Яков Гавердовский қазақтың кәдуілгі құқығы туралы («Жеті жарғы» жайлы алғашқы жазба дерек) (Қайрат Әлімжан, заңгер)


[Отбасы және ер мен әйел адамның қарым-қатынасы туралы]



бет18/23
Дата13.04.2023
өлшемі100,58 Kb.
#82402
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Яков Гавердовский қаза

[Отбасы және ер мен әйел адамның қарым-қатынасы туралы]
«…Там, где почитается за священный долг разумножать семейство, где долговременная привычка, соединенная с выгодами общежития и хозяйства, многоженство делает необходимым, там может ли уменьшиться род человеческий? Притом известно, что у кочевых народов по количеству семейства составляется спокойствие, оборона, богатство и благосостояние отцовское, а от сего то, можно сказать, и неограниченное многоженство было всегда важнейшим у сих народов постановлением как в вере, так и в законах…
Нам самим неоднократно случалось видеть, что даже и между киргизцами находятся семейства, в которых сынов и внуков с женским полом простирается до 200 человек, у которых сам отец или дед был еще в самом лучшем состоянии своего здоровья. Тот, кто имеет у себя не более 10 [детей], не заслуживает между ними никакого уважения…».[74]
«…Отбасыны көбейту парыз деп білетін жерде, бұрыннан қалыптасқан әдет ортақ тұрмыс пен шаруаның игіліктерімен біте қайнасқан жерде көп қатын алу тіршілік қажеттілігіне айналып адам баласының саны азаюы мүмкін бе? Оның үстіне, біздің білуімізше, көшпелі халықтарда тыныштық, қорғану қабілеті және отағасының байлығы мен ауқаттылығы отбасы санына байланысты, сондықтан да шектеусіз көп қатын алу дәстүрі сол халықтардың діндерінің де, заңдарының да ең маңызды ережесі болды…
Қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] арасында да ұл-балалар және немерелерінің саны әйел затымен бірге 200 жуық адам болатын отбасылардың бар екенін мен бірнеше рет өз көзіммен көрдім. Және де сол отбасылардың әке не аталарының денсаулығының жағдайы әлі сыр бермеген. Бала саны оннан аспайтын адамдар оларда еш сый-құрметке татымайды…».
«…Черты лица у здешнего женского пола от мужского несколько отличны. Сие происходит, сколько можно приметить, наиболее от того, что киргизцы стараются иметь жен из пленных калмычек, считая их хорошими хозяйками и проч. …».[75]
«…Жергілікті әйел адамның бет әлпеті ер адамдікінен біршама ерекшеленеді. Менің байқауымша, бұл жағдайға келтірген ең ыктимал себебі қырғыздардың [қазақтардың. - Қ.Ә.] тұтқын қалмақ әйелдерін шаруаға өте икемді және т.т. деп қатындыққа алуға тырысуы болса керек…».
«…Женщины с таким же удовольствием и так же ездят верхом, как и мужчины. Нам нередко случалось видеть молодых девиц, ристающих вместе с отличными наездниками и довольно отличающихся искусством в скачке и стрелянии в цель из лука…».[76]
«…Әйел адамдар ер кісілер құсап рахатпен атқа мініп жүреді. Ең мықты шабандоз жігіттермен бәсекеге шығып және ат шабу мен садақ атуда шеберлік көрсете білген жас қыздарды талай көргенбіз…».
«…У киргизцев свободное обхождение мужчин с женщинами не воспрещается, как у других мусульман. Последние, не участвуют только при общественных собраниях и советах. Девицы иногда из дикой застенчивости закрывают часть лица платками, привязывая оные к верхнему концу своей шапки. Оба пола живут в одних кибитках, особливые бывают только у самых богатейших и то для невесты…».[77]
«…Басқа мұсылмандар кұсап қырғыздар [қазақтар. - Қ.Ә.] ер кісілер мен әйел адамдардың өзара еркін қарым-қатынасқа түсуге тыйым салмайды. Әйелдер тек қоғамдық жиындар мен кеңестерге қатыспайды. Кейбір кезде әсіре ұялшақтықтан қыздар жүздерін бас орамалдарымен жартылай жауып, орамалдарын бас киімдерінің ұшына байлап қояды. Ер адамдар мен әйел адамдар ортақ киіз үйлерде тұрады, әйелдерге арналған арнайы киіз үйлер тек ең бай адамдарда болады, соның өзінде ондайларды тек қалыңдықтарға тігіп қояды…».
Зерртеушінің қазақтардың қалмақ әйелдерін қатын қылып алуы туралы жазғанынан қазақ құқығы ер адамдарға қазақ емес және мұсылман емес әйелдермен некеге отыруға рұқсат еткенін көруге болады. Және де жоғарыдағы сөздерге қарағанда бұндай аралас (ер кісі қазақ және әйел адам - қалмақ (не қазақ емес)) некелер сол кезде жаппай құбылысқа айналған деп болжауға болады. Керісінше, қазақ әйелдерінің басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаны туралы автор ештеңе айтпайды.
«Под названием семьи, или кибитки, разуметь должно здешнее общество, соединенное узами крови под отеческим правлением старшего из них. В таковом семействе бывает иногда до 20 и более душ одних мужчин…».[78]
«Отбасы немесе бір киіз үй дегеніміз жасы үлкен адамның әкелік басқаруымен тіршілік ететін қандас байланысы бар жергілікті жамағат болады. Бұндай отбасында кейбір кезде тек еркек кіндіктілер саны 20 және одан да көп болады…».
«…Жены получаются здесь, последуя примеру прочих магометан, чрез куплю, известную под именем калыма…».[79]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет