Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет32/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Фосфамид (диметоат) - Би-58 деген атпен белгілі. Суда және органикалық еріткіштерде (ацетон, хлороформ және т.б.) жақсы еритін ақ түсті кристалл. Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және кенелерден қорғау үшін препараттың 0,05-0,2% сулы эмульсиясын 0,5-2,5 м/га мөлшерінде бүркіп қолданады. Уыттылығы төмен инсектицид. ЛМ50- ақ тышқандар үшін 140-220 мг/кг. Малдарға фосфамидтің төменгі мөлшерін (1,0 мг/кг) қолданғанда ешқандай улану белгілері байқалмайды. Бірақ препарат мөлшерін шамадан тыс жоғарылатып қолданса (25-50 мг/кг) өлім- жетімге ұшыратады. Азық құрамында, жайылымдарда өзінің әсерін 30-40 күнге сақтайды. Азық құрамындағы шектеулі мөлшері 2 мг/кг
49. Жануарлардың молибден қосылыстарынан улануы.
Молибден (Molydaenum),Мо – жылтыр-сұр түсті металл, табиғатта көп жағдайларда минерал түрінде кездеседі. Молибденнің құрыш (сталь) металлының сортын дайындаудағы маңызы өте зор. Молибденнің ауыл шаруашылығындағы биологиялық маңыздылығы өте зор екендігі таяуда ғана белгілі болған. Молибден өте аз мөлшерде болса да өсімдік және мал ағзасында атқаратын қызметі ерекше. Өсімдіктер молибденді топырақтан суда еритін қосынды түрінде алады да, өсімдік арқылы мал ағзасына енеді. Молибден өсімдіктердің азотты сіңіруіне септігін тигізіп, нитраттардың ферментативтік ыдырауына, ақзаттар мен амин қышқылдарының түзілуіне қатысады. Молибден қосылыстары биосфераның белсенді ластағыштары. Молибденнің көп мөлшері кездесетін геохимиялық аумақтар бар екені анықталған. Молибденнің қоры топырақта неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым өсімдіктерде де көп болады. Көбінесе өсімдіктер сілтілік және бейтарапты реакция көрсететін молибденді топырақтан алады. Топырақта молибденнің жетіспеуі өсімдіктерде бірқатар аурулар тудырады. Мысалы: Жоңышқаның 1 кг кепкен түрінде 38 мг-ға дейін молибден болады. Яғни жоңышқа молибденді құрамында көп жинайтын белсенді өсімдіктердің бірі болып саналады. Мұндай өсімдіктермен малдарды азықтандыру улануға әкеліп соқтырды. Қоршаған ортада мыстың жетіспеуі молибденнің ағзаға уытты әсерін күшейтеді. Аммоний молибдаты - түссіз, мөлдір түйіршікті зат. Ылғалды ауада молибден қышқылды аммоний суда өте жақсы еритін кешенді қосылыс - аммоний полимолибдатына айналады. Жануарлардың молибденге деген сезімталдығы әр түрлі. Молибден қосылыстары- сүтті ірі қара малдарға, әсіресе жас бұзауларға өте уытты әсер етеді. Сезімталдығы төмен малдарға жылқылар мен шошқалар, жатады. Егерде топырақ құрамындағы молибден мөлшері 0,01%-дан асып кетсе малдар улануы мүмкін Патогенезі. Ағзаға түскен молибден қосылыстары бауырдағы мыс және сүйектегі фосфордың мөлшерін азайтып, АYФ алмасуын бұзады. Сонымен қатар, ақзат алмасуы және амин қышқылдарының түзілуін тежейді. Жануарлар ағзасында молибден сүйекте (1-2 мг/кг), бауырда, тері жабындыларында жинақталады. Сиыр сүтінде 40 мкг/л дейін кездестіруге болады. Ауыл шаруашылық малдарының рационында мыс және молибден қосылыстары белгілі дәрежеде ғана болуы керек. Мал азығында –50 мг/кгнан жоғары молибден болса мал, улануға шалдығады. Клиникалық белгілері. Молибденнен уланған малда улану жіті және созылмалы түрде өтеді. Жануарлардың іші өтуі, жатырдың қабынуы, арықтауы, анемия, остеопороз, бұлшық ет дірілі, бедеулік, сүттіліктің төмендеуі және тері түтіктері, түсінің өзгеруі секілді белгілерді байқауға болады. Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішектің және қарының кілегейлі қабықтары катаралді қабынады. Бауыр үлкейіп, майлы дистрофияға ұшырайды, сүйектері сынғыш келеді. Емдеу және алдын алу шаралары. Ең алдымен жайылымды ауыстыру керек. Емдік мақсат үшін мыс сульфатын бұзауларға күніне 1г, ересек жануарлаға –2г мөлшерде береді. Емнің нәтижесі 2-3 күннен кейін белгілі болады. Уланудың алдын алу мақсатында топырақтағы молибденнің өсімдік құрамына өтуін тежейтін күкірт қышқылды аммонийды тыңайтқыш түрінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет