[Қонақасы әдет-ғұрпы немесе «бөлінбеген енші» туралы] «…Гостеприимство почитается между киргизцами за долг священный. Они столь строго исполняют сию общую их обязанность, что открытый враг, заехавший в аул, принимается как гость (куняк). Путешествователи из их соотечественников повсюду довольствуются без платы. Здесь богатый угощает всем, что есть лучшего, а неимущий делится последним бедным куском своим…».[97] «…Меймандостықты қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] қастерлі міндет, яғни парыз деп біледі. Осы жалпыға ортақ парызды олар соншама қатаң орындап өтеп жүр, мәселен, қас дұшпан бір ауылға соқтығып қалса оны қонақ (мейман) деп құрақ ұша күтеді. Өз араларынан шықкан саяхаттаушы отандастары бар жерде ақысыз қонып және тамақтанып жүреді. Бұл елде түскен мейманға бай ең жақсысын ұсынса, кедей барын аямайды…». «…Гостеприимство, можно сказать, осталось одно из всех нравственных добродетелей, господствующими между кочевыми народами. Его наблюдают здесь со своими соотечественниками все без изъятия. Неприятель, в день самой брани, прибыв к кибитке своего врага под видом гостя, найдет у него пристанище. Месть падет на главу того семейства от всего сообщества, который не успокоил странника, искавшего себе покрова. Если бы случилось, что хозяин имеет на гостя иск, то и тогда не прежде оный требует как дав ему время отдалиться от жилища или по 3-дневном угощеньи».[98] «…Көшпелі халықтардың басшылыққа алатын өнегелі адамгершілікке жататын қасиеттерінің бірі ретінде меймандостық қана қалды деуге болады. Өзара қарым-қатынастарында бұл ережені бүкіл қазақ еш ауытқысыз сақтайды. Айқас күні қас жауының үйіне қонақ болып түскен адамды иесі қондырып күтеді. Пана іздеп келген жолаушыны қайтарған отағасының сазайын бүкіл жамағат болып тарттырады. Отағасының қонаққа келген кісінің үстінен түсірген және бітпеген дау-шағымы болса да, қонағы үйінен алыстап кеткенше немесе оны үш күндей күтіп баққанша еш талап қоя алмайды». Мұнда Гавердовский қазақта бұрыннан қалыптасқан меймандостық және «бөлінбеген енші» жөнінде ережелерді баяндайды. Бұл институт туралы басқа зерттеушілер де жазған.[99] Басқа дереккөздермен салыстырғанда, Гавердовскийдің бұл институттың кейбір ерекше жаңа маңызды сипаттамаларын көрсетеді. Атап айтқанда, мәселен, қонақты міндетті түрде күту мерзімі үш күннен аспау керек деп жазады. Демек, әр қазақ түскен қонақты үш күн күтіп, одан кейін жайына жібере алады және осы қылығы үшін, құқық бойынша, еш жауап көтермейді. Осы әдет-ғұрыпқа байланысты қазақтың мына ескі сөзін (мақалын) келтірсем артық болмас: «Қонғанша қонақ ұялады, қонған соң үй иесі ұялады».[100] Бұл мақалға қарағанда, қонақасы әдет-ғұрпында екі тараптың да (қонақ пен отағасының) ұят сақтап, өз құқығын басқа тарапқа зиян келтірместей етіп пайдаланып басшылыққа алынған қағидаты болған. 27.01.08 - 31.07.10