1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы



бет1/26
Дата10.05.2023
өлшемі74,78 Kb.
#91642
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


1. «Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері және тарихнамасы.
Тарих ғылымының адамзат және қоғам өміріндегі мәні мен маңызы ерекше және ол ежелгі ғылымдардың бірі болып табылады.Бүгінгі отандық тарих ғылымының басты міндеттерінің бірі қазіргі ұрпағымызды патриотизм рухына тәрбиелеу болып табылады.Ал патриотизм рухында тәрбие беру қоғамның өткені мен бүгінін байланыстыратын тарихи сананы қалыптастырмайынша мүмкін емес.Сондықтан да отандық тарихты оқып үйрену,оны ұрпақ санасына жеткізу бүгінгі күндегі басты міндеттердің бірі болып табылады."Егер біз мемлекет болғымыз келсе,өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе,онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн."Адамзаттың өткені туралы мәлімет бере алатын заттардың,адамның өмір сүруіне ықпал ете алғандардың,адамның қолдан жасалған және пайдаланылғандардың барлығы-бүгінгі тарихи ғылым үшін түп-төркіндер жиынтығы.Қазақ елінің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы әлемдік тарихтың құрамдас және маңызды бөлігі.Қазақ халқының тарихы 14-16 ғасырлармен ғана шектелмейді,бұл мәселенің түп-тамырын Қазақстан аумаған мекендеген алғашқы тайпалардан іздеу керек.«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру. Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
•оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
•оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
•гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
•оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
•Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет