Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата12.02.2017
өлшемі4,03 Mb.
#3947
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
түрлерінде таралған романстар сөз бен әуез тұтастығына негізделген сипатын 
сақтаған.
Қазақ  поэзиясындағы  романс  жанрының  қалыптасуында  хакім  Абайдың 
В.А. Крыловтан «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», А.С. Пушкиннен «Татьяна-
ның Онегинге жазған хаты», «Татьяна сөзі», Қ. Аманжоловтың Дж. Байронның 
нәзиралаған  «Романс»  өлеңдерінің  түпнұсқаларымен  телтумаларындағы 
поэтикалық ерекшеліктері аңғарытады.
Абайдың  ән-өлеңдері  –  ән-романстар  поэтикасымен  тектес  шығармалары: 
«Айттым  сәлем,  қаламқас»,  «Ата-анаға  көз  қуаныш»,  «Желсіз  түнде  жарық 
ай»,  «Көзімнің  қарасы»,  «Қараңғы  түнде  тау  қалғып»  (Гетеден),  «Қор  болды 
жаным»,  «Өлсем  орным  қара  жер  сыз  болмай  ма?»,  «Сегіз  аяқ»,  «Сұрғылт 
тұман  дым  бүркіп»  т.б.  Абайдың  әлем  әдебиетттері  классикалық  шығарма-
лары авторларының (В. Гете, Дж. Байрон, А.С. Пушкин, М.Ю. лермонтов т.б.). 
Негізгі идеяларын саралай отырып, өзіндік көркемдік шешіммен жырлауы да сол 
туындылардың жаңа нұсқалық болмысын да даралады.
Қ.  Аманжоловтың  «Романс»  (Байроннан)  өлеңіндегі  кейіпкерлер  (бірі  – 
лирикалық  қаһарман  –  автор;  екіншісі  –  лирикалық  қаһарманның  жан  әлемін 
баураған объективті кейіпкер тұлғасы) арқылы адамдар мен табиғат құбылыс-
тары,  пейзаждық  көріністер  тұтастығы  романтикалық  әуенмен  жырланған. 
Ақынның «Жылқышы жыры», «Түнгі сыр», «Жан сәулем» атты романстары да 
адам мен табиғат тұтастығын эстетикалық көзқарас аясында бейнелеген. 
Қазақ өнерінің ән-романстары «Кестелі орамал» (әуезі М. Төлебаевтікі, өлеңі 
А. лекеровтікі), «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (әуезі М. Төлебаевтікі, өлеңі 
Н.  Баймұхамедовтікі),  «Қайран  елім,  қазағым»  (әуезі  Е.  Рахмадиевтікі,  өлеңі 
Абайдікі),  «Жарқ  етпес  қара  көңілім  неғылса  да»  (әуезі  С.  Мұхамеджановтікі, 
өлеңі Абайдікі), «Не іздейсің көңілім, не іздейсің» (әуезі М. Маңғытаевтікі, өлеңі 
Абайдікі) – ұлттық рухани мәдениетіміздің әлемдік деңгейдегі құндылықтары.
Қазақ  поэзиясындағы  элегия  жанрындағы  шығармалардың  бастау  негізі  – 
фольклорымыздағы  мұң-шер  өлеңдер.  Еуропалық  әдебиетте  Грекияда  б.з.д. 
VІІ ғасырда пайда болып дами бастаған бұл жанрдың қалыптасуында эллинис - 
тік және Римдік поэзия (Тибул, Овидий) әсері мол болды.
Батыс Еуропа (А. ламартин, Э. Парни), орыс (К.А. Батюшков, А.С. Пушкин, 
А. Фет, А. Ахматова) поэзиясындағы классикалық элегиялық үлгілер – лирика- 
лық  шығармалардың  поэтикалық-психологиялық  тұтастықтағы  табиғатын 
даралай түсті.
Қазақ поэзиясында да фольклордағы мұң-шер өлеңдері мен байырғы әдеби 
жәдігерліктерде,  орта  ғасырлар,  Алтын  Орда,  Қазақ  хандығы,  ХІХ-ХХ  ғғ.  және 
ХХІ ғ. басына дейінгі кезеңдердегі элегиялық сарынды өлеңдер жалғастығының 
жүйесі байқалады.
Жыраулар поэзиясындағы элегиялық сарын – отбасын, ауылын, ағайынын, 
атамекенін,  жат-жерліктердің  иеленбеуін,  кәрілік  тауқыметін  ойлаған  алаң 
көңілдің  уайымын  білдіреді.  Доспамбет  жыраудың  («Айналайын  Ақ  Жайық,  ат 
салмай өтер күн қайда?»), Шал Құлекеұлының («Кәрілік – күлге аунаған қотыр 
бура»,  «Кәрілік»,  «Бәйгеден  келе  бермес  малдың  бәрі»),  Шәңгерей  Бөкеевтің 
(«Жалғаншы  жарық  дүние»),  Дулат  Бабатайұлының  («Дүние  –  жемтік,  мен 
–  төбет»,  «Ер  шөгіп,  есер  ер  жетті»,  «Атаны  бала  алдады»,  «Осындай  заман 
болды» т.б.), Махамбет Өтемісұлының («Жалған дүние», «Есіл ер», «Жабығу», 

92
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
«Мұнар  күн»,  «Мен  Нарыннан  кеткенмін»,  «Адыра  қалған  Нарынның»,  «Міне 
алмаған  алаға»,  «Күн  қайда?»,  «Жалғыздық»,  «Қызғыш  құс»,  «Істеген  ісім 
кетті  далаға»,  т.б.),  сонымен  бірге  ХХ  ғасыр  басындағы  ақындар  (Шәкәрім 
Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Бернияз Күлеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, 
Сәкен Сейфуллин т.б.) шығармашылығында да байқалады.
ХХ  ғасырдағы  көрнекті  ақындар  Қ.  Аманжоловтың  (Балалық  шақ  туралы», 
«Өтеді күндер» т.б.), Ә. Тәжібаевтың («Мұң туралы», «Көңіл күйі», «Арман» т.б.), 
З.  Шүкіровтің  («Элегия»  т.б.)  және  т.б.  ақындардың  (М.  Мақатаев,  Ж.  Нәжіме-
денов, Т. Айбергенов, Ф. Оңғарсынова, Т. Медетбеков т.б.) элегиялық өлеңдері 
жанрдың поэтикалық-психологиялық сипатын даралай танытады.
Элегия  –  адамның  ішкі  жан  дүниесіндегі  аласапыран  күйзелістерін,  тебі-
реністерін,  қуанышын,  күйінішін,  толығуын  т.б.  сан  түрлі  мұңды-шерлі  көңіл 
күй психологиясын шынайы сипатымен оқырман жан діліне ендіре жырлайтын 
психологиялық  лирика.  Элегиялық  өлеңдердің  кейіпкерлері  –  жан  әлемін 
құрсаулаған  мұңды-шерлі  сезімдер  арнасындағы  өзіндік  тұлғалары  даралана 
танылатын  тұлғалар.  Қазақ  поэзиясындағы  элегиялық  өлеңдер 
– 
ұлттық  және 
жалпыадамзаттық рухани құндылықтар тұтастығының көрсеткіші.
Қорыта  айтқанда,  қазақ  поэзиясындағы  мүнәжат,  рубаи-төрттармақ,  сонет, 
романс, элегия жанрлары шығармалары (ХІХ-ХХ ғғ. және ХХІ ғ. басы) әлемдік 
сөз  өнері  классикалық  дәстүрлері  мен  қазақ  поэзиясының  поэтикалық 
ықпалдастығы жолын танытады. Классикалық жанрлар қалыптасуының дамуы-
ның  тарихи-әдеби  негіздері  қазақ  поэзиясындағы  мүнәжат,  рубаи-төрттармақ, 
сонет,  романс,  элегия  жанрлары  өлеңдерінің  пайда  болуына,  дамуына  ықпал 
етті.
Қазақстанның Тәуелсіз дәуір әдебиеті ұлттық сөз өнеріндегі әлемдік классика-
лық  үлгілермен  үндес  тектес  төл  шығармаларымыздың  поэтикалық  психоло-
гиялық  табиғатын  тануға  кең  жол  ашып  отыр.  Жаңа  тарихымыздың  белесте- 
рінде  жүзеге  асырылып  жатқан  «Мәдени-мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы 
бойынша  жарық  көрген  әлем  және  қазақ  сөз  өнері  мұраларын  сабақтастыра 
жүргізуге  бағдарлайтын  зерттеулер  де  жаңа  ізденістердің  нәтижелеріне  қол 
жеткізеді.  Қазақ  әдебиетінің  бұрынғы-соңғы  әдеби  мұраларын  әлем  әдебиет-
терімен  сабақтастық-ықпалдастық  жағдайында  жаңаша  бағалау,  зерделеу 
арқылы өркениет кеңістігіндегі ұлттық және жалпы адамзаттық көркемдік ойлау 
бірлігі жолы нығаяды. 
Бұл  –  сөз  өнері  шығармаларының  адамзат  ұрпақтарына  ортақ  гуманистік 
адамгершілік-имандылық мұратының айқын бағдары.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырушылар З. Ахметов, Т. Шаңбаев. – Алматы: Ана 
тілі, 1996. – 240 б.
2. Ердембеков Б.А. Абайдың әдеби ортасы / Б.А. Ердембеков. – Алматы: Информ-Арна, 2008. 
– 440 б.
3.  Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  ежелгі  әдебиет  дәстүрі:  ұжымдық  монографиялық  еңбек.  – 
Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2009. – 376 б.
4. Қазіргі әдебиет және фольклор. – Алматы: Арда, 2009. – 480 б.
5. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар (60 жылдық мерейтойына 
арналған) / Б. Майтанов. – Алматы: Құс жолы, 2002. – 490 б.
А.Т. Тебегенова

93
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
ӘОЖ 81`1+811.512.122
К.К. Еңсебаева
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.
ТАРИХИ РОМАНДАҒЫ МӘТІНДІК ҚҰРЫлЫМЫНЫҢ
ӨЗГЕШЕ СИПАТЫ 
Мақалада тарихи романдардың мәтіндік құрылымының өзгеше сипаты сөз болады. Көркем 
мәтіннен нақты мысалдар келтіріледі. 
 
В статье рассматриваются интерпретация исторических романов. Приведены примеры 
из художественных текстов.
In the article examined interpretation of historical novels. Examples are made from artistic texts.
 
Көркем мәтін «автор-оқырман» коммуникациясы жағдайларында туындайды 
және  оны  бейнелейді:  онда  адресаттың  (қабылдаушының  мүмкін  болатын 
көзқарасы  ескеріледі,  оған  әртүрлі  әсер  ету  құралдары  қолданылады,  оның 
бейнесінің  үлгісі  жасалады.  Адресатқа  назар  аудару,  суреттелетіннің  оны 
«күтумен» және бағалаумен сәйкес келуі мәтінді қарастырудың коммуникативті 
аспектісін бөліп алуға мүмкіндік береді. Бірақ кез келген мәтін, түрлі айтылым 
сияқты  басқалармен  байланыстан  тыс,  бөлек,  жеке  өмір  сүрмейді.  Ол  көп 
жағдайда дайын (бар) әдеби шығармаға үн қосу ретінде, мәтіндердегі екеуара 
сөйлесулерге «айтылым жауап» ретінде пайда болады, ол «басқа біреудің» сө-
зін қосып алады және оны көптеген мағына бере отырып өзгертеді.
Көркем мәтінде кейбір үзінділер (дәйексөздер) еске түсіру сәтін пайда болуы-
на түрткі болады, оны бөліктерге бөліп, мәтіннің ұйымдастырылып құрылуында 
маңызды  рөл  атқарады.  Көркем  мәтін  мазмұны  оқырманнан  мағынасын 
ашуды талап етеді, өйткені шынайы көркем мәтін әрдайым көпмағыналы және 
имплицитті, ауыспалы мағыналы ақпараттың болуымен сипатталады. «Осыған 
байланысты интерпретация (түсіндіру, талдау) ұғымы толық белгілі мағынаға ие 
болады...
Интерпретация – бұл ойлаудың жұмысы, ол айқын мағынаны (мәнін) ашудан, 
тура мағына астарында жатқан мағыналардың деңгейін ашудан тұрады», – деп 
жазады П. Рикер. Сонымен, интерпретацияның жетістігі мәтіндегі қатынастар- 
дың түрлерін анықтаумен, оның белгілерін анықтаумен және оның элементте-
рінің байланысын орнатумен байланысты. Мәтін құрылымын талдау түсіндіруден 
бұрын  жүргізілуі  тиіс,  ал  кейін  мазмұнды  корытындылармен  толықтырылып, 
олармен сәйкестенуі қажет.
Көркем  шығарма  тек  оның  жалпы  мәтінаралық  мәдениет  кеңістігіндегі 
басқалармен өзара қатынаста және сәйкес болуына байланысты қажетті толық 
мәнге ие болады. Мұндағы мәтін «дәйексөздің әшекейі» (Ю. Кристева), «бөтен 
дыбыстарды» сақтайтын «жаңғырық бөлмесі» (Р. Барт) [1; 47] болған жолдардың 
үстіне қосымша жаңа жолдар қосылатын үзік түрінде болады. Көркем мәтінде 
әртүрлі шығармаларға өрлеп келе жатқан белгілер қосылып, араласады, басқа 

94
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
бастаушы, негізін салушы мәтіндердің элементтері бір-біріне сай келеді. 
Әр мәтін ескі дәйексөздерден тоқылған жаңа мата сияқты болып және осы 
мәнінде әр мәтін өзгеше болып табылады, басқа мәтіндер оның ішінде әртүрлі 
деңгейде, әртүрлі танылатын формада болады. Түрлі мәтіндік байланыстардың 
арқасында  мәтінмен  қатар  «мәдени  ес  (жады)  конденсаторы»  ретінде  және 
дәйексөздердің  өзгертілуінің,  сұхбат  диалог  пен  әдеби  дәстүрдің,  элементтер 
мәдениетінің тарихындағы алдыңғы белгілі жаңа әдіс-тәсілдердің өзгертілуінің 
нәтижесінде пайда болатын «жаңа мағыналар генераторы» (Ю. лотман) [2; 32] 
ретінде де болады. 
 Көркем шығарманың мәтіндік құрылымын түсіну жолдарының бірі – бұл осы 
шығармаға басқа мәтіндердің немесе басқа мәтіндерге сілтемелердің енгізілуі 
арқылы  көрініс  табатын  оның  мәтінаралық  байланыстары.  Көркем  мәтінде 
ертеректегі аңыздардан алынған дәйексөздер қолданылады. Осы ежелгі аңыз 
мәтіннен көрініс үзінділерді таңдап алудың өзі және оларды пайдалану тәртібі 
маңызды.  Сонымен  азғырып  арбау  және  күнә  сарындарына  өмірдің  барлық 
қиыншылықтарын  кешкен  және  мәңгілікке  өткен  шынайы  махаббаттың  толық 
бірлігі  қарама-қарсы  қойылады.  Келтірілген  дәйексөз  мәтінінің  таңдалуы 
кездейсоқ  емес.  Мысалы  тарихи  романдар  мәтініндегі  Ораз-Мұхамед  пен 
Айшешек бегімнің тамаша неке бейнесін көрсетеді және оның қамқоршылары, 
рухани дене тазалығының адалдығын сақтаушылары болып табылады, олардың 
намаз-дұғалары,  өкілділігі  «шайтанның  алдап-арбауының  лаулаған  садақ 
оқтарына тойтарыс беруге» көмектеседі. 
Тазалық  пен  бірқалыптылық  әйел  кейіпкерлердің  ізденіс,  рухани  батырлық 
(ерлік)  сарынымен  сәйкес  келеді,  алынған  үшінші  дәйексөз  –  бұл  бірінші 
дәйексөздің  қайталануы,  бірақ  бұл  шығарма  қаһарманының  берген  бағасы: 
«Әрине,  әдемі...»  Сонымен,  азғырып  арбау  және  еліктіру  тақырыбы  туынды 
кейіпкерлерінің  қарым-қатынастарына  ауысады:  кейіпкер  «шайтандықтан» 
бас  тартып,  «құдай  жолын»  таңдайды.  Оның  таңдауы  мәтіннің  бейнелілік 
құралдарының динамикасында көрініс табады.
Алдыңғы  мәтіндерді  (негізін  салушы  мәтіндері),  жаңа  мәтінді  де,  кіші 
мәтінді  де  біріктіретін  мәтінаралық  кеңістік  кең  көлемде  түсіндіріледі,  ол  тек 
әдеби  шығармалардың  өз  мәтіндерін  ғана  емес,  сондай-ақ  тұрақты  жанрлық 
формулаларды,  сюжеттік  сұлбаларды,  көркем  бейнелер  мен  бейнелілік 
формулаларды, ана немесе басқа мәдени шартты белгімен (кодпен) байланыс-
қан «басқа» біреудің айтқандарын да қосады.
Талданып отырған шығарма құрамындағы «басқа мәтіндерді», «басқа» дис-
курстарды  анықтау  және  олардың  қызметін  белгілеу  оны  қарастырудың  түрлі 
мәтіндік  аспектісін  құрайды.  Бір  мәтіннің  басқа  мәтіндермен  оның  мағыналық 
толықтығын және семантикалық көптілігін белгілейтін байланыстылығы (олардың 
кең танылып түсінуінде) түрлі мәтінділігі деп аталады.
 Көркем шығарма құрамындағы өзге мәтіндік элементтер әртүрлі. Оларға: бас-
қа  шығармаға  сілтейтін  атаулар;  мәтін  құрамындағы  дәйексөздер  (атрибуция-
мен  және  атрибуциясыз);  аллюзиялар;  реминисценциялар;  эпиграфтар; 
жаңа  шығармаға  енгізілген  басқа  мәтінді  мазмұндау;  басқа  мәтінді  қайталау; 
«нүктелі дәйексөздер» – басқа шығармалардағы әдеби кейіпкерлердің аттары; 
қарастырылып  отырған  шығарма  мен  алдындағы  мәтін  арасындағы  жанрлық 
К.К. Еңсебаева

95
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
байланысты бөліп алу («жалаңаштау») және т.б.
Көркем шығармаға деген өзгеше мәтіндік көзқарас әсіресе соңғы онжылдықта 
түрлі мәтіндік концепциясының (Р. Барт, Ю. Кристева және т.б.) [3; 25] дамуына 
байланысты  кең  тарала  бастады,  бірақ...  мұндай  көзқарас  сондай-ақ  халық 
санасымен қабылданатын тіршіліктің тылсым әлемі.
Бұл  шығармадағы  кейіпкерлердің  санасында  өзінше  түсініледі  және  мифо-
логиялық  бейнелермен  қатар  аллюзиялық  жақындасуларды  аша  отырып 
өзгереді. Нәтижесінде мәтінішілік байланыстар өзгеше бұрып сөйлеу сипатына 
ие  болады.  Эксплицитті  дәйексөздер  имплицитті  (жасырын)  дәйексөздермен 
және  басқа  шығармалар  туралы  оқырманның  есіне  анық  түсірмейтін  (жеке 
бейнелер, дауыс кідірісі және т.б. арқылы реминисценциялармен (reminiscentia 
– «еске түсіру» кейінгі лат. сөзінен) толықтырылады.
Сүйікті  баланың  әжесі  Әз-ханым  бейнесін  көрсетететін  дискурсқа  қарамас- 
тан,  сөзбен,  ауызша  жеткізуге  болмайтын  түйсінуімен,  жүрекпен  сезіну 
сарындарымен байланысты екенін атап өтейік. Оның өзі «тұңғиық, сөзсіз» адам, 
шығармадағы оның дискурсы «басқа адамның сөздерін үйлестіреді».
Әз-ханым бейнесімен байланысты өзгеше мәтінді кешен одан әрі өрістетіл- 
ген және күрделі сипатқа ие. Ол логоцентристі және өткен заманның мәдени - 
шартты  белгісінің  элементтерін  де  іске  қосады.  Нәтижесінде  мәтінде  «енді-
сол  кезде»,  «қазіргі-өткен»  қарама-қарсылықтары  пайда  болады.  Кейіпкер 
(қаһарман  әйел)  үшін  тарихи  романдар  мәтінінен  алынған  дәйексөздер 
қазіргісінен  бөлінбейтін  болса,  онда  Әз-ханымның  сөзін  ол  өткеннің  белгісі 
ретінде қабылдайды.
Сондай-ақ  Айсұлу  бейнесімен  байланысты  өзгеше  мәтінді  кешенге  «Ала-
сапыран» романына назар аударайық. Айсұлудың бесік тербей отыра бөпесін 
әлдилеген дауысы естілді. Менің бебем ақ сары, бебем шашы сап-сары, бебем 
мінген бесіктің бегімейді йапсары. Бегімесе бел түрсін, шекер мен бал келтір-
сін,  беліне  шашы  құйылсын,  бикелері  йылсын.  Ақ  теректің  астынан  қарт 
атасы  да  келсін,  қалампырдың  қасынан  қарт  әйесі  де  келсін,  беліне  қылыш 
байлаған бес ағасы да келсін... Кішкентай Айданақ әлі ұйықтамаса керек, бесік 
қаттырақ тербетілді. Әлди өлең де тездеді. Ей, Айданақ – айдан ақ, ақ білегі 
қардан ақ. Сәурет үйде салқыншақ, салқында ойнар құлыншақ. Құлыншағым 
ат болар, атасы маған йат болар... (564-б) сияқты поэтикалық мәтін шығарма- 
да  толық  келтіріледі.  Бұл  өлеңдер  шығарма  үшін  маңызды  болып  табылатын 
өзгеше  мәтіндік  байланыстар  тудырады.  Айсұлу  әлдиіндегі  өлеңдері  мәтінді 
оқырманға  белгілі  поэтикалық  шығармалардың  көпшілігімен  және  кеңірек 
тұтас  көркем  жүйелердің  типологиялық  ерекшеліктерімен  байланыстырады, 
бұл  жағдайда  өзгеше  мәтіндік  байланыстар  мәдени-тарихи,  аллюзиялық 
реминисценциялар сипатына ие болады.
Шығарма мәтініне енгізілген Айсұлу әлдиі олардың бәріне жалпы ортақ, бірақ 
әртүрлі көрініс табатын өлім (ажал) сарыны Құлыншағым ат болар, атасы маған 
йат болар... деген шумақ біріктіреді.
Айсұлу  аузындағы  өлеңнің  негізгі  сарынын  ашып  көрсететін  «өлім» 
семантикалық өрісінің сөздері шоғырланады. Бұл жағдайда туынды мәтіні мен 
алғашқы мәтіннің байланысы ассоциативті байланыстар негізінде, бір жағынан, 
метафораның, екінші жағынан, әсірелеудің (гиперболаның) дамуы ретінде іске 

96
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
асады. 
Арада  он  шақты  күн  өткенде  қаңлының  аңшы  жігіті  опат  тапқаны  мағлұм 
болды... Мысалы: Тағы екі күннен соң Айсұлу да бақиға аттанды. Бұл жолы 
Шабай  шын  сасқан.  Бозарып  емес,  көгеріп  кетіп  еді.  Ораз-Мұхамед  кімді 
кінәларын  білмеді.  Дәл  осы  жолы  жазығы  жоқ  шорта  бегін  бе.  Жауға  кеуде 
бастырмай, жақыннан сағы сынған өзін бе. Тосын қазасымен бар күнәсін жуып 
кеткен Айсұлу-бикемді ме.
Сонымен,  қаңлының  аңшы  жігіті  және  Айсұлу  бейнелерімен  байланысты 
өзгеше мәтіндік кешендер авторлық баяндауда көрінеді. Олардың қарсыласуы 
(оппозициясы)  «жарық-түнек»,  «жылы-суық»,  «өмір-өлім»,  «халықтық-әдеби», 
«сөзсіз қарым-қатынас – бөтен дұшпандық сөз» бірнеше белгілеріне негізделген. 
«Ораз-Мұхамедтің  Айсұлуға  деген  іс-қимылдары  ауызша  айтылады  (вербаль- 
ды),  олар  сұрастырулардан  тұрады,  осы  сұрастырулар  еске  алулармен, 
күрсінулермен  бөлініп  отырады.  Сөйтіп,  тарихи  романдардың  мәтіндік  құры-
лымының өзгеше сипаты болатындығына аз-кем тоқталғанды жөн көрдік. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. лингвостилистические проблемы текста. – М., МҒПИ, 1980. – 191 с.
2. литературный текст: проблемы и методы исследования: сб. науч. тр. Калинин. – КГУ, 1987. 
– 164 с.
3. Прагматика и структура текста. – М., МҒПИ, 1983. – 233 с.
ӘОЖ 821.512.122.09
А.М. Картаева
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.
ШЫҒЫСТЫҢ ДАРА ТУМАСЫ ШЕРИАЗДАН ЕлЕУКЕНОВТІҢ 
ШЫҒАРМАГЕРлІГІ 
Мақала филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі әдебиетші ғалым, сыншы, 
Қазақстанның  еңбегі  сіңген  мәдениет  қайраткері,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты,  Шығыс  Қазақстанның  тумасы  Шериаздан  Рүстемұлы  Елеукеновтің 
өмірі мен шығармашылығына арналады. 
Статья посвящается доктору филологических наук, профессору, известному литератору 
ученому, деятелю заслуженной культуры Казахстана, лауреату государственной премий Ре-
спублики Казахстан, роженцу Восточного Казахстана Шериаздана Рустемовича Елеукенова.
Article  is  dedicated  to  the  doctor  of  philological  sciences,  professor,  distinguished  litterateur  and 
scientist, Honoured Cultural worker of Kazakhstan, the winner of the State Prize of Kazakhstan, native 
of East Kazakhstan, Sheriyazdan Rustemovich Eleukenov.
Кенді  Алтай  төңірегі  өзінің  қазына  байлығымен,  әсем  табиғатымен,  сұлу 
көркімен ежелден талай ұрпақты тамсандырып, тал бесігінде тәрбиелеп келгені 
аян.  Бұл  өңірдің  әрбір  тауы  мен  тасы  өзені  мен  көлі  тереңге  тартқан  тарих 
А.М. Картаева

97
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
қойнауларынан  сыр  шертеді.  Биік  шың  құздары,  сыңсыған  орманы  мен  алып 
жазығы, кемерінен асып төгіліп жатқан Ертіс өзені сан ғасырлар адамзат ұрпа-
ғын  құшағына  алып  мәпелеп  келеді.  Осыншама  тамаша  өңірге  талант  сіңбеуі 
мүмкін емес. Топырағы толы дарын десе болғандай. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Шығыс Қазақстан облысы – республика-
ның алтын тәжі», – деп бекер айтпаса керек. Сырлы тарих пен шежіреге тұнған 
Шығыс  өңірі  кемеңгер  алыптарды  дүниеге  әкелді.  Ұлттық  мақтанышымыз, 
дана  ойшыл  ұлы  Абайға  арналған  ескерткіштің  Өскемен  қаласынан  ашылуы 
халқымыздың көптен күткен тілегі еді. Бұл ескерткіштің келешек ұрпақтың Абай 
есімін ардақтап, даналы сөздерін біліп өсуіне жастардың санасында мәңгі сақ-
тап, қадір тұтуы үшін зор тағылым берері сөзсіз.
Шығыста Абай өнер көгіне күн болып шықты. Өнердегі дәстүр өз жалғасын 
тапты.  Абайдың  өлмес  тұлғасын  сомдаған  Мұхтар  Әуезовтің  шығармашылық 
дәстүрін  жас  ұрпақ  жалғастырды.  Сәрсен  Аманжолов,  Зәки  Ахметов,  Кәкен 
Аханов сынды ғалымдар шоғыры шыққан құнарлы Ұлан жерінің тағы бір тумасы 
көрнекті  ғалым,  жазушы,  педагог,  журналист,  филология  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  Қазақстанның  еңбегі  сіңген  мәдениет  қайраткері,  Қазақ-
стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шериаздан Рүстемұлы 
Елеукеновтің  есімі  елімізге  кеңінен  танымал.  Ол  –  бүкіл  саналы  өмірін  елінің 
мәдениетін көркейтуге, ғылымын дамытуға, тарихы мен әдебиетін өркендетуге 
атсалысып келе жатқан азамат. 
Шериаздан Елеукенов 1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, 
Аршалы ауылында туған. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің фило-
логия  факультетін,  1966  жылы  СОКП  Орталық  Комитеті  жанындағы  Қоғамдық 
ғылымдар академиясының Әдебиет теориясы кафедрасының аспирантурасын 
бітірген. 1951-59 жылдары облыстық «Коммунизм туы» газетінде істеді, 1959-63 
жылдары  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  қазақ  журналистикасынан,  қазақ 
әдебиеті  тарихынан  сабақ  береді.  1967-1971  жылдары  Қазақстан  КП  Орталық 
Комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары 
1971-1986 жылдары Қазақ КСР баспа, полиграфия және кітап саудасы мемле-
кеттік  комитетінің  төрағасы,  1986-2007  жылдан  бері  М.О.  Әуезов  атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институтының  директоры,  бөлім  меңгерушісі  қызметтерін 
атқарады. 
Ғалым-жазушы  ғылымға,  әдебиетке,  сынға,  жазушылыққа,  журналистикаға, 
баспа ісіне, педагогикаға, қоғамдық істерге белсене араласқан. Ол қаламгерлік, 
шығармагерлік қызметін ұланғайыр қоғамдық жұмыстармен ұштастырған. Осы-
нау жан-жақты дарын иесінің өнегелі өмір жолына көз жіберсек, үнемі тер төге 
еңбек ету мен тынымсыз іс атқарудың көш басында жүргенін байқауға болады.
Сонау  1951-1959  жылдар  аралығында  Шығыс  Қазақстан  облыстық  «Алтай 
большевигі»,  «Коммунизм  туы»  газетінде  журналистік  қызметтен  басталған 
қаламгерлік  жолы  кейіннен  1959  жылы  Қазақ  Мемлекеттік  университетінің 
журналистика  факультетінде  аға  оқытушылықпен  ұштастырылады.  Педагогтік 
қызметпен  қоса  іргелі  басылымдарға  үнемі  үн  қосып  тұрды.  «Социалистік 
Қазақстан»,  «Қазақ  әдебиеті»  газеттері  мен  «Жұлдыз»  журналында  публи-
цистикалық  мақалалары,  очерк,  фельетон,  әңгімелері,  сын  мақалалары 
жарияланды. 1963 жылдан бастап ғылыми жұмыспен шұғылдана бастайды, 1968 

98

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет