Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Менеджмент теориясының негізгі түсініктері



бет4/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
3. Лекция тақырыбы: Менеджмент теориясының негізгі түсініктері.
Лекция жоспары:
1. Әлеуметтік басқару теориясының негізгі түсініктері мен құрылымы. Өзін-өзі басқару жүйелері туралы түсінік. Басқарудың қызметтері, қағидаттары және әдістері. Басқарушылық цикл және оның сатылары. Басқарушылық цикл сатыларын басқарудың негізгі қызметтері мен өзарабайланысы. Басқарушылық ықпал етудің мәні.
2. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың сипаттамасы әлеуметтік басқарудың жеке саласы ретінде. Дене шынықтыру мен спортты басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық институттардың арақатынасы.
3. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спортты басқарудың заманауи жүйесін құру. Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесінің негізгі бөлімдер; дене шынықтыру мен спорт жеке оқшауланған сала ретінде, басқарудың мемлекеттік және қоғамдық органдары. Дене шынықтыру мен спортты басқару аппаратының құрылу. Дене шынықтыру мен спортты басқару органдары қызметтерін құруда қызметтік және салалық бастамалар.
Лекция мазмұны:
1.Жоспар түрлері.
2 Стратегиялық менеджмент..
3. Спорттық жарыстар сценарийі
Жоспарлау- яғни, жасалынған жоспарларға сәйкес қызметкерлерді тиімді еңбек етуге, белсенділігін арттыруға жасалған жүйелер қызметі. Менеджмент объектісін мақсатты бағыттау үшін жасалған жағдайлар жасау қызметі;
Бақылау - яғни, менеджмент объектісін процестер ағымын бақылаудан тұратын, берілген бағдарламалардың бақылау параметрлерінің көлемін салыстыру, олардың бағдарламадан ауытқуын, орнын, уақытын, мақсатын, міндетін белгілейтін қызмет;
Координация - менеджмент процесінің үзіліссіз, тоқтаусыз қамтамасыз етілуі бойынша, ұйымның келісілген жетістіктері, бір-бірінің арасындағы рационалды көмектер белгілеу қызметі.
Менеджменттің негізгі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Басқару механизмін анықтайтын біртұтас процесс.
Дене тәрбиесі мен спорттағы менеджменттің нақты қызметі еңбекті басқару бөлімін динамикалық дамытудың қорытындысы болып табылады.
Дене тәрбиесі мәдениеті және спортты басқарудың нақты қызметі нақты анықталған объекті басқар мазмұны бойынш анықталады және ипатталады. Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт құрамын топтастыру мен ғылыми талдаудың қорытындысы бойынша мынадай құрамдарын анықтады:

  • Тұрғындар арасында дене шынықтыру –спорттық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Кәсіби спортты дамыту, спорт түрлерінен білікті мамандар дайындау;

  • Спорттық резерв дайындау;

  • Спорттық көрсетілімдер, спорттық сайыстар өткізу;

  • Спортты дамыту және дене шынықтыруда әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, бағдарламаны қамтамасыз ету;

  • Спорттық тауарлар өндірісін ұйымдастыру;

  • Халықаралық спорттық байланыстарды жүзеге асыру;

  • Нақты қызметтері мен басымдылықтарының құрамы дене тәрбиесі мен спорттық ұйымдардың өзіне тән ерекшеліктерінен анықталады.

2. Стратегиялық менеджмент сыртқы ортаның өзгеруін есепкеала отырып, дене тәрбиесі мен спорттық ұйымның ұзақ мерзімді мақсатын жүзеге асыру бойынша басқару қызметін анықтайды.
Стратегиялық менеджмент жоспарлау секілді негізгі қызмет атқаратынына қарамастан, нақты жоспарлау немесе белгілі бір іс-әрекет жасауда маңызды роль атқармайды. Ол нақты жағдайда дене шынықтыру спорттық ұйымның жұмысынан тұрады. Осыған орай стратегиялық менеджмент дене шынықтыру- спорттық ұйымның жұмысы болып есептеледі.
Концентратталған түрдегі стратегиялық менеджмент дене шынықтыру –спорттық ұйымды таңдау миссиясында көрінеді, яғни оның басты мақсаты- оның жұмысын жасауына көмектесу.
Әдетте, миссия мазмұны негізгі төмендегі элементтермен анықталады:
- өнімді сипаттау (қызметтер, жұмыстар, тауарлар);
- өндіруші ұйым;
- тұтынушы нарығының сипаттамысы;
- ұйымның нақты жұмыс істеу мақсаты;
- ұйым философиясы;
- ұйымның ішкі жұмыс істеу тұжырымдамалары (басымдылығы, кемшіліктері, бәсекеге қабілеттілігі);
- серіктестіктер ментұтынушы алдындағы әлеуметтік-экономикалық жауапкершілік ұйымның имиджі болып саналады.
Төмендегі ресурс түрлерін қамтитын дене шынықтыру- спорттық ұйымдар миссия таңдауда ұйымның потенциалымен тікелей байланысты:

  • Техникалық (құрылыстар, құрал-жабдықтар);

  • Технологиялық (спорттық тауарлардың қазіргі технологиямен өндірілуі, дене шынықтыру- спорттық қызметтер көрсету және т.б.);

  • Кадрлық (талапқа сай білімі бар мамандар мен қажет мөлшердегі персонал);

  • Ақпараттық (бәсекеге қабілетті жұмыс көлемінің толық мөлшерде ақпараттарды болуы, сонымен қатар жаңа ақпарат көздері арқылы алу мүмкіндігінің болуы);

  • Қаржылық (тұрақты қаржы көздерінің болуы);

  • Ұйымдастырушылық ( ұйымдастырылған құрылымның тепе-тең миссиясын ұйымдастыру, орындаушылық құқығы мен міндетін анықтау);

  • Уақытша (тапсырма мен жергілікті мақсатты жүзеге асырудағы нақты мерзім).

Ресурс түрлерінің атауы дене шынықтыру- спорттық ұйымның ішкі жағдайларына байланысты.
3. Сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайы дене шынықтыру- спорттық ұйымның тез, әрі нәтижелі бейімделуіне ұйымдастыру менеджменті әсер етеді.Осыған орай жоба немесе бағдарламаларды жаау мен оны жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтарды жою, шешу үшін арнайы ұжымдар құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет