«…О воинском состоянии, образе ведения войны и проч. Ремесло военное признается киргизцами благородным, а от сего и весь вообще народ оным занимается. Кто в силах управлять оружием, всегда должен носить при себе меч или, по крайней мере, нож, и по первом позыве родоначальников являться к ополчению. Испытанная храбрость и предприимчивость дает право быть предводителем, а общий глас народа определяет их жребий. Прежде, когда в ордах господствовал порядок, каждый род на случай войны имел особенного цвета знамя или кусок бумажной материи, навязанной на пику. В отделениях, или аймаках, и тюбях были также распределены значки, цветом соответствующие родовому знамени. Они во время битвы служили вместо кормила для ратоборствующих. Толпы следовали всегда около своих знамен; где они видимы были, там более теснились воины и производили жестокую сечу. Как скоро воинство теряло их из глаз, то рассеивалось в беспорядке, считая себя побежденным. Нередко отважная храбрость и искусство от управлявших таковыми знаменами давала случай выигрывать сражение над сильными неприятелями…».[68] «…Әскери жағдай, соғыс жүргізу амалдары туралы және т.т. Әскери жұмысты қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] алал деп түсінеді, халықтың түгелімен осы кәсіппен айналысатыны сондықтан болып отыр. Қару қолдана білетін әр кісі қашанда өзімен бірге семсерін немесе ең болмағанда пышағын алып жүруі тиіс және рубасылардың бір шақырғандарымен келіп жасаққа қосылуы міндетті. Батырлық істерімен шыныққан және іскерлігімен танылған ер азамат басшы болуға лайық, сондайлардың басшылық тағдыры халық талқысына түсіп көпшіліктің ортақ пікірімен шешіледі. Бұрынғы заманда, ордаларда қатаң тәртіп үстемдік құрғанда, әр рудың соғыс кезінде пайдаланылған ерекше түсті туы немесе найзаның ұшына байланатын қағазды матаның кесіндісі болған. Аймақтар мен төбелерде түстері ру туымен бір түстес белгішелер болған. Солар (тумен бірге) ұрыс кезінде жауынгерлердің жетекшісі іспетті болды. Сарбаздар әрқашан өз тулары қасында табылып жүрген; тулар көрінген жерде жауынгерлер ылғи көбірек топтанып, қаһарланып, еш мейірімдері қалмай кескілескен. Тулар көрінбей кетсе жауынгерлер өздерін жеңілгендей сезініп бытырап қашқан. Кейбір кезде туларды ұстап ұрысқа катынасқандардың көзсіз ерлігі мен әскери өнерлері ғана күші басым келетін жауды да жеңуге мүмкіндік туғызған…». «По закону киргизскому не должно никогда друг противу друга употреблять оружие, как и противу всех магометан».[69] «Қырғыз [қазақ. - Қ.Ә.] заңы бойынша, [қазақтарға] біріне бірі қарсы және де бүкіл мұсылмандарға да қарсы қару-құрал пайдалануға болмайды». «По закону киргизскому не должно никогда друг против друга употреблять оружие или производить смертоубийства без формальной войны, что наблюдают они и против всех магометан».[70] «Қырғыз [қазақ. - Қ.Ә.] заңы бойынша, ресми соғыс болмай [қазақтарға] біріне бірі қарсы қару-құрал пайдалануға және адам өлтіруге болмайды, бұл ереже бүкіл мұсылмандарға да қатысты».[71] «…С нашей стороны ранено было 6 человек, а о неприятеле ничего достоверного сказать не можем, ибо они, так как и все азиатцы, раненных и убитых не оставляли на поле сражения…».[72] «Біздің жақтың 6 адамы жарақат алды, ал дұшпандарымыз туралы рас ештеңе айта алмаймыз, өйткені олар бүкіл азиялықтар құсап жарақат алған және өлтірілгендерін ұрыс алаңында қалдырмады…».[73]