20
ұйқы безінің гормондарын да ынталандырады. Ұйқы безінде өте ұсақ аралдар
тектес топтанған жасушалардың мамандандырылған 2 түрі бар.
Бұл альфа-
жасушалар, глюкагон гормондарын шығарушылар, инсулин гормонын түзуші
бета-жасушалары. Инсулин мен гормон көмірсу алмасуын реттейді (нақтырақ
айтқанда глюкозаның құрамындағы деңгейі).
Ынталандырушы гормондар перифериялық эндокриндік
бездердің қызметтерін
белсендендіре түседі, олардың ағзаның негізгі тіршілік ету процесстерін реттеуге
қатысушы гормондарының шығарылуына мүмкіндік береді. Бір қызығы,
перифериялық эндокриндік бездердердің шығаратын
гормондарының көптігі
гипофиздің сәйкес «тропты» гормонының бөлінуін тоқтатады. Бұл
теріс кері
байланыс атты тірі ағзалардағы әмбебап реттеу механизмінің анық суреттемесі.
Ынталандырушы гормондар басқа гипофиз ағзасының тіршілік
функцияларын
бақылауға тікелей қатысушы гормондарды жасап шығарады.
Мұндай гормондарға
соматропты гормон (ол туралы біз жоғарыда айтқан болатынбыз), пролактин,
вазопрессин, окстиодин және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: