«заманауи сын-тегеуріндер мен қОҒамның жаһандану жағдайында қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық Ҽлеуеті»


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет16/69
Дата06.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#7955
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69

«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

бағдарламасын  іске  асыру  аясындағы  шарада  елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 



Назарбаевтың  сөйлеген  сөзінде:  «Адамзат  тарихының  күретамыры  –  мәдениет,  ал 

мәдениеттің  күретамыры  –  адамзаттың  ақыл-ойы  мен  іс-әрекетін  дүниеге  әкелген 

материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың 

болмасын  өзге  жұртқа  ұқсамайтын  бөлек  болмыс-бітімін  даралап,  өзіндік  тағдырын 

айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, 

жаны,  ақыл-ойы,  парасаты»  -деп  айтып  кеткендей  [1.1б].Сонымен  бірге  елбасымыздың 

Қазақстан халқына ұсынған «Мәңгілік ел» жобасында бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ 

деген  ұранмен  Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру 

тұжырымдамасында  белгіленген  басымдылықтардың   бірі,  ХХІ  ғасырдағы  дамыған 

белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты  ел  қалыптастыру.  Барлық  дамыған  елдердің 

сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын 

жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2015-2030 жылға қарай орта білім жүйесінде 

жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне 

жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды 

оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау 

машығын  игеру  болуға  тиіс.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту 

әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды деген болатын. 

Қоғамның  бүгінгі  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  даму  деңгейі  адамның  барлық 

шығармашылық  саласында  жаңа  ғылыми  технологияны  пайдалануды  талап  етуде 

технологияны пайдалану болса мамандарға арналған әртүрлі бағдарламалық қүралдардың 

пайда  болуына  байланысты  туындап  отыр.  Ұстаз-педагог  білім  беру  іс-әрекетінің 

субъектісі  ретінде  оқытудың  небір  жаңа  әдіс-тәсілдерін,  формаларын  жүзеге  асырушы 

басты  тұлға.  Ол  үшін  бірінші  кезекте  компьютерлік  графиканы  және  компьютерлік 

дизайнды  жоғары  дәрежеде  меңгерген  оқытушылармен    қамтамасыз  ету  жағы 

қарастырылған  жөн.  арасында  ізденіс  пен  шығармашылық  байланыс  оң  ықпал  етеді. 

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның 

дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа 

талаптар  мен  міндеттер  қойып  отыр.Осыған  орай  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдардың оқу-әдістемелік 

бірлестіктері туралы» бұйрығына сай «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің 

жұмыс  бағыттарының  бірінде  «Оқу-тәрбие  үрдісіне  оқытудың  жаңа  технологияларын 

енгізу» мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде[2]. 

қоғамның  әлеуметтік  өмірінің  жеделдеп  ақпараттандырылуы  мен  білім  беру 

жүйесінің  сапалы  түрде  ақпараттандырылмауы  арасында;  ЖОО-да  компьютерлік 

графиканы  және  компьютерлік  графика  арқылы  дизайнды  оқыту      студенттердің 

шығармашылық белсенділігін  арттыру кажеттілігі мен бұл проблеманың ғылыми түрғыда 

жеткіліксіз  зерттеліп,  арнайы  әдістемемен  қамтамасыздандырылмауы,  студенттердің 

шығармашылық  белсенділігін  пайдалануды  қажетсінуі  мен  осы  қажеттілікті 

қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қажетті білім мен біліктілікті меңгерту керек екендігі 

анық  байқалады.Сонымен  қатар  колледжде   нәтижеге  бағытталған  құзыретті  маман 

дайындауда арнайы пәндер бойынша білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру мақсатында 

игі  істер  атқарылып  жатыр.  «Технология  және  бейнелеу  өнері»  кафедрасында 

«технология»  және  «бейнелеу  өнері  және  сызу»  мамандықтары  бойынша  «Құрастыру 

және  үлгілеу  технологиясы»,  «Бейнелеу  өнерін  оқыту  әдістемесі»,  «Еңбекке  баулуды 

оқыту әдістемесі», «Материалды көркемдеп өңдеу», «Оқу шеберханасындағы практикум», 

«Композиция»,  «Сызу»  пәндерінен  студенттердің  ақпараттық  коммуникациялық 

технология  құзыреттіліктерін  арттыру  мақсатында   ашық  сабақтар,  тәрбие  сағаттары, 

сыныптан тыс тәрбиелік шаралар оздырылды.   2008 жылы  «Білім саласында ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  қолдану»  атты  облыстық  байқауда   ІІІ  дәржелі 


 

87 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



жүлделі орын алған «Топ студенті» тақырыбында озыдырылған тәрбиелік шара, «Қағазды 

көркем бүктеу. Оригами» тақырыбындағы  ойын сабақ (2007-2008),  «Пішім бөлшектерін 

дайындау  технологиялары.  Сән  журналы  арқылы  киімді  пішу»  (2009-2010),  «Бас 

киім.Өлшемін  анықтау»  (2010-2011),  «Мата  өнеркәсібі  туралы  түсінік.  Талшық 

материалдармен  жіппен,  матамен  жұмыс.  тоқымашылық»(2011-12)   «Гобеленді 

безендіру»,  «Жұмсақ  ойыншық.  Төртүлік  мал.  Түйе»,  онлайн  сабақ  (2012-13) 

тақырыптарында  әр  жылдарда  өткізілген  ашық  сабақтар  мен  «Жайна,  жаса  ару  қала 

АСТАНА!»  слайд-шоу,  «Талбесік»  -  ҚР  суретшілер  одағының  мүшесі,  әуесқой 

композитор  Қуандық  Мәдірмен  кездесу  (2008-2009),  «Ағайынды  Жардемовтар» 

тақырыбында  суретшілер  -  Нұрбек-Нұртай  Жардемовтармен  кездесу  (2009-2010), 

«Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп...»  (2013-2014)  тақырыптарындағы  тәрбиелік 

шараларда PowerPoint бағдарламасындағы мүмкіндіктерді, Windows Media (.wmv), дыбыс 

және бейне файлдарды тыңдау,  ACTIVstudio программасында ACTIVote қарапайым тест 

жүргізу, оқытушыға сабақты  қызықты  және  динамикалық  түрде  мультимедиялық 

құралдар  көмегімен  оқушылардың  қызығушылықтарын  тудыратындай оқуға  мүмкіндік 

беруде интерактивтік тақтаны  пайдалану мен үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды болды[3]. 

Компьютерлік  графика  мен  дизайынды  өзінің  арнайы  аспаптарымен  болашақ 

маман иелерінің шығармашылық әрекеттеріне, сондай-ақ жалпы және арнайы білім беру 

саласын да ерекше графикалық ақпараттық ортаны қалыптастыруда көмектеседі. ЖОО да 

топтың тәрбиелік шарада  студенттер өздері туралы бейне-баян жасаса, «Қағазды көркем 

бүктеу.  Оригами»  тақырыбындағы  ашық  сабақта,  ғаламтор  ресурстарын  пайдалана 

отырып,  түрлі  бұйымдарды   жасауда    студенттердің  іс-әрекетін  тез  әрі  жеңіл 

ұйымдастыруға бейне файлдардың пайдасы зор болса, ACTIVote құрылғысы арқылы  тест 

жүргізу   қас-қағым  сәтте  студенттердің  білімін  автоматты  түрде  тексеріп,  бағалауға 

мүмкіндік  берді.  Әрі  осы  сабақты  мемлекеттік  машық  кезінде  студенттерім  аудан 

мектептерінде өткізіп, қағаздан жасалатын бұйымдарды бейне файлдар арқылы үйретті. 

Көркемдік  шығармашылық  саласы  мамандарын  (суретші-дизайнер,  суретші-

график,  суретші-монументалист  және  инженерлік  т.б.)  даярлау  процесінде  арта  түседі, 

өйткені  ол  көркемдік-шығармашылық  іс-әрекет  процесіне  қажетті  түлға  қасиеттерін 

дамытудың  жетекші  құралы  болып  табылады.  Қазіргі  оқу  үрдісінде  жүріліп  жатқан 

костюмнің  стилдік  шешімдері  пәнін  негізге  ала  отырып  айтсақ:«Пішім  бөлшектерін 

дайындау  технологиялары.  Сән  журналы  арқылы  киімді  пішу»  тақырыбында  өткізілген 

сабақта  пішім  парағымен  қалай  жұмыс  жасау  керек?  деген  сұраққа  жауап   PowerPoint 

бағдарламасындағы  мүмкіндіктер  арқылы  түсіндірілді.  Таблицадағы  маңызды  сөздерді 

қабылдауды жеңілдету мақсатында студенттер білу керек ақпараттар түсті шеңберлермен 

қоршалып, қою динамикалық сызықтармен   ерекшеленді.  

Сәндік – қолданбары өнердеде жаңа инновациялық технологиялардан алшақ емес, 

сабақ  барысында  өткізілген  шығармашылық  сабақта  бұйымды  безендіру  тәсілдері 

ғаламтор ресурстары арқылы, анимациялық бейнелер арқылы толықты. Ашық, анық, түрлі 

безендіру  тәсілдеріне  келтірілген  мысалдар  студенттердің  тақырып  туралы  мол  ақпарат 

алуына  мүмкіндік  берді.  Ал  бұйымның  безендіру  эскизін  орындауда  студентер 

интерактивтік тақтаның мүмкіндігін пайдаланды.  

Әлеуметтік  іс-қимылдарда  нысананы  белгілеу,  бояу,  көшіру,  орнату,  біріктіру 

секілді іс-әрекеттің бейнежазбасын дайындау студенттерге оқу материалын қайта қарауға, 

пайдалануға,  таратуға  мүмкіндік  береді.  «Жұмсақ  ойыншық.  Төртүлік  мал.  Түйе» 

тақырыбында өткізілген республикалық-онлайн сабақта жаттығу жұмыстары интерактивті 

тақтада орындалса,   PowerPoint бағдарламасындағы мүмкіндіктер түйенің жасалу жолын 

анимациялық  бейнелер  арқылы  динамикалық  түрде  түсіндіруде  қолданылды. 

Анимациялар оқытушы тарапынан алдын ала дайындалады. Бұл дайындамалар бұйымның 

орындалу  кезеңіне  «кері  қайту»,  «қайта  қарау»,  қажет  жерін  «тоқтатып  қою»  еріктілігін 



 

88 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

қамтамасыз  етеді.  Ал  сабақтың  қорытынды,  бағалау  кезеңі  ACTIV  ote-та  тест 



тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асты. Бұл бағдарламаны пайдалана білу сабақты 

ұтымды қорытындылауға және топты түгел бағалауға мүмкіндік береді. 

Жалпы бейнелеу өнері саласында жаңа технологиялардың негізі болып табылатын 

бейнелеу  өнерінің  формасы  шынай  мазмұнын  жеткізе  біліуде  орны  бөлек.  Осы  тұрғыда 

Аристотель  «форма  мазмұны  рөлін  атқарған,  мазмұн  болса  ол  жаңа  катеория  есебінде, 

жаңа гносеологияға сүйене пайда болған»- дейді [4]. Ал, ұлы ойшыл атамыз Абайдың өнер 

тұрғысында    ұстанған  этикалық  әдеп-нормалары  арқылы  жеке  тұлғаның  адамгершілік-

рухани қасиеттерін  қалыптастыру мақсатында өткізілген «Адамзаттың бәрін сүй бауырым 

деп»  атты танымдық тәрбиелік шарада аудио және бейне файлдар қолданылды  Абайдың 

қара  сөзінің  дыбысталуын  тек  тыңдамай  оның  мәтінін  көзбен  көру,  оймен  оқу 

қарастырылып, әрі дыбысталуы тыңдаушыға әсерлі болуы үшін музыкалық фонмен және 

суреттермен  толығып  біртұтас  дидактикалық  дүниелер  жасалды.  Мұнда  ғаламторлық 

ресурстарымен  қатар  оқытушының  өзіндік  идеялары  толығып,  тыңдаушыға  қабылдау 

жеңіл болуы үшін аудио-бейне файл өңделіп, мысалы Абайдың 7 минуттық 17 қара сөзі  

«жүрек,  ақыл,  қайраттың  таласы»  және  «ғылымның  айтқаны»  деп  екі  бөлікке  бөлінді. 

Бейнелеу өнері мамандығы білімгерлерінің жаңа технологиялармен қатар заман талабына 

сайкесті  дәстүрлі  өнерді  кірістіре  біліуі,  тарихи  кезең  талаптарына  қарай  өзгеріу 

логикасының,  эстетикалық  идеалының,  көркемдік  дәстүрлерінің  өзгеріуімен  табиғи 

байланыста  екенін,  бүл  өзгерістердің  бәрі  тарихи  себептерін  қызығушылықпен  сараптай 

алу қабілеттерін қалыптастырудың маңыздлығы болып табылады[5.122б].  

Жаңа  коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  басты  мақсаты- 

оқушылардың  оқу  материалдарын  толық  меңгеруі  үшін  оқу  материалдарының 

практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында 

электрондық  оқулықтар,  тексеру  программалары,  оқыту  программалары  сияқты 

программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, 

ал  мұғалім  үшін  жұмысшы  болып  табылады.  Оның  қолданылуы  нәтижелі  болуы  үшін 

бағдарламалық  құралдар  толық  түрде  мұғалімнің  және  оқушының  алдына  қойған 

мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек. 

Бейнелеу өнері білімгерлері жәнеде басқа саладағы білімгерлер болсын, заманауи 

жаң  технологиялардың  білім  мазмұнна  келіумен  қатар  үгінде  біз  білім  беруді  одан  әрі 

ақпараттандырудың  екінші  кезеңіне  көштік,  ол  мазмұндық  тұрғыда  болады  және 

компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық 

негіздеріне  ауысуды  білдіреді,  мұнда  әрбір  оқушы  ақпаратқа,  қазіргі  ақпараттық 

технологияларға  назар  салып  қана  қоймай,  оны  тиімді  қолдана  білуі,  ғаламтор  желісін 

пайдалана алуы тиіс.Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан 

оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік 

байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  -  өздерінің  кәсіби 

потенциалдарының  қалыптасуына  жол  ашуы  керек.Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам 

аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту 

ісін  дамытатын  жалпы  заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық  технологиялардың 

тиімділігі жоғары деп есептейміз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1. Егемен Қазақстан газеті. 2007. 14 ақпан. Сәрсенбі. № 38(24615). 1-2 бет. 

2.КР  білім  беріуді  дамытудың  2005-2008  жылдарға  арналған  мемелекеттік 

бағыдарламасы. 2004. 11 қазан. –Астана. 

3.  http//zhooipk.kz/5b/337 – conf.html(интернет желісі) 

4. Аристотель. Сочинения. Тт. 1-4. М., 1976-1984. 


 

89 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



5.  Қамақ  Ә.,  Қалдыбаева  Г.  Бейнелеу  өнеріне  оқыту  әдістемесі.  Оқу  құралы.  –

Алматы. Орхон. -2014. -182б. 

 

 

ӘОЖ 347 



САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ 

 

Бимолдина И.Р. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,  Талдықорған қаласы,  

bimoldinaA@mail.ru 

 

Қазіргі  нарықтық  қатынастар  жағдайында  сақтандыру  шарт  жасасу  арқылы 

жҥзеге  асырылады.  Сақтандыру  шарты  сақтандыру  қҧқық  қатынасының  пайда  болу 

негізі  болып  табылатын  занды  факт.  Шарт  болып  екі  немесе  одан  кӛп  адамдардың 

азаматтық  қҧқықтар  мен  міндеттерді  белгілеу,  ӛзгерту  және  токтату  туралы  келісімі 

танылады. 

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын 

тӛлеуге  міндеттенеді,  ал  екінші  тарап  (сақтандырушы)  сақтандыру  жағдайы  басталған 

кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде ӛзінің 

пайдасына  шарт  жасалған  ӛзге  тҧлғаға  (пайда  алушыға)  сақтандыру  тӛлемін  тӛлеуге 

міндеттенеді. 

Сақтандыру  шарттық  қатынастарының  ерекшелігі:  сақтандырушы  шығаратын 

ережелерде  кӛрсетілген  жағдайларға  сақтанушы  қосылу  керек.  Ӛз  кезегінде 

сақтандырушы  заңның  барлық  талаптарының  және  оның  қызметін  тҧтынушылардың 

мҥддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын 

ӛкілетті мемлекеттік орган заңның бҧзылуын ережелерде кӛрсе, онда ол сол немесе басқа 

сақтандыру қызметін жҥргізуге лицензия (рҧқсат) бермеудің негізі болып есептеледі. 

Сақтандыру  ережелері  сақтандырушымен  сақтандырудың  әр  тҥрі  ҥшін  бӛлек 

дайындалады  және  сақтандырудың  тиісті  тҥрін  жҥргізуі  ҥшін  лицензияны  (рҧқсатты) 

беру  қҧқығы  ӛкілетті  мемлекеттік  органымен  келісуге  жатқызылады.  Шартта 

қарастырылмаған  жағдайларға  байланысты  даулар  пайда  болса,  онда  басшылыққа 

сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс. 

Сақтандыру  шартының  сипаттамаларын  қарастырайық.  Заңнамадағына  сәйкес 

сақтандыру  шарты  консенсуалды  болып  қаралады.  Қазақстан  Республикасының 

Азаматтық кодексінің 827-6абына сәйкес, шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын 

тӛлеген  кезден  бӛліп-бӛліп  тӛлеу  қарастырылса  бірінші  сақтандыру  жарнасы  тараптар 

ҥшін  міндетті  болады.  Іс  жҥзінде  жалпы  тәртіп  бойынша  сақтандыру  шарты  реалды 

тҥсінікті [1]. 

Сақтандыру  шарты  -  ақылы  шарт,  тараптардың  әрқайсысы  берілгеннің  орнына 

мҥліктік  қанағат  алады.  Сақтандырушы  тарапы  сақтандыру  сыйлық  ақылары  тҥрінде 

мҥліктік  қанағат  алады,  ал  сақтанушы  тарабы  болса  немесе  пайда  табушы  сақтандыру 

тӛлемін  алған  ретте  мҥліктік  қанағаттандыруға  қол  жеткізеді.  Сақтандыру  шартының 

ақылығы  сақтандыру  тӛлемі  барлық  жағдайларда  жасалмайтынына  қарамастан  сактала 

береді.Оның  орнатылуы  мен  алынуы  сақтандыру  шартын  жасау  кезінде  тарап-тардың 

ниетімен  қамтылады.  Сақтандыру  шарты  жағдайларына  қарамастан  жазбаша  нысанда 

жасалуы  керек.  Сақтандыру  шартының  жазбаша  нысанын  сақтамау  оның  сақтандыру 

шартын рәсімдейтін қҧжаттар арасында таңдауға мҥмкіншілік береді. 

Тараптар  шарттың  барлық  жағдайлары  кӛрсетілетін  бір  кҧжатты  жасап  оған 

колдарын қоя алады. Мҧндай шартты жасау жеке келісілген жағдайларға, бір-біріне сай 


 

90 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

келмейтін  тәуекелдерге  байланысты  сақтандыру  жасалғанда  қолданымдырақ  болып 



келеді. 

Сақтандыру  сақтанушыны  бір  жақты  тәртіпте  сақтандырушы  әзірлеген  ҥлгілік 

шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосылу жолымен де жасалады. Мҧндай шарт ӛзінің 

заңды  табиғаты  бойынша  қосылу  шарты  болып  келеді.  Азаматтардың  мҥддесіне  қарай 

сақтандыру жҥргізілсе (мҥліктерін, олардың ӛмірі мен денсаулығын ерікті сақтандыру), 

онда  шартты  сақтандырушының  сақтанушыға  сақтандыру  куәлігін  (полисті)  беру 

жолымен  жасау  жиі  кездеседі.  Сақтандыру  шарты,  шартты  жасауға  тараптардың  ерік 

білдіруін  дәлелдеуге  және  олар  барлық  елеулі  жағдайлар  бойынша  келісімге  келгенін 

білдіретін  жазбаша  қҧжаттармен  айырбас  жасау  аркылы  да  жасалуы  мҥмкін.  Шарттың 

бір  немесе  ӛзге  жазбаша  нысанының  арасында  таңдау  тараптардың  келісімімен  немесе 

сақтандырушымен жҥргі-зіледі. 

Қазіргі  азаматтық  заңнама  шартты  жалпы  полис  беру  аркылы  жасасу 

мҥмкіншілігін  де  қарастырады.  Шарттың    мҧндай    нысаны  сӛз  бір  текті  мҥліктердің 

әртҥрлі  партиясын  белгілі  кезең  ішінде  негізінен  бірдей  жағдайлармен  жҥйелі 

сақтандыру жӛнінде жҥрген жағдайда қолданылады. Содан баска, жалпы полис бойынша 

сақтандыруды  жҥзеге  асырудың  міндетті  талабы  болып  сақтанушы  мен 

сақтандырушының  арасында  келісімнің  болуы  келеді.  Сақтанушының  талабы  бойынша 

сақтандырушы  оған  жалпы  полис  әсер  ететін  мҥліктің  жеке  партияларына  бӛлек 

сақтандыру  полистерін  беріп  тҥруға  міндетті.  Жалпы  пол  иске  сақтандыру  полисінің 

мазмҥнына  сәйкес  келмеген  жағдайларда  артықшылық  сақтандыру  полисінде  болады 

(соған кӛңіл бӛлінеді). 

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  826-бабында  сақтандыру 

шартының    мазмҧны    анықталады.  Онда  мыналар  болуға  тиіс:  1)  сақтандырушының 

атауы, орналаскан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының (егер ол жеке адам 

болса), тегі, аты,  әкесінің аты (егер бар болса) және тҧрған жері немесе (егер ол заңды 

тҧлға  болса)  оның  атауы,  орналасқан  жері  және  банктік  реквизиттері;  3)  сақтандыру 

объектісі; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру тӛлемін жҥзеге 

асырудың  тәртібі  мен  мерзімдері;  6)  сақтандыру  сыйлық  акысының  мӛлшері,  оларды 

тӛлеудің тәртібі мен мерзімдері; 7) шарттың жасалу кҥні және қолданылу мерзімі; 8) егер 

олар  сақтандыру  қатынасына  қатысушылар  болса,  сақтанды-рылған  адам  мен  пайда 

алушы туралы кӛрсету; 9) шарттың (сақтандыру полисін) номері, сериясы; 10) шарттың 

жағдайларына  ӛзгерістер  енгізілетін  кездер  мен  оларды  енгізу  тәртібі;  11)  сатып  алу 

сомасын (жинақтаушы сақтандыру ҥшін) тӛлеудің шарттары мен оның мӛлшері. 

Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулі жағдайларына мыналар жататындығы 

туралы қорытынды жасауға болады, олар: 

- сақтандыру объектісі; 

- мҥмкін болатын сақтандыру жағдайы; 

- сақтандыру сомасы және сақтандыру тӛлемін жҥзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері; 

- сақтандыру сыйлық ақысының мӛлшері, оларды тӛлеудің тәртібі мен мерзімдері; 

5 )шарттың қолданылу мерзімі; 

6) 

шартты  ӛзгерту  тәртібі  бойынша  шартқа  ӛзге  де  елеулі  жағдайлар 



енгізілуі мҥмкін. 

Егер  сақтандыру  шартында  заң  актілерінде  кӛзделгендермен  салыстырғанда 

сақтандырушының  жағдайын  нашарлататындай  жағдайлар  болса,  онда  осы  заң 

актілерімен  белгіленген  ережелер  қолданылады.  Яғни,  сақтандыру  жӛніндегі 

нормалардың  диспозитивтігі  сақтанушының  жағдайын  жақсартатын  жағдайларға  ғана 

таралады.  Осыған  себеп  болып  жоғарыда  айтылған  сақтандыру  шартының  ерекше 

әлеуметтік  маңыздылығы  келеді,  азаматтардың  ажырамас  мҥдделері,  нарықтық  арнайы 


 

91 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



субъектілерімен  сақтандыру  компанияларымен  шарт  жасайтын  жеке  кәсіпкерлер  мен 

басқа да тҧлғалардың мҥдделері есепке алынуы қажет. 

Осыған  сәйкес  сақтандыру  шартында  кӛрсетілуге  тиісті  жағдайлардың  толық 

болмауына  байланысты  жауапкершілікті  сақтандырушы  атқарады.  Сақтандыру  шарты 

бойынша  жеке  жағдайлардың  толық  болмауына  байланысты  дау  пайда  болған 

жағдайларда, дау сақтандыру шының пайдасына қарай шешіледі. Бірақ бҧл ереже қайта 

сақтандыру шарттарына таралмайды. 

Шетелдік  қатысушылар  мен  заңды  тҧлғалар,  шетел  азаматтары  Қазақстан 

Республикасының  сақтандыру  (қайта  сақтандыруы)  ҧйымдарының  қатысушылары  бола 

алады.  Резидент  емес  сақтандыру  ҧйымдарының  қызметі  шектеледі.  Қазақстан 

Республикасының  аймағында  орналасқан  заңды  тҧлғалардың  мҥліктік  мҥддесін 

сақтандыру немесе оның жеке бӛлімшелерін және Қазақстан Республикасының резиденті 

болып  саналатын  жеке  тҧлғаның  мҥліктік  мҥддесін  сақтандыру,  тек  қана  Қазақстан 

Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру ҧйымымен жҥргізіледі. 

Сақтандыру  (қайта  сақтандыру)  ҧйымы  коммерциялық  ҧйым  болып  саналғанға 

қарамастан,  ол  жалпы  емес,  арнайы  қҧқық  қабілеттілігіне  иеленеді,  ал  арнайы  қҧқық 

қабілеттілік  коммерциялық  заңды  тҧлғаларда  ӛте  сирек  кездесетін  қасиет.  Сақтандыру 

ҧйымы  сақтандыру  қызметінен  бӛлек  ӛкілетті  мем-лекеттік  органның  нормативтік 

қҥкыктық  актілерінде  кӛзделген  тәртіппен  инвестициялық  қызметті  жҥргізуге,  тиісті 

жинақтаушы  сақтандыру  шартында  кӛзделген  сатып  алу  сомасы  шегінде  ӛзінің 

сақтанушыларына  қарыз  беруді  және  сақтандыру  ҧйымының  қызметінің  негізгі 

бағытымен тығыз байланысты кызметтерінің басқа да тҥрлерін жҥргізуге қҧқылы. 

Ӛз  мҥшелерінің  және  ӛзге  де  мҥліктік  мҥдделерін  сақтандыруды  жҥзеге  асыру 

ҥшін  ҧйымдастырылған  ӛзара  сақтандыру  коғамдары  коммерциялык  емес  ҥйымдар 

болып табылады. 

Қазіргі  заң  сақтандыру  ҧйымдарына  қызмет  кӛрсетуге  рҥқсат  беретін  шектерін 

анықтауға  қатаң  қарайтындығымен  ерекшеленеді.  Бҧл  ӛз  кезегінде  сақтандыру  ҧйымы 

қандай сақтандыру шарттарында сақтандырушы бола алатынына әсер етеді [2]. 

Қазақстан  Республикасының  аймағында  сақтандыру  ҧйымының  қызметі  «ӛмірді 

сақтандыру»    саласы  бойынша  лицензия  негізінде  және  «жалпы  сақтандыру»  саласы 

бойынша  лицензиясымен,  лицензияда  кӛрсетілген  сақтандырудың  тиісті  кластарының 

шегінде  жҥзеге  асырылады.  «Жалпы  сақтандыру»  саласындағы  қызмет  ӛмірді 

сақтандыру мҥмкіндігін және жинақтау сақтандыруды ӛткізуге жол бермейді. 

Сонымен қатар «ӛмірді сақтандыру» саласындагы қызметте «жалпы сақтандыру» 

саласындагы  қызметпен  қоса  атқарылмайды  (жазатайым  жағдайдан  немесе  аурудан 

сақтандыру  және  медициналық  сақтандырудан  басқа).  Сақтандыру  ҧйымы,  оның 

сақтандырудың 

тиісті 


кластары 

кӛрсетілген 

лицензиясы 

болған 


жағдайда, 

сақтандырудың  екі  және  одан  да  кӛп  кластарының  белгілері  мен  мазмҥнын 

ҥштастыратын  (сақтандыру  кластарын  біріктіруге  қатысты  шектеулерді  ескерсе) 

сақтандыру тҥрін әзірлеуге қҧқылы. 

Қҧқықтық  қабілеттіліктің  белгілі  кӛлемі  қайта  сақтандыру  ҧйымында 

карастырылған.  Қайта  сақтандыру  жӛніндегі  лицензияның  болуы  лицензиатқа  бара-бар 

қайта сақтандыру қызметін де, бара-бар емес кайта сақтандыру қызметін де жҥзеге асыру 

қҧқығын береді. 

Бара-бар қайта сақтандыру шарттары қайта сақтандыру ҧйымы ретінде лицензия 

алмаған  сақтандыру  ҧйымдарымен  де  жасалады.  «Жалпы  сақтандыру  саласы  бойынша 

немесе «ӛмірді сақтандыру» саласы бойынша оған лицензия сақтандыру ҧйымы ретінде 

берілген  бара-бар  қайта  сақтандыру  жӛніндегі  қызметті  ӛзінің  лицензиясында 

кӛрсетілген  кластар  бойынша  қайта  сақтандыруға  лицензиясыз  да  жҥзеге  асыруға 

қҧқылы.  Егер  «жалпы  сақтандыру»  саласы  бойынша  сақтандыру  ҧйымында  лицензия 



 

92 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет