131
Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы керек?
Жүктілікке қарсы таблеткалар жастар үшін лайықты және қауіпсіз әдіс. Бірақ, басқа жас
тобына қарағанда жасөспірімдер арасында оральді
контрацептивті құралдардан
қолданудан бас тарту көрсеткіші жоғары болып отыр.
Жоғары көрсеткіштің алғашқы
басты себебі – білімнің таяздығы немесе ретсіз/мезгілсіз таблетка қабылдау салдарынан,
жас әйелдер таблеткаларды қабылдауды жиі естен шығарады.
Таблетканы уақтылы
қабылдауды еске салатын әдіс-амалдарды пайдалану қажет (ұялы телефонмен еске салу,
тіс щеткасы, т.б.).
ДӘРІ ҚҰЮ (ИНЪЕКЦИЯ) ТҮРІНДЕГІ КОНТРАЦЕПТИВТІК ҚҰРАЛДАР
Ол не?
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар (мысалы, Депо-Провера, Нористерат) – бұл
әйелдің білегіне немесе бөксесіне салынатын жүктілікке қарсы құралдар.
Олар қалай әсер етеді?
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар ұрық жасушаларының анабезден ай сайын
шығуының алдын алады. Сонымен қатар, олар жатыр аузындағы сілемейдің қоюлануына
байланысты сперматозоидтың жатырға енуіне кедергі болады.
Қолдану нұсқауларына
сәйкес, әйел Депо-Провер инъекциясын әр екі ай сайын қабылдау қажет.
Олар қаншалықты тиімді?
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар контрацепция әдісінің ең тиімдісі және 100
пайызды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: