Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер: штативтер, сыйымдылығы 50 мл бюретка, газөткізгіш түтігі бар тығын, екі резеңке түтік, сіріңке, Кипп аппараты, сыйымдылығы 1 л колба, түтікшелері бар тығын, фарфор табақша, ұзындығы 20-25 см шыны түтікше, цилиндрлер немесе тығындары бар үлкен сынауықтар, шыны таяқшалар, темір ұнтағы, мырыш, марганец (ІV) оксиді , кальций гидроксиді, аммоний нитраты , аммоний сульфаты , аммоний хлориді , калий нитраты , гидразин немесе гидразин сульфаты , гидроксиламин хлориді , сүзгі қағазы, ерітінділері: күкірт қышқылы , натрий гидроксиді , аммиактың судағы ерітіндісі (25 %-ті және 2 н), фенолфталеин, иод суы.
1. Азотты алу және қасиеттері. Сынауыққа 2 грамм ұсақ натрий нитритін салып 4-5 мл аммоний хлоридінің қанық ерітіндісін кұйып, газ түтікшесі бар тығынмен жабыңдар. Штативке бекітіп қыздырыңдар. 1-2 минуттан кейін бөлінген газды сынауыққа суды ығыстыру әдісімен жинап алыңдар. Сынауық газға толған соң шыны пластинкамен жауып судан шығарып алыңдар. Аммоний нитритінің ыдырау реакциясы теңдеуін жазыңдар. Азоттың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар. Азоты бар сынауыққа жанып тұрған шыраны салыңдар немесе ізбес суын құйыңдар. Не байқалады? Ізбес суының түсі өзгере ме?
2. Аммиакты алу. Құрғақ сынауықтардан 63 – суреттегідей аспап құрастырыңдар. Аммоний хлоридімен сөндірілген әкті фарфор табақшада бірдей мөлшерде араластырып алыңдар. Аммиак бұл кезде бөліне ме? Алынған қоспаны сынауыққа жартысына дейін салыңдар, газ түтікшесі бар сынауықпен жауып, түбін көтеріңкі етіп штативке бекітіндер; екінші сынауықты газ түтікшеге кигізіп қою керек. Қоспаны жайлап қыздырып, бөлінген аммиакты сынауыққа жинаңдар. Аммиак жиналатын сынауықтың түбін жоғары қарай ұстаңдар. Неге? Аммиак толған сынауықты түтіктен шығарыңдар, құрғақ тығынмен жабыңдар, келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар.
63-сурет. Аммоний тұздарынан аммиакты алуға арналған аспап.
Достарыңызбен бөлісу: |