Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет31/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Циодрин (кротоксифос) – керосинде, ацетонда және т.б. органикалық ерітінділерде жақсы, суда нашар еритін, ашық -сары түсті сұйық зат. Өте уытты препарат. Ауыл шаруашылығы малдарының эктопаразиттеріне қарсы, сауылатын сиырларды өңдеу үшін қолданылады.
48. Фосфорорганикалық қосылыстардың жүйелі әсер ететін препараттарына сипаттама.
ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препарататтары
Гардона (тетрахлорвинфос, винфос, рабон, аппекс ) - ақ түсті, суда нашар, органикалық ерітінділерде жақсы еритін кристалды зат. Тышқандарға уытты әсері төмен (ЛД50-1900-5000мг/кг), араларға орташа уытты әсер етеді. Мақтаның және көкөністердің кеміргіш жәндіктеріне қарсы қолданылады.
Селекрон (профенос ,куракрон ) - органикалық ерітінділерде жақсы еритін, сумен әрекеттесуі нашар (еру дәрежесі 20мг/л ), ашық-сары түсті сұйық. Тышқандарға орташа уытты - ЛД50 388мг/кг, араларға және т.б пайдалы жәндіктерге уытты әсер етпейтін , мақтаны, жүгеріні әртүрлі сорғыш,кеміргіш жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.
Токутион (протиофос ) - толуол және циклогексанмен жақсы әрекеттесетін, ал сумен әрекеттесу дәрежесі 1,7 мг/л, ашық түсті, майлы сұйықтық. Тышқандарға орташа уытты (ЛД50 925-966мг/кг), араларға және жәндіктерге уытты әсер етеді. Мақтаны зиянды жәндіктерден қорғау үшін қолданылады.
Трихлорметафос (фенхлорфос, тролен, роннел,нанкор ) - хош иісті көмірсуларда жақсы еритін, әлсіз-жағымсыз иісі бар, 30-50% эмульсия түрінде шығатын, химиялық таза препарат. Бүрге,бит және кене секілді малдың эктопаразиттеріне қарсы қолдануға ұсынылған инсектицид. Өсімдік шаруашылығында фитоцид ретінде жиі қолданылады.
Бутифос (фолекс, мерфос) - суда жартылай, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, жағымсыз иісі бар, ашық- сары түсті сұйық. Мақта алқабына 1- 2 кг/га мөлшерінде қолданылатын, топыраққа сіңу жылдамдығы 2 аптаға созылатын дефолиант. Малдар үшін орташа уытты. 40-60% эмульсия түрінде шығарылады.
Диазинон (базудин, эксодин)– түссіз, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, сумен нашар әрекеттесетін (еру дәрежесі 40 мг/л) сұйық зат. Өте уытты. Уыттылығына орай мүйізді ірі қараға қолдануға болмайды. Қойлардың қотырына қарсы қазіргі кезде жиі қолданылатын инсектицид. Неоцидол (базудин, диазол, гром) – диазинон эмульсиясының 60%-ды қоспасы. Өте улы пестицид. Құрамындағы әсер етуші заты (диазинон) – ацетонда, бензолда, этанолда және хлороформда жақсы еритін, түссіз майлы зат. Мал шаруашылығында тек қойларды тоғыту үшін, яғни псороптоз ауыруын алдын алу және емдеу мақсатында 0,05%-ды сулы эмульсия түрінде қолданылады. Өсімдік шаруашылығында неоцидолдың 60%-ды эмульсиялық қоспасы, 40%-ды дымқыл ұнтағы, 5-10%-ды түйіршікті ұнтағы қолданылады. Диазинон өте уытты зат. ЛМ50 – ақ тышқанға 76-108 мг/кг, балапандарға 8,4 мг/кг. Кумулятивті әсері әлсіз. Диазинонды ішке қолданғандағы уытты мөлшері: 2 апталық бұзауларға, бір жасар таналарға – 2,5 мг/кг, қой-ешкілер үшін - 30 мг/кг. Жылқыларға ішке қолданғанда уланудың клиникалық белгілері байқалмайды. Неоцидолдың 0,1%-ды сулы эмульсиясы сыртқа бүрку кезінде 2 апталық бұзауларда улану белгілері байқалса, пестицидтің 44 0,25%-ды қоспасы алты айлық бұзауларды оншалықты уландыра қоймайды. Бұл препаратты ірі қараға қолданбаған жөн. Неоцидол сыртқы ортада тез ыдырайды. Бұл препараттпен өңделген азықтық өсімдіктерді 20 күннен кейін қолдануға, сойылатын малды 15-20 күннен кейін союға болады. Уланудан өлген малдан токсикологиялық талдау үшін зертханаға етін, бауырын, бүйрегін және майын жіберуге болады.
Золон (фозалон) – органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар еритін кристалды зат. Өсімдіктерді қорғау мақсатында 35%-ды эмульсиясы қолданылады. Өсімдіктерді өңдеуде препараттың 0,1-02%-ды сулы эмульсиясын 1,5-3 л/га мөлшерінде бүркиді. Ал 0,2%-ды сулы эмульсиясын мүйізді ірі қара, қой және ешкілердің кенелеріне қарсы қолдануға болады. ЛМ50 – зертханалық жануарлар үшін 84-108 мг/кг. Уытты әсері орташа. Азық-түлік құрамында 30-40 күнге дейін сақталынады. Фозалонның сүттің, еттің және жұмыртқаның құрамында болмағаны дұрыс. Картопты, мақтаны әртүрлі зиянкестерден қорғау үшін қолданылатын хлорорганикалық заттарды алмастырғыш химиялық зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет