Яков Гавердовский қазақтың кәдуілгі құқығы туралы («Жеті жарғы» жайлы алғашқы жазба дерек) (Қайрат Әлімжан, заңгер)


[Қазақ қоғамының әлеуметтік және ру-аумақтық құрылымы туралы]



бет14/23
Дата13.04.2023
өлшемі100,58 Kb.
#82402
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
[Қазақ қоғамының әлеуметтік және ру-аумақтық құрылымы туралы]
«Султанство в Киргизской степи есть звание наследственное, и происходит от ханского поколения. Дальнейшие ханские родственники получают ходжинское достоинство. Бии суть судьи, князья и красноречивые люди. Батыри, по нашему богатыри, суть храбрые наездники и военачальники, а старшины есть правители родов. Они часто получают сей титул от российского начальства; но сии последние редко имеют уважение; большее же предпочтение между киргизами воздается людям отличающимся набожностью, богатством и великим семейством».[60]
«Сұлтандық Қырғыз [Қазақ. - Қ.Ә.] даласында мұрагерлік жолымен берілетін атақ және хан ұрпағынан бастау алады. Ханның кейінгі туыстарына қожа мәртебесі беріледі.[61] Билер судья [төрелік етуші]), кінәз [ел бастайтын ақ сүйек адам] және шешен адам болады. Батырлар, біздіңше - богатырлар (баһадүрлер), ержүректі шабандоз және қолбасшы болады, ал басшылар (старшындар) ру басқарушы болады. Олар бұл лауазымдарды жиі Ресей бастықтарынан алады; дегенмен, осы соңғылары сый-құрметке сирек бөленеді; қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] дінге берік, байлығы және саны үлкен отбасылары бар адамдарды әлдеқайда артық көріп сыйлайды».
Бұл сөздеріне қарағанда, Гавердовский қазақ қоғамының жалпы жағдайымен, оның ішінде қоғамның әлеуметтік жіктелуімен де әжептәуір таныс болған. Дегенмен, қожалар туралы сөзін ескерсек, Гавердовскийдің еңбегі қателерден ада емес екенін және де ол зерттеуші ретінде қазақтарды бүге-шігесіне дейін білген жоқ деп қорыта аламыз, өйткені, мәмелен, қожа мен төрелерінің неке арқылы араласқанымен түбінде екі дербес әлеуметтік топ екені тарихтан және әдебиеттен белгілі.
«…Киргизские аулы состоят всегда из нескольких семей, соединенных воедино союзом родства или общею безопасностью. В первом случае, оными управляют старшие родственники, а в другом - особые избранные бии или отличные старшины, приобретшие доверенность народа чрез искусное решение споров и посредством храброго защищения общества, а иногда и чрез большое семейство. Впрочем, всякий киргизец совершенно волен, никакие обязанности не подчиняют его ни под какую власть, кроме права сильного. Он может беспрепятственно оставить своего начальника, приклониться к другому и перейти на новое кочеванье. Случается, что таковой отшелец, набрав себе партию, делается сам бием…».[62]
«…Қырғыз [Қазақ. - Қ.Ә.] ауылы әрқашан туыстық одағы не ортақ қауіпсіздік негізінде бірлескен бірнеше отбасыдан тұрады. Бірінші жағдайда оларды жасы үлкен туыстар басқарып отырады, басқа жағдайда - дауларды мінсіз шешу және жамағатын батыл қорғау, ал кейбір кезде үлкен отбасы арқылы халық сеніміне ие болған арнайы сайланған билер немесе мықты басшылар (старшындар) басқарады. Дегенмен, әр қырғыздың [қазақтың. - Қ.Ә.] еркі тек өз қолында, күштінің құқығы болмаса біреудің билігіне мойынсұну деген оның міндеті жоқ. Керек бола қалса, ол еш кедергісіз өзінің қазіргі бастығын қалдырып, басқа біреуге сүйеніп, жаңа жерге көшіп кете алады. Кейбір кезде осындай бөлініп кеткен көшкін өз маңына жақтастарын жинап алып өзінше би болып алады…».
Гавердовскийдің осы жазғаны қазақ дәстүрлі қазақ қоғамының негізгі ережесін ап-айқын көрсетеді. Яғни, сол кездегі қазақ қоғамындағы бостандық және теңдік әрбір қарапайым қазақтың арам не озбыр басқарушыға көнбей еркін көшіп кетуге құқығымен қамтамасыз етілген.
«[По смерти Чжингис-хана в 1227 г….] Каждая орда, племя и малое владение имели особых своих ханов, подчиненных ханам целой страны. А сии, хотя были совершенно самодержавны, однако же, всегда отдавали некоторое предпочтение преемникам орды Могольской, в прямой линии от Чжингис-хана идущим».[63]
«[1227-жылы Шыңғыс хан қайтыс болған соң] әр жүз, тайпа және кішкене иеліктің бүкіл елдің хандарына қарайтын ерекше өз ханы болды. Ал әр ұлыс хандары өзінше толық егемен (дербес) болғанымен Шыңғыс ханнан тікелей тарайтын Моңғол ордасының мирасқорларын басқалардан артық көрген».
«…все связи народные и общественные основаны у киргизцев единственно на личной безопасности. Сии причины, соединив несколько семей, составили аул, или улус, руководствуемый старейшим и почтеннейшим из среды их. Несколько таковых улусов, сближенных родством и управляемых особым бием, составляют удел (тюбя). Несколько уделов составляют отделение (аймак), которые иногда имеют взаимные вражды и многих начальников. Отделения сии составляют уже род (руу), а иногда роды и отделения, соединясь смешанно, составляют как бы особые части орды…».[64]
«…қырғыздарда [қазақтарда. - Қ.Ә.] бүкіл халық бүтіндігі және қоғамдық байланыстар тек жеке қауіпсіздік негізінде жүзеге асырылады. Бұл себеппен бірнеше отбасы ұйымдасып ауылдың немесе ұлыстың негізін салады, бұны олардың арасынан шықкан жасы ең үлкен және ең сыйлы адам басқарады. Туыстық негізінде біріне бірі жақын және дербес би басқаратын бірнеше ұлыс төбені[65] құрайды. Бірнеше төбе тармақ (аймақ) құрайды, мұнда кейбір кезде өзара жауыздық та, көптеген бастық та болады. Ал осы тармақтардан (аймақтардан) ру тұрады, ал кейбір кезде рулар мен тармақтар (бөлімшелер) аралас ұйымдасып орданың [жүздің. - Қ.Ә.] ерекше бөліктерін қалыптастырғандай болады…».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет