1-15 дәрістер. Микроскопиялық техниканың негіздері Дәріс Тақырыбы



бет42/44
Дата17.02.2023
өлшемі152,73 Kb.
#68830
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Иммунофлюоресценция әдісі.
Иммунофлюоресценттік әдіс – күрделі биологиялық заттардың клетка және ұлпадағы топографиясын зерттеуге мүмкіндік беретін өз қатарындағы жалғыз морфологиялық әдіс.
Бұл әдістің келесіге негізделеді: зерттелуші объекттегі локализациясын зерттеу керек затқа сәйкес келетін басқа бір затпен басқа жануарды иммундейді және белгілі уақыттан кейін оның қанынан антисарысу (антисыворотка) алады. Антисарысудың γ-глобулинді фракциясының құрамындағы антиденелерді флюорохроммен химиялық жолмен байланыстырады. Жаңа мұздатылған немесе бекітілген органдардың кесінділеріне флюорохроммен байланысқан конъюгант-антисарысудың тамшысын тамызады және 20-30 минуттық экспозициядан кейін натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен флюорохроммен байланыспаған антиденелерді жуып тастайды. Препаратты буферленген глицеринге немесе полистиролға қатырады. Бақылауды люминесценттік микроскопта спектрдің ультракүлгін бөлігінде жүргізеді.
Жоғарыдағы тікелей иммунофлюоресценция деп аталатын әдістен басқа, оның басқа түрі де шығарылған – жанама флюоресценция, ол анықталатын субстрат қатысында жоғары спецификалығымен сипатталады. Бұл әдістің тікелей иммунофлюоресценция әдісінен айырмашылығы сол – бірінші иммунизациядан алынған антиденелердің бөлігі (А-1) екінші жануардың иммунизациясына пайдаланылады, нәтижесінде А-1-ге қарсы антиденелері (А-2) бар ерітінді алынады. Кесінділерге А-1 бар антисарысуды тамызады және бастапқы затпен байланыспаған антиденелерді жуып тастағаннан соң А-2 бар антисарысуды тамызады. А-2 А-1-мен реакцияласады және солай зерттелетін заттың локализациясы орнында «бекітіледі».
Иммунофлюоресценцияның электронды микроскоптық нұсқалары кейбір ерекшеліктерге ие. Бір жағдайларда иммунды антисарысудың антиденелеріне қандай да болсын электронды-микроскоптық агент қосады (мысалы, ауыр металл атомы), басқа жағдайларда – өзінде радиоактивті атомы бар қосылыстар. Соңғы жағдайда антиген-антидене комплексінің локализациясын анықтау үшін қосымша авторадиография жүргізу керек.
Иммунофлюоресценция әдісі жоғары сезімталдылықпен сипатталады және клетка мен ұлпалардағы өте аз концентрациядағы заттарды анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет