12. «Ми шабуылы». Ерте жастағы некелер. Оқушыларға 3 сұраққа жауап беру ұсынылады:
1.Неке деген не? Шамалы жауаптар:
Неке – бұл еркек пен әйелдің арасындағы отбасылық ерлі-зайыптық
қатынас.
Неке «бақыт» сөзімен байланысқан.
Неке моральдық қанағаттану, сенімділік сезімін және ертеңгі күнге деген
тұрақтылықты береді.
Неке өмірдің бақытты болуын және балалардың анасы мен әкесінің
болуының да кепілдігі болып табылады.
Балалар үшін неке – бұл апасының әкесімен бірге тұруы, олардың
ұрыспауы, олардың әрқашан күлімдеп тұруы және сыйлықтар беруі.
Неке – бұл жалғыздықтан қашу мақсатындағы екі адамның біріккен одағы.
Неке – бұл тұрақтылықтың, жылылықтың, жайлылық пен сенімділіктің
сезінуі.
Неке – бұл үлкен жауапкершілік пен үлкен еңбек. Дегенмен, бәрі бір
жасалса, онда ол тұрақтылық, сенімділік пен қорғаныш сезімін де береді,
әлеуметтік мәртебе береді, ол да маңызды.
Неке көптеген жас адамдар үшін болашақ жоспарлардың бөлінбес бөлігі
болып табылады.
2. Сіздердің көзқарастарыңыз бойынша неке қай жаста ерте болып саналады? Үлгі жауаптар:
14-16 жастағы неке.
15-17 жастағы неке.
18-жасқа толғанға дейінгі неке.
Ерте неке – бұл адамдар отбасы үшін жауапкершілік алуға дайын
болмауы.
Ерте неке – бұл жас жұптардың ата-анасының көмегінсіз өмір сүре
алмауы.
Ерте неке – бұл көп жағдайда ересек адамдардың ойынын- ойнау.
Дегенмен, асығудың қажеті жоқ, 18-19 жас – мұндай шешімдерді
қабылдауға әрқашан жеткілікті жас болып табыла бермейді.
68
13. «Ерте жастағы некелер мен оның салдары» мультимедиалық презентациясының