«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет23/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Түйінді түсініктер: зиянды әдеттер: темекі шегу, алкоголь, есірткі, уытты 
заттардың денсаулыққа жағымсыз әсері, физикалық, психикалық, әлеуметтік 
тәуелділік, жауапты мінез-құлық. 
Сабақты жүргізу әдісі: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топтардағы жұмыс, 
«жұмыс парақтары» мен «ашық сыр парақтарын» толтыру. 
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз; 
маркерлер; мультимедиапроектор, «жұмыс парақтары», «ашық сыр парақтары». 
Сабақ барысы: 
1. Оқытушы кіріспе сөзінде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын 
хабарлайды. 
2. Бой сергіту. «Мен қандаймын» жаттығуы. 
Әр оқушы тұрып, өз есімін және есімге қатысты әріптен басталатын 2-3 сын 
есімдер (эпитеттер) атайды. 
Мысалы: Айгерім – ақылды, активті, амбициозды; Серікбол – салмақты, 
сыпайы және т.б. 
3. Ми шабуылы. 
Оқытушы оқушыларға сұрақ қояды: 
1. Әдет деген не? 
Оқушылардың жауаптары флипчартқа жазылады. Осыдан кейін жауаптардың 
барлығы жинақталып, қорытындыланып, оқытушы оқушыларға мынадай анықтама 
жасайды: 
Әдет – бұл, адам үшін орындалмаса болмайтын, орындалуы қажеттілікке 
айналған, онсыз бәрі ойдағыдай болмайтын іс-әрекет. 
 
2. Қандай әдеттер зиянды болып есептеледі? 
Зиянды әдеттер – бұл, адам денсаулығына зиянын тигізетін және өз 
мақсаттарын іске асыруға, өз мүмкіншіліктерін өмірінде толығымен 
пайдалануға кедергі болатын әдеттер. 
 
3. Зиянды әдеттердің ерекшеліктері қандай? 
Зиянды әдеттер бірқатар ерекшеліктерге ие: 

Көбіне зиянды әдеттер, соған ұшыраған адамның денсаулығына жағымсыз 
әсер ететіндей, айналасындағылардың денсаулығына да әсері бар. 

Зиянды әдеттер нәтижесінде, міндетті түрде адамның қалған бар іс-
әрекеттерін, оның ісін өзіне бағындырып алады. 

Зиянды әдеттердің ерекше белгісі: үйренісіп кету, онсыз өмір сүре алмайтын 
халге жету. 

Зиянды әдеттерден арылу өте қиын. 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет