қалыптастыруы қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,
ауыл шаруашылығында кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты еркін шаруашы-
лық жүргізуде жер (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың (сыртқы орта)
оптималды үйлесуін көрсетеді.
Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының статистикалық басқар-
масында кәсіпкерлікті бағалайтын көрсеткіштердің қолданылатын жүйесі қам-
тылған көрсеткіштердің сандық мән бергенімен сапалық жағын ашық анықтай
алмайды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін негізгі алғашқы мәліметтер қажет екендігі
ақиқат. Жоғарыдағы ғылыми зерттеулердегі көрсеткіштер жүйесін зерттеліп,
аймақтың экономикалық дамуында кәсіпкерліктің сипатын анықтайтын келесі
көрсеткіштер жүйесін ұсынылады.
Есептеу нәтижесі бойынша жергілікті басқарушы органдардың кәсіпкерлік-
тің дамуына қосқан үлесі Өлгийде (0,6541) басқа сұмындардан жоғары болса,
аймақтағы кәсіпкерліктің даму тенденциясы Сагсайда (0,6427) жоғары дамыға-
нын көріп отырмыз (2-сурет).
2-сурет – Жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі және аймақтағы
кәсіпкерліктің даму тенденциясы
Ескерту – Баян-Өлгий аймағының статистика басқармасының 2011 ж. мәліметтері негізінде автор-
мен құрастырылды
Кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалау көрсеткіштерін екі топқа бөліп қарас-
тырамыз. Бірінші топ көрсеткіштері жергілікті басқару органдардың кәсіпкерлік-
тің дамуына қосқан үлесін сипаттайды. Ал екінші топ көрсеткіштері аймақтағы
кәсіпкерліктің даму тенденциясын сипаттайды. Ең төменгі жергілікті басқару
0
0,1
0,2
0,3
0,4
0,5
0,6
0,7
Алтай
Алтанцөгц
Бая
ннуур
Бугат
Булган
Буя
нт
Дэлүүн
Ногооннуур
Сагсай
Толбо
Ул
аанхус
Цэнгэл
Өлгий
Цагааннуур
0,078
0,1049
0,1593
0,1018
0,0176
0,0697
0,0288
0,2004
0,09560,0839
0,1196
0,0956
0,6541
0,0916
0,3017
0,5334
0,4486
0,3789
0,273
0,2974
0,2678
0,4605
0,6426
0,4142
0,3624
0,33190,3286
0,6185
Жергілікті атқарушы
органдардың ықпалы
Аймақтағы
кәсіпкерліктің
даму тенденциясы
Ж. Хурмет, Қ.Т. Қонбаева
71
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
органдардың кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі Булган сұмынында (0,0176)
байқалса, кәсіпкерліктің төмен даму қарқыны Дэлүүн сұмынында (0,2678) көрі-
ніп отыр. Осыдан жергілікті басқару органдардың кәсіпкерліктің дамуын қолдау
деңгейі өте төмен екендігін байқаймыз. Бұл көрсеткіштерді «Microsoft Excel»
бағдарламасында есептесе өте тиімді және уақыт үнемдеуге болатындығымен
ерекшеленеді. Диаграммаға қарап қай өңірге қандай қолдау қажет екендігін
анықтап, тиісті шараларды қолдануға болады.
Кәсіпкерліктің сыртқы жағдайларына қазіргі кәсіпкерліктің қалыптасуы мен
тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық
және саяси жүйені қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу жатады.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығындағы қол жет-
кізілген жетістіктердің барлығы ғылыми-техникалық дамуы арқасында екендігі
анық. Олай дейтін себебіміз, барлық дамыған елдер өндіріс көлемін шектеп,
барша сапалы өнім өндіруге негізделсе, Моңғолияда әлі де болса экстенсивті
өнім өндіру жолдары қолданылады. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті
дамытып, оны ауыл шаруашылығына көптеп енгізу қажет. Ауыл шаруашылы-
ғында ғылыми-техникалық прогресті дамыту келесі бағыттарда жұмыс жасайды:
шаруашылық механизмін дамыту, ауыл шаруашылық өндірісін техникалық
тұрғыдан дамыту, өсімдіктер мен мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылату,
ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту болып табылады (1-кесте).
1-кесте – Ауыл шаруашылығы өндірісін ҒТП негізінде дамытудың негізгі бағыттары
Мал шаруашылығы
Егін шаруашылығы
– асылдандыру жұмыстарын жетілдіру;
– мал шаруашылығындағы еңбекті механиза-
циялауды дамыту;
– мал азығын тиімді дайындау мен пайдалану;
– ветеринарлық қызметті жетілдіру;
– мал өнімін жақсарту жолдарын жетілдіру;
– мал шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы
байланысты дамыту;
– минералды және органикалық тыңайт-
қыштарды пайдалануды жетілдіру;
– тұқым сапасын жақсарту;
– ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімді-
лігін жоғарылату;
– ауыл шаруашылық жерлерін агротехника-
лық өңдеуді жетілдіру;
– топырақ құрамын су эрозиясынан қорғау
шараларын дамыту
Ескерту – Автормен құрастырылды
Ал Баян-Өлгий аймағының ауыл шаруашылығының дамуы ешқандай инвес-
тиция болмайынша дамуы қиын, сондықтан инвесторлар қажет. Мұнда шетел
инвестициясы мен шетелдік несиелер өте қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы
кәсіпкерлерінің инвестициялық белсенділігін ынталандыру керек.
Баян-Өлгий аймағындағы аграрлық саладағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері
жеке шаруашылықтардың жаңа түрлері арқылы мал шаруашылығында, атап
айтсақ, мал соятын, консерв шығаратын, тері илеп, тон, былғарыдан тігетін
киімдерді, киіз етік (пима) және мәсі, үй бұйымдарын шығаратын, сырмақ,
текемет, қазақтың түскиіз, төсек аяқ, кілем, палас шығаратын, жүннен тоқыма
киімдер, түбіттен қымбат киімдер тоқитын, сүт өнімдерін өңдейтін цехтар егін
шаруашылығында астық, май шығаратын, шөп дайындайтын, неше түрлі қиыр-
шық құрама, жарма жем түрлері мен шырғанақ майын шығаратын, егін егу, мал
ЭКОНОМИКА И ПРАВО
72
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
өсіру, құдық түрлерін көбейту, айдалатын жерлерді молайту, жайылымдық жер-
де өз иелігіндегі малын семіртіп, экспортқа шығару жұмыстарымен айна-
лысады.
Ауыл шаруашылығында 55 агробизнес субъектілері орта кәсіпкерлікпен
шұғылданады. Өндірілген өнімнің жалпы мөлшері 158,9 млн тугригті құраса,
яғни теңгемен есептесек 1557220000 теңге, оның 45,1 пайызын орта кәсіпкерлік
субъектілері иеленеді. Бірақ мал шаруашылығымен шұғылдануға негізінен мал
өнімдерінің өзіндік құнының жоғары болуы, оны баптап, бағып күту қиындығы
және қолайсыз ауа-райының жағдайында өнімді өткізуге қажетті орындардың
аздығы кедергі келтіріп отырған жағдайлар баршылық. Кәсіпкерлік жұмыстың
тиімділігі мен тиімсіздігін 3-4 жылда толымды етіп айту қиын, бірақ бизнеспен
айналыса бастаған тұлғалардың ұлғаюы, олардың ұйымдаса отырып, өнім
өндіруші, оны өңдеу және дайындау, тауар ретінде халыққа ұсыну, одан түсіп
жатқан пайда оның басты дәлелі.
Ауыл шаруашылығы өндірісін материалдық-техникалық жағынан қамтама-
сыз ету мәселелерінің өткірлігі шегіне жетті деуге болады. Мысалы, өндіруші-
лер қажет құралдарды сатып ала алмайтындықтан, түрлі машиналардың
жетіспеуі салдарынан агротехникалық операциялар мезгілінде орындалмайды,
қолмен атқарылатын жұмыс көлемі көбейді және түсім көп ысырап болды. Ал
ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы тым баяу қарқынмен дамуда. Деген-
мен ауыл шаруашылығы саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері-
нің өсуі нәтижесінде аймақта жұмыспен қамтылғандардың саны да өсіп отыр.
Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпалын тигізіп
отыр.
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық
механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік
реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың
талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады.
Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге
мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға,
реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пай-
да болады. Мұндай шаралар нарықтық қатынастың артықшылықтарымен қатар
кемшіліктерді де жоюға бағытталған ұсыныстар болып отыр.
Ж. Хурмет, Қ.Т. Қонбаева
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ӘОЖ 821.512.122
Б.А. Ердембеков
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.
АБАЙДЫҢ АНАСЫ
Мақалада Абайдың әдеби ортасы, Абай тәрбие алған ел аналары жайында сөз қозғалады.
В статье рассматривается литературное окружение Абая, а также женщины внесшие
вклад в воспитание Абая.
The articles the provides literary environment of Abay, as well as woman made a contribution to his
education.
Мен алдымен «Абай кz» порталына рахмет айтар едім. Біз сияқты шалғайда
жатқандардың жазған-сызғандары «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» сияқты мәрте-
белі басылымдарға ұдайы жете бермейді. Осы бір дүние әдебиетші қауымға
керек-ау деген мәселеде, Зарқын сияқты пікірлес ағаларымызға үн қосуда «Абай
кz» порталының маңызы артып отыр. Жіберген мақалаларымызды сайтқа енгізіп
отырған Айдос Сырым сияқты қазақтың көзі ашық жігіттеріне мың алғыс!
Зарқын Тайшыбайдың «Абайдың нағашылары мен қайын жұрты туралы»
деген мақаласына ой қосу барысында осы бір дүниені ұсынып отырмын.
Абайдың әдеби ортасы деген тақырыптың әліппесі, әрине ақынның өскен
ортасы, тәрбие алған ошағынан бастау алатыны заңдылық. Бұл арада Ұлжан
ананың есімін бөліп айту орынды. Өйткені Ұлжан – Абайды ақ сүт беріп өсірген
анаcы, ол аз, Ұлжан – Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан. Демек,
Ұлжан туралы, оның Абайға, Абайдың ақындығына қатысы жайындағы сөзді
әріден, Абайдың нағашы жұртынан бастаған жөн. «Алып анадан» деген қанатты
сөздің ақиқаттығына Ұлжан ананың көп төменетектінің бір емес, данышпан
Абайдың анасы деген атқа толық лайық ақылды да, сөзге шешен жан екендігін
кеңірек әңгіме етуіміз керек сияқты. Орайы келгенде айта кетуді тілеп тұрған
пікір кезінде, 1986 жылы Қазақ ССР Энциклопедиясындағы мақалаларға
сын көзбен қараған абайтанушы-ғалым Қ. Мұхамедханұлы Ұлжан ана туралы
былай дейді: «Абайдың шешесі Ұлжан туралы: «Ол Арғын ішіндегі Қаракесек
руының шешендік, әзіл-әжуамен атағы шыққан Шаншар тобының (?!) қызы
74
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
екен», – делінген. Абайдың шешесі жайында толығырақ айту қажет еді. Ақынның
нағашы жұртынан алған үлгі-өнегесі де аз болмаған. Арғысы атақты Битен мен
Шитен, бергісі әйгілі шешен, әзілқой, тапқыр, мысқылшылдар – Қантай, Тонтай,
Жонтайлар. Ұлжанның әкесі Тұрпан – Тонтайдың інісі екенін анықтап жазған
дұрыс болар еді» [1, 138]. Ғалымның аз ғана түзету сөзінен Абайдың анасы
туралы бірсыпыра мағлұмат алып қаламыз.
Ұлжан Тұрпанқызының тарихи бейнесі «Абай жолы» эпопеясында шынайы,
әрі соншалықты тартымды сомдалған. Абайдың өмірбаянын жазған шақта
да Әуезов Ұлжан мен оның шыққан әулеті Бертіс биден бері қарай тоқтала
келіп: «Ұлжанның әкесімен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай орта жүзге
қалжыңымен тегіс аты жайылған, белгілі, мысқылшыл тапқыш, күлдіргілер
болған» [2, 112], – деп Шаншарлар руының бір-екі мінезін тілге тиек ететіні тағы
бар.
Бұл әулеттің тілінің өткірлігі сондай, «Шаншардың қулары келе жатыр» десе
жұрт дүркіреп қашатын болған.
Ұрылар тонап кетіп, келесі жазында ауыл аралап жүрген Тонтайдың керегеде
ілулі тұрған өз тымағын көріп: «Менен қашып көрген рақатың осы ма, күні-түні
шаң басып, керегеде ілулі тұрысың мынау», –
деп тымағын жерге атып ұрып,
қамшымен сабап үй иесін жерге кіргізгені туралы, ал өмірінің соңында «жазыла-
жазыла қожа-молдалардан ұят болды, енді өлмесем болмас» деп ащы сынмен
күлкісі тыйылмай дүниеден өткен жаны жайсаң, тілі мірдің оғындай тарихи
тұлғаның әр сөзі, әр қылығы ел есінде жатталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып
келеді.
Ұлжанның туысы Мауқай деген әнші, күлдіргі, сөзге шебер адамның
Абайдың жас кезінде ақынның жанында болған деген деректер бар. Мауқай
туралы Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романында ол Абайды жөргегі-
нен тәрбиелеуші бірден-бір тәрбиешісі ретінде суреттеледі [3]. Өмірі жайында
нақты деректер сақталмаған Шаншар тобының бір өкілі – Мауқайдың Абаймен
байланысы туралы сөз болашақта болмақ.
Ұлжан да қалжың сөзге ұшқыр болғанымен, салмақтылыққа бағып, көп әжуаға
бара бермеген. Бұл, біріншіден, өз бойындағы әйелге тән ұстамдылықпен
байланысты болса, екіншіден, Құнанбайдай ел басқарып отырған көсем, сөз
ұстап отырған шешенмен жарыса шығуды жөн деп таппаған ақылды қазақ әйе-
ліне тән қылықтан болса керек. Әйтсе де, іште жатқан өнер шіркін анда-санда
жарқ етіп шығып, ел есінде қалып қоятыны да бар. Ағалары сияқты Ұлжан ана-
мыз да өлер алдында Майбасар қайнысының: «Өлу деген қалай екен?», – деген
орынсыз сұрағына: «...ата сақалың аузыңа түскенше ақыл кірмеген сені көрдім,
мен өліп көрді дейсің бе?», – деген шымшыма жауабында парасаттылықтың,
биіктіктің белгісі жатыр. Дәл осы бір уытты қалжың айту Абайдың бойына да мол
сіңген. Әуезовтің: «Абайдың сөзіндегі салқын ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл
шеше жағынан деуге де бола ма дейміз» [2, 113], – деген болжамы ақиқаттан
алыс жатқан жоқ.
Абайдың өзі жасынан әзіл өлеңге үйір болып «Кім екен деп келіп ем түйе
қуған» деп басталатын немесе «Майбасарға» арналған бері қарай талай әзіл-
қалжың, арты ащы ирония, сарказмға баратын көптеген туындыларын келтіруге
болады…
Б.А. Ердембеков
75
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
Шаншарлар тілінен Құнанбай да қатты сақтанған. Төмендегі дерекке жүгінейік:
«Абай жас кезінде нағашыларына бармақ болған ойын әкесіне айтқанда,
Құнанбай баланың тілегін құп алып:
– Балам, баруыңа қарсылығым жоқ. Өзіңе айтарым, сөйлер сөз, айтар ойыңның
аңысын аңдағайсың», – деп ескерткен екен.
Бір күні нағашысы Тонтай екінті намазын обың-күбің оқып тез-тез бітіргені,
әрі діни қағиданы бұзып аяттарын шатастырып оқығаны Абайға өрескел көрінеді
де:
– Нағашы, намаздың шариғат белгілеген қағидасын бұзып, төте тартатын
жолы да болады екен-ау», – деп мысқылдап қойған сауалына нағашысы:
– Иә, балам, бұл сұрауың өте орынды. Әрі сенің бұл айтқаның Имам шафи-
ғының тар жолына жатады. Бірақ біз пір тұтатын Имам ағзамның жолы біреу-ақ:
яғни әлем қандай кең болса, оның шариғаты да сондай кең. Анау-мынау ұсақ-
түйек қателіктер кешіріле береді. Өйткені ол қағида «аттың жалы», «түйенің
қомы», «садақтың оғы» сияқты қатал, қатыгез емес, – деп көзін сығырайта,
көлгірси, күле жауап беріпті.
Абай қайтқан соң әкесіне: – Тонтайдың осынау ойланбастан айтқаны, әрбір
атаумен атаған өте кескінді, әм зәрлі сөзі өкпеме найзадай қадалды, – депті.
Құнанбай:
– Я, бұл жұмбақ сөзді қалай түсіндің? – деп ызғарланған екен. Абай:
– Шешімін әділдікпен тура айтсам, «Аттың жалы» дегені – Еңлік-Кебекті
атқа сүйретіп өлтірткен қатыгез Кеңгірбай бидің билігі. «Түйенің қомы» дегені –
Қодарды келінімен түйеге теңдеп өлтірткен билердің үкімі. «Садақтың оғы» деп
өкіне айтқаны – Қалқаман-Мамырды садақпен тартқан Көкенайдың қаталдығы
деп түсіндім. Бұл сөздер Тобықты еліне таңба боп басылғандай сезіндім,
бармағымды тістей-тістей аттандым, – депті.
Кей естеліктерінде дәл осы «Садақтың оғы», «Аттың жалы», «Түйенің қомы
не?» деген сұрауды Абайға Найман Ұлан-Бұланның асында Найманның бір
шалы қояды [4, 149]. Дәл осы сауал Абайға екі рет қойылуы да мүмкін немесе
ауызекі айтылып жеткен әңгіменің көп вариантты болуы әр айтушы өз руына,
өз атасына тартуынан туған ба деген ойға қалдырады. Жалпы Құнанбай, Абай
төңірегіндегі осындай ақынның жас шағындағы сөз қағысулары, суырыпсалма
өлең-сөзі бізге ауызша жеткен. Хатқа түспей ескі көз естеліктерден жиналған
мұраларда қиыс кетіп жататын, қайталанып келетін, Абайға бұл сөзді ананы
емес, мына ақын айтқан деген уәжі қиын дүниелер де кездесіп жатады.
Абайдың сөзден тосылуы осындай ел ішіндегі қолайсыз оқиғаларға қатысты,
әсіресе Тобықтының істеген зорлық-зомбылығына байланысты болып отырған.
Сондай сөз барымтасы Бекбосын бимен болған. Бекбосын Домбайұлы –
Қаракерей Семіз Найманның алғыр биі. Құнанбай, Абайлармен жақын таныс.
Барымта кезінде Найман Қазығұл жігіттерімен сойылдасуда Тобықтының бір
адамы өліп, құн даулауға Абай жүреді. «Құнанбайдың болыс баласы келе жатыр»
дегенді естіп, Қазығұлдар ат жіберіп Бекбосын биді алдырады.
Он шақты адаммен Қазығұл еліне келген Абайды қарсы алғандардың арасы-
нан Бекбосын суырылып шығып амандасып:
– Жақсы жігіт жоқ іздейді, жаман жігіт боқ іздейді. Бірді көп іздейді, көпті кім
іздейді? Жүрістерің суыт, қабақтарың қату ғой. Тобықтының сөзі Кеңгірбай еді, өзі
|