«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


ЖІҚ-нің мүмкін болатын жанама әсерлері қандай?



Pdf көрінісі
бет124/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
ЖІҚ-нің мүмкін болатын жанама әсерлері қандай? 
Етеккір циклінің өзгеруін тудырады. Мысалы, етеккір арасында әлсіз қан кету, етеккір 
күндерінің өзгеруі, қатты қан кету немесе етеккір кезінде ауырсынулар сезімдері болуы 
мүмкін. 
Жасөспірімдер осы әдісті таңдағанда нені басты назарға алулары қажет? 
ЖІҚ жасөспірімдер таңдайтын контрацепция әдісі емес. 20 жасқа дейін тумаған 
әйелдерде ЖІҚ түсіп қалу қаупі немесе етеккірлік ауырсынулар болады, себебі ЖІҚ 
жамбастағы қабыну ауруларының қаупін күшейтеді.
Қажетсіз жүктіліктен ең сенімді қорғану әдістері қандай? 
Контрацепцияның ең сенімді тәсілі (100%) – өзін ұстау (жыныстық өмірден бас тарту).
Гормональді дәрі-дәрмектер – 98-99%. 
Тосқауылды – 80-90%, мүшеқап – 85-98%. 
Жатырішілік спираль – 97-98%. 
БДҰ-ның (ВОЗ) анықтамасы бойынша, репродуктивтік (ұрпақ жаңғырту) құқықтары 
– бұл ерлер мен әйелдердің мәліметтер алуына және өздерінің таңдауына сәйкес, қауіпсіз, 
тиімді, қымбат емес және бала тууды реттейтін тәсілдерге қолжетімді болуға құқығы, 
сонымен қатар, әйелдер қауіпсіз жүктілік пен босануды қамтамасыз ете алатын, сонымен 
қатар, ерлі-зайыптыларға дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне ең жақсы мүмкіндіктер жасай 
алатын денсаулық сақтау ұйымдарының көмегін алуға құқығы. 
Сондай-ақ, түйінді құқықтар болып мыналар табылады: 
барлық ерлі-зайыптылар мен жеке тұлғалар балалардың санына және олардың туылуы 
арасындағы үзілістерге қатысты, еркін жауапты шешім қабылдау, сол үшін қажетті 
мәліметтерге, білім құралдары мен дайындықтарға ие болуы – негізгі құқықтары болып 
табылады; ең жоғарғы репродуктивті және жыныстық денсаулыққа жету құқығы; 
қандай да болмасын шеттетулерсіз, мәжбүрлеусіз, зорлықсыз ұрпақ әкелуге қатысты 
шешім қабылдау құқығы. 
Қазақстан Республикасының Заңнамалық тәжірибесінде күшіне енген нормаларына 
сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық араласуға келісімді олардың 


134 
заңды өкілдері береді, олай болса, медициналық араласуға ерікті келісім қағидаты ең 
әуелі ата-аналарға беріледі (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және 
денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі). Өз бетімен, ата-анасыз және 
қамқоршыларынсыз, қыздарға дәрігерге қаралу құқығы тек 18 жастан беріледі. 
Қазіргі қалыптасқан жағдай жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын 
қорғау қызметіне қол жеткізу қиындатады және жастарға оң қабақ танытатын 
клиникалардың қызметінің тиімділігін төмендетеді. Кестеден жасөспірімдерге қатысты 
негізгі құқықбелгілеуші құжаттарды көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет