18 қараша 2014 жыл Ел ер «Балдә «алтын күЗ – 2014»



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата09.01.2017
өлшемі3,14 Mb.
#1521
1   2   3   4   5   6   7

   Мейрамбек  МҰСТАЖАНОВ   

Восход ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

  Ақсоғым ауылы, Теректіауданы

Күз

Күз келді далаға,

Жаңбыр жауды қалаға

Ағаштардың жапырағы

Түсіп жатыр аулаға

ермұқан   САҒИтОВ

Восход ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

           Ақсоғым ауылы, Теректіауданы


№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

13

Құлыншағым

    Менің құлыншағым бар. Оның атың ағам  екеуіміз – Айқасқа деп қойғанбыз. Түсі жирен қасқа. 

Ешқандай міні жоқ. Менің қолымда үйренгендіктен, қолымды созсам иіскелейді. Құлыншағымды 

қатты  жақсы  көремін.  Өскенде  оны  бәйгеге  қосқым  келеді.  Бәйгеден  бірінші  орын  алатынына 

сенімдімін.  Ол  далада  жақсы  жорғалайды.  Атына  заты  сай  Айқасқамды  ештеңеде  айырбастай 

алмайды.

Бақдәулет МАҚСОТ 

Тегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы



Өздерің жазған хаттардан

Ата-анадан тәтті жоқ

 Шынымен де, ата-анаға кім жетсін! Шыр етіп дүниеге 

келгенде біз ең алғаш көретініміз – Ана! Анашымыз бізді 

мәпелеп өсіріп, түн ұйқысын төрт бөліп, әрдайым қамқор 

болып жүреді. Әкеміз асқар тауымыз, қамқоршымыз. Біз 

ес білмей тұрып ең алғаш анамыз бен әкемізді танимыз. 

Жанымызға жақыны да – ата-анамыз. «Ата-анадан мал 

тәтті,  алтынды  үйден  жан  тәтті»  дейді  дана  халқымыз. 

Ата-анасын  сату  нағыз  арсыздың,  намыссыздың  ісі. 

Жетім  балдарды  алып  көрейік.  Оларды  ата-аналары 

тастап  кеткен.  Қандай  өкінішті...    Олар    үнемі  ата-

аналарының  жылы  алақанын,  мейірімділігін  күтеді. 

Ал  біз  қол-аяғымыз  сау,  бауырымыз  бүтін,  ата-анамыз 

қасымызда.  Қандай  бақытты  баламыз!  Сондықтан  да 

қолда бардың қадірін білейік! Ата-анамызды қолымызда 

аялап ұстайық, ренжітпейік!

Сымбат ТАРЖМАНОВА

Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің 

7-класс оқушысы, Ақжайық ауданы

  Жаңында жүр жақсы адам

     Менің  кіндік қаным тамған жер-Чапаев ауылы. Біздің ауыл табиғатқа 

бай жерде орналасқан. Ауыл адамдары өте тату тұрады. Бір –бірімен жақсы 

араласып,көмектеседі. Біздің айналамызда жақсы,мейірімді адамдар өте көп. 

Мысалы:мұғалімдер  балаларды  білімге  жетелейді,  дәрігерлер  адамдарды 

емдейді, құрылысшылар  биік, зәулім үйлер тұрғызады.

  Менің де жанымда жақсы адамдар бар, мысалы балалар дәрігері,қазіргі 

таңда зейнеткер –Мария Марданқызы Ислямғалиева.Біз балалар барлығымыз 

оны  Мария  апай  деп  атаймыз.  Ол  үнемі  адамдарға  қамқор  болып  жүреді. 

Айналасына  кішкене  балаларды  жиып  алып,әрдайым  тазалық,ұқыптылық 

туралы әңгімелеп отырады. Жоғарғы санатты білікті маман- бүгін ақ жаулықты 

әжеге айналған. Ол адамның жасаған жақсылығын айтып тауысу мүмкін емес 

шығар.  Күнделікті  ойын  балалары  оқыс  оқиғаларға  тап  болып  жатады,  ал 

Мария апай жедел жәрдем келгенше көптеген балаларды ажалдан арашалап 

қалды.Біздің жанымызда Мария Марданқызы сияқты жақсы адамдар көп,тек 

соларды бағалай білу өзімізге байланысты.

 

Гүлназ КҰБАЕВА

№1 орта жалпы білім беретін мектептің 6 «б» сынып оқушысы

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы



Менің анам

Менің  анам  өте  жақсы  адам.  Ана 

бізді  аялы  алақанымен  аялап  өсірді. 

Анамның арқасында өсіп жетілдім. Ана 

мені  жарық  дүниеге  әкелген  күннен 

бастап,  аялы  алақанымен  аялап 

бауырына басқан адам. Анамның алға 

қарай  жетелеуінің  арқасында  талай 

асуды  аламын  деп  ойлаймын.  Менің 

анама деген алғысым шексіз. Әр бала 

анасын  мен  секілді  жақсы  көреді. 

Алғаш  «ана»  деп  айтқан  баланың 

дауысын  естіген  ананың  жүрегі 

елжіреп  кетеді.  Анамды  жер  бетінде 

ең асыл жан деп санаймын.

ГҮЛЗАТ ЕРЛАНҚЫЗЫ

Подстепный қазақ орта мектебінің

5 «ә» сынып оқушысы

өзіңді танып, 

өзгені білесің

Маған  даярлықтан  бері  төртінші 

сыныпқа  дейін  Жунусова  Шолпан 

Тыныштыбайқызы  сабақ  беріп  келді. 

Біздер  алғаш  рет  мектепке  аяқ 

басқанымызда апай бізді бар күшімен 

оқытты. Ең бірінші әліппенден әріптерді 

содан  соң  сөздерді,  сөйлемдерді, 

мәтіндерді,  түрлі-түрлі  әңгімелерді 

айтқызып,  оқытып  үйретті.  Сөйтіп 

жүріп,  бес  жыл  көзді  ашып-жұмғанша 

өтіп  кетіпті.  Шолпан  апайдың  әдемі 

әпкесі  бар.  Оның  аты-жөні  Гүлзада 

Тыныштыбайқызы.  Ол  апай  бізге 

өзін-өзі  тану  пәнінен  берді.  Төртінші 

сыныпты бітіргенде ол апайларыммен 

қимай-қимай  қоштастық.  Мен  өз 

ұстаздарымды мақтан тұтамын.



АНАР ДИЯРОВА

Подстепный қазақ орта мектебінің

5 «ә» сынып оқушысы

Атам туралы естелік

Менің  атамның  аты-Шайпеден.Атамды 

көрген емеспін, бірақ ол туралы көп естідім.

Атам ақылды, байсалды және сауатты болған 

екен. Бос уақытында орысша газет-журналдар, 

кітаптар  оқып,  сөзжұмбақтарды  шешкенді 

ұнатқан.Ол  мейірімді  кейде  қаталда  болған.

Көп  жылдар  бойы  ауыл  шаруашылығында 

еңбек еткен, егін жинаудан алдыңғы қатарлы 

комбайыншы  болған.Еңбегі  бағаланып,  жыл 

сайын әртүрлі бағалы сыйлықтарға ие болған.

Ал  атамның  әкесі-Рамазан  болатын.Ол  Ұлы 

Отан  соғысына  аттанып,  содан  оралмаған.

Ол  кісінің  есімі  ауылымыздағы  Ұлы  Отан 

соғысының    ардагерлерлеріне  арналған 

құрмет  тақтасында  жазылған.Мен  олар 

туралы  естігенімді  еш  уақытта  ұмытпаймын 

кейін сіңлім Жанайымға айтып беремін.

Аяужан ШАЙПИДЕН

Ғ.Абдуллин атындағы ОЖББМ-нің

3-сынып оқушысы

Тау ауылы,жәнібек ауданы

 Біздің сынып

    Мен өз сыныбымды жақсы көремін. Біздер 

бір-бірімізбен  доспыз,  сырласпыз.Әрқашанда 

әзілдесіп  көңілді  жүреміз.  Төрт  жыл  бойы 

алғашқы  ұстазымызбен  біргеміз.  Мектептегі 

шараларға,ауданда    өтетін  шараларға    қатысып 

жүлделі  орын  алып  ұстазымызды  қуантамыз. 

Біздің  сыныпта  озат  оқушылар  көп  .Сынып 

болып  спорттық  секцияларға  ,би  үйірмесіне 

қатысамыз.  Сыныбымызда  өтетін  «Ғажайып 

математика 

әлемі»,«Қолөнер» 

үйірмелеріне 

қатысамыз.Біздің 

сыныбымыз 

таза, 


кең 

әдемі.  Сыныбымыз  әдемі  гүлдерге  толы 

.Сыныбымыз  компьютер,интерактивтік тақта мен 

жабдықталған.  Міне  біздің  сынып  осындай  .Мен 

өз  сыныбымды,сыныптас  құрдастарымды  жақсы 

көремін .



                                                                                                

Диас МАҚСҰТ

Тоғанас ауылы 4-сынып оқушысы

Сырым ауданы

  Ұстаз


Ұстаздар 

әр 


балаға 

өз 


балаларындай  қарайды.  Баланың 

келешегін,  болашағын  ойлайды. 

Себебі  халыққа  қалаулы,  елге 

елеулі 


азамат 

болғанымызды 

қалайды. Ұс таздар шәкірттеріне тек 

білім беріп қоймай, адамгершілікке, 

әдептілікке  үйретеді.  Ұстаз  бізге 

білім  кілтін  ұстатады.  Біздер 

ұстаздарымызды 

сыйлауымыз 

керек. Ал менің ұстазымның есімі - 

Кенжегүл  Сағындыққызы.  Ол  бізді 

білімге  жетелеп  отырады.  Сабақты 

тусінбей қалсақ, жәймен тусіндіреді. 

Ұстаз біздің екінші анамыз. Сол үшін 

ұстаздарымызды құрметтейік.

 

Бақыт ҚАЙЫРҚҰЛ 

№42 “Ақ ниет” гимназиясының 

4 “В” сынып оқушысы

Ұстаздан асқан ұлы жоқ

Біздің  мектепте  оқушылар  көп.  Қай  сыныпта  болмасын  сабақтан,  басқа  сыныптар  бос  болса 

болды, тәрбиелік шаралар өтіп жатады. Кейде осының бәріне ұстаздарымыз қалай үлгереді деп таң 

қаламын. Мені ұстазым – Рахметуллина Ақлима Қуанышқалиқызы да шәкірттері үшін бар біліктілігін 

аямай еңбектеніп келе жатқан ұстаз. Сыныбымызда тәрбиелік шаралар ата-аналар жиналысы жие 

өтеді. өлшеусіз еңбегін ұстазымның санаудың қажеті болмас. Шәкірттердің барлығы ұлының бәрі 

ұстаз көргенін ұмытпаса болғаны. Ал, мен үшін Ақлима Қуанықалиқызы ұлы ұстаз бол жүрегімде 

қала береді. 

Әсем ТӨЛЕУОВА

№10 ЖОББМ-нің 4 «е» сынып оқушысы



АНА - АРДАҚТЫ 

ЖАН

Менің  анам  мейірімді,  кішіпейіл 

адам.Аналар өте нәзік болады.Ананы 

барлық  бала  жақсы  көреді.Ананы 

әр  бала  әр  түрлі    қуантады.Ананың 

қуанбайтын  күні  жоқ.Тіпті  бала  бес 

алып келсе де қуанады.Ана өмір гүлі.

Сол гүлдерімізді аялайық.



Диана НҰРМАҒАМБЕТОВА

Д.Нұрпейісова орта мектебінің 

7-сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

   «Қаламұш» үйірмесінің мүшесі

   Атамның айтқаны

Мен соғысты көрген жоқпын көргімде келмейді. Менің естігенім соғыста 

атамның  досы  қарсыластарының  жеріне  барады,  бірақ  мерген  оны  атып 

тастапты деген жерлері аяғы, басы жаралған сол кісі өте батыл да,  батыр 

болған. Сол атамның айтқанын есіме алсам, аталардың ерлігін, батырлығын 

ешқашан ұмытпауымыз керек деп ойлаймын.

                                                                                 



Өркен ӘМІР

Х. Есенжанов атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы

Теректі ауданы

Анашым 

      Менің анам жақсы адам.Өйткені ол мені дүниеге әкеліп, өсіріп, бақты.



Қазақта  мақал  бар:Әдепті  бала  ата  анасын  мақтатар,  әдепсіз  бала  ата 

анасын қақсатар.Біз анамыздың алдындағы борышымызды ақша төлеп, өтей 

алмаймыз.Отан алдындағы азаматтық борышымызды өтеп, жарық жұлдыздай 

жарқ етіп қана ана алдындағы борышымызды өтеуге болады деп ойлаймын.



Ерсұлтан ҚАЗМАҒАМБЕТОВ

Қызылтал орта мектебінің

 3 «б» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

     Ана


  

Ана  деген  сөз  жүрегіме  жылу 

береді.  Менің  анам  әлемдегі  ең 

әдемі,  ақылды,  еңбекқор  адам. 

Анамды өте қатты жақсы  көремін. 

Ол  мені  өзінің  шуақты  сөзімен, 

аналық мейірімен тәрбиелеп келеді. 

Мен  анамды  жақсы  оқып,  қуантып 

жүрсем деймін.

Назерке ЖОЛДЫҒАЛИЕВА

Х.Есенжанов атындағы жалпы 

орта білім беретін мектептің 

3 - сынып оқушысы

Теректі ауданы

   Ана-өмірдің гүлі

Тіршілікте анасыз өмірдің мәні жоқ. Анамыз бізді 

9  ай  бойына  құрсағында  көтеріп,  өмірге  әкеледі.  

Алақанына  салып  аялап,  бағып-қағып  өсіреді. 

«Ананың  көңілі  балада,  баланың  көңілі  далада» 

дегендей анамыз бізді ойлап қамығады да жүреді.

Менің анамның аты – Жеміс. Ол ғажап адам.  Анам 

ешқашан  менің  сөзімді  жерге  тастаған  емес.  Маған 

әрқашан  ақылын  айтып  отырады.  Ол  6  баланың 

анасы.  Күміс  алқа  иегері.  Мен  осындай  анамның 

барына қуанамын.

 

Сәттігүл ТӨЛЕГЕН,

Д.Нұрпейісова орта мектебінің 7-сынып 

оқушысы, Жаңақала ауданы

   «Қаламұш» үйірмесінің мүшесі



Ана

Менің  анам  бар,  ол  кісі 

мейірімді,  сымбатты,  ақкөңіл,сүйкімді.

Мен  анамды  өте  жақсы  көремін.  Оның 

аты-Гүлжайнар. Мені ешбір балалардан 

кем  қылмай  бағып-қағып,  өсіріп  отыр. 

Анамды ренжеткім келмейді. Сондықтан 

сабағымды  жақсы  оқуға  тырысамын. 

Ана, саған көп-көп рахмет!

                                                               

Ерғали Ғалия

Ғ.Қараш атындағы орта мектептің

 5-сынып оқушысы

  Жәнібек ауданы, Борсы ауылы



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

14

Менің ауылым – Қабыршақты. Аталардың 

айтуы  бойынша  қазіргі  Көшім  өзені  ертеде 

бір  сай  болған  екен.  Ауыл  түгелімен  мал 

шаруашылығымен  айналысқан.  Өріс  толы 

төрт  түлік  осы  сай  суынан  ішіп,  шеті  ылғи 

да  қабыршақтанып  жатады  екен.  Содан 

біздің  ауыл  «Қабыршақты»  аталған.  Мен 

ес  білгелі  ол  «Көшім»  өзеніне  айналған. 

Шаруашылықпен  айналысуға  ыңғайлы  болу 

үшін қазіргі ауылымыздың ардақты ақсақалы 

Тілекқабылов  Төлеуғали  ата  (ол  кезде  жас 

болған)  эксковатормен  бұрынғы  сайды 

қазып,  суы  тұрақты  пайдалануға  жарайтын 

өзен еткен.

Балалар жазда Көшім өзеніне шомылып, 

балығын  аулап,  мәз  болады.  Кәрес,  сазан,, 

жайын  балықтарының  дәмі  жегенде  тіл 

үйіреді.  Өзге  жақтан  келген  адамдар  біздің 

ауылдың балығына тамсанады.

Бүгінде 

Көшім 


– 

көпшілік 

тұрғындарымыздың асыраушысы. 2008 жылы 

ауылға газ, су құбырлары жүргізілді. Суды осы 

өзен  арқылы  тартты.  Ауылым  күннен-күнге 

құлпырып, жасарып келеді. Табиғаты да сұлу 

жасыл желекке жамылған көшелерінде  жазда 

жүрудің өзі бір ғажап. Қазақта «туған жердің 

қадірін  жырақ  шықсаң  білерсің»  деген  сөз 

бар ғой. Мен осы сезімді бірде көрші ауылға 

қыдырып  барғанда  басымнан  өткердім. 

Қызық екен. Менің ауылымдай жер еш жерде 

жоқ сияқты. «Туған елдей ел болмас» деген 

де осы екен-ау – деген ой түйдім. Мен оның 

суын да, ауасын да, туған үйімді де сағынып, 

кеудем  бір  түрлі  ыстық  сезімге  толып  кетті. 

Жолда ауылыма жеткенше асықтым.

Бұл  ауылдың  жасылдануына,  бау-бақша 

егіп,  алма  бағын  өсіруге  үлкен  үлес  қосқан 

Василий Аршакович Багдасарян деген армян 

болған.  Ол  1951-60  жылдары  Первомай 

совхозының  директоры  қызметін  атқарған. 

Сол  кездегі  В.А.  Багдосарянның  еңбегі 

туралы  біздің  мектебіміздің  1988  жылғы 

түлегі  Гүлмайра  Сисенованың  «Оставим 

сад  цветущий,  школу»  тақырыбында 

мақала  жазған.  Кейіннен  В.А.  Багдосарян 

Москва маңында тұрған кезінде Гүлмайраға 

өз  қолтаңбасын  жазып,  «Золотое  кольцо 

Россий» деген кітапты сыйға жіберген. Кітап 

бүгінгі  күні  мектеп  мұражайында  сақтаулы. 

Гүлмайра  біздің  ауылымыздың  ардақты 

да  абзал  ақ  халатты  Лұқпан  атамыздың 

үлкен  қызы.  Бүгінде  ол  -  әке  жолын  қуған 

үлкен  дәрігер.  Дәрігер  Лұқпан  атамыз  80-

ге  таяп  қалса  да  әлі  күнге  оны  іздеп  барып 

қаралушылар  көп.  Үйде  әжелеріміз  оның 

шипалы қолы мен білгірлігін аңыз етіп айтып 

отырады. Бұрынғы емханамыз қайта ашылса 

ғой деп те армандайды.

Мен  осындай  табиғаты  таза,  топырағы 

құнарлы,  ырысы  мол  ауылда  туғанымды 

мақтан етемін.Ақиық ақын Қ.Аманжоловтың:

 Алыс кетсем мен сені аңсап жүрем,

Сағыныштан  өзіңе  ән  сап  жүрем,  туған 

жер, - деген маржан жолдарынан туған жер 

–  алтын  бесіктің  сағынышы  қайда  жүрсең 

де  аялап,  тербеп  тұратынын  сеземін.  Туған 

жердің  топырағы  алтыннан  да  қымбат..

Сондықтан  да  Сенде  тудым,  сенде  өстім, 

сенде өлсем, Арманым жоқ бұл дүниеде дер 

едім,  -  деген  сөздері  менің  де  көкірегімнен 

орын  алған.  Үлкендердің  осындай  үлгі-

әңгімелерін  тыңдай  жүріп,  ауылымның 

адамдары  қандай  жақсы,  бір-біріне  сүйеу 

болып,  тұрған  жерін  көркейткен,  -  деп 

ойладым. Қасиетті туған жерімнің топырағына 

табынып, өзіне басымды иемін.



Ақбота САПАРҒАЛИЕВА

Бітік орта жалпы білім 

беретін мектеп-балабақшасының 

9-класс оқушысы, Ақжайық ауданы

Ту көтеріп, 

тұлпар мінген 

ұрпақпыз

Ткған жер - алтын бесік

     Менің туған ауылым

Халқымыз үшін төрт малдың осалы жоқ. 

Бәріне  де  ерекше  қарған.  Соның  ішінде 

жылқыны  ерекше  бағалаған.  Төрт  аяғын 

тең  басқан  тұлпарларын  бәйгеге  қосып, 

аламанның  шаңын  қағып,  алған  бәйгесін 

алғаш  кезіккен  жанға  байлаған  атымтай 

жомарттығы тағы бар. Сымбатты жануарды 

сырт  көзден  сақтап,  бойтұмарлап  ұстаған 

аталарымыз,  бәйге  алдында  ұйықтамай 

тұлпарының  қасында  түнімен  жүріп  қас-

қабағын бағады дейді білетіндер. 

Қазақтың  қанатына  балаған  осы 

жануарды  қадір  тұтып,  төрт  түлік  малдың 

жанында  жүрген  ауыл  балаларының 

азаматтығына  қалай  құрмет  көрсетсек  те 

жарасады.



Ақжарқын ТІЛЕКҚАЛИЕВА

№10 ЖОББМ-нің 

4 «е» сынып оқушысы

                     

Алтын бесік

Ауылым!  Сенен  асқан  ыстық,  қымбат 

ештеңе  жоқ.  Ақжайық  төсіндегі    кішкентай  

ғана ауылымның аты Есенсай. Ауылымыздың 

шетінде Жайық өзені бар. Оның балығының 

өзі  бал  татиды.    Тоғайда  неше  түрлі  

ағаштар, тал теректер, емдік шөптер, құстар, 

аңдар  мекен  етеді.  Ауылымызда  мәдениет 

үйі,  орта  мектеп,  дәрігерлік  мекеме  бар.  

Ауылымыз ауыз  сумен қамтамасыз етілген. 

Енді  биыл  ауылымызға  газ  келеді.  Ауылым 

жылдан жылға дамып келеді.   «Туған жердің 

топырағы –жұмсақ, ауасы шипа» деген ғой. 

Туған  жерімнің  әрбір  тасы,  топырағы,  аң-

құсы маған қымбат. Қысы –жазы ауылға көрік 

беріп  тұратын  тоғайды  біз  әрдайым  күтіп, 

мәпелеп  жүруіміз  керек.  Осындай  қасиетті 

өлкеде  дүниеге  келгенімді  мақтанышпен 

айтамын.

     Гүлдана  МАНАРБЕК

Есенсай ауылы, ЖОББМ-нің 4 «а» 

сынып оқушысы, Ақжайық ауданы,

Атамекенімнің ақ таңы 

Атамекен –ата-абабаларымыздың қоныс тепкен,  мекен еткен жері. Туған жер –әр адамның 

дүние есігін ашып өмірге келген ыстық мекені. Менің туған жерім – Шабдаржап ауылы. Өз 

ауылым қасиетті де, қастерлі. Ауылымыздың іргесінде балығы тайдай тулаған Жайық өзені 

ағып жатыр. Ауасы таза, табиғаты тамаша. Туған жер ол өз перзентіне барын – нәрін береді, 

төсінде тербетіп аялап, әлпештейді. Әр адам өз туған жерін, ауылын мақтаныш етеді, қадір 

тұтады.  Туған  ауылға  қызмет  ету  –  әрбір  азаматтың  парызы.  «Өзге  жердің  бәрі  жақсы,  өз 

еліңдей қайдан болсын?!»  дегендей туған ауылыңнан алысқа кетсең, оны сағынасың. Мен 

үшін ауылымның маңызы қандай десеңізші?! Мен осы жерде туып, алаңсыз бақытты балалық 

шағымды өткізіп жатырмын. Мектепте жақсы білім алып, аңсаған армандарыма жетуді мақсат 

етемін.  Біздің ауылымыздың адамдары жаны  жайсаң, қамқор, адамгершіліктері мол жандар. 

Олар көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Жеке қожалықтар да бар. Ауыл адамдары 

бір  үйдің  адамдарындай  бір-біріне  көмектесіп,  бір-біріне  қол  ұшын  беруге  дайын  тұрады. 

Ауылымыз күннен күнге көркейіп, гүлденуде. Ауылымызға жаңа  мектеп салынбақшы. Бұл біз 

үшін үлкен қуаныш. 

 

Айкөркем ОРАЛБЕКОВА

Харькин ОЖББ мектебінің 

8-сынып оқушысы, Шабдаржап ауылы,Ақжайық ауданы

 Берекелі алтын күз 

Азаттықтың ақ бесігінде еркін тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландарында арман 

жоқ, сірә. Олай дейтінім, бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынан бастап, ел тізгінін ұстаған 

аға-әпкелеріміз бен барша халық жастарымызға барынша назарын аударып, олардың жарқын 

келешегі жолында түрлі мүмкіндіктер мен нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыруда. Жасыратыны 

жоқ,  қазіргі  таңда  әр  жас  азаматтың  толыққанды  дамуына  барлық  жағдайлар  жасалынған. 

Осындайда  қазақтың  әйгілі  жазушысы  Ғабит  Мүсіреповтың:  «Бүкіл  азаматтың  келешегі 

–  жас  жеткіншектердің  қандай  идеал  негізінде  тәрбиеленіп,  қалай  өсуіне,  кемелденуіне 

байланысты» деген сөздері жас ұрпақ өкілдерінің бойына айқын мақсатты болашаққа деген 

сенім мен отансүйгіштік сезімді жастайынан сіңіру керектігін байқатады. Бұл дегеніміз, бүгіндегі 

әрбір жасқа қазақтың асқақ рухты, жалын жүректі, қайсар білекті ата-бабаларының ұрпағы 

екендерін сөзімен де, ісімен де дәлелдейтін кез келгендігінің белгісі іспеттес. Ол үшін мектеп 

қабырғасында  білім  алып  жүрген  оқушыларды  үлкен  өмірге  дайындаудан  бастағанымыз 

абзал болар. Себебі, ертеңін ойлаған ақын-жазушыларымыздың тілінде айтар болсақ, мектеп 

оқушылары «Тың жер тәрізді, не ексек сол шығады, әрі мол шығады». Ал, бүгінде өскелең 

жас ұрпаққа ең алдымен керегі ізгілік, парасаттылық және жалындаған жігер.  Міне, өскелең 

ұрпақты  жоғары  рухани  адамгершілік  құндылықтарға  негізделген  қазақстандық  патриотизм 

рухында тәрбиелеуге шақыратын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алар 

орны  ерекше.  Көкірегі  ояу,  көңілдері  сергек  оқушыларды  «жасұландықтардың»  қатарына 

қосып, оларды өмір сүру барысында азаматтық белсенділігін барынша танытуға тәрбиелеу 

– ұйымның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы міндетті орындауда «Жас Ұлан» 

жасөспірімдер  ұйымы  2014  жылда  қаншама  іс-шаралар  ұйымдастырды.  Солардың  бірі 

«Берекелі алтын күз» кеші.  Іс-шараның мақсаты:«Алтын күз»  мерекесіне ұйымшылдықпен 

қатыса  отырып,  күз-байлық,күз-береке,күз-молшылық,  күз-шаттық,    күз-қуаныш    екенінін  

оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу

.

 



Бұл  шарадан  алатын  әсер  мол  болды.  Осындай  шаралар  әлі  де  оздырылмақ. 

Өнерлерің 

өрлей берсін,өркенің 

өссін ЖасҰлан!



Еркебұлан  БОЛАТҚАЛИЕВ

 Соналы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы 

Қаратөбе ауданы

Қанапия Айкөркем 1 «А» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы «Григорьев мектеп-балабақша 

кешені» 

Асылханұлы Әлімжан

Тегісшіл жалпы білім беретін негізгі мектебі

Даярлық тобының оқушысы

Мерекеев Саят

№10 ЖОББМ, 2 “д”сынып



Кенесова Мадина

3 “б”сынып



Қасым Әмір

№10 ЖОББМ, 1 “в” сынып



Болат Мақсот

№10 ЖОББМ, 1 “в” сынып



Амангельдиев Алихан

№34 мектеп-гимназиясы, 3 сынып



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

15

   Ана тілім – 

жыр әнім

Ана тілім- таусылмайтын жыр – әнім,

Ана тілім – асқақтаған қыраным.

Ана тілдей сарқылмайтын тіл барда

Қазағымның сөнбес мәңгі шырағы.

Ана тілім- туған елдің қайраты,

Ана тілім – қазағымның айбаты.

Сондықтан да, ана тілім, мен сені

Қорғап өтем  біткенше күш- қайратым.

       


  Бекзат МАКСИМОВ

Еңбекші НМ-нің 5-сынып оқушысы

Қызылжар   ауылы, Ақжайық ауданы,

Өзін-өзі тану әлемі

Өзін-өзі тану пәнінен,

Көптеген білім үйрендік.

Жақсылыққа құмар боп,

Жамандықтан жирендік.

Тоздыратын білімін,

Ондай бала болмаймыз.

Биік қойса білімін,

Ондайды біз қолдаймыз.

Әбу-Насырға баратын,

Жан сергітіп алатын,

Мүтәліптің арманы,

Бізге де ой салатын.

Осының бәрін үйреткен,

Мұғалімнің еңбегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет