Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер:өлшегіштері мен таразы, Кипп аппараты, сақинасы бар штатив, қыздырғыш, фарфор тигелі, фарфорлы үшбұрышты сым, фарфор келі келісабымен, фарфор табақшасы, шыны таяқша, 100-200 мл стақан, сынауықтары мен штатив, шыны түтікше; магний (ұнтағы), кальций (кесектері, магний оксиді, кальций карбонаты (ұнтағы), магний карбонаты (ұнтағы), стронций нитраты, барий нитраты, сүзгі қағазы; ерітінділер: күкірт қышқылы, (5 %-ті және 2н), тұз қышқылы (2н), натрий гидроксиді NaOH (2н құрамында карбонаты жоқ ер.), аммиактың судағы ерітіндісі (2н құрамында карбонаты жоқ), кальций гидроксиді (қанық), магний хлориді (1н), магний сульфаты (1н), стронций хлориді (1 н), барий хлориді (1 н), натрий сульфаты (2н), кальций сульфаты (қанық), берилий хлориді (0,5 н), сабын ерітіндісі (2 %-ті), фенолфталеин.
1. Бериллий гидроксидінің алынуы, қасиеттері. Екі сынауыққа бериллий тұзының ерітіндісін құйып, үстіне тұнба түскенше натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның НСІ және КОН-нің ең көп мөлшердегі ерітіндісіне әсерін анықтаңдар. Бериллий гидроксидінің химиялық қасиетіне қорытынды жасап, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар, алынған гидроксобериллаттың координациялық саны 4-ке тең екенін есте ұстау керек.
Алынған натрий тетрагидроксобериллатын 2ә-тәжірибесіне сақтап қойыңдар.
2.Бериллий гидроксидінің қышқылдық және негіздік қасиеттерін салыстыру:
а) Бериллий хлоридінің гидролизі. Бериллий хлоридінің гидролиздену реакциясының толық және қысқартылған тендеуін жазыңдар.
ә) Натрий тетрагидроксобериллатының гидролизі. 1 – тәжірибеде алынған натрий тетрагидроксобериллатына аз мөлшерде дистилденген су құйып, сынауықты штативке бекітіңдер де, жалында аздап қыздырыңдар. Жүріп жатқан құбылысты түсіндіріңдер. Сынауықты қыздыру кезінде қандай процесс жүреді? Толық және қысқартылған иондық теңдеуін құрыңдар. Екі тәжірибедегі алынған бериллий гидроксидінің қышқылдық және негіздік қасиеттерін салыстырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |