«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет55/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125
14. Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. 
Оқытушы оқушыларды 4 топқа бөледі. Әр топқа тапсырма беріліп, оларды 
талқылау және флипчартта жазу тапсырылады: 
1. Ата-аналардың құқықтары. 
2. Ата-аналардың міндеттері. 
3. Балалардың құқықтары. 
4. Балалардың міндеттері. 
Сонан соң топтар жұмыстарын таныстырады. 
15. «Отбасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары» атты оқытушының шағын-
дәрісі. 
Ата-аналық құқықтық қатынастар бала мен оның әрбір ата-анасының арасында 
туындайды және құқықтар мен міндеттер ата-аналарда да, балаларда да болғандықтан 
екіжақты сипатта болады.
Ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгілі бір ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқық пен тең міндеттерге ие. 
Бірақ, бала заңды некеде туылды ма, жоқ па оның қатысы жоқ.
Екіншіден, ата-аналық құқық уақытпен шектелген. Бала кәмелеттік жасқа толғанда 
немесе кәмелеттік жасқа толмаған балалар толық қабілетсіздікке ие болғанда ата-
аналардың құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
Үшіншіден, ата-ананың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында 
баланың мүддесінің басымдылықтары сақталуы қажет. Ата-ананың мүддесі баланың 
мүддесіне кереғар болып жатуы – өмірде жиі кездесетін жағдай. Баланың тәрбиесімен 
айналыспай, ата-аналар кәмелетке толмағандардың құқықтарына шек қояды.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің төртінші ерекшелігі - ата-аналар өзге 
адамдардың алдында өз балаларын тәрбиелеуге құқығының артықшылығының болуы.
Өз балаларын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құқықтары мен міндеттері өзіне 
мыналарды қосады: 


64 

өз балаларының дамуы мен тәрбиесіне деген құқық; 

өз балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және 
адамгершілік дамуына қамқорлық жасау міндеті. 
Сол уақытта, заң ата-аналарға балаларына қатысты келесідей әрекеттерді жасауға 
тиым салады: 

балалардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізуге; 

баланың адамгершілік дамуына залалын тигізуге; 

адамдық намысты таптайтын, дөрекі, қатал, немқұрайлы қарым-қатынасқа 
байланысты баланы тәрбиелеу тәсілдерін қолдануға; 

баланы қорлауға; 

балаларды жұмысқа жегуге. 
Ішкі және халықаралық заңнамалардың ережелеріне сәйкес, әрбір бала отбасылық 
қатынастардың аясында келесідей ережелерге ие: 

тегін, есімін, әкесінің атын алуға;

отбасында тәрбиеленуге және өмір сүруге, ата-анасын білуге; егер бала ата-
анасынан алыс тұратын болса немесе солардың біреуімен тұратын болса, ата-
анасымен, туысқандарымен араласуға, сондай-ақ, егер ата-аналары әр түрлі 
мемлекеттерде өмір сүретін жағдайда болса, отбасымен қауышуға, қажет жағдайда 
- елден шығуға немесе елге кіруге рұқсатнама алуға; 

өз ата-анасының және отбасының басқа да мүшелерінің қамқорлығын 
қабылдауына;

ата-анасынан және оларды алмастырушылардың қамқорлығын алуға және егер 
бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, мемлекеттен қамқорлық алуға; ата-
анасы немесе оларды алмастырушылары тарапынан қиянат етілсе, намысын 
қорғауына және құрметке ие болуға; 

ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен, басқа да 
туысқандарымен қарым-қатынас жасауға;

өзінің жеке ойын айтуға.
Балалардың міндеті 

әрбір кәмелетке толмаған бала негізі орта білімді алуға міндетті; 

кәмелетке толмаған ер жыныстылар әскери тіркеу мен әскери қызметке дайындық 
түрінде әскери міндетті алады; 

17 жастағы кәмелет жасына жетпегендер тіркеуге тұруға байланысты әскери 
шақырту бойынша баруға міндетті, сонымен қатар, жаңа тұрғылықты жері туралы 
хабарлауға, әскери тіркеуден алынып, жаңа тұрғылықты орынға көшуіне 
байланысты екі апталық мерзімге әскери тіркеуге тұруға міндетті. 
Отбасындағы зорлық. 
Сонымен бірге, кейбір отбасыларда отбасының ересек мүшелеріне де, балаларға да 
қатысты зорлық түрінің әрқалай жағдайы орын алып жатады: 
- отбасындағы физикалық зорлық – жапа шегушінің өліміне әкелетін немесе әкелген, 
денсаулығына физикалық немесе психикалық бұзылушылықтар, оның ары мен намысын 
қорлаған ұру, дене зақымдары сияқты отбасының бір мүшесінің екінші бір мүшесіне 
ойластырылып жасалған зорлығы;
• отбасындағы сексуалдық зорлық – басқа бір отбасы мүшесінің жыныстық дербес 
құқықтығына екінші бір отбасы мүшесінің құқығына қайшы қол сұғушылық әрекеттер 


65 
жасауы,
сонымен бірге, отбасының жасы кәмелетке толмаған мүшесіне қатысты 
сексуалдық сипаттағы әрекеттер; 
• отбасындағы психологиялық зорлық – отбасының бір мүшесі екінші бір мүшесінің 
психикасын сөзбен қорлау немесе қорқыту, ізін аңду, үрейін алу, сияқты әсерлермен 
зорлық көрсету түрі, оның салдарынан эмоциялы сенімсіздік, өзін қорғауға қабілетсіздік 
және психикалық денсаулыққа зиян тигізуі;
• отбасындағы экономикалық зорлық – отбасының бір мүшесінің екінші бір мүшесін 
үйден, тамақтан, киімнен және басқа да мүліктік құралдардан ойластыра айыруы, ол 
заттарға жапа шегушінің толық заңдық құқысы бар, ондай жағдай оның өліміне, 
денсаулығының физикалық немес психикалық бұзылушылықтарына әкеліп соқтырады.
Қайда хабарласу керек? 
Егер сіз отбасылық зорлықтың құрбаны болсаңыз, онда ең алдымен келесідей 
құрылымдарға хабарласыңыз: 
- учаскелік милиция инспекторының қызметіне;
- кәмелеттік жасқа толмаған жастар ісі бойынша комиссияға, оның уәкілеттілігі мынадай 
жағдайларға жүреді: егер отбасындағы зорлық құрбаны немесе жасы 18-ге толмаған басқа 
бір адамға зорлық жасалу қауіпі шын мәнінде төніп тұрса;
- кәмелеттік жасқа толмағандарды қамқорлыққа алу және қорғау органдары; олар 
өздеріне қатысты отбасында зорлық жасалудың нақты қауіпі төніп тұрған немесе 
жасалынған, сот тәртібі бойынша олар қабілетсіз деп танылған ата-анасы бар және 
отбасында тұратын кәмелеттік жасқа толмағандардың, жетім балалардың және отбасы 
мүшелерінің құқықтары бұзылған жағдайда, оларды қайта қалпына келтіріп, заңдық 
мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
- отбасындағы зорлық құрбандары үшін арнайы мекемелер, оларға мыналар жатады: 

отбасындағы зорлық құрбандары үшін психологиялық, педагогикалық, медициналық 
және заңдық көмек көрсетуді ұйымдастыратын, сондай-ақ, зорлықтың құрбандары 
болатын немесе болған отбасы мүшелеріне уақытша пана беру мүмкіндіктерін 
ұсынатын психологиялық, педагокүйзелістік орталықтар (күйзеліс орталықтары); 

отбасындағы зорлық құрбандарын медико-әлеуметтік айықтыру орталықтарына, сол 
орталықтың медициналық комиссиясының шешімінің негізінде (олардың келісімімен 
немесе олардың өтініші бойынша) жапа шегушілер орналастырылады. Бұл 
орталықтарда емделуге және психоәлеуметтік айығуға қажетті мерзім аралығында 
бола алады.
Қазіргі уақытта елде 28 күйзеліс орталықтары жұмыс істейді, олардың қызметі қауіпті 
күйзеліс жағдайындағы немесе зорлыққа ұшыраған әйелдерге арнайы 
мамандандырылған кешенді көмек көрсетумен (заңдық, психологиялық, әлеуметтік, 
медициналық және т.б.) байланысты.
Кейбір күйзеліс орталықтары әйелдер мен оның балаларына өз ғимараттарынан пана беру 
мүмкіндіктеріне ие. Зорлық құрбандары хабарласып, көмек сұрауға алатын күйзеліс 
орталықтарында сенім телефондары бар. Орталықтың көмегі анонимді, құпия және 
тегін. 
Қазақстан бойынша Алматыда алғашқы «ЕрАзамат» қоғамдық бірлестігінің базасында ер 
адамдардың әлеуметтік тұрақты топ өкілдеріне арналған күйзеліс орталығы ашылды. 
Күйзеліс орталығының міндеті – гендерлік теңдікке қол жеткізу арқылы азаматтық, 
демократиялық қоғамды қалыптастыру, гендерлік стереотиптерді жеңу және күйзеліс 
жағдайларына түскен ер адамдарға көмек көрсету.
«Құрбылар» күйзеліс орталығы
Сенім телефоны: +7 727 303-39-26 
Жазыңыз: info@podrugi-centre.kz 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет