1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


-сұрақ Метафора, метонимия,синекдоханың жасалу жолдары мен қолданысына тоқталыңыз



бет62/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86
46-сұрақ


Метафора, метонимия,синекдоханың жасалу жолдары мен қолданысына тоқталыңыз.


Сөз мағыналарының ауысуы әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сол тәсілдердің бірі метафора арқылы.


Метафора. Белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп заттың немесе құбылыстың бір атаумен аталуы, соның негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Тіліміздегі көп мағыналы сөздердің үлкенсбөлшегі метафораның есебінен жасалған. Ол адамның ойлауымен, әсіресе көркем ойлауымен байланысты. Сондықтан олар барлық стильде, барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді. Метафора негізінен мынадай ұқсастықтар бойынша жасалады:


1. Түр-тұлғасы ұқсастықтары қарай: адамның беті – судың беті, иттің тұмсығы – қайықтың тұмсығы, адамның құлағы – қазанның құлағы, т.б


2. Қимыл ұқсастығы: жел ұлыды, бұлт көшіп барады, күн күлімдеді, жұлдыздар жымыңдады, т.б


3. Сапа ұқсастығы: өткір пышақ – өткір сөз, ащы жуа – ащы өмір, мөлдір бұлақ – мөлдір махаббат, т.б


4. Мінез-құлақ ұқсастығы: сиыр «қасақы» деген, аю «икемсіз» деген, көбелек «жеңілтек»деген, ит «оңбаған» деген, қасқыр «пысық» деген мағына береді.


5. Ұқсастық негізінде кейбір жер-су атаулары, кісі аттары қалыптасқан: Түйемойнақ, Бескемпір, Қыземшек, Қызтуған, Қарашаш, Қамыскөл, Түйешөккен.


Метафора қолдану сипатына қарай 1) тілдік метфора; 2) поэтикалық метфора болып екіге бөлінеді. Тілдік метафора белгілі бір тілде сөйлейтін әлеуметке толық таныс болып келеді Тұрақты сөз айшығы ретінде жиі жұмсалады. Осындай жалпыхалықтық сипатына қарай тілдік метафораны дәстүрлі метафора деп те атайды. Демек, тілдік метафораны жасауға бүкіл халық қатысса, поэтикалық метафораны көркем әдебиет қайраткерлері, қоғамдық ақпарат қызметкерлері қалыптастырады. Газет-журналдарда жиі жазылатындықтан, қара алтынды – көмір, ақ алтынды – мақта, сары алтынды – бидай деп түсінеміз. Сол сияқты түйені шөл кемесіне, комбайнды жер кемесіне, ұшақты әуе кемесіне балау да жалпыхалықтық сипат алған.


Поэтикалық метафораның бір түрі жеке қолданыстағы метафора делінеді. Өйткені, ол белгілі бір қаламгердің шығармасында ғана өмір сүреді. Мысалы, астар деген сөзден сырт киімнің ішкі қабатын ғана түсінеміз. «Бір нәрсенің ішкі сыры, мәні» деген ауыспалы мағынасын сөз тіркесінде немесе сөйлем ішінде ғана аңғаруға болады: сөз астары, бүркеулі жатқан астар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет