Яков Гавердовский қазақтың кәдуілгі құқығы туралы («Жеті жарғы» жайлы алғашқы жазба дерек) (Қайрат Әлімжан, заңгер)



бет11/23
Дата13.04.2023
өлшемі100,58 Kb.
#82402
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Яков Гавердовский қаза

[Көшіп қону туралы]
«…Какой порядок имеют роды при перекочевках в общем между собою отношении
Киргизцы во время общей перекочевки имеют таковой порядок, что все роды переходят как бы в одной параллели с тем, дабы не потерять выгодные места для паствы, могущие легко быть заняты неурочными киргизцами; в сем и соблюдают они большую строгость. Всякое отделение для зимних кочевьев имеет определенные места, а частью и для летних, и владеют оными как собственностью каждого; никто из посторонних, кроме собственного хозяина уже пользоваться ими не может; в противном же случае рождаются баранты…».[45]
«…Өзара қарым-қатынас шеңберінде рулардың көші-қон тәртібінің реттелуі туралы
Жалпы бір жерден басқа жерге көшкенде қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] бірыңгай тәртіппен жүреді. Бұл тәртіп бойынша, әр ру бір параллельмен (яғни басқалармен қиылыспай) жүргендей болады, бұның мақсаты мал бағуға қолайлы жерлерден айрылып қалмау, өйткені ондай жерлерде басқа беймезгіл қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] оп-оңай орналасып алуы мүмкін. Бұл тәртіпті олар қатаң сақтайды. Рудың әр тармағының (бөлімшесінің) қыстауға арналған арнайы жері болады, кейбір кезде арнайы жайлау жерлері де бар, бұл жерлерге олар меншік сияқты иелік етеді; сол иелерден басқа бөтен адамдардың оны пайдалануға қақылары жоқ, бұл жағдай бұзылатын болса жәбірленген жақ барымтаға шығады…».
«…Кочевые места каждая часть сего народа присваивает себе в непосредственную собственность. Занятие оных киргизцами иного отделения производит между ними часто великие несогласия. Сие право владения ведут они из давних времен: «На сем месте кочевали деды наши, говорят киргизцы, - как мог тот аул разбить на оном свои кибитки». Таковые их обитания составляют вообще как бы особые полосы земли, тянувшиеся от севера к полудню, сообразно расположению зимних и летних местокочеваний.
Во время перекочевки аулов весною, в юге обитавших, к северу, а северных - к югу и осенью обратно, киргизцы строго наблюдают между собою порядок, служащий к сбережению паств для каждого времени года. Все части орды тянутся тогда обыкновенно в приличном расстоянии между собою и почти параллельно; аулы же одного рода или отделения следуют всегда друг за другом, переходя по временам задние вперед, а сии, оставаясь сзади, дабы выгодами привольных мест, пользоваться могли все попеременно…».[46]
«…Көші-қон жерлерін бұл халықтың әр бөлігі өз меншігіне[47] иемденіп алады. Ол жерге басқа руға жататын қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] келіп қонған жағдайда жиі үлкен дау-жанжал шыққан. Осы жерге иелік ету құқығын олар ежелгі заманнан таратып дәлелдейді: «Бұл жерде біздің ата-бабаларымыз көшіп жүрген, − дейді қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.], − анау ауылдың ол жерде өз үйлерін тіккені қалай?». Осындай көші-қон қоныстары жер үстіндегі ерекше жолақтар құсап терістіктен түстікке дейін, яғни жайлау мен қыстау қоныстарының орналасқанына орай, созылып тұрады.
Ауылдар көшу барысында көктем шыға түстікте болғандар терістікке қарай, терістікте болғандар түстікке қарай, күз келе кері бағытта жүреді және де қашанда әр жыл мезгілінде шабындық жерлерінің сақталуына жағдай жасайтын тәртіптерін қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] өзара қатаң қамтамасыз етеді. Орданың әр бөлігі өзара айтарлықтай қашықтықта және дерлік қиылыспай созылып көшіп жүреді; бір ру немесе ру тармағының (бөлімшесінің) ауылдары бірінің артынан бірі ілесіп көшіп жүреді, құлпырған жерлерді ортақтаса және кезектесе пайдалану үшін кейбір кезде арттағылар алға шығып кетеді, ал алдыңғылар артта қалады…».
«…Зимние кочевья избирают заблаговременно, каждый аул имеет оные при известных урочищах и сохраняет как нечто наследственное и драгоценное…».[48]
«…Қыстау қоныстарын алдын ала таңдап белгілеп қояды, әр ауылдың ыңғайлы жерде сондай қоныстары болады және бұны олар мұрагерлік жолымен алғандай өте асыл зат құсап қастерлеп сақтауға тырысады…».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет