[Жиындар және басқа қоғамдық істер туралы] «…О празднествах при поминках умершего… …При сем случае киргизцы и начальники разных родов имели советы о народных делах и в обидах друг против друга делали взаимные разделы и удовлетворения, так что съезд сей, как и подобные ему обращаются в общественные суждения, каковых без того никогда бы у киргизцев не было…».[49]
«…Қайтыс болғандардың құрметіне ас беру туралы… …Бұндай жағдайларда қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] және түрлі рулардың бастықтары халық істері жөнінде кеңес ұйымдастырып болған дау-шарларды реттеп өзара бөліс ұсынып мүдделес жақтарды қанағаттандыруға тырысқан. Осыған байланысты бұндай жиын және сондай сияқтылары да қоғамдық талқылауға айналған. Бұндай жиындар болмағанда, талқылаудың ретін де қыргыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] таба алмайтын еді…». Бұған қарағанда, қазақ қоғамында жүйелі түрде болған ас, той сияқты жиындардың барысында (шеңберінде) дау-шар, дау-дамай секілді құқықтық мәселелер қаралып шешімін тапқаны анық. Бұны осындай жиындардың қоғамдық (әлеуметтік) функцияларының бірі деуге болады. «Советы киргизские производятся обыкновенно в поле, сидя на траве в больших кругах или верхами. Старший в собрании прежде всех имеет право предлагать свое мнение, которое все слушают спокойно до окончания. Потом начинают говорить другие, с такою же плавностью, как и первый. Даже самый простой киргизец может придти в круг и объяснить мысль свою. Нередко сие вначале тихое советование переменяется в шум, а иногда приходит к концу с дракою на плетях».[50] «Қырғыздар [Қазақтар. - Қ.Ә.] кеңестерін әдетте далада үлкен алқа қотан құрып өлең-шөп үстінде отырып немесе төбелерде жоғары қарай қатарласа отырып өткізеді. Жасы үлкен ағасы жиынға өз пікірін бірінші болып білдіруге қақысы бар, оның сөзін бәрі байсалдылықпен соңына дейін тыңдайды. Бұдан кейін басқаларға да алғашқы құсап бірқалыпты сөз айтуға болады. Бұл алқа қотанға ең қарапайым қырғыздың келіп ойындағысын айтып жеткізуге қақысы бар. Салмақты басталған осындай пікір-талас жиі у-шуға ұласып қамшы пайдаланатын төбелеспен аяқталады». Осы жазуда дәстүрлі қазақ құқығының кемінде екі негізгі қағидаты көрініс тапты. Біріншіден, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген ереже. Бұл қағидат қазақтың дат айту қағидасымен тығыз байланысты болған. Және де, екіншіден, қазақ құқығы (заңы) әрбір еркек кіндікті қазаққа ортақ немесе заң алдында барлық ер кісілер тең құқықты деген ереже. «…Главнейшие народные собрания составляются между киргизцами только во время войны, при посылке ко двору российскому депутатов и при избрании хана. Последнее бывает наиболее прочих любопытно. В прежние времена по смерти хана каждый аул и почти каждая семья избирала из среды своих доверенных людей и посылала оных на общий совет в определенное место; но ныне участвуют в советах все без разбору, и место собрания по большей части располагается близ российских границ, дабы правительство могло иметь при сем случае свое влияние. Когда киргизцы для выбора хана со всех сторон соберутся, и многие ближние роды прикочуют туда со своими аулами, тогда начинаются взаимные угощения. Солтаны, желающие взойти в любовь народа, истощают все способы, дабы удовлетворить алчность посетителей; а дети покойного хана дают торжество в память своего родителя. В продолжение сих увеселений между тюбями и аймаками идут суждения. Сперва оные начинают два сословия, кара-суяк и ак-суяк, т.е. простолюдины и дворяне. Потом нарочито собирают родовые советы, где из среды себя избирают почтеннейших людей, долженствующих в общем собрании решительно согласиться о назначении владетеля народа. Накануне условленного для выбору дня, посреди обширного поля, где назначено будет собраться совету всей орды, стелятся войлоки и ковры. Пред солнечным восходом собираются туда все старейшины, солтаны и депутаты, которые садятся в порядке по старшинству родов. Солтаны имеют под собою белый войлок, как знак их достоинства. Народ, стекаясь толпами, располагается по частям в некотором от сего места отдалении. После сего начинается совет, он не всегда оканчивается в один день, ибо иногда в случае несогласия относятся с мнением к народу и собирают от него голоса. Но как скоро определяют, кому быть ханом, то все присутствующие в совете встают и нового державца подымают на войлоке. Отстоящие толпы лишь только заметят сие провозглашение, тотчас пускаются верхами во весь дух и, бросаясь с лошади, устремляются носить или, лучше сказать, качать избранного хана. Шум и смятение делается всеобщим; войлок, на котором его поднимали, с дракою разрывают на мелкие части; все стараются достать лоскуток оного для засвидетельствования по возвращении в свои жилища, что участвовали при выборе ханском. Спустя несколько дней, новый владетель делает торжественное угощение, по окончании которого все собрание разъезжается. После сего хан вступает во все права, сему званию приличные, и орда признает его беспрекословно; но по уставленному учреждению в делах пограничных, он не имеет еще сего звания, покуда посланные к российскому двору депутаты не исходатайствуют высочайшего на выбор сей утверждения…».[51] «…Басты халық жиындарын қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] тек соғыс кезінде, Ресей патшасына өкілдерін жібергенде және хан сайлағанда ұйымдастырады. Хан сайлауға шақырылған жиын солардың ішінде ең қызықтысы. Бұрынғы заманда хан қайтыс болғаннан кейін әр ауыл және дерлік әр отбасы сенімді өкілдерін сайлап оларды алдын ала белгіленген жерде өтуге тиіс жалпы кеңеске аттандырған; дегенмен, қазіргі кезде бұндай жалпы кеңеске өкіл болған-болмағанына қарамастан кез келген кісі қатысатын болды және [орыс] үкіметі бұл жағдайда өз ықпалын көрсете білсін дегендей ниетпен жиынды көбінесе Ресей шекарасына жақын маңда шақыратын болды. Осы кеңеске әр тараптағы қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] жиналысымен және жақын маңдағы рулар ауыл-ауыл болып көшіп келгенімен дереу өзара барыс-келіс, қонақ күту басталады. Халықтың көңілін аулап жүрген сұлтандар ашқарақ қонақтарын күтуге тырысып құрақ ұшады; қайтыс болған ханның бала-шағасы әкелерінің құрметіне ас береді. Осы салтанатты жиындар барысында түрлі аймақ пен ұлыстың арасында талқылау кеңес-келіссөздер де болады. Бұндай талқылауды бастайтындар екі негізгі топ - қара-сүйек пен ақ-сүйек, яғни қараша мен асылтұқымдылар. Бұдан кейін ру кеңестерін де шақырып өткізеді және сонда жалпы кеңеске қатысуға лайық кісілер ретінде ең құрметті адамдарын сайлайды. Хан сайлау күнінің қарсаңында бүкілқазақ жалпы кеңес өтетін жерде жазық даланың ортасында киіз-кілемдер жайылады. Күн шықпай сол жерге ақсақалдар мен сұлтандар және сайланған өкілдер жиналып әр рудың үш жүз жүйесіндегі мәртебесіне қарай рет-ретімен орналасып отырады. Сұлтандар ерекше мәртебелеріне орай ақ киізге отырады. Ағылып келген қарапайым халық бұл жерден аулағырақ топтасып орналасады. Бұдан кейін кеңес басталады, кейбір кезде ұзаққа созылып ол бір күнде бітпей қалуы да мүмкін, өйткені ортақ пікірге келе алмаған жағдайда халық қалаулылары ел-жұрттарына барып ақылдасады. Дегенмен, кімнің хан болуга лайық екенін шешкен соң, кеңеске қатысушылар орындарынан тұрып жаңа билеушіні ақ киізге отырғызып көтереді. Аулағырақ орналасқан топ-топ халық бұны байқаған соң, дереу шауып келіп аттарынан түсіп сайланған ханды көтерісуге ұмтылады. Ақыры, жаппай айқай-шу көтеріліп, ығы-жығы халық өзара таласып, төбелесіп, хан отырған ақ киізді жыртып, ұсақтап, талап әкетеді; бұның мақсаты ауылдарына қайтқанда хан сайлауына қатыстым деп мақтану үшін соның дәлелі ретінде ақ киіздің бір тілімін өлердей тырысып, жыртып алып көрсетеді. Бірнеше күннен кейін жаңа билеуші мал сойып, кеңеске қатысушыларын салтанатты түрде күтіп шығарып салады да кеңес сонымен тарасады. Осыдан кейін хан хандық құзыретіне ие болып, бүкіл орда оған сөзсіз қарайды; дегенмен, шекара істері жөніндегі мекемесінің жарғысы бойынша, Ресей патшасына жіберілген өкілдер осы сайлау натижесінің мәртебелі тақсырдың жоғары шешімімен бекітілуін сұрап алғанша сайланған кісіге хандық лауазым тиесілі емес…».[52]