ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // – М., ИЯШ, 2001, №2. – С. 24-
28.
2. Білім заңы. – Алматы, 2007 ж.
3. Андреев В.И. Проблемы педагогического мониторинга качеств. образования // – М.,
Известия Российской академии образования, 2001, №1. – С. 86-90.
4. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,
2000.
5. Дмитриева Е.И. Основная методическая проблема дистанционного обучения
иностранным языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет // – М.,
ИЯШ, 1998, №1. – С. 27-32.
6. Маткин В.А. Обоснование ценностно-синергетического подхода к подготовкам
специалиста-профессионала // – М., Вестник высшей школы, 1999, №6. – С. 63-67.
7. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка // – М., ИЯШ 2000, №3. –
С. 34-37.
Резюме
Дилдаева Ж.У., магистрант
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Роль информационно-коммуникативной технологии в обучений английскому
языку
В статье раскрывается специфика использования современных видео материалов как
средств развития образовательных технологий. Особое внимание уделяется организации
содеятельности субъектов образовательного процесса, использованию инновационных
технологий при обучении иностранному языку.
Ключевые слова: мультимедийное обучение, интерактивный подход к обучению,
информационная технология, интернет, компьютер, электронное обучение, интерактивная
доска, электронные учебники.
Summary
Dildayeva Zh.U., undergraduate
(c. Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
The role of information and communication technologies in teaching english
The article deals with the specificity of using modern video resources as a mean of developing
educational technologies. Particular attention is paid to the organization of educational process
subjects’ co-activity, and the use of innovative technologies in teaching foreign languages.
Keywords: multimedia teaching, interactive approach to training, information technology,
internet, computer, e-learning, interactive board, electronic textbooks.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
80
ӘОЖ 372.8:811.111=111
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
М.Д.Елжанова, магистрант
С.А.Асқарова, ф.ғ.к. доцент, ғылыми жетекші
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында кез
келген орта санатты мектеп оқушыларының ең жоғарғы деңгейде шет тілін оқып үйренуге
толық мүмкіншілік жасау қажеттілігін баса көрсетті. Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы
баланы жан-жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту,
оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру мәселелерін жан-жақты шешу
қажеттілігі туындап отыр. Мектеп оқушыларының бойында жacырып жатқан қасиeттерінің
біpі – өмір сүруге тікелей әсеp етуші шығармашылық қaбілеті. Мектеп мұғалімінің басты
міндеті – осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оны дамытып, жетілдіру.
Түйін сөздер: шығармашылық, қабілет, оқу-тәрбие, зерттеу, әдістеме, оқушы, мектеп,
іс-әрекет, дидактика, ойын, меңгеру, әдіс-тәсілдер, тәжірибе, дағды.
Шығармашылық қабілетті дамытy мәселесі қай кезде де тіл мамандары мен
ғaлымдардың назарындағы өзекті мәселе болып келеді. Психологтар шығармашылық
қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды,
өйткені шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі оның қайталaнбайтындығымен, бірегейлігімен
ерекшеленеді.
В.Маяковский «Мұғалім ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар
ынтасымен атқара білуі керек» – деп тұжырымдаған, олай болса, оқушының өзіне сенімін
арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы түрленген, жан-жақты
болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болca,
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы
сезіміне, ынта-ықыласына әсер ететіндей болуы міндетті. Сабaқ құрылымы көп түрлі оқыту
әдістерімен, мұғалімнің дайындығымен, ізденісі жоғары деңгейде болуымен анықталады.
Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс-тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген
қызығyшылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ
үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушылар ынтасын
арттыратын сұрақ қою, тапсырмалардың орындалу нәтижелерін тексеру, ой таласын жасау,
танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.
Әрбір ұстаздың міндеті жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып
жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына дарыту дара тұлғаның пікірі арқылы адам
психологиясы мен қоғам өмірін жақындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен
байланыстыру. Бәрімізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-
өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылаp отырады. Әрине, қандай жұмыс болсын оның
нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Оқушы шығармашылығын дамытуда
оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып қана қоймай, оны ізденімпаздыққа тәрбиелеу
қажет.
Ағылшын тілі пәнінде шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін
тапсырмаларды қолдану, оқушыны ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін
игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі
кеңінен көтерілуде. Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан
туындайды. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек, жаңа
нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Осыған орай
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
81
мұғалімнің өзі де шығармашылықпен тұрақты айналысып, дәуір көшінің өзгерістеріне ілесе
алатын болуы тиіс.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сaбақтан тыс
уақытта дaмытуда ағылшын тілінен жүргізілген үйірме жұмысы оқушылaрдың ой-өрісін
кеңейтіп, тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Ағылшын тілінде сөйлеуге төселіп, сөздік
қоры молаяды, оқушылардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілік сезімі оянып,
қызығушылығы артады. Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектiсі ғана
емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейдi. Оған жігерлілік, жаңа
жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен
адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне
сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр
оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты
шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылар шығармашылық тапсырмаларды меңгеру үшін төмендегідей шaрттар
орындалуы керек:
-
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу, яғни,
баланы балабақша кезеңінен бастап, мектеп бітіргенге дейін үзбей шығармашылыққа
баулып, қиялын, ақыл-ойын, басқа да қабілеттерін дамыту;
-
Шығармашылық жұмыстар оқушының ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне
жетіп, біртіндеп өзіндік ойлау деңгейінің биіктеп шыңдала түсетіндей дәрежеде болуы керек;
-
Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы
жағдай туғызу;
-
Логикалық ойын жүргізу, сөзжұмбақ, ребус пен жұмбақ шешу, мақал-мәтелді
орынды қолдана білуге баулу;
-
Еркін тақырыпта әңгіме құрастыру, оқиғаға тән көрініс, суреттерге сюжет құру.
Оқушы сол көріністерді қиялмен, суретпен, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс
істейді.
Осындай шарттар жүйелі түрде орындалса, оқушының шығармашылық тапсырмаларды
жақсы меңгеріп қана қоймай, оның шығармашылыққа деген қызығушылығы арта түседі.
Жүйелі шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілет дамытуда берілетін
тапсырмалар сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталған жаттығулар, сөздікпен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс – сөздерге сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар. Сөздің мағынасын
жан-жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді.
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін
көрсетсек:
-
өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
-
пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
-
өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қою;
-
жолдасының жауабына пікір айту;
-
сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
-
үлгерімі нашар сыныптастарына көмек көрсету;
-
үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
-
өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
-
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
-
өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін
талдау;
-
танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы
орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп
өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігі: сабақ құрылымының
ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
82
танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту
уақытының үнемделуі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:
-
Стрела әдісі: Әртүрлі тапсырмалар беру, диалог, шағын әңгіме құрастыру оқушының
танымдық білімін толықтыру.
-
Бумеранг әдісі: Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру,
оқушының зейін-зердесін танымдық мәнге аудару.
-
Лоскутная: Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер
ұйымдастыру.
-
Бейне диктант: Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен
жеке жұмыс істеуге талпындыру.
-
Ынталандыру және әсерлендіру әдісі: Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну.
Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.
-
Оқытудағы практикалық әдістер: Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог, мәтін
бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана
білу.
Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:
-
Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына
үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.
-
Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау: Оқушыны
өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой
тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.
-
Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер: Техникалық пайдалану, түрлі
ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге
асыру.
Заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым
тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте оқытушының тез ойлап, шұғыл шешім
қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса
бастайды. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты
көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді. Оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттыруға арналған ойындар төменде корсетілген:
«What is this?» «Мынау не?» ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын,
ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген
затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не
туралы екенін анықтаулары керек.
Мұғалім: «This is a toy. The size and color of this toy can be different. It can be big and
small. The boys like this toy very much. They play different games with it». Бұл ойынды әртүрлі
нұсқада ұжым болып та, топтарда да қолдануға болады. Ең негізгісі – оқытушыны дұрыс
меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас
заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше
рет қайталауға болады.
Мұғалім: «Pencil. It is blue-gооd, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we
cannot put it in the bаg – bad. Бұл тапсырма арқылы оқытушылардың объективті дүниені тану,
диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен
санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен
талдай білуге үйренеді.
Oйынның келесі түрі қиындау, бірақ өте қызықты. Бұл ойынды жүргізу үшін арнайы
дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында
күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі
өлшемдерінің бірі – білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады. Мысалы,
«Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді дайындап,
оқушыларға үлестіру керек. Оқушылар мәтіндегі сөйлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
83
белгілерін қою кажет. Мысалы, «Where did you get it?» When uncle Peter came to their house,
mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the
room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth
and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.
«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріліп, сол сөздерді орны
орнына қойып, алдымен сөйлем, содан соң оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
Мұғалім: «A thirsty boy». A boy along a road was walking. was thirsty He. sаw a swimming pool
He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came
to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The boy and was angry the
store left.
«Мәтін құра». Белгілі бір тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған
сөйлемдер беріледі. Оқушылар сол сөйлемдерді рет-ретімен қойып, жүйелеп айтып беру
керек.
«Hobbies». Terry likes reading a book. He has a sister. His favourite subject is English
literature. He knows two languages, English and French. He doesn’t like people who smoke.
«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған
сөйлемдер беріледі, астына сұрақтарын жазып қою керек. Оқушылар сол сұрқтарға жауап
боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.
«Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қою керек.
Балалар сол сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіменің тақырыбын белгілеуі қажет. Мұғалім:
Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?
«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп немесе сынып тақтасына
үлкейтілген түрін іліп қою керек. Суреттің астына сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар сол
сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап беру керек. Мұғалім: When was she ill?
What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does
she feel today? Why is she staying in bed?
«Әңгімені аяқта». Берілген тақырыпқа байланысты жазылған әңгіменің бас жағына
мұғалім 2-3 сөйлем жазып қояды. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.
«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer
the seaside», George smiled at his brother.
«Сөздердің антонимдерін тап». Greedy-kind clever-silly. Sly-naive fast-slow. Cowardly-
brave strong-weak.
Шығармашылықты pөлдік ойындар арқылы да дамытуға болады. Рөлдік ойындар
барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп
ойнайды. Біліктілік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рөлдік ойындардың берер көмегі
өте көп:
1. Рөлдік ойынның өзіне тән қасиеті – бaсынан бастап оның «сөйлеу» ретінде
жүргізілуі.
2. Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.
3. Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелеpдің үлгісі
екендігі.
4. Рөлдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмыcының жасанды емес, шынайы түрде
жүргізілy мүмкіндігi.
Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады.
Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез келген нәрсені
еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін
нәтиже:
-
Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
-
Жеке тұлға өз жұмысының нәтижесін көре алады;
-
Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
-
Ой-өрісі дамиды;
-
Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
84
Қорытынды. Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес
атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез
келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі
күтілетін нәтиже:
-
Тіл байлығы, сөздік. Жеке тұлға өз жұмысының нәтижесін көре алады;
-
Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
-
Ой-өрісі, танымдық қабілеті дамиды;
-
Лексикалық қоры молайып, сөйлеу мәдениеті арта түседі;
-
Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін,
әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін
дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму
дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде
қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыруға болады. Осындай
ойындар мен тапсырмаларды шетел тілі сабағында қолдана отырып, оқушылардың
логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген
қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс
жасауға ынтасын көтеру болады. «Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз
өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзі өте орынды айтылғанын мақала желісі
дәлелдеп тұр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ахмедиева А.Т. Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
Ағылшын тілі мектепте. 2011 ж. – Б. 32 б.
2. Ахметқалиева Г. Шығармашылық жұмыстар.// Қазақстан мектебі. 2011 ж. – Б. 24.
3. Тұрысбаева А. Дамыта оқыту технологиясы.
4. Жасыбаева А. Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері.
Ағылшын тілі мектепте. 2010 ж. – Б. 43.
5. Жексенбаева Б. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004 ж.
7. Ксензова. Г.Ю. Перспективные школьные технологии. Учебно-методическое
пособие. – Москва, 2001 г.
8. Сарузенова Ғ. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық пен ізденіс
қабілеттерін дамыту. [электронник ресурс] адрес http://www.baiandama
.
Резюме
М.Д. Елжанова, магистрант
С.А.Аскарова, к.ф.н., доцент, научный руководитель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Развитие творческих способностей учащихся на уроках иностранного языка
В данной статье рассматриваются аспекты развития творческих способностей, а также
приводятся примеры использования заданий и упражнений, способствующих активизации
творческого потенциала учащихся, направленного на развитие интеллектуальных качеств и
творческих способностей школьников.
Ключевые слова: развитие креативности, творческие способности, творческий
потенциал, творческое мышление.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
85
Summary
Yelzhanova M.D., undergraduate,
Asskarova S.A., candidate of philology sciences, scientific supervisor
(c. Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Development
of students’ creative abilities at the foreign language lesson
This article discusses aspects of the development of creative abilities, as well as provide
examples of assignments and exercises, helps to activate the creative potential of students, aimed at
the development of intellectual skills and creative abilities of students.
Keywords: development of creativity, creative abilities, creative education, creative thinking.
ӘОЖ 373.3:004
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ
Достарыңызбен бөлісу: |