1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Жүктіліктің және туу актісі физиологиялық заңдылықтары



бет149/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   169
81.Жүктіліктің және туу актісі физиологиялық заңдылықтары.

 

Жүктілік. Жүктілік - ұрықтану сәтінен нәресте туылғанга дейiнгi кезеңді қамтиды. 



Тұқым жасушаларының ұрықтанып –) зиготаны түзеді, ол тутiкше бойымен жатырга жылжиды, әрi бөлiне бастайды, бластоцитке (грек. blastos - өркен) айналады. 

Бұл кезде ұрык жұмыртканың нәрлі заттарыменқоректенеді. Жатырга енген ұрык 7-8-шi күнi онын iшкi кабатына бекiнедi (имплантация). Ұрыктын сыртка коректік кабығы трофобластан бүрлі кабыкша хорион пайда болады. Одан кейiн баланын жолдасы плацента калыптасады. Ол ұрыкты коректендіру мен катар эндокриндiк кызметаткарады. Хориондық гонадотропин ұрыктын буйрекүсті және жыныс бездерiнiн дамуына, гормондардын алмасуына әсер етеді. Ұрыктын денесiнде зат алмасуын, оның өсуін реттейді.

 

Содан 3-8 аптадан бастап ұрыктын ішкі қабықшасы эмбриобласт өсуі ағзалардың нышандарын қалыптастырады. 



-Ұрыктын жүрегі 3 аптада қалыптасып соға бастайды, ми мен жүйке тутiгi пайда болады

-4 аптада ішкі ағзалардың нышаны білінеді

-8-аптада ұрыктын айырмашылығы байқалады

-9-аптадан, яғни 3-айдан бастап ұрык адамға ұксайды, әрі нәресте деп аталады. 

Осыған дейiн гормондык кызметті сары дене аткарады. Кейін 7-8 аптадан бастап, ол керi дамиды да, гормондарды өндіру плацентага ауысады. 

-Жүктіліктін 15-20 аптасында ми жедел өседi

-20-24 аптада негiзгi әрекетi калыптасады. 

-Жүктілік 38-аптадан кейін мерзiмi жеткен деп есептеледі. Орта шамамен жүктiлiк әйелдерде 280 кун (40 апта) болады. 

 

Жүктілік кезінде әйелдердiн организмінде көптеген ағзалар мен жүйелер едәуір өзгеріске ұшырайды. Оны бағыттайтын гипофиздiн пролактин гормоны мен сары дене бөлетiн-прогестерон. Пролактин сары дене кызметін күшейтеді, фоликулалардың жетілуiн тежейдi, сүт бездерін өсіреді, ФСГ мен ЛГ бөлінуі азаяды. Прогестерон миометридi өсiредi, онда кантамырларын көбейтеді. босансытады, эстрогендер биохимиялык урдiстердi, энергия алмасуын, ферменттердің белсенділігін қалпына келтіреді. Жүктілік кезінде негiзгi өзгеріс жатырда байқалады. 



 

Бала көтермей тұргандажатырдын ұзындығы 7-8 см, салмагы 50 г болса

жүктiлiктiн сонында 37-38 см-ге дейін, массасы -1000-1500 г өседі. Жатырдың ішкі көлемі 500 есе ұлғаяды, кабырғасы калындайды.

 

Жүктілік кезінде әйелдердiн имундык жүйесі өзгереді. Гормондардың әсерінен жасушалык иммунитет төмендейді. Бұл шаранамен бірігіп тусік (аборт) болудан сактайды. Зат алмасуы күшейеді, негiзгi энергия 15-20%-ке өседі. Жүрек - тамыр жүйесінің қызметi көптеген өзгерге үшырайды, айналымдағы каннын көлемі 25-45%-ке көбейедi, артериялык кысым төмендейді, өйткенi тамырдың аумағы ұлғаяды, шеткі кедергі азаяды.



 

Жүректiн соғуы жиіленеді (тахикардия), iрi веналарда кысым кете рiледi, жүректiн минуттык келемi 30%-ке жетедi. Тыныстык көлем 30-40%-ке ұлғаяды, тыныс 10%-ке жиiленедi. Жүктілік кезінде бүйрек пен бауырға да күш түседі.

 

 

Босану. Босану - тіршілікке қабілетті нәрестені және кағанак пен баланын жолдасын жатырдан шығаратын шартсыз рефлекс. Оны жүйке жүйесі мен гормондар реттейді. Жүктіліктін мезгiлi жеткенде мн кыртысында тежелу басым болады, қыртысасты құрылымдардың қозғыштығы артады, жұлыннын рефлекстерi күшейеді. Жатырдың әр түрлі әсерлерге сезімталдығы өседі. Босану іс-әрекеті дамуында гормонлар ерекше орын алады. Прогестерон деңгейі төмендейді, сондыктан онын жатырды тежейтін әсерi



әлсірейдi. Эстроген көбейіп, миометридін жиырылкыш заттарға сезімталдығын өсіреді. Эстрогендер простогландиндердін түзiлуiн белсендіреді. Бұлар босану іс-әрекетіне тікелей әсер етедi, ана мен нәресте гипофиздерiнде окситоцин бөлінуін реттейді. Окситоцин ацетилхолин жатыр етiнiн жиырылуын күшейтеді. Босану үрдiсiне серотонин, адреналин, норадреналин, гистамин, кинин да катысады.

 

Босану алдындагы осындай жүйке және эндокриндік өзгерістер босану доминантасын құрады. Босану үш кезеннен өтеді



-Бірінші кезенде толғак пайда болады. Жатырдын алкымы кенейiп (дистрикция) бұлшыкеттерi еріксіз оқтын-оқтын қайталай жиырылады (контракция) және ет кабаттары бiр-бiрiне катысты ығысады (ретракция). Толғак біртіндеп ұзара береді, арасы кыскарады және каркыны кушейедi. Жатыр анқасы толық ашылғанда (10-12 см) кағанак жарылып нәресте манындағы алдынгы су ағып кетеді.

Екiншi кезенде толғакка ерікті түрде күшену, құрсак, көкет, жамбас түбіндегі бұлшыкеттердің жиырылуы косылады. Босанушы әйелдер оны еркімен күшейте алады. Осынын нәтижесінде жатырда және кұрсакта кысым күшейіп, босану жолдары аркылы бала туылады. Толғак туу сәті наресте үшін қатты стресс және тренинг (жаттығу) болып саналады.

-Босанудың үшінші кезенінде шарана, кағанак бөлініп сыртка шығады. Босану кезіндегі жатыр еттерiнiн жиырылу жиiлiгiн, күшiн гистография әдісімен тіркеуге болады. 

 

Босанудан кейінгі кезең - 6-8 аптага созылады. Жүктілік кезінде өзгеріске ұшыраған ағзалар мен жүйелер калпына келеді. Эволюциялык үрдiстер жыныс мушелерiнде ерекше орын алады. Бұл кезенде емiзетiн аналарда пролактин көп болғандықтан етеккiрi келмейді.



 

Бала туғаннан кейiнгi бiрiншi етеккір овуляциясыз болады. Кейбiр айелдерде овуляция, тiптi жана жүктілік бала емізіп журсе де бола бередi.

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет