«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет18/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

6. Практикалық жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөліп, оларға эндокриндік жүйенің ағзаның 
басқа жүйелерімен өзара байланысын көрсететін кесте құрастыру және өткен 
материалдарды қайталауға тапсырма беріледі. 
Центральная нервная система – орталық жүйке жүйесі 
Вегетативная нервная система – вегетативтік жүйке жүйесі 
Стимулирующие гормоны – ынталандырушы гормондар
Периферические эндокринные железа – перифериялық эндокриндік бездер
Щитовидная и паращитовидная железа – қалқанша және жұпқалқаншалы 
бездер 
Надпочечники – бүйрекбез
Поджелудочная железа – ұйқы безі
Яичник –аналық безі
Яички – аталық без 
Стимулирующее действие – ынталандырушы әрекет 
Обратная связь – кері байланыс


19 
Сур. Эндокринді реттелудің гипоталамо-гипофиздік жүйесі: 
ТТГ-тиреотропты гормон; 
АКГТ-адренокортикотропты гормон; 
ФШГ-фолликулоширатушы гормон; 
ЛГ-лютендендіруші гормон; 
СТГ-соматропты гормон; 
ЛТГ-лютеотропты гормон (пролактин); 
АДГ-антидиуретикалық гормон (вазопрессин) 
Эндокриндік жүйе орталық жүйке жүйесінің бақылауымен жұмыс атқарады және 
ағзаның функцияларын бірлесе отырып реттейді. Реттеу факторларын жасау жүйке 
және эндокриндік жүйе үшін ортақ болып табылады. 
Гормондарды шығару көмегімен эндокриндік жүйе, жүйке жүйесімен бірлесе 
отырып, ағзаның жеке дара тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Эндокриндік жүйе 
болмағанда ағза өздерін шексіз шатасқан «сымдар» қатарын елестетін еді. Осы 
тұста сымдардың көптігіне байланысты «радиомен» хабарлағандай, бірден 
көптеген жасушаларға рет-ретімен жеткізілетін жалғыз ғана «бұйрық» болар еді. 
Эндокриндік жасушалар гормондар шығарып, оларды қанға бөліп шығарады, ал 
жүйке жүйесінің жасушалары (нейрондар) синаптикалық саңлауларға 
(нейромедиаторлар өтетін нейрондар арасындағы кішкентай кеңістік) бөлініп 
шығарылатын биологиялық белсенді заттектер (нейромедиаторлар) жасап 
шығарады. 
Эндокриндік және жүйке жүйесін байланыстыратын үзбе бір мезетте жүйке құрылу 
мен эндокриндік без болатын гипоталамус бола алады. Ол эндокриндік 
механизмдердің реттеулерін жүйке реттеулерімен байланыстырады, бақылайды, 
сонымен қатар зат алмасу және қан айналым, тыныс алу, ас қорыту, шығару, көбею 
органдарының қызметін бақылайтын вегетативті жүйке жүйесінің орталығы 
болып табылады. Гипоталамуста гормондардың шығарылуын басқа эндокриндік 
бездермен реттейтін нейрогормон деген ерекше заттекті шығару мүмкіндігі бар 
нейрондар орналасқан. Эндокриндік жүйенің орталық органы сонымен қатар 
гипофизде жатады. Басқа эндокриндік бездерді эндокриндік жүйенің 
перифериялық органдарына жатқызады. 
Сызбада көрсетілгендей орталық және вегетативті жүйке жүйесінен түскен 
сигналдарға жауап ретінде, гипоталамус гипофизге ынталандырушы (ширатушы) 
гормондардың шығарылуын үдету немесе тежеу «бұйрықтарын» беруші 
нейрогормондар бөледі. 
Сонымен қатар, гипоталамус гипофиздің қатысуынсыз перифериялық бездерге 
тікелей сигналдар жібере алады. 
Гипофиздің 
негізгі 
ынталандырушы 
гормондарына 
тиреотропты, 
адренокортикотропты, 
фолликулынталандырушы, 
лютеиндендіруші 
және 
соматропты гормондар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет