Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата12.02.2017
өлшемі4,03 Mb.
#3947
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
изменения в законе, – не только текст закона не может быть изменён, но даже 
выражения «ни йоты», «ни на йоту» получили значение: нисколько, ни на ма-
лость.
В заключение отметим, язык – это мир в восприятии человека. Мир в данном 
случае – это окружающая человека реальность. Одновременно в зеркале языка 
отражается и сам человек, его образ жизни, его поведение, взаимоотношения с 
другими людьми, система ценностей, культура – мир в человеке. Язык как зер-
кало отражает оба мира: вне человека, то есть тот, который окружает и внутри 
человека, то есть тот, который создан им самим.
Вместе с тем язык – это ещё и инструмент, формирующий личность. Все мы 
созданы языком и заложенной в нём культурой, доставшейся нам от многих по-
колений предков.
лИТЕРАТУРА И ПРИМЕчАНИЕ
1. Вильгельм фон Гумбольдт (1767-1835). Вера в определяющее воздействие языка на духов-
ное развитие человека лежало в основе философии языка В. Гумбольдта. «Один из величайших 
людей Германии» (В. Томсен), выдающийся представитель немецкого классического гуманизма, 
Гумбольдт был человеком универсальных знаний и разносторонней государственной деятельно-
сти: филолог-классик, основоположник общего языкознания, антрополог, юрист, философ и ди-
пломат, министр в правительстве Пруссии, академик Берлинской академии, основатель Берлин-
ского университета. Глубочайший мыслитель-теоретик, Гумбольдт был вместе с тем выдающимся 
полиглотом:  он  знал  санскрит,  древнегреческий,  латынь,  литовский,  французский,  английский, 
итальянский,  испанский,  баскский,  провансальский,  венгерский,  чешский,  древнеегипетский  и 
поздний египетский – коптский, китайский, японский. Гумбольдт пришел к мысли о том, что раз-
ные языки – это не просто разные оболочки общечеловеческого сознания, но различные видения 
мира. Он писал: «В каждом языке заложено самобытное миросозерцание».
2. Ахметжанова Ф.Р., Магауянова Н.Е. Аудармадағы мәдениеттанымдық аспект = Современ-
ные  научные  направления:  от  прикладных  исследований  до  инноваций:  сборник  докладов  II 
Международного форума молодых ученых (16-17 марта 2012 года). – ч. 5. – Усть-Каменогорск, 
2012. – 193-198. Ахметжанова Ф.Р. Культурная компетенция и перевод // Қазақстан: Тәуелсіздік 
пен инновацияларға 20 жыл. Республикалық ғыл.-тәж. конф. мат. = Казахстан: 20 лет Независи-
мости и инноваций: Мат-лы, Респуб. науч.-прак. конф. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 
баспасы, 2011. – 448 б.
3. Ахметжанова Ф.Р., Кудрявцева А.А. Слово о системе словарей казахского и русского языков 
/ Ф.Р. Ахметжанова, А.А. Кудрявцева. – Усть-Каменогорск, 1996.
4.  Кайдар  А.Т.  Бір  мың  әсерлі  де  бейнелі  оралым  (этнолингвистикалық  түсініктеме  берілген 
қазақша-орысша  фразеологиялық  сөздік)  =  Тысяча  метких  и  образных  выражений  (казахско-
русский фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями) / А.Т. Кайдар. – Астана: 
Білге, 2003. – 368 с. 
5. Ашукин Н.С., Ашукина М.Г. Крылатые слова. литературные цитаты. Образные выражения / 
Н.С. Ашукин, М.Г. Ашукина. – М.: Художественная литература, 1966. – 824 с.
Ф.Р. Ахметжанова

85
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
ӘОЖ 821.512.122.09
 
А.Т. Тебегенова
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.
КлАССИКАлЫҚ ЖАНРлАР ҚАлЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ-ӘДЕБИ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада ұлттық поэзияның дәстүрлі жанрлары көрсетілген. Қазақ поэзиясындағы арнау, 
рубаи, сонет, романс жанрлары жайлы талдаулар қарастырылады.
В статье затронуты проблемы традиции в поэзии, а также анализируются такие жанры 
казахской поэзии, как посвящение, рубаи, сонет, романс.
The article deals with the problems of traditions in boetry, and also such gentes of Kazakh poetry as 
devotions rubai, sonnet, romance are analyzed.
Әлем әдебиеті – жер бетіндегі барлық халықтардың ғасырлар бойы қалып-
тасқан  мұраларының  барлығын  қамтитын  рухани  құндылық  қазынасы. 
Халықтардың  сөз  өнер  шығармалары  адамзат  ұрпақтарына  ортақ  көркемдік-
эстетикалық  ойлау  дүниетанымының  көрсеткіші  болып  саналады.  Қазақ  және 
әлем  халықтары  поэзиясындағы  ортақ  лирикалық  және  эпикалық  жанрлар 
жүйесіндегі тектес поэтикалық сипаттары бар шығармалар ұлттық және жалпы 
адамзаттық  әдеби  үдеріс  үндестігі,  сабақтастығы  заңдылықтары  тұрғысында 
бағаланады.  Қазақ  поэзиясындағы  мүнәжат,  рубаи,  сонет,  романс,  элегия 
жанрларындағы  шығармалар  да  әлем  халықтарына  ортақ  көркемдік  ойлау 
дүниетанымы кеңістігі аясында танылады.
Қазақ  поэзиясындағы  әлем  әдебиетінің  классикалық  поэзиясында  жырлан-
ған  мүнәжат,  рубаи,  сонет,  романс,  элегия  жанрлары  атауларымен  көрініс 
тапқан  лирикалық  шығармаларды  арнайы  зерттеудің  өзектілігі  қазіргі  заманғы 
өркениеттер сұхбаты заңдылығына негізделеді. Аталған лирикалық өлеңдердің 
қазақ поэзиясындағы жырлану ерекшеліктерін саралай талдаулар, бағалаулар 
арқылы  қазақ  және  әлем  әдебиет  дамуындағы  өзара  сабақтастық,  үндестік 
жүйесі де танылады.
Әлемдік сөз өнерінің классикалық дәстүрлері мен қазақ поэзиясының ықпал-
дастығы  –  мәдени-тарихи  үдеріс  дамуындағы  қалыптасқан  заңдылық.  Әлем 
әдебиетіндегі  классикалық  жанрлар  қалыптасуының,  дамуының  тарихи-әдеби 
негіздері  жүйесінің  адамзат  ұрпақтарының  көркемдік-эстетикалық  дүниетаным 
кеңістігінің тағылымы айқындалады.
Әлем  әдебиеті  –  мәдени-философиялық  дүниетаным  кеңістігі  ауқымында 
бағаланатын  рухани  құндылық  туралы  ұғым.  Халық  тарихындағы  ұрпақтар 
жалғастығы  жүйесін  әдебиеттану,  фольклортану,  мәдениеттану,  философия, 
психология,  өнертану,  тарих,  педагогика,  эстетика  салаларына  қатысты 
құндылықтар құрайды. Рухани құндылықтар классикалық туындылар атауымен 
адамзат  тарихының  мыңжылдықтар  белестеріндегі  дамуының  жетістіктерін 
дәйектейтін  сипатымен  даралана  танылып  келеді.  Ежелгі  заманғы  адамзат 
ұрпақтарынан  бастап  қазіргі  кемел  көрсеткіштер  жүйесіне  дейінгі  аралықтағы 
жетістіктердің  бәрі  де  көрнек  өнерінің  (көркемөнердің)  (сәулет  –  архитектура, 

86
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
сымбат  –  скульптура,  кескін  –  живопись,  әуез  –  музыка,  асыл  сөз-әдебиет  – 
литература) арқылы сақталды, дамиды, енді болашаққа жалғасуда. Яғни жалпы 
мәдени-тарихи  үдеріс  арнасындағы  негізгі  желі  –  сөз  өнері  шығармаларының 
көркем  шындықпен  жинақтаушылық  қуатты  эстетикалық  ықпалдығы  анық 
байқалады.
Әлем  әдебиетіндегі  лирикалық  өлеңдер  [1,  133-135-бб.]  адамдар  жан  ділі 
әлеміндегі көңіл күй құбылыстарын табиғи қалпымен және көркем шындықпен 
жырлаудың  жарқын  үлгілері  болып  бағаланады.  Байырғы  сақ,  ғұн,  түркі  өрке-
ниеті  жазба  жәдігерліктерінде,  фольклор  мұраларында,  сонымен  бірге  ежелгі 
грек, латын, Египетте – Қос өзен (Тигр мен Ефрат) атырабында, Палестинада, 
Үндістанда, Қытайда, Жапонияда, Грецияда, Римде дамыған өркениет өркендері 
сөз өнері шығармаларының кейінгі ғасырларға негіз болған поэтикалық үлгілері 
жүйесін  қалыптастырды.  Планетаның  барлық  құрлықтарында  өркендеген, 
өрістеген  өркениеттер  (Шумер,  Аккад,  Вавилон,  Хараппа  т.б.)  поэзия,  проза, 
драматургия  жанрларының  байырғы  негіздерін  қалыптастырды,  олар  кейінгі 
және қазіргі әдеби үдеріс жүйесіндегі тарихи-мәдени сабақтастықты нығайтты. 
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Орта Азия мен Оңтүстік Сібір, Шығыс елдері 
мәдени-әдеби байланыстарындағы елеулі кезеңдердегі сақтар, ғұндар, кушан-
дар мәдениеттері сабақтастығын да танимыз. Қазақ поэзиясының мазмұны мен 
пішіні жүйесіне тарихи-әдеби поэтикалық әсерін тигізген өркениеттер жүйесінде 
түркі және ислам өркениеті ықпалдастығы да басты назарға алынады.
Қазақ  поэзиясындағы  мүнәжат,  рубаи,  сонет,  романс,  элегия  жанрларын-
дағы  лирикалық-психологиялық,  дидактикалық-философиялық  дүниетаным 
тереңдіктерімен  жырлау  дәстүрінің  қалыптасуы  мен  дамуын  әлем  өркениет- 
тері  ықпалдасуы,  үндестігі  тұрғысынан  бағалаудың  маңыздылығы  анық.  Азия, 
Африка,  Еуропа,  Америка,  Австралия  құрлықтары  әдеби-мәдени  ықпал-
дастықтары  жүйесінің  мәңгілік  сабақтастығы  адамзатқа  ортақ  көркемдік  ойлау 
бірлігін танытумен келді.
Классикалық  жанрлар  қалыптасуының  тарихи-әдеби  негіздері  –  ұлттық 
және жалпыадамзаттық сөз өнері дамуындағы өзара өзектес, сабақтас жүйесі. 
Сондықтан  Шығыстың  және  Батыстың  сөз  өнері  үлгілерінің  дамуы,  қалып-
тасуы жолын саралай келгенде, тақырып нысанындағы ХІХ-ХХ ғасырлар және 
ХХІ  ғасыр  басындағы  әдеби  үдеріс  жолы  қазақ  поэзиясындағы  классикалық 
жанрлар  жырлануының  тарихи-әдеби  ұштасуын  байқатады.  Әлем  халықтары-
ның поэзиясындағы лирикалық жанрлар (мүнәжат, рубаи, ғазал, сонет, романс, 
элегия)  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  көркемдік  дәстүр  жалғастығын  таны- 
тады.  Ақындар  шығармашылығындағы  дүниетаным  бірлігінің  көрсеткіші 
психологиялық-философиялық  сипат  дүниежүзі  халықтарына  ортақ  көркемдік-
эстетикалық ойлау ұлағатын аңғартады. Қазақ поэзиясының ХІХ-ХХ ғасырлар-
дағы  және  ХХІ  ғасыр  басындағы  ақындар  шығармашылығынан  орын  алған 
классикалық  лирикалық  өлеңдер  (мүнәжат,  рубаи,  сонет,  романс,  элегия)  – 
Шығыс және Батыс әдебиеттеріне ортақ жалпыадамзаттық көзқарас бірлігін де 
айқындай түседі.
Қазақ  поэзиясындағы  бұрынғы  түркілік  негіздегі  ұлттық  дәстүрі  үлгілердің 
поэтикалық жаңғыруы, жаңаруы жүйесінде араб әдебиеті поэтикасының ислам 
діні  таралуымен  бірге  жеткен  үлгілері  болды.  Қазақ  поэзиясының  фольклоры 
мен әдебиеті үлгілерінде негізі қаланған арнау, мадақ өлеңдер мен Шығыстың, 
А.Т. Тебегенова

87
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
оның  ішінде  арабтың  классикалық  поэзиясындағы  қасида,  мадх  өлеңдердің 
үндестігі арнасында орта ғасырлардан бері әлемдік сөз өнерінде үздіксіз орын 
алып келе жатқан мүнәжат (мінажат) жырларын назарға аламыз.
Ақындардың мүнәжат өлеңдері Жаратушы Алланың құдіретіне бас ию сары-
нында  жырланған.  Бүкіл  ғарыштық-ғаламдық  кеңістікті  Жаратқан  Алланың 
құдіретіне бас ие, мойындап жырлаған ақындардың өлеңдері бұл жанрдың ха-
лық дүниетанымымен біте қайнаған тұтасқан табиғатын айқындайды.
Қожа  Ахмет  Иасауидің  «17-хикметі»  және  «Барлық  арман-тілектерді  қабыл 
алушы Алла Тағаланың мейіріне мінәжат» атты бәйіттік өлшеммен жырланған 
мүнәжат  өлеңі  қазақ  поэзиясындағы  алғашқы  классикалық  үлгілер  қатарында 
бағаланады. Бұл мүнәжат өлеңдер – Алланың құдіретін ұлықтауды, Мұхаммед 
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) елшілігін мадақтауды ұстаным еткен шығармалар.
Ақындардың  мүнәжаттық  тілектері  мен  мадақ  мағыналы  ойларының  да 
сабақтаса, өріле жырланатын үлгілері болады. Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» 
дидактикалық шығармасындағы «Кіріспе» және «Жалғыз Алла жайында», «Өлім 
мен  өмір  жайында»  атты  бөліктері  лирикалық  мүнәжат-мадақ  тұтастығымен 
жырланған. 
Аталған  мүнәжат-мадақ  өлеңдерде  Ұлы  Жаратушы  Алланың  құдіретті 
қызметі,  ғарыштық-ғаламдық  кеңістіктегі  жаратылыс  жүйесіндегі  заттардың, 
құбылыстардың,  қасиеттердің  қимыл-қозғалыстарын  реттеушілігі,  бағасын 
берушілігі лирикалық тебіреністермен төгіле жырланған.
Алтын Орда (ХІІ-ХІІІ ғғ.) дәуірлері ақын-жыраулары мұраларында да ислам 
діні  рухындағы  толғау  тармақтары,  бөліктері  мүнәжаттық  жырлар  сарыны 
жүйесімен  байқалады.  Ақын-жыраулардың  (Доспамбеттің,  Шалкиіздің,  Ақтам-
бердінің, Бұхардың т.б.) уақыт пен кеңістіктегі қазақтың мемлекеттілігін, ділдің, 
тілдің  сақталуын  ойлаған  азаматтық-отаншылдық  ойларының  арнасында 
ислам дінін көңілге медеу, бағдар, тірек еткен көзқарастары айқын көрінеді. 
ХІХ ғасыр – қазақ поэзиясының бұрынғы-соңғы әдеби дәстүрлер жалғастығы 
жүйесіндегі  жанрлар  үлгілерінің  жинақтала  танылған  кезеңі.  Сөз  арқауында 
айтылып  келе  жатқан  әлем  өркениеттері  ұласуындағы  тарихи-поэтикалық 
ықпалдасулар  арналары  кеңейе  келе,  ұлттық  сөз  өнеріндегі  лирикалық  және 
эпикалық  жанрлардың  әрі  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  ортақтық  сипаты 
мол  үлгілері  жаңа  реалистік  сипатпен  дамыды.  Романтизм  мен  реализм 
көркемдік  әдістері  сарындарымен  жырланған  Дулат  Бабатайұлының,  Махам- 
бет  Өтемісұлының,  Шернияз  Жарылғасынұлының,  Шортанбай  Қанайұлының, 
Сүйінбай 
Аронұлының, 
Майлықожа 
Сұлтанқожаұлының, 
Меделіқожа 
Жүсіпқожаұлының,  Базар  Оңдасұлының,  Мұрат  Мөңкеұлының,  Әбубәкір 
Боранқұлұлының,  Біржан  Қожағұлұлының,  Ақан  Қорамсаұлының,  Сара 
Тастанбекқызының,  Әсет  Найманбайұлының,  Ыбырай  (Ибраһим)  Алтын-
сариннің,  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлының,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының, 
Ақылбай  Абайұлының,  Мағауия  Абайұлының,  Шәңгерей  Бөкеевтің  және 
т.б.  ақындардың  романтизм  мен  реализм  көркемдік  әдістері  тұтастығымен 
жырланған  шығармалары классикалық жанрлар  жүйесінің  тың сарынды,  жаңа 
мәнерлі үлгілерімен көрінді. 
Ағартушы  ақын  Ыбырай  Алтынсариннің  Жаратушының  құдіретіне  балалар- 
дың  да  ықыласпен  бас  ие  оқуы,  еңбек  етуі  туралы  жырлауы  («Бір  Құдайға 
сиынып»)  бұл  кезеңдегі  қазақ  әдебиетіндегі  халықтық  дүниетаным  ұлылығын 

88
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
даралай  түсті.  Ағартушы  ақынның  Ұлы  Жаратушы  Алланың  бүкіл  тіршілік 
қозғалысын  жүйелеуші,  реттеуші  қызметін  айқындай  бейнелейтін  мүнәжат 
сарынындағы өлеңдері («Жаз», «Өзен») де жыл мезгілінің өзгерістерін, табиғат 
келбетін өрнектеуші ұлылық құдіретін ұлықтайды.
Майлықожаның  («Құдіретін  көрсең  құданың»),  Мәделіқожаның  («Өзім  де 
әді лет  үшін  қызмет  еттім»),  Шортанбайдың  («Келтірдім  сонда  тұрып  сұбықан 
Алла»,  «Қалықтаған  сұңқар  ем»),  хакім  Абайдың  («Патша  Құдай  сиындым», 
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Әуелі аят, хадис – сөздің басы») т.б. мүнә-
жаттық сарынды өлеңдері психологиялық-лирикалық тұтастықпен жырланған.
ХІХ-ХХ ғғ. ақындар шығармаларында орын алған мүнәжат өлеңдер ХХ ғ. 90-
жылдары мен ХХІ ғ. басындағы әдеби үдеріске де жалғасты. Көрнекті ақындар 
Мыңбай  Рәштің  «Адалдық  тағылымы»,  Өтеген  Күмісбаевтың  «Мұхаммед 
Пайғамбар  (с.ғ.с.)»,  Ақылбек  Шаяхметтің  «Өсиет»,  «Бір  қызық»,  Дәулетбек 
Байтұрсынұлының  «Нұрға  ғашық  жүрегім»,  Төреғали  Тәшеновтің  «Шеберді 
шебер дегенше, Алланы шебер десейші», Құл-Керім қажы Елеместің «Аллаһ», 
«Шындық»,  Серікжан  Қажидың  «Рух  –  Алланың  сыйы»,  Саят  Қамшыгердің 
«Бақыт» және т.б. ондаған танымал және кейінгі жас буын ақындардың мүнәжат 
өлеңдері  бұл  жанрдағы  шығармалардың  мәңгілік  жалғасатын  тарихи-поэтика-
лық негізділігін дәлелдейді.
Классикалық  әдебиет  алыптары  Әбілхасан  Рудакидің,  Омар  һәйямның, 
Шәмсәддин  Хафиздің,  сонымен  бірге  ІХ-Х  ғғ.  ақындары  Хакамидің,  Бедилдің 
шығармашылық үрдісімен қазақ поэзиясында да бұрынғы ұлттық және шығыс-
тың үлгілері тоғыстыра жырлау дәстүрі қалыптаса дамыды.
Нақтылап  айтқанда,  рубаи  (төрттармақ)  жанрының  қазақ  поэзиясындағы 
бұрынғысы мен шығыстың үлгілерін тұтастыру орын алады. Әбілхасан Рудакидің, 
Омар һәйямның, Шәмсәддин Хафиздің, Әбдірахман Жәмидің рубаиларындағы 
(төрттармақтарындағы)  адамгершілік-имандылық  мінез-құлық  қасиеттерін 
ұлықтап жырлау қазақ поэзиясынан да үндестік орнын тапты.
Орта  ғасырлардағы  түркі  қазақ  ақындарының  (Қожа  Ахмет  Иассауи,  Ахмед 
Иүгінеки,  Жүсіп  Баласағұн  т.б.)  шығармаларында  рубаи  тектес  шумақтар 
орын  алды.  Ал  ХХ  ғасырдағы  қазақ  ақындары  Сәбит  Мұқановтың  («Өмір-
баяным», «Егделік», «Табиғат тақырыбына», «Көрікті көріністер» т.б.), Қуандық 
Шаңғытбаевтың,  Сағынғали  Сейітовтың,  Мұзафар  Әлімбаевтың,  Қадыр 
Мырзалиевтің,  Арғынбай  Бекбосыновтың  рубаилары  қазақ  поэзиясын  рубаи 
жанрындағы  тың  өрнекті  туындылармен  жаңғырта  дамытудың  көрсеткіштері 
болып бағаланады. 
Көрнекті қазақ ақындары Әбділда Тәжібаевтың («Қысқа шумақтар»), Сағын-
ғали  Сейітовтің  («Жеке  шумақтар»),  Қалижан  Бекхожиннің  («Тоқсан  толғам») 
төрттармақ-рубаи  үлгісіндегі  шығармалары  ұлттық  поэзиямыздағы  әлемдік 
өркениет  кеңістігіндегі  жетістіктермен  деңгейлес  тұғырымызды  аңғартады. 
Ақындардың аталған төрттармақ-рубаи өлеңдері классикалық әдебиет дәстүрі 
аясындағы  қазақ  поэзиясына  дидактикалық-философиялық,  гуманистік-
эстетикалық сипатын дәйектейді. 
лирикалық  жанрлардың  (сонет,  романс,  элегия)  поэтикалық-психологиялық 
ерекшеліктері  әлемдік  сөз  өнері  дамуы  үдерісіндегі  маңыздылығымен 
ерекшеленді.  Әдеби  тек  түрлері  (эпос,  лирика,  драма)  жанрларының  барлы-
ғында да ой мен сезім бірлігі үнемі тұтастық сипатымен көрінеді.
А.Т. Тебегенова

89
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
Қазақ  поэзиясындағы  лирикалық  өлеңдердің  ұлттық-этнографиялық  тарихи 
негіздері ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті замандарындағы жазба жәдігерліктерде 
негізі  қаланған.  Байырғы  түркі  өркениетінің  жазба  ескерткіштері  «Күлтегін», 
Тоныкөк» мәтіндеріндегі баяндаулар мен лирикалық толғаныстар, тебіреністер 
тұтастығы кейінгі лирикалық жанрлардың поэтикалық-психологиялық құрылым 
тұтастығына негіз болды.
Сөз  арқауындағы  мүнәжат,  рубаи,  сонет,  романс,  элегия  жанрларының 
поэтикалық-психологиялық тұтастықпен жырлануында тарихи сабақтастық пен 
көркемдік  үндестік  ұласуын  аңғарамыз.  Қазақ  поэзиясындағы  азиялық  және 
еуропалық  әдеби  даму  үдерісіндегі  туындылардың  үндес,  сабақтас  үлгілерін 
қарастырғанда  мынадай  басты  ерекшеліктер  саралана  байқалады:  біріншісі  – 
қазақ және шығыстық классикалық әдеби даму үдерісіндегі жанрлар тектестігінің 
табиғи  болмысы;  екіншісі  –  қазақ  және  еуропалық  классикалық  әдеби  даму 
үдерісіндегі табиғи даму жолының сабақтастығы. 
Аталған лирикалық жанрлардың құрылысындағы поэтикалық-психологиялық 
тұтастықта  даралана  байқалатын  «лирикалық  қаһарман»,  «лирикалық 
кейіпкер», «лирикалық образ» атаулары да әлем әдебиетіндегі ортақ көркемдік 
үрдістер тұтастығы жүйесінің көрсеткіштері болып саналады. Бұл – ұлттық және 
жалпыәлемдік  әдеби  үдеріс  сабақтастығы  жүйесіндегі  лирикалық  шығарма-
лар  поэтикасын  саралауда  жанр  табиғатындағы  образ,  кейіпкер,  қаһарман 
ұғымдарының теориялық тұжырымдалуында ескерілетін мәселелер. 
Қазақ  поэзиясындағы  мүнәжат,  сонет,  романс,  элегия  жанрларының  поэти-
калық ерекшеліктерін саралау, бағалау барысында әлем өркениетіндегі рухани 
құндылықтар үндестігін, тектестігін басты назарға аламыз.
Сонет жанрындағы өлеңдер поэтикасы – әлем әдебиеті дамуындағы өзекті 
салалардың бірі. Сонет – қазақ поэзиясының қалыптасу, даму жолына еуропа-
лық  әдебиеттен  келген  жанр  үлгілерінің  бірі.  Қазақ  әдебиеттануының  теория- 
лық зерттеулерінде (А. Байтұрсынов, Е. Исмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, 
С.  Негимов,  А.  Садықова)  қазақ  поэзиясындағы  сонет  жанрына  байланысты 
ғылыми байыптаулап, әрине тың ізденістермен жалғаса береді. 
Сонет жанрының қазақ сөз өнеріне таралуы, қалыптасуы көркем аудармалар 
арқылы  жүзеге  асты.  Италияның,  Испанияның,  Португалияның,  Англияның, 
Германияның,  Ресейдің  ХІІІ-ХІХ  ғғ.  классикалық  әдебиет  мұраларын  аударған 
көрнекті  қазақ  ақындарының  аудармалық  нұсқалары  қазақ  оқырмандарының 
көркемдік  таным  көзқарастарына  ықпал  етті.  Сонеттің  композициясындағы  екі 
үлгі (біріншісі сицилия мектебі – 4 жолдық 2 катрен және 4 жолды бір терцет, 
3  жолды  бір  терцент;  екіншісі  ағылшын  мектебі  –  4  жолды  үш  катрен  және  2 
жолды  терцет).  Сонет  жанрының  классикалық  үлгілерін  қалыптастырушылар 
Ф. Петрарка, У. Шекспир үрдісінің қазақ ақындары Қасым Аманжолов, Х. Ерға-
лиев, Е. Әукебаев, К. Салықов шығармашылығына орын алғаны – әдеби дамудың 
көрнекті желістері.
Махаббат  лирикасының  сонет  жанрымен  жырлануы  –  әлем  әдебиетіндегі 
мазмұн мен пішін поэтикасы қуаттылығының көрінісі.
Философиялық-дидактикалық  сарынды  сонеттердегі  автор  мен  адресаттық 
байланыстар жүйесінің жырлануы – өмір шындығы көркем шындықпен жырлау 
үлгісі.  Қазақ  және  басқа  да  халықтар  поэзиясындағы  сонеттердің  идеялық-
композиялық құрылымының ерекшелігі: біріншісі – өмір кезеңдерінің өткіншілігі 

90
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
шындығының  философиялық  заңдылығының  көркем  шындықпен  жырлануы; 
екіншісі  –  мәңгілік  махаббат  сезімінің  өрнектелуі;  үшіншісі  –  тіршілік  қозғалы-
сындағы жағымсыздықтарды сатиралық-сыншылдық сипатпен бейнелеу.
Азаматтық  сыншылдық  сарынды  сонеттер  –  әлем  әдебиетіндегі  қайраткер-
тәлімгер  ақындар  поэзиялық  жалпыадамзаттық  гуманизм  идеяларын  тарату, 
насихаттау  тағылымының  көрінісі.  Ақындардың  лирикалық  өлеңдердегі 
азаматтық-қайраткерлік  сипатымен  тұлғаланған  лирикалық  қаһарман  тұрғы-
сында жырлауы – поэзияның көркемдік-эстетикалық ұлағаты. 
Қазақ  поэзиясы  сонеттеріндегі  (Қ.  Аманжолов  «Сонет»  («Құрдас  туралы»)) 
көңіл күй психологиясы сарынындағы лирикадағы философиялық, адамзаттық-
сыншылдық,  махаббат  тақырыптарындағы  сан  алуан  мәселелерді  біріктіре 
жырлайтын кешенді мағыналы поэтикалық сипатымен байқалады. 
Ф. Петрарканың, У. Шекспирдің, Р. Тагордың, Дж. Байронның, А.С. Пушкин-
нің,  М.Ю.  лермонтовтың,  хакім  Абайдың,  Қ.  Аманжоловтың,  Х.  Ерғалиевтің, 
Е. Әукебаевтың, К. Салықовтың, көңіл күй психологиясы сарынындағы өлеңдері 
сонет жанрындағы тектес сарындар үндестігін танытады.
Ақындар Е. Әукебаевтың, К. Салықовтың азаматтық лирика тақырыбындағы 
ұлттық-отаншылдық  көзқарастардағы  сонеттері  («Ұлы  мұрат»,  «Отан»,  «Ана 
тілім»,  «Абай  әні»,  «Нұрсұлтан  Назарбаевқа»,  «Қарттарым-ай»,  «Қазағым  – 
халқым», «Алтай» т.б.) классикалық өлшем өріліммен (екі шумақты сегіз жолдан 
(4+4  =8  –  катрен)  және  төрттармақты  және  екі  тармақты  шумақтардағы  алты 
жолды (4+2=6 – терцет) жырланған.
Қ. Салықовтың азаматтық, ұлттық-отаншылдық сарынды сонеттерінде (қазақ 
даласы,  Отан  («Сенім»,  «Дала  қандай!»,  «Негіз  жұртым  деп  білем»),  жазғы 
жайлау  («Жайлау  түні»),  күй,  ән  шығармалары  («Күрт  әсері»,  Құрманғазыға», 
«Абай әні», «Күй»), құрдастар, құдағилар достығы («Құрдасыма», «Қос-құдағы»), 
ақын-жыраулар,  ғалымдар  («Ақын  Сараға»,  «Ақан  Серіге»,  «Сәкен  мен 
Мағжан», «Шоқанға», «Прометейге» т.б.), атамекендер («Жер қуаты», «Еділге», 
«Қарағандыға», «Сарымбет елестері», «Аққу қала – Астана», «Алатауға») – бәрі 
де ұлттық-отаншылдық, азаматтық лирика сарынымен жырланған.
Сонеттер  шоғыры  –  осы  жанрдағы  күрделенген  түр.  Сонеттер  шоғырында 
ақындар  қарама-қайшылықты  құбылыстардың,  қасиеттердің  бірлігі  мен 
қақтығыстары  қатарласқан  өмір  шындығын  көркем  шындықпен  жырлаған.  15 
сонеттен құралған шоғырдағы әр келесі сонеттің бірінші тармағы оның алдын- 
дағы сонеттің бірінші тармақтарынан құралады. Яғни бірінің бірінші тармақтары-
нан  құралған  соңғы  шумақ  –  ойдың  түйіні  (Е.  Әукебаевтың  «Өмір  туралы  ой-
лар», К. Салықовтың «Сырғалы сонеттер», «Сонеттен тізген сәукеле», «Туған 
жер», «Кеншілік пен ақындық», «Махаббат мұңы», «Сыңқылдақ», «Мезет сыры», 
«Сақиналы сонеттер», «Немерем ұйықтап жатқанда» т.б.).
Қазақ  поэзиясындағы  сонеттер  шоғыры  жанрындағы  өлеңдер  ұлттық  дәс-
түрлі  қара  өлеңдердегі  халық  эстетикасы  көзқарастарымен  үндес  сипатымен 
танылады.
Қазақ  поэзиясындағы  романс  жанрындағы  лирикалық  шығармалар  –  сөз 
бен  әуез  тұтастығына  негізделген  ән-өлеңдер.  Ән-өлең  сипатымен  қалыптаса 
дамыған бұл жанрдағы шығармалар Еуропа елдері (Испания, Англия, Франция 
т.б.)  поэзиясынан  ауысқан  ықпалдасу  тағылымын  байқатады.  Қаһармандық 
эпикалық  жыр  (Испания),  рыцарлық  поэма  (Англия),  ғашықтық  әні  (Франция) 
А.Т. Тебегенова

91
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет