«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет26/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

7. Шағын топтардағы жұмыс. 
«Жеміс салаты» жаттығуының көмегімен оқытушы оқушыларды топтарға 
бөледі. Ол үшін жеміс аттарына бөлінуді сұрайды: алма, алмұрт, қараөрік, 
апельсин. Сосын оқушылар топтарға бөлінеді: 1-«алмалар», 2-«алмұрттар», 3-
«қараөріктер», 4-«апельсиндер». 
Әр топ жасөспірімдердің, жастардың ең алғашқы темекі тарту, есірткі, 
алкоголь, уытты заттар қабылдауды бастайтын себептерін талқылайды. Сосын 4 
топтың әр қайсысы презентация жасайды. 
Талқылаудан соң оқытушы барлық айтылғандарды жинақтауды және темекі 
тарту, алкоголь, есірткі, уытты заттарды қабылдауды бастаудың негізгі себептерін 
тізіп шығуды сұрайды. 
Мүмкін болатын себептер: 

Күшті бейтаныс сезімдерді бастан өткізу үшін 

Қызыққұмарлықтан 

Зерігуден 

Ол заттар спиртті ішімдіктерді алмастырады 

Компанияда сондай жағымды 

Бір-біріне еліктеу 

Өмірге қанағаттанбағандықтан 

Беделді, сәнді 

«Әдемі көрінуге» талпыну 

Ересек болуға ұмтылу 

Өз бетінше болуға ұмтылу 

Күшті, батыл болуды қалау 

Әсемпаздық, қызықтылыққа ұмтылу 

Бозбалаларға (қыздарға) ұнауды қалау 

Басқа да себептер 


29 
8. «Психикалық, физикалық, әлеуметтік тәуелділіктер» мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн 
Тәуелділік деген не? 
Тәуелділік медициналық мағынасында «табиғи немесе улы заттарды қайталап 
тұтынумен пайда болатын кезеңдік немесе созылмалы улану жағдайын» көрсетеді. 
Яғни, басқаша айтқанда, тәуелділік – бұл, есірткіге «үйрену», оларды қолдануға 
үнемі қажеттілік, себебі, препараттың әсер ету мерзімі біткеннен кейін адамда 
азапты, өзін нашар сезіну жағдайлары басталады, мұның бәрі тек есірткілік 
құралдарды қолдану арқылы тоқтатылады. 
Тәуелділіктің үш түрі болады: әлеуметтік, психикалық және физикалық. 
1. Әлеуметтік тәуелділік 
Адам әлі есірткі тұтынуды бастамаған, бірақ, сол тұтынушылардың ортасында 
«оралып» жүреді, олардың мінез-құлық стильдерін, есірткіге қатынастары мен 
топтың ішкі атрибуттарын қабылдағанда әлеуметтік тәуелділік туралы айтады. 
Мұндай топқа тек оның қағидаларын шеттетпеуді қаламаушылық соншалықты 
күшті болуы мүмкін, ол тіпті әдеттегі түсініктерді көлегейлеп, мінез-құлықты 
өзгертеді. Бұл тәуелділік түрінің ажырамас шарты – топтың болуы (бір есірткі 
тұтынушының алдында да қалыптасуы мүмкін). 
2. Психикалық тәуелділік 
Есірткі қабылдай бастаған кезде адамда психикалық тәуелділік тез 
қалыптасады. Ол адамның, есірткілік масаюды бастан кешірген қалпын қайтадан 
қайтаруға әрекет жасайтынында білінеді. Ол өте күшті болуы мүмкін, есірткіден 
ұнамды түйсіктер алуға тырысады, я болмаса, есірткі әсерінде болып, ұнамсыз 
уайымдар мен жағымсыз эмоциялардың көңілін аудару үшін қабылдайды. 
Психологиялық пен эмоциялы жайсыздықтан құтылуға тырысушылық әсер күшті 
болғаны сонша, адам енді кейінге есірткі қабылдаудан бас тартуға шамасы 
келмейді. 
3. Физикалық тәуелділік. 
Есірткіні ұзақ уақыт қабылдағанда есірткінің зат алмасу процессіне қосылу 
нәтижесінде физикалық тәуелділік қалыптасады. Бұл жағдайда қабылдауды 
тоқтатқан кезде ауыртпалығы түрлі дәрежеде болатын физикалық жайсыздық 
байқалады. – жеңіл дімкәстіктен абстинентті синдромға дейін. Аурудың сатысына 
байланысты есірткі қабылдау жиілігі де өзгереді – татып көру кезеңінен бастап 
эпизодты қабылдаудан жүйелі қабылдауға өтеді. Бірақ жүйелі қабылдау міндетті 
түрде физикалық тәуелділіктің бар болуына байланысты емес одан ертерек 
басталуы мүмкін. 
Физикалық тәуелділіктің синдромына кіретіндер: 
1. Физикалық құшарлық – есірткі қабылдауға деген, мысалы, аштық, шөлдеу 
деген сияқты өмірлік қажеттіліктерді де ысырып қоятын, жеңуге мүмкін 
болмайтын ұмтылу әрекеті. Ол адамның көңіл-күйін белгілейді, мінез-
құлқын және есірткі қабылдауын басқарады. Адам «мақұлдау» және «қарсы 
болу» дәлелдерін таразылауды қояды, сондықтан, барлық оның 
ұмтылыстары, іс-әрекеттері, амалдарының барлығы тек есірткі тұтынуды 
іздеумен және оған жету кедергілерінен өту болады. 
2. Абстинентті синдром. Тәуелді адамның ағзасы енді есірткісіз қызмет 
жасамайды және есірткі болмаған жағдайда кезекті дозаның қажеті туралы 
белгі береді. Ізденіс пен келесі дозаны қабылдау өмірлік қажеттілік болып 
қабылданады. Қайтадан есірткі қабылдау ниеті әр жаңа дозамен күшейе 
түседі, есірткіге тәуелді адамдарда «сыну» пайда болады, адам есірткіні жиі 
қолданған сайын, соғұрлым ол тезірек және жіті шыға береді. 


30 
3. Қабылдау формаларының өзгеруі (мысалы, адам ұйқысын реттеу 
мақсатымен ұйқы дәрілерін қабылдайды, ақырында ол ұйқы дәріні масаю 
қалпына келу үшін қабылдай бастайды). 
4. Ағзаның физиологиялық қабілетінің өзгеруі есірткі дозасының белгілі бір 
мөлшерлерінің әсерін көтереді. Ауру өршіген сайын үйреншікті доза 
қалаған әсерді алуға жеткіліксіз бола бастайды (эйфория), тұтынушы есірткі 
мөлшерін бірте-бірте көбейте түседі. 
5. Ағзаның қорғану реакцияларының жойылуы (жүрек айну, құсу, тері қышымасы, 
қатты тершеңдік, ықылықтау, сілекейдің ағуы, көз ауруы). Бұл ағзаның, есірткі 
дозасы қауіпсіз шектен асып кеткенде пайда болатын үрей дабылы. 
Есірткі қабылдаушыны сипаттайтындар: 

Ұйқысыздық пен өңсіздік; 

Сілемейлі қабықшалардың құрғауы; 

Мұрынның үнемі бітелуі; 

Дірілдеген қолдардағы қабынған көктамырлар; 

Жиі есінеу мен түшкіру; 

Тым үлкейген қарашық немесе кішірейген қарашық, жарықтың өзгеруіне 
мән бермейтін көздер. 
Бірте-бірте әлеуметтік байланыстар үзіліп, мәнділігі төмендейді. Бұл тәуелді 
адам қоғам бөлігі болудан қалады дегенді білдіреді. Тәуелділік қалыптасу 
процессінде құндылықтар жүйесі өзгереді. Бұрынғы мәні бар, қымбат, сүйікті 
нәрсенің барлығы мағынасын жоғалтады. Жақын адамдармен қарым-қатынастар 
бірте-бірте нашарлайды. Тәуелділіктің әлеуметтік зардабының тағы бір жағы - ол 
оқудағы мәселелер. Моральдық нормалар туралы түсініктер бұлыңғырланады, 
ұдайы қаражат қиыншылықтары оны заңға қарама-қайшы әрекеттерге итермелейді. 
Тәуелділіктің рухани аспектісі. 
Бұл аспектіде бастысы, тәуелді адам адамгершілік өзегін жоғалтады. Ол үшін биік 
рухани идеал және құндылықтар мәнін жоғалтады (Отанға, туысқандарға және 
жақындарға деген сүйіспеншілік, адамдарға қамқорлық, әлсіздерге, ауруларға 
аяушылық және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет