1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы


Целлоидинді кино- және рентгендік пленкадан дайындау



бет27/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Целлоидинді кино- және рентгендік пленкадан дайындау эмульсиялы қабатты алып тастаудан бастайды, ол үшін пленканы 20-30 мин жылы сілтілік суға салады (натрий карбонатының 10-15% ерітіндісі), кейін эмульсиядан толық тазаланғанша қатты щеткамен жуады. Одан кейін пленканы жылы суда мұқият жуады, суық ағын сумен бірнеше сағат ішінде шаядыжәне бөлме температурасында кептіреді. Кептірілген пленканы көлденең бағытта қайшымен кеседі (ені 5-10 мм бөліктерге) және 24 сағ ішінде хлороформда майсыздандырады. Кейін бөлшектерді таза фильтр қағазына салады және алдын ала қағазбен жауып қойып,10-12 сағ кептіреді.
Стандартты целлоидинді де алдын ала майда бөлшектерге кесіп (немесе асханалық үккіштен өткізеді ), бөлме температурасында қағаз фильтрде толық қатайғанша кептіреді.
Ерітінділерді дайындау. Целлоидиннің 500 мл ерітіндісін алу үшін, 10 г құрғатылған целлоидинді алады, қатты жабылатын шыны ыдысқа себеді, 250 мл абсолютті спиртті құйып 25 сағатқа, периодты түрде шайқап тұрып (спирттің әсерінен целлоидин ісінеді), қалдырады. Кейін сусыз эфирдің 250 мл ісінген целлоидинді еріту үшін құяды.
Дәл осы тәсілмен 4% және 8% ерітінділерді дайындайды. Дайын ерітінділерді сұйық ортаның буланып кетпеуі үшін және ерітіндінің концентрациясының өзгеріп кетпеуі үшін жақсы жабылатын ыдыстардың ішінде сақтау керек. Бұл мақстатта ең қолайлы ыдыс – берік кептелген тығыны және жонылған (пришлифованный) қақпақшасы бар болып келеді. Қақпақшаның тілімтасын (шлиф) вазелинмен жағып тұру керек. Мұндай ыдыстарда целлоидин ерітінділері қасиеті өзгермей ұзақ уақыт сақталады. Есте сақтайтын жәйт, эфир мен құрғақ целлоидин өте өртенгіш, және олармен жұмыс істеу кезіндетез тұтанғыш заттарға қарастырылған алдын ала сақтық шараларын қатаң сақтаған абзал.
Целлоидинді ерітінділерді дайындау үшін тек сусыз спирт және эфир қолдану керек, өйткені судың кішкене ғана болсын мөлшері материалдың сіңдірілуін қиындатады және қалыңдау процессін бұзады, ол өз кезегінде блоктың сапасын төмендетеді. Наркозға арналған эфирдің құрамында су болмағандықтан, ол целлоидин дайындауға жарай береді. Техникалық эфир жиі жағдайда спиртпен, сумен және басқа заттармен ластанған, сондықтан оны алдын ала тазалап алу керек. Ол үшін эфирі бар ыдысқа түйіршіктелген кальций хлоридін себеді (бір уыс=1 л) және 2-3 күнге қалдырады, кейін сақтықпен фильтрлеп алады. Соңғы әрекетті, мүмкіндік болса, ауа сорып алғыш шкафтың ішінде жасау керек: эфирдің булануының (осымен қатар, оның тез тұтанғыш екендігін есте сақтау керек) алдын алу үшін воронканы шыны қалпақшамен жауып қою керек. Фильтрленген эфирге металликалық натрий қосады ( 3-5 г=500 мл) және кальций хлоридімен толтырылған шыны түтікше жалғанған тығынмен жабады. 2 күннен кейін ыдысты жай тығынмен қатты жауып қояды. Осы күйде эфирді ұзақ уақыт сақтауға болады. Егер эфир сусыз екеніне күмән болса, сынақ жүргізіп көру керек. 2-3 мл эфирі бар пробиркаға осындай мөлшердегі күкіртті көміртек қосып, шайқайды. Лайдың пайда болуы су бар екендігін білдіреді.
Объектіні целлоидинмен сіңдіру – өте ұзақ процедура. Алдымен, абсолютті спиртте мұқият сусыздандырылған материалды сусыз спирт пен эфирдің тең мөлшеріндегі қосындысына салады, кейін оны целлоидиннің сұйық 2% ерітіндісіне ауыстырады және сіңіру мөлшеріне қарай қоюлау 4% және 8% ерітінділермен алмастырып отырады. Сіңіру уақыты объектінің қалыңдығы мен ұлпалардың тығыздығына тура пропорционал және 2 күннен (бұл қалыңдығы 3-5 мм объектілер үшін) 6-7 күнге дейін (әр ерітіндіде) өзгеріп тұрады.Сіңіру біткеннен кейін объектті қабырғалары тік, түбі жалпақ шыны чашкаға салып, 8% целлоидиннің ерітіндісінің жаңа порциясын құйылған ортаның көлемі екі есе азайғаннан кейін бөлшектің бетінде целлоидиннің 2-3 мм қабаты қалатынын есепке ала отырып, құяды. Объектінің жоғарғы бетке бұдан жақын орналасуы препараттың сығылу әсерінен деформацияға ұшырауына әкеп соғады.
Кейін құйылған материалы бар пішінді тордағы эксикаторға қояды, ал оның астына хлороформы бар чашканы қояды: оның буының әсерінен целлоидиннің керекті консистенцияға дейін қалыңдауы жүреді. Осы процесстің аяқталу уақытын бекіту үшін, чашканың сыртқы қабырғасына целлоидин ерітіндісінің бастапқы және соңғы деңгейі белгіленген жапсырма жапсырып қояды. Тез қоюланудың алдын алу керек және процессті пішіндерді қалпақшамен жауып тұрып реттеу керек. Тығыздалу аяқталғаннан кейін целлоидиннің бетіне 70% спирт құйып, түнге қалдырады. Кейін құйылған материалды төртбұрышты пішінде кесіп алады, осы жағдайда объекттердің айналасында целлоидиннің 2-3 мм қабаты сақталу керек. Кесіп алынған бөліктерді ұзақ уақыт бойы 70%спиртте сақтауға болады.
Схема түрінде объекттің фиксациясынан блокты дайындау мына түрде болады (бөлшектің өлшемі 1х1 см және одан көп болса):

  1. Ағынды суда 24 сағ бойы шаю.

  2. Жоғары күштілікке ие спирттерде сусыздандыру (абсолютті спирттің екі қосындысымен қоса) 12-24 сағ әр спиртте.

  3. Объектті абсолютті спирт пен эфирдің (1:1) қосындысына 4-20 сағ салу.

  4. Сұйық 2% целлоидинге 2-6 күнге салу.

  5. 4-6 %целлоидинге 2-6күнге салу.

  6. 8-10% целлоидинге2-7 күнге салу.

  7. Объектке жаңа целлоидин құю.

  8. Эксикаторда хлороформ буларында тығыздау.

  9. 70% спиртүстінен құю,блоктарды кесіп алып, оларды 70˚ спиртке сақтау үшін салып қою керек.

Әр этаптың мерзімін тәжірибе жүзінде зерттелетін материалдың қасиетіне, бөлшектің өлшеміне және целлоидиннің сапасына байланысты таңдайды.
Целлоидинге құю әдісі бар, ол кезде сіңіруді целлоидиннің концентрациясы өсіп отыратын ыдыста жүргізеді. Ол үшін материалдың сусыз спирт-эфирдің (1:1) екі ауысымында болғанынан кейін оны қатты жабылатын, кең мойынды ыдысқа салады және сонда жаңа спирт-эфирдің жаңа белгілі көлемдегі мөлшерін құяды. Осыдан кейін марлядан жасалған қапшыққа үгітілген құрғақ целлоидин салады, оның мөлшері ол толық ерігенде ерітінді концентрациясы 8-10% теңесетіндей болуы тиіс. Қапшықты тек оның төменгі бөлігі спиртпен жанасып жататындай жіппен іледі де, ыдыстың аузын тығынмен мықтап жабады. Целлоидин ақырындап еріп тұрады және ерітіндінің концентрациясы үздіксіз көтеріліп тұрады. Сіңіру мерзімі 4-10 күн. Егер целлоидиннің еруін тездету керек болса– ыдысты аздап еңкейтеді, егер баяулату керек болса –қапшықты сәл көтереді. Сіңіру аяқталғанда объектке әдеттегі тәсілмен сұйықтықты құйып қояды.

Қолданылатын әдебиеттер:


1. С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Г.Б. Джумаханова Микротехника негіздері Алматы, Қазақ университеті, 2021, 71 б.
2. Хегай И.В., Кобегенова С.С. Методическое руководство по курсу «Основы микротехники» Алматы. Қазақ университеті. 1999.
3. Нуртазин С.Т. Жалпы гистология, Алматы – 2010 . 220 б.
4. Афанасьева Ю.И., Юрина Е.Ф., Котовский и др Гистология. Учебник М.: Медицина 2011 Н.А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет