1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Т-лимфоциттердің дифференцировкасы



бет16/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   169
Т-лимфоциттердің дифференцировкасы:

Т-лимфоциттердің дифференцировкка үрдісінде екі негізгі кезең бар: антигентәуелсіз және антигентәуелді дифференцировка.

 

9.Тоқ ішекте жүретін процесстер. Ішектегі бактериялық микрофлораның организмдегі маңызы.

Тоқ ішекте жүретін процесстер:

Аш ішекте қорытылмай , сіңбей қалған ас қалдықтары мықын ішек тен соқыр ішекке өтеді . Мықын ішек пен бүйен жалғасқан жердегісфинктер мен қақпақша химусты мықын ішектен тоқ ішекке сығым дап өткізеді , бірақ химустың кері қайтуына , яғни тоқ ішектен мықын ішекке қайтып оралуына тосқауыл болады. 

Тоқ ішектің ішкі қабаты кілегейлі қабық көптеген көлденең ор наласқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер , бүрлер , ойық тар , ойық жерлерде кілегей зат ( муцин ) шығаратын тостаған ( бокал ) тәрізді жасушалар көп. Тоқ ішек құрылысы сөл шығаруға , көптеген заттардың қанға сіңуіне бейімделген . 

Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды , бірақ аш ішектен келіп түскен хим құрамындағы ферменттер қоректік заттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді. 

Аш ішектен ток ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді. Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекте сіңеді . Тоқ ішектегі перистальтика лық және кері перистальтикалық қимылдар бұған қажетті жағдай ту ғызады . Олар химусты тоқ ішек бойымен әрлі - берлі жылжыта оты рып , оны мұнда ұзақ уақыт сақтайды , ішектегі гидростатикалық қысымды ұлғайтып , қанға судың сүзілуін тездетеді . Осы айтылған дардың салдарынан химус қойылады да нәжіске айналып жылжып, тік ішекке жетеді. Адам тәулігіне бір рет үлкен дәретке отырады. 

Тоқ ішекте көптеген микроорганизмдер бар олар, аш ішекте ыды рамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады. Адам үшін клетчатка қоректік заттар қатарына жатпайды , бірақ ол тоқтық сезім тудырып ішек қимылын үдетеді. 

Тоқ ішекке келіп түскен белоктарды шірітетін микробтар да бар шіру нәтижесінде тез қайға сіңетін улы заттар: индол , скатол т.б түзіледі. Олар қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады ( дезинтоксикация ). Улы заттар шектен тыс көп болса , түгелдей бейтараптай алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда адам өз денесінде пайда болған заттармен біртіндеп улана бастайды ( аутоинтоксикация ). Тағаммен бірге келіп түскен белок мөлшері шектен тыс көп болса және бауырдың дезинтоксикалық қыз меті төмендесе адамның өзін өзі улауы асқынуы мүмкін. 

Белок шірітетін микробтармен катар ток ішекте сүт қышқылы түзілуін қамтамасыз ететін , ашу үрдісін күшейтетін микробтар да кездеседі. Олардың саны рациондагы сүт тағамдарының ( әсіресе, қышқыл ) мөлшеріне байланысты. Тоқ ішекте ашу үрдісі күшейіп сүт қышқылы көбейіп кетсе , шіру үрдісі бжеңлейді. Бұл мәліметтер күн тортібіне пайдалы тағамдар таңдау мәселесін қояды. Тоқ ішектің микрофлорасынын тағы да бір пайдасы витамин " К " синтездеу. Микрофлораның өзтеруі көптеген заттардын ток ішекте сіңуіне де әсер етеді . Қалыпты микрофлора патогенді микробтардын осуіне кедергі жасайды. Бірақ бактерияларға қарсы қолданылатын дәрілерді ( анти биотиктерді ) мөлшерден тыс ішу стафилакоктың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін. 

Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады . Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады . Нәжісті сыртқа шығару ас қорыту жүйесінің экскрециялық қызметі. Нәжісті шығару ( дефекация ) рефлексі тік ішек қабылдағыштарының тітіркендіруінен басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет