Тобы: БӨж тақырыбы



бет4/13
Дата08.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#91041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1) Ештеңе білмеу жолы — өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
2) Эпикур жолы — өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия жолыөмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы — өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағыны на еріп өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте- удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тастары анық.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше- шеді: «Менің ойымша, өмірдің мәні — сенім. Сенім адамға күш береді». Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет
нәрсенің бәрін бере салған, ал ада көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі — махаббатқа деген сенім: «Адам өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім — махаббат, оны адамдардың бәрі біледі». Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: «…адам жанының ең басты қасиеті — сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу үші сүю. Осындай махаббат — адам өмірінің мәні».
Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу, өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, не болмаса сөзбен кемектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине, әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялық табиғатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ өзінің ғана өмірінің жақсы болуына ұмтылған адамның өмірін зұлымдыққа толы мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол — махаббат. Толстой адам қоғамынын өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл адамның адамшылығын көрсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп есептейді.
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді,
көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың «жануарлық өмір» сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді, өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы «Тұрмыс сананы билейді» қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.
Л.Толстойдың өмірдің мәнін адамгершіліктен іздеуін өз замандаста-рының көбі бағалай білмеді, бірақ оның ізденістері сол кездегі қоғамдық ойға. кейінгі Батыс экзистенциализміне мықты әсер етті. Жазушымен
хат алысып тұрған қазақ ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жа-зушысының өмірмәндік толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте «Л.Толстойдың езі өмірдің мәнін тапты ма?» деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе философияда «мәңгілік», «шексіз» мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол адамды өмір бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп отырады, оның нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының бүкіл өмірі мәнді өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады. Толстой адамныі міндеті – жақынына деген сүйіспеншілік деп санады. Берілген мақсатты орындауда басты рольді дін алады, бірақ ресми христиан діні емес, ал Жердегі адам бақытын негіздейтін дінді айтты. Өзінің көзқарастарын, ізденістерін, күмәндарын шығармаларындағы кейіпкер бейнелеріне салды. Жаңа діннің негізіне христиан идеялары қойылған: Құдай алдындағы адамдардың теңдігі, жақынына деген сүйіспеншілік, яғни адамгершіліктің негізгі өсиеттері. Өмір мақсаты адами тұрғыда өзін-өзі жетілдіру, ол аскетизм арқылы емес, ал адамдармен сүйіспеншілік қатынаста болғанда ғана жетуге болады.
Орыстың ұлы ойшылы Л.Н. Толстой «Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай күресіп жатқан сияқты» дейді. Бірі «мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан, бүкіл дүниенің мән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында» дейді. Екінші «Мен»: «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына жаралған, сондықтан, саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі де келмейді, – дейді, – Бұл өмір сүруге деген қорқыныш сезімін әкеледі» деп қорытады ұлы ойшыл. Әрине, Адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Біршама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді (жақсы, я жаман болсын) жасауымыз ғажап емес. Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әр түрлі қажеттіктерін өтейді. Жаңғыз ғана дәулетке жету Адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мән-мағнасын құрай алмайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген Адамның қажеттіктері тұр. Адам қажеттіктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасауға болады. Ең төменгі іргетасты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана), жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу), т.с.с қажеттіктер құрайды. Екінші – экзистенциалдық қажеттіктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімділік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т.с.с.). Үшінші – әлеуметтік қажеттіктер ( басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу). Төртінші – престиждік, яғни, беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші – рухани қажеттіктер – шығарм. арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет