Яков Гавердовский қазақтың кәдуілгі құқығы туралы («Жеті жарғы» жайлы алғашқы жазба дерек) (Қайрат Әлімжан, заңгер)



бет19/23
Дата13.04.2023
өлшемі100,58 Kb.
#82402
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Яков Гавердовский қаза

«…Бұл жерде қатындарды басқа мұсылмандарға қарап қалың [қалың мал. - Қ.Ә.] деген атпен белгілі сауда-саттық арқылы табады…».
«…Между богатыми случается, что детей сговаривают еще тогда, когда они бывают в колыбели; сей союз часто имеет основанием со стороны отцов разные виды, т.е. окончание бывшей между фамилиями распри, или для соединения в родство двух сильных колен, или для поддержания прежней между семействами дружбы.
Сватовство всегда начинается чрез доверенных людей, а иногда и сами отцы, увидевшись друг с другом, полагают условие о сочетании малолетних, назначая количество калыма[80]* и срок к выплате оного. После сего условия духовная особа, а в небытие оной старший из присутствующих, приподняв руки, что исполняют и все тут находящиеся, читает вслух молитву, какую на сей случай вздумать или сам по соображению обстоятельств сочинить мог, прося бога, дабы малолетние возросли, родители были живы и согласие между ними хранилось непрервано, а, наконец, все при произнесении Еллоге Екбер, потирают лицо и бороду и тем оканчивают обряд сговора.
При договоре сем обыкновенно бывают избранные с обеих сторон два или три свидетеля, которые до самого дня свадьбы составляют лицо посредников и судей; чрез них идут все сношения, и в случае распри они рассматривают ее причины и взыскивают для правого воздаяния, т.е. если виновные при сем случае найдутся со стороны жениха, то сверх калыма налагается на них посредниками особая еще пеня; а если со стороны невесты, то лишают ее всего калыма, а получают также немалую пеню скотом и другим имением; а в случае невыполнения сего их приговора употребляют баранту, почему во всех съездах отдают сим посредникам первое место, и в заключении брака подносят богатые подарки.
По окончании сговора, если обстоятельства и расположение аулов дозволят, назначается общественное торжество, на которое приглашаются из других уделов знакомые и, смотря по богатству, делаются пиры и другие увеселения, как-то: конские ристания, стреляние в цель из лука, бегание, борьба и проч.…
Ежели кто из нареченных окончит жизнь прежде соединения, то калым с вычетом 5-й части возвращается…
От сговоренных не скрывают брачного условия, и даже стараются возбуждать их друг к другу привязанность…».[81]
«Бай адамдар кейбір кезде өз балаларын әлі бесіктен шығармай тұрып атастырып қояды; бұндай одаққа отағасылар әртүрлі ниет-мақсаттарымен барады, атап айтқанда, отбасылар арасындағы дау-жанжалды бітіру үшін немесе екі ықпалды және ауқатты отбасының туыстық қарым-қатынасқа түсуі үшін немесе отбасылар арасында болған бұрынғы достықты жандандыру үшін.
Құдалық әрқашан сенімді адамдар арқылы басталады, кейбір кезде отағасылардың өздері кездесіп, қалыңмал[82]* мөлшері мен төлеу мерзімін белгілеп жасы кішкене балалардың некелесуі жөнінде [құйрық-бауыр жесіп. - Қ.Ә.] уағдаласады. Бұдан кейін дін қызметшісі, ал ол болмағанда - жасы ең үлкен кісі қолдарын көтеріп, оған қарап басқалар да қолдарын көтереді, дауыстап осы жағдайға лайықты белгілі немесе өзі шығарып соны бата-тілегін оқиды; батасында жасы кішкене балалардың ер (бой) жетіп өскенін, ата-аналарының аман-сау болғанын және өзара тату-тәттілік мәңгі болғанын Құдайдан тілейді, ақырында, «Аллаһу Әкбар» дегенде, бәрі беттері мен сақалдарын қолдарымен сипап сонымен уағдаласу рәсімін бітіреді.
Әдетте, осы келісім жасасқанда әр тараптан сайланған екі не үш куә болады, олар некелесу тойы өткенше дәнекер мен төрешілер болады; осы кісілер арқылы барлық ауыс-түйіс өткізіледі, қандай да дау-дамай пайда бола қалса, олар оның себептерін анықтап, әділдікті қалпына келтіреді, егер кінәлілер күйеу бала жағынан болса, қалыңмалға үстеме ерекше айып төлеттіреді, кінәлілер қалыңдық жағынан болса, қалыңмалды түгел қайтарып алады және бұған қоса мал-мүліктен тұратын елеулі айып өндіріп алады; олардың үкім-шешімдерін қылмысты жақ орындамаса, дәнекерлер барымтаға шығады, осыған байланысты бұл дәнекерлерді әр жиындарда ең жақсы орындарға жайғастырады және жастардың некелері қиылғанда, ең жақсы сыйлықтар соларға тиесілі.
Қолайлы жағдай болса және ауылдардың орналасуы тиімді болса, уағдаласу рәсімі біткен соң салтанатты той-жиын ұйымдастырылады. Бұған басқа жерлерден де той иелерінің ауқаттылығына қарай жақын-таныстары шақырылып, той-думан болып, ат бәйгесі, садақ ату, жүгіру, күрес және т.т. түрлі ойын-жарыстар өткізіледі…
Егер атастырылғандардың біреуі некелері қиылмай қайтыс болса, қалыңдық жағы қалыңмалдың бестен бірін өздеріне қалдырып, басқасын қайтаруға міндетті…
Атастырылған балалардан әкелері неке уағдасын жасырмайды, қайта оларға бірін бірі жақсы көруіне барынша жағдай жасауға тырысады…».
«…Султан Бегали, по случаю просватания новорожденной своей дочери за полуторагодовалого сына султана Ширгази, в первых числах июля давал торжественное угощение, на которое и мы приглашены были...».[83]
«Бегалы сұлтан[84] жаңа туған нәресте қызының Шерғазы сұлтанның[85] бір жарым жасар ұлына атастырылуына байланысты шілде айының алғашқы күндері салтанатты той-жиын ұйымдастырып, бізді де шақырды…».
«…Приданое составляет неотъемлемую собственность тех жен, за которыми оно было получено. Киргизки рачительно пекутся об умножении оного, ибо довольствуясь приобретаемою от того прибылью, могут иногда жить гораздо роскошнее, чем другие их подруги[86]*. Они делают между собою взаимные посещения и нередко приглашают к себе мужей своих; при сем случае, будучи убраны в чистое платье, поставляют ему лучшие яствы, дарят его одеждою и с тщательностью приуготовленными мужскими нарядами. Равно и мужья, с своей стороны, дарят их марьянами, бусами, корольками и прочими уборами.
Младшие жены ни в каком случае не имеют права жаловаться на несправедливость мужей; он самовластный их господин, может даже из прибыли передавать их другому. Но байбича не подвержена порабощению, она имеет даже право при посредстве родственников, оставя мужа, удалиться к своему семейству без всякого за то удовлетворения…».[87]
«…Жасау [ретінде келген мал-мүлік] тұрмысқа шығып келген қызға тиесілі болып, сол қатынның ажырамас меншігі болады. Қырғыз [қазақ. - Қ.Ә.] қатындары жасауларын ыждағаттылықпен көбейтуге ұмтылады, өйткені содан көретін табыстарының арқасында олар күндестеріне[88]* қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүріп тіршілік етеді. Олар біріне бірі қонақ болып түседі және жиі ерлерін өздеріне шақырады; қонақты күткенде таза киімдерін киіп, ең жақсы тамақ дайындап береді және ұқыптылықпен тігілген ерлер киім-кешегін тарту етеді. Ерлері өз кезегінде сыйға маржандар мен моншақтарды, асыл металды түйіршіктерді және т.с.с. бұйымдарды береді.
Қандай жағдай болса да, тоқалдар ерлерінің әділетсіздігі жөнінде ешкімге арыздана алмайды; ерлері олардың ешкімге қарамайтын толыққанды әміршісі болып, кейде басқа біреуге қоса салуы да мүмкін.[89] Керісінше, бәйбіше дегендері бұндай жағдайға душар болмайды, қажет болса әр бәйбішенің туыстарының дәнекерлеуімен ерін қалдырып және оған есесіне ештеңе бермей төркініне қайтуға қақысы бар…».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет