Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Әуезов жолдас дұрыс айтады, аңызды ғылымға айналдыруға болмайды... Ұсынылған баяндаманы азусыз баяндама деп бағалаймын»



бет224/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   273
«Әуезов жолдас дұрыс айтады, аңызды ғылымға айналдыруға болмайды... Ұсынылған баяндаманы азусыз баяндама деп бағалаймын»,– деді.

Иә, оның азуын қағып алған Сталин марқұмның өлімі. Әйтпесе... 1953 жылы 26-наурызда өтуге белгіленген дискуссияда кімнің тісі қағылатынын олардың өздері де білмейтін.

Алайда Берияның, сол арқылы қауіпсіздік комитетінің жеке билігі күш ала бастағанын сезген қырағылар сақтық таныта бастады. Осы екі ортадағы саяси жағдайға байланысты үзіліп қалған талқылаудың жалғасын көкек айының 2-і күні Жазушылар Одағында үшінші рет өткізді. Онда М.Ғабдуллиннің баяндамасына орай сұрақтар, ұсыныстар, түзетулер күн тәртібіне қойылды. Біз тек жарыссөздің мазмұнын ғана келтіреміз.

«Ғ.Мүсірепов: Жаңа жинақы нұсқа барлығының басын қоса ала ма, жеке аяқталған шығарма дәрежесіне көтеріле ме, көркемдік, идеялық жағынан эпосты бір ізге түсіру ме бұл? Көне эпосты өңдесе, ол авторлық нұсқа болып есептелмей ме? Мысалы, менің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесам да нұсқаға жатады, бірақ ол эпосқа жата ма? Жазушыны эпикалық шығарманың нұсқа иесі, авторы деп тануға бола ма? Біздің эпостарымыздың өзара байланысы бар, олардың әлеуметтік ортасы мен желісіне қарап олардың дүниеге келген уақытын анықтауға бола ма?

Т.Жароков: Бүгін эпостың әр түрлі нұсқасын жасауға бола ма?

С.Мұқанов: Біз эпостың екі түрін білеміз, оның біреуі жалған эпос. Эпостардың барлық нұсқалары шындыққа жанаса ма?

Әуезов: Мәлік, сіз менің 1927 жылы басылып шыққан «Әдебиет тарихы» жинағым бар дедіңіз. Ондай басылым болған емес. Оны қайдан алдыңыз? Ол туралы Мүсірепов анықтама бере алады ғой деймін. Қазақ әдебиетінің тарихының 49, 50, 51-жылдарғы бағдарламасы бар. «Қазақ әдебиетінің» бірінші томын құрастыру барысында Оқу ағарту министрлігі педагогикалық институттардың оқытушыларына арналған осы бағдарламаны негіз етіп алдық. Өзінің маңызы, көлемі, үш мың данамен таралымы жағынан Әуезовтің, Мұқановтың мақалаларынан кем емес. Онда Кенесары да, Қобыланды да бар. Сіз неге сол туралы айтпадыңыз.

Баяндамаңыз: қалай жазу керек және қалай жазбау керек деген екі бөліктен тұрады. Алдыңғы бөлімі басым. Осы пікір таласының мақсаты не? Екінші бөлігі үстірт, санайық, 35-36 беттердің арасында 6 эпос талданған. Сонда 6 эпостағы батырлардың құны бір эпостың (Қобыландының – Т.Ж.) құнына тұрмай ма? Мұндай сәйкессіздік дұрыс па? Сіз бірінші том 1948 жылы шыққан, оның бір тарауын Әуезов жазған деп қателесесіз. Оны жазған Жұмалиев пен Сізсіз, Мәлік, сіздің бірінші томға тікелей қатысыңыз бар. Ол кезде сіз институттың директоры болдыңыз, ғылым кандидатысыз, талдауға қатыстыңыз, томның басылуына жетекшілік еттіңіз, оны неге айтпайсыз?

Дауыс (Нұрмағамбетова – Т.Ж.): Сіз тек қазақ әдебиеттанушыларының ғана қателеріне тоқталдыңыз. Неге сіз академик Орловтың 1945 жылы жарық көрген «Қазақтың батырлық жыры» туралы тіс жармадыңыз. Марғұланның докторлық диссертациясын айттыңыз, ендеше 600 беттік диссертация жазған Смирнова туралы неге үндемедіңіз? Сіз Кенжебаевтің қателігін айттыңыз, ендеше кезінде «Біздің Мәлік» деген кітапта Қобыландыны және басқа батырларды мадақтаған Сильченконың қателігі туралы неге айтпадыңыз?

Тәжібаев: Марабай нұсқасы дегеніміз – Қобыландының Қазанға жорығы баяндалатын нұсқа болса керек. Ендеше 1922–1924 жылдардағы саналы ұлтшылдық туралы неге айтпайсыз. Марғұланның қателіктері дедіңіз, соның бәрін жиып, дау тудырмайтындай жинақтап неге айтпадыңыз?

Әуезов: Сіз, халықтық және феодалдық деп бөлгенде, олардың айырмашылығын неге ажыратып айтпадыңыз? Көркемдік мәселесін енді ғана көтеріп отырсыз, онда стиль және басқа да мәселелерді неге көтермейсіз? Халықтық сыпат жөнінде үстірт айтылды. Қазақ эпосы дегеніміз не, әңгімені содан бастау керек еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет