Контрацепцияның кейбір түрлерін қарастырайық. ЕРЛЕР МҮШЕҚАБЫ Ол не? Ерлер мүшеқабы – жыныстық мүшеге кигізетін, көбіне латекстен жасалатын (кейбірі
полиуретан, ал біреулері қойдың ішегінен жасалады) жұқа қабықша.
Оны қалай қолданады? Ерлер мүшеқабы ұрықтық сұйықтықты ұстап тұрады. Мүшеқап жыныстық мүшеге
жыныстық қатынас алдында кигізіледі. Сосын оны абайлап шешіп алады. Мүшеқапты тек
бір-ақ рет қана қолдануға болады. Ол қаншалықты тиімді? Егер мүшеқапты әрбір жыныстық қатынас кезінде дұрыс қолданатын болса, жүктілік пен
ЖЖБЖ-ды жұқтыруыдан тиімді қорғайды.
Оны қолданудың қандай артықшылықтары бар? •
АИТВ мен басқа да ЖЖБЖ-дан қорғайды
•
Рецептісіз алуға болады
•
Гормональді жанама әсері жоқ
Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін? Мүшеқап кейде аллергиялық реакция тудырады (латекске немесе сперматозоидты
бұзатын жақпа заттарға).
Жасөспірім осы тәсілді таңдаған кезде, нені басты назарда ұстау қажет? Ерлер мүшеқабы жасөспірімдер үшін таңдаудың бірінші әдісі болып табылады, себебі
оған рецептісіз рұқсат бар, ЖЖБЖ-лар мен қажетсіз жүктіліктен қорғайды. Мүшеқапты
дұрыс қолдана білу үшін және серігін де сол жайлы ақпараттандыру үшін мүшеқапты
қолдану дағдыларын жақсылап меңгеру қажет.
ӘЙЕЛДЕР МҮШЕҚАБЫ/ҚАЛПАҚША Ол не? Әйелдер мүшеқабы – бұл полиуретаннан жасалған, қынапқа енгізілетін қалпақша.
Олар қалай әсер етеді? Әйелдер мүшеқабы ұрықтық сұйықтықтың жатырға түсуінен қорғайды. Мүшеқап
қынапқа дәл жыныстық қатынас алдында енгізіледі. Мүшеқаптың/қалпақшаның
ұшындағы кішкене пластик сақина оны орнына мықтап бекіту үшін жатыр мойнына
орналастырады. Жыныстық қатынастан соң қалпақша ұқыппен сыртқа шығарылады.
Олар қаншалықты тиімді? Әйелдер мүшеқабын дұрыс қолданса, жүктіліктен және көптеген ЖЖБЖ-дан сақтайды.
Бірақ әйелдер мүшеқабы, еркектер мүшеқабына қарағанда жүктіліктен сақтануда
оншалықты тиімді емес, себебі белгілі қолдану дағдылары болу қажет.