Контрацепция –репродуктивті жастағы әйелдерді жүктіліктен сақтандыру әдісі.
Контрацепция әдісін таңдау күрделі міндет болғандықтан контрацепция әдісін таңдаумен
дәрігер айналысады.
Жасөспірімдерге арналған контрацептивтік құралдар контрацепцияға қолданылатын
заманауи талаптарға сай болуы қажет.
Жасөспірімдер контрацепцияның ережелері: 1. Жоғары тиімділік (сенімділігі).
2. Контрацептивтердің қолжетімділігі (дәріханаларда болуы, қолжетімді баға,
қарапайымдылығы, қолданудағы ыңғайлылық).
3. Қауіпсіздік (денсаулыққа зиянсыздығымен анықталады).
4. Қайтымдылығы (тәсілді тоқтатқаннан кейін жүктілік қабілетінің қалпына келуі).
5. Жекелік әдіс (жасөспірімдердің контрацепцияға, тәртіпке, зиянды әдеттерге
қатынасы, өмірлік жоспарлары, әлеуметтік қарым-қатынастары, сырқаттарының
болуы мен қарсы көрсетілімдерді есепке ала отырып қарастырады).
Контрацептивтердің классификациясы (жіктемесі). 1. Тосқауылдық әдістер: мүшеқаптар, қалпақшалар, диафграммалар, спермицидтер
(жыныстық қатынас алдында қынапқа салатын химиялық дәрілер – таблеткалар,
жақпалар).
2. Гормональдық әдіс: жүкті болуға қарсы дәрілер, дәрі құю, пластырлер, ЖІҚ,
импланттар.
3. Жедел контрацепция.
4. Жатырішілік құралдар (ЖІҚ).
5. Хирургиялық зарарсыздандыру.
Контрацепцияны таңдаудағы маңызды ақпарат - әдісті қолданудағы және жанама
әдістердің ережелерін қатаң түрде сақтау болып табылады. Бірнеше жыныстық серіктес
болған жағдайда, сізде ЖЖБЖ-ның қауіпітілігі мен олардың профилактикасы да
жадыңызда болуы шарт. Сонымен қатар, контрацептивті таңдағанда оның қолжетімділігі
мен препараттың бағасы үлкен маңызға ие болады.
Аралас оральді контрацептивтер (жүктілікке қарсы таблеткалар) мен мүшеқаптар –
жасөспірімдер үшін контрацепцияның ең оптимальді және өзін-өзі ақтайтын құралдары
болып табылады. ЖЖБЖ-ды жұқтыру мүмкіндігі мен жас қыздардың жыныстық жетілу
кезеңіндегі репродуктивті жүйе жағдайының ерекшеліктерін назарға ала отырып, тұрақты
жыныстық өмірде немесе емделу мақсатында қолдану үшін екі таблетканы бір уақытта
тұтынуға болады (таблеткалар мен мүшеқаптар).
Бұл екі еселік голландтық әдіс деп
аталады. Аралас препараттардың үлкен жинағының ішінен нақты бір препараттарды
таңдау кезінде жасөспірімдерге ең тиімділері - заманауи, микродозалық жатырішілік
таблеткалар екенін есте сақтау керек (ең аз гормондар дозасы бар таблеткалар).