Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҒЫЛШЫН



Pdf көрінісі
бет17/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

1 ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҒЫЛШЫН
ТІЛІН МЕҢГЕРУГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Үздіксіз кәсіби білім беруді зерттеудің теориялық мәселелері
Қазіргі білім беру жағдайы өткенмен салыстырғанда өзгеше сипатқа ие. 
Педагогтардың психологиялық даярлығы мен инновациялық дамуының үздіксіз 
кәсіби білімденуіне әсері өмір салтын қалыптастыратын мәселелер ретінде 
еліміздің 
әлеуметтік 
және 
технократиялық 
маңызды өзгерістерімен 
айқындалуда. Білім берудің жаңа деңгейі өз дәрежесіне сай келуі, яғни 
техникалық және ғылыми прогреспен бірге алға жүріп отыруы абзал. 
Университет өмірінде үздіксіз оқу-тәрбие процесінің жемісі, әрбір студентке 
жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын 
ортасы бар екеніне бағыттау оқу процесіндегі ең маңызды факторлардың бірі 
болып 
табылатындықтан, 
оның 
өзгешеліктері 
мен 
кемшіліктерін, 
айырмашылықтарын, әсерін, кұндылықтарын талдау ғылыми маңызды 
зерттеулерді, инновациялық қатынастар аумағындағы көптеген сұрақтардың 
жауабын іздестіруді қажет етеді.
Бүгінгі жағдайда үздіксіз білім беру мәселесін 
ұғыну және әзірлеуде «парадигмалық ығысу» орын алады. Оның ерекшеліктері 
арасында дербестендіру – үздіксіз білім алу қызметінің түйіні ретінде жүйенің 
өзіне емес, тұлғаға бейімделу мәселесі тұр. Сондай-ақ, үздіксіз білім беру 
субъектінің (тұлғаның) сәйкесінше оқу қабілетінің дамуы ретінде анықталады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, үздіксіз білім берудің психологиялық 
аспектілері басты маңызға ие болғаны айқындалады. 
Үздіксіз білім берудің уақыттық шектері үнемі өзгерген болатын.
1960-1970-шы жылдардан бастапқы оқу кезеңін ескермей, ол түрлі біліктілікті 
арттыру формаларымен ғана шектелді. Бүгінгі күнде зерттеушілер үздіксіз 
білім беруді бүкіл білім беру жүйесі ретінде қарастырады да, үздіксіз оқыту 
процесі ерте жастан басталып, адамның бүкіл өмір бойына жалғасатынын атап 
өтеді [57].
«Үздіксіз білім беру (lifelonglearning), халықаралық анықтамаға сай 
білімдер, дағды мен шеберліктерді жетілдіру мақсатындағы білім беру іс-
әрекетінің барлық түрлерін қосып алатын феномен. Оның элементтері болып 
формальды, формальды емес және информальды білім беру, қосымша білім мен 
оқу ісі, адамның өзін-өзі білімін жетілдіру ісі табылады.
Үздіксіз білім берудің (жалпы және кәсіби): мәні мынада, яғни жеке 
адамның білімдік (жалпы және кәсіби) әлеуетінің мемлекеттік және қоғамдық 
инститтутардың жеке адам мен қоғамның сұраныстарына сай өмір бойына өсу 
процесін айтады. Үздіксіз білім берудің қажеттігі ғылым мен техниканың 
прогресі және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануымен шарттаса 
түсіндіріледі. Үздіксіз білім беру ісі білім беру әрекеті мен қайта даярлау
аспектілерінің бірі болып қана қоймай, білім беру жүйесінің негізін қалаушы 
принципі болады және ол жүйеде адамның үздіксіз процесс барысының өн 
бойында қатысуын білдіреді. Алдағы жылдарда бұл принцип толығымен жүзеге 


22 
асырылуы тиіс.
Н.С. Семеновтің пікірінше: «Үздіксіз біліммен қамтудың негізін 6 
принцип құрайды: барлық адамдар үшін базалық білім мен дағдылар, 
адамзаттық ресурстарға инвестициялардың тартылуының артуы, білім беру мен 
оқытуда инновациялық әдістемелердің көптеп және кеңінен қолданылуы, 
алынған білім бағасының жаңа жүйесі, жетекшілік пен кеңес берудің дамуы, 
ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім беру ісінің үйге 
жақындауы» [58]. 
Бұл аталған принциптер едәуір ауқымда Еуропалық Одақтың білім беру 
аумағында ұсынылған (ЕО). ЕО-та «Өмір ұзақтығына қарай оқу» үздіксіз білім 
беру мәселесіне үлкен мән беріледі, Болондық процесс шеңберіндегі тұтастай 
білім беру кеңістігі дамуының құқықтық жағына және біртұтас еуропалық білім 
беру кеңістігі шеңберінде ұлттық тұтастықты сақтауға үлкен ден қойылады.
«Үздіксіз білім беруге қойылатын талаптарды анықтау саясаты мен 
тәжірибесі аталмыш мәселені оны модернизациялаудың қозғаушы күштерінің 
кең шеңберін анықтау арқылы қарастыруға мүмкіндік береді». 1970-ші 
жылдардың басынан бастап «үздіксіз білім беру» және «өмір бойына білім алу» 
ұғымдары халықаралық құжаттарда әсіресе БҰҰАМ (Біріккен Ұлттар 
ұйымының арнаулы мекемесі) мен ЭБПДМ-ң (Экономикалық бірлестік пен 
даму мекемесі) құжаттарында орын алып алғаш көріне бастады. «Ресейде 
стихиялы түрде жүйелі трансформация жағдайындағы қосымша кәсіби білім 
беру (ҚКББ) бойынша нарықтық институттар пайда бола отырып, сол немесе 
өзгеше түрде өмір бойына білім беру ісінің үздіксіздігі принципін бірте-бірте 
жүзеге асырады» [59]. 
Ресейлік жоғары оқу орындарында үздіксіз білім берудің негізгі 
құралдарының бірі біліктілікті арттыру болып табылады. Үздіксіз білім берудің 
процесі ретіндегі біліктілікті арттырудың жүйесін талдау үшін оның мағыналық 
терминін міндетті түрде зерттеу керек.
Жоғары оқу орны педагогтарының біліктіліктерін арттыру – жұмыс 
орындарында өнімділікті арттыру мен сапалы білімді көрсетуде қажетті 
дағдыларды жетілдіру, теориялық және тәжірибелік білімдерді арттыру 
мақсатын көздеген арнайы оқытушы-професссорлар құрамы үшін жасалынған 
оқытудың кәсіби бағдарламасы болады.
Біліктілікті арттыру белгілі бір уақыт аралығында жұмыс жасайтын 
қызметкерлердің дағдылары уақыт өте келе, ескіреді немесе жаңа 
технологиялардың дамуына орай ескіреді және адамның жалпы ұмытшақтыққа 
бейімділігі себебінен де ескіреді деген болжамға негізделеді. Осылайша 
біліктілікті арттыру білім беру жүйесінде педагогтарға заманауи ағымдарды 
жеткізу мақсатында жүргізіледі.
Заманауи Ресейдің даму жолында біліктіліктерін арттыру «1996-1997 жж. 
Ресей Федерациясы халқының жұмыспен қамтылуына ықпал ету» атты 
Федералдық мақсатты бағдарламасында бейнеленіп берілген болатын, онда 
Үкімет мақсаттарының өзекті бағыттарының бірі болып «үздіксіз білім беру 
жүйесін дамыту жұмыс күшінің сапасын прогрессивті қолдау шарасы ретінде» 


23 
атты бағыты белгіленді [60]. 
Біліктілікті арттыру келесі себептерге орай да үлкен маңызға ие болады: 
– білім сапасын жақсарту; 
– педагогтардың максималды әлеуетін қолдану; 
– кәсіби білім беруде ең жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдану; 
– жаңа дағдыларға ие болу; 
Педагогтардың біліктіліктерін арттыру қажеттіліктерін анықтауға 
болатын кейбір сипаттарды қарастырып көрейік: 
1) бұрынғыдан да тиімді оқытуға болатындығына сендіру; 
2) теріс нәтижелер алдындағы қорқыныш сезімдері; 
3) ұжымдағы келіспеушіліктер, кикілжіңдер; 
4) инновацияларға деген негативті пікір; 
5) мерзімінде міндеттерді бірнеше рет орындай алмаушылық; 
6) білім беру міндеттеріне немқұрайлылықпен қараушылық. 
Біліктілікті арттыру қажеттілігін кейбір оқымыстылар радиоактивті 
изотоппен салыстырады. Білім де радиоактивті изотоп сияқты, кейде тоқырап 
қалу сияқты өзінің құлдыраулары болады. Біршама уақыт өте келе, біздің 
білімдеріміз егер де жиі жағдайда қолданылып отырмаса, деградацияға 
ұшырайды. Біліктілікті арттыру үздіксіз білім берудің негізгі құрамдасы сияқты 
адамда өзіне деген сенімділігін арттырады, педагогтарды белсенді де тың іс-
әрекеттерге бағыттап отырады, адами капиталды толықтырады, әрі өзгелерге де 
дамуға стимул болады, ақырында жоғары оқу орнының құзіреттілігін 
жоғарылатады.
Адам өзіндегі бар білімдерін сақтап қалу үшін, әрбір кезеңде оны уақыт 
өте келе жаңартып, өз дағдыларына балғындық беріп отырулары тиіс. Бұл 
нәтижесінде тиісті кәсіби деңгейде қалып отыруға қол жеткізеді. Біліктілікті 
арттырудың маңыздылығын жүргізілген зерттеуге талдау жасау арқылы көз 
жеткізіп көрейік.
Біз Орда университетінің Шетел филологиясы кафедрасында «Жоғары 
оқу орнының тиімді оқытушысы қалай болуға болады?» тақырыбында бір 
күндік семинар өткіздік. Семинардың бағдарламасы жоғары оқу орнындағы 
инновациялық процестердің қатысушылары мен ұйымдастырушыларына 
(педагогтар, докторанттар мен магистранттарға) арналды. Бағдарлама келесі 
шартты түрдегі тақырыпта үш бөлімнен тұрды: «Қалай тиімді болуға болады?», 
«Қалай инновациялы болуға болады?», «Қалай креативті болуға болады?». 
Семинар шеңберінде сабақтарды өткізу түрлері –коммуникативті (жұппен 
жұмыс, үштікте, топта жұмыс), интерактивті (дискуссия, миға шабуыл, жобалар 
жасау, іскерлік ойындары, тренингтер өткізу) болды. 
Семинарға дейін және кейін педагогтар (саны 20 адам) педагогтардың 
инновациялық білім беру іс-әрекетін жүргізуге қатысуға байланысты соңғы 
біліктілік арттыру мерзімдерін көрсете отырып, педагогтардың сол іс-әрекетке
дайындықтарына байланысты екі сауалнама толтырды. 
Алынған нәтижелер талданып, келесі қорытындылар жасалды. Семинар 
өткізгенге 
дейін 
жасалған 
анкеттеу 
нәтижелерін 
салыстыру 
70% 


24 
респонденттердің инновациялық іс-әрекетке ұмтылыстары артқандықтарын 
көрсетті. Осылайша, біліктілікті арттыру тек қана адамның дағдыларын 
арттыру үшін ғана емес, сонымен бірге адамға өзінің білімінің адами 
капиталына сенімділігі және стимул беру үшін де маңызды екендігін тағы да 
дәлелдеп көрсетті [61].
Сонымен қатар педагогтар үшін оперативті ақпараттар, білім мен 
тәжірибе, инновациялар алмасу түріндегі әрекеттер ретінде түрліше ғылыми, 
ғылыми-практикалық конгрестер мен конференциялар, съездер мен 
симпозиумдар көп көмек етеді. Мұндай кездесулерде педагогтар өздерінің 
ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылайды, тәжірибелік және әдістемелік 
жұмыстарымен өзара бөліседі, ұйымдастырушылық сұрақтарды шешеді. Бұл 
аталған 
іс-шаралардың 
материалдары 
жиі 
жағдайда 
оларды 
ұйымдастырушылар арқылы конференцияларға дейін немесе кейін тезистер 
жинақтарында жарияланады. Жекелеген кейбір мақалалар рецензияланатын 
журналдарда жарияланады.
«Өткізілетін конференциялардың түрлішелігі тек қана оқытушы-
профессорлар құрамының ғана біліктіліктерін арттырып қоймай, ғылыми 
қызметкерлердің де біліктіліктерін арттыруларына мүмкіндіктер береді. 
Аталмыш конференциялар толғағы жеткен мәселелерді анықтауға, жаңа 
инновацияларды көруге және ОПҚ-ң біліктіліктерін арттырудың негізгі 
бағыттарын жасаудың кең мүмкіндіктерін береді», «Кітаптарды жариялау, 
журналдарда мақалалар мен ғылыми басылымдар жинақтарында еңбектер 
жариялау, конгресстер, съездер, конференциялар мен симпозиумдарға қатысу 
сынды бұл әрекеттер ғылыми зерттеулер мен ғылыми қоғамдағы практикалық 
тәжірибелермен бөлісудің негізгі маңызды шаралары және үздіксіз білім 
берудің фундаментальді негізін құрайды». 
Л.Н. Харченко, М.А. Джахбаровтар біліктілікті жоғарылату жүйесінде 
қажетті жеке тұлғалық оқыту бағдарламасын жасаудың қажеттігін ерекше 
айтады. «Берілген бағдарламаны жасауда педагогтар үшін өзекті кәсіби 
құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған және педагогикалық іс-
әрекеттерінде бар немесе пайда болатын мәселелерді жеңуге үйрететін құзіретті 
көзқарастар қолданылады» [62]. 
Біліктілікті арттыруға өте үлкен зейін қою міндетті түрде қажетті болып 
отыр. Ол үшін ғылыми және практикалық конференциялардан өзге түрлі 
мазмұндағы оқыту семинарлары, тренингтер мен кәсіби білім берудің кейбір 
жекелеген өзекті бағыттары бойынша курстар жиі өткізіп, оны дәстүрге 
айналдырған жөн. Мұндай іс-шараларға педагогтардың қатысулары өздерінің 
білімдерін, шеберліктерін арттыру және практикалық тәжірибелерін кеңейту
мақсатында қажетті болады.
«Педагогтар кәсіби қауымдастық пен шығармашылық өсу бағытында 
жаңа мүмкіндіктерге ие болады, жекелеп алғанда олар ғылыми зерттеулерге
бірлесіп қатысып отыру және ұзақ мерзімді кәсіби байланыстар орнату
жолдары болмақ. Ал университеттер сапалы да, тартымды білім 
бағдарламаларына ие болады, сонымен қатар өзге жоғары оқу орындарымен


25 
бірлесе отырып, академиялық әлеуетті арттыруға, олардың тәжірибелерін түрлі 
салаларда қолдануға болады, мұның барлығы репутацияның өсуін және 
бәсекелестіктің артуының қорытындысы болмақ» Н.В. Бондаренко былай 
дейді: «Шындығында еңбек ресурстарының сапасы жұмыс кезінде оқытуда 
дағдылар, құзіреттер алуда білім беру капиталы ретінде сипатталады (яғни 
кәсіби білім алу кезінде алынған білімдермен қоса» [63]. 
Біліктілікті арттыруда үлкен рөлді мобильділік, яғни ұтқырлық алады.
Көптеген педагогтар үшін үлкен қиындықтар тудыратын мәселе өзге қалаларға
барып сапалы білім алу ісі болады. Себебі кішігірім қалалардың барлығында 
бірдей қажетті мазмұндағы біліктілік арттыру бағдарламалары бола бермейді. 
Бірақ қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялардың дамуы бұл бағытта кез-
келген алшақ жерлерден де азғана шығын жұмсау арқылы мүмкіндіктер 
тудырып, біліктіліктерін арттыруға жағдайлар жасап отыр. Біліктілікті арттыру 
бағдарламаларының педагогтардың жұмыс орындарына жақындатылуы 
олардың ғылыми-ағартушылық іс-әрекеттен қол үзбей адами капиталын тиімді 
де, кеңірек толықтыруға кең мүмкіндіктер береді».
Біліктілікті арттыру мотивацияларын зерттеу мақсатында кафедраның 
қызметкерлерінен жоғарыдағы сауалдарға жауаптар да алынды. Нәтижесінде 
респонденттер келесі жауаптарды берді: 
1) өздерінің интеллектуалды және ғылыми әлеуеттерін арттыру - 50%; 
2) қайта аттестациядан өту үшін - 30%; 
3) қажеттілік - 10% (педагогикалық қызметкерлер келесі еңбек 
құқықтары мен әлеуметтік кепілдерге ие: екі не кем дегенде бес жылда бір рет 
өзінің педагогикалық іс-әрекет саласы бойынша қосымша біліктілікті арттыру 
құқығы); 
4) мансаптық өсу үшін - 10%. 
Бұл арадан шығаратын қорытынды: біліктілікті арттыруда маңызды
мотивация болып интеллектуалды және ғылыми әлеуетті көтеру ісі болып отыр, 
әрі ОПҚ арасында қызмет орнына конкурстарға ұсынуға қатысу қажеттіліктері 
болмақ. Осыған орай, адами капиталдың жинақталуына кедергі келтіретін 
нәрсе теріс мотивациялардың орын алуы болады. Қосымша жағымды 
мотивация ретінде стимул беретін үстеме ақылар, мансаптық өсу мен 
біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы болар еді. 
Адами капиталдың дамуы үшін қазақстандық жоғары мектептің үздіксіз білім 
беруді қамтамасыз ету мен біліктілікті арттырудың жаһандық міндеттерін 
шешу бойынша әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы қажет.
«Педагогикалық маман – кадрлардың біліктіліктерін арттырудың тиімді 
жүйесі автономды және мейлінше үздіксіз кәсіби білім берудің икемді жүйе 
асты ретінде болуы тиіс, себебі дәл осының шеңберінде педагогтардың кәсіби 
құзіреттіліктерінің дағдарыстары тойтарылып, білім беру ісін модернизациялау 
жағдайына ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлаудың мәселелері 
шешілетін болады». 
«Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы» түсінігі. Үздіксіз кәсіби даму (ҮКД) 
бұл нәтижесі кәсіби құзіреттерді жетілдіру мен белгілі бір кәсіби даму 


26 
кезеңінде аса қажетті жалпы құзіреттерді меңгеруге арналған жүйелі білім беру 
іс-шараларының кешені болып табылады. 
Үздіксіз Кәсіби Даму (Непрерывное Профессиональное Развитие - 
Continued Professional Development - CPD) – заманауи трендтермен және өте 
жақсы, озық тәжірибеден қалыс қалмай, қатар даму, қатар жүру дегенді 
білдіреді. Бұл жеке адамның (педагогтың) кәсіби жетілуінің негізі болады және 
жалпы мамандықтың дамуының ажырамас бөлігі [59, б. 41]. 
Берілген түсініктің шетелдік түсіндірілуі Life Long Learning - «бүкіл өмір 
барысында оқу» деген тұжырымдамадан бастау алады. Бұл тұста 
А.М. Новиковтың «бүкіл өмір бойына оқу» деген формуласын «барлық өмір 
арқылы білім алу» деген формуламен ауыстыру керек деген тұжырымы аса 
маңызды болып табылады [64]. 
XXI ғасыр үшін білім беру бойынша Халықаралық комиссияның 
анықтауымен (ЮНЕСКО) білім беру, үздіксіз білім беру адам жеке 
тұлғасының, білімдері мен дағдыларының үздіксіз даму процесіне айналуы 
тиіс. ЮНЕСКО-ң «Барлығы үшін білім және бүкіл өмір бойына» ұранына 
сүйену, отандық теория мен тәжірибеде теориялық-әдіснамалық зерттеулердің 
қатарын анықтады және ары қарай «Өмір бойына білім алу: тұрақты дамуды 
көздейтін үздіксіз білім беру» деген жаһандық жоба шеңберінде дамуға ұласа 
отырып, оның нәтижесіне Жер бетіндегі әрбір адам үміттінулі. Әрі тұрақты 
даму – бұл өзінің табиғи негізін бұзбайтын және адамзат өркенниетті прогресін 
үздіксіз қамтамасыз ететін, әлеуметтік қалаулы, экономикалық өмір сүруге 
қабілетті және қоғамның экологиялық тұрақты дамуын көздейтін қоғамды 
теңдікте басқарудың дамуы [65]. Берілген масштабты халықаралық жоба 
шеңберінде педагогтың, оның ішінде шетел тілдері мұғалімдерінің кәсіби даму 
міндеттері де қарастырылды. 
Бірқатар оқымыстылар педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы ұғымы 
(Continuous Professional Development – CPD) алдында қолданылған «In-service 
Training» пен «on the job training» орнына қолданылады дейді), себебі кәсіби 
дамудың субъектісі болып «дамушының» өзі табылады дейді. Бұл негізгі 
міндеті өзіндік дамуға жағдайлар құру болатын біліктілікті арттыру жүйесін 
өзгертуге мүмкіндік берді. А.В. Михайловтың пайымдауынша, кәсіби (өзіндік) 
даму білім беруді ұйымдастыру мұғалім, тәрбиеші, жетекшілерінің 
табыстылығының тұлғалық ресурсы болады [66]. Сондықтан да педагогтардың 
үздіксіз кәсіби дамуы мақсатында құрылатын мүмкіндіктердің бірі кәсіби іс-
әрекетке тәжірибелі болуына қарамастан, жеке-дара кәсіби өсу бағдарламасын 
қалыптастыруды көздейтін кең спектрлі білім беру ресурстарын ұсыну болады.
«Ресейлік білім беру-2020» бағдарламасында Үздіксіз Кәсіби даму (ҮКД) 
білімге негізделген экономика үшін білім беру үлгісі, мұнда педагогты жеке-
дара білім беру траекториясын құрастырушы кеңес беруші, көмекші ретінде 
қарастырады [67]. 
«Біздің жаңа мектеп» ұлттық білім беру құлшынысының бірден бір 
басымдық бағыттарының бірі мұғалімдер корпусын жаңартуды талап ету, үнемі 
кәсіби дамуды, кәсіби құзіреттіліктер мен олардың деңгейін кәсіби және жеке 


27 
тұлғалық өзіндік даму үшін формальды, формальды емес түрде қосымша 
білімдермен кеңейтіп, әрі арттыру отыру болмақ. 
Профессор И.Д. Чечельдің жұмыстарында кәсіби даму барлық еңбек іс-
әрекетінің өн бойында формальды мен формальды емес білімнің жиынтығы деп 
қарастырылады. Сонымен қатар формальды білім алу білім беру процесін 
арнайы білім беру мекемелерінде жүзеге асыратын иерархиялық және 
хронологиялық құрылымды білім беру жүйесі болады. Ал формальды емес 
білім алу (информальды сияқты) – бұл процесс барысында білімдер алынатын, 
құндылықтар қалыптасатын, өзге адамдармен және жалпы қоғаммен, әрі 
бұқаралық ақпарат шараларымен өзара әрекет ету арқылы дағдылар 
қалыптасатын кез-келген ұйымдасқан институттан тыс білім беру [68]. 
Осылайша, «педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы» (CPD) түсінігі
педагогтың кәсіби және жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдірудің жеке-дара 
траекториясын құруға септігін тигізетін қосымша білім беру шеңберінде 
үздіксіз педагогикалық білім беру моделін (жүйесін) құру қажеттігі жайлы 
қорытындыға алып келеді.
Мұндай жүйенің теориялық-әдіснамалық негізі болып
«Өзге тілді білім 
беруде аксиологиялық бағытты жүзеге асыратын мұғалімдер/педагогтардың 
біліктілігін арттыру Тұжырымдамасы атты құжат табылды. 
Шетел 
тілдері 
мұғалімдері/педагогтарының 
аксиологиялық 
бағыттылығының 
Тұжырымдамасы 
өзгетілді 
білім 
берудің 
рухани-
адамгершілік негіздеріне, дүниетанымдық көзқарастарды бекітуге аса елеулі 
үлес қосатын, жаңа тілдік саясаттың жүйелі-құндылықтық талаптарын жүзеге 
асыруға қабілетті педагогтардың кәсіби қалыптасуына бағдарланады. 
Тұжырымдамада үш заңды мәселелер ерекше бөлінген: 
1. Педагогтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет