«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Рөлдік ойын. Отбасының өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар



Pdf көрінісі
бет56/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

9. Рөлдік ойын. Отбасының өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар. 
Оқушылар «Гүлшоғы» (раушан, шегіргүл, қызғалдақ, нарғызгүл) қағидаты 
бойынша төрт топқа бөлінеді. Әрбір топқа тақырыптары бар карточкалар беріліп, 
өздеріне отбасының тіршілік ету үшін қажетті шарттардың бұзылғанды орын алатын 
әртүрлі өмірлік жағдайларды елестету ұсынылады, ол жағдайларды талдап, рөлдерді 
таратып, оны ойнап шығу қажет.
Мысал жағдайлар: 
1. Ері мен әйелінде бір-біріне деген құрметтің болмауы. 
2. Әйелі толығымен материалдық жағдайда күйеуіне тәуелді. 
3. Ері балаларды тәрбиелеуден қашқақтайды. 
4. Ері мен әйелінде ортақ қызығушылықтар болмайды. 
Әр топ ойнап болғаннан соң талқылау жүргізіледі. 
10. Шығармашылық тапсырма. Эссе жазу. 
Оқушыларға қағаз парақтары тарқатылады (А-4) және «Мен болашақ отбасымды 
қалай елестетемін» тақырыбында (7-10 сөйлем) эссе жазу тапсырылады. Бірнеше оқушы 
(қалауы бойынша) өздерінің шығармаларын оқиды, сонан соң, оқытушы айтылғандардың 
бәрін жинақтап, қорытынды жасауын сұрайды.
11.Синквейн құрастыру.
Оқытушы оқушыларға «Отбасы» тақырыбында ұжымдық синквейн құрастыруды 
ұсынады. Егер оқушылар бұл жұмыс түрімен таныс болмаса, оқытушы оларға түсініктеме 
береді.
Синквейн (француз тілінен алғанда «бес») – оқу материалдарын белгілі бір 
тақырыпта бірнеше сөзбен мазмұндауға көмектесетін әдіс. 
Синквейнді құрастыру ережелері: 
1.Бірінші жолда тақырып бір сөзбен белгіленеді (зат есіммен). 
2.Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есімдер).
3.Үшінші жол – осы тақырып аясында іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау (етістіктер, 
есімшелер)
4.Төртінші жол – тақырыпқа қатысы бар төрт сөзден құралған сөз тіркестері (әр түрлі сөз 
таптары).
5.Бесінші жол – бір сөз, тақырып синонимі. 
Синквейндердің үлгілері: 
Табиғат
1. Өмір 
2. Жемісті, асыраушы 
3. Туылу, өмір сүру, күнелту 
4. Табиғат – таусылмас шабыттың қайнар бұлағы
5. Жер-ана 
Денсаулық 
1. Құндылық 
2. Саулық, қажеттілік 
3. Өмір сүру, баю, гүлдену 
4. Денсаулық – кез-келген жастағы сұлулық 
5. Игілік 


67 
Барлығы тапсырылған тапсырмаларды орындап болғандығына көз жеткізгеннен 
кейін оқытушы қалаушыларға «Отбасы» тақырыбында бірнеше синквейндерді оқуын 
сұрайды. 
Үлгі жауаптар: 
Отбасы 
1. Отбасы 
2. Үлкен, тату 
3. Жақсы көреді, қамқор болады, өмір сүреді 
4. Отбасы – өмірлік құндылық
5. Қоғамның ұяшығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет