2 ҰҢҒыманы газлифтілі әдіспен пайдалану



бет1/12
Дата28.04.2023
өлшемі451,08 Kb.
#88015
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................2
1. ҰҢҒЫМАНЫ ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСПЕН ПАЙДАЛАНУ
1.1. МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІМЕН ИГЕРУ.........3
1.2. ГАЗЛИФТІ ӘДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ..............................................................4
1.3. ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ..........................................5
1.4. МҰНАЙ ӨНДІРУГЕ ГАЗЛИФТ ӘДІСІНІҢ ҚУАТЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ .............................................. ..........................7
1.5. КОМПРЕССОРЛЫҚ ҰҢҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ...........................8
1.6. ТЕРЕҢДІК КЛАПАНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРНАТУ
ТЕРЕҢДІГІН АНЫҚТАУ .......................................................................................8
1.7. КОМПРЕССОРСЫЗ ГАЗЛИФТ.....................................................................11
1.8. ГАЗЛИФТ ҰҢҒЫСЫН АУЫСПАЛЫ ТҮРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ............. 11 1.9. ПЛУНЖЕРЛІК КӨТЕРГІШ............................................................................12 1.10. ГАЗЛИФТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ АҚАУЛАР, ОЛАРДЫ ЖОЮ ...13 ШАРАЛАРЫ
2. ГАЗЛИФТ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1. ГАЗЛИФТІ ҰҢҒЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ..........................................16
2.2. ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ..........18
3. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3.1. ГАЗ ҰҢҒЫСЫНДАҒЫ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ.....................................19
3.2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ...................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................22


КІРІСПЕ
Мұнай грек халқының «Нефта» деген сөзінен шыққан, «Нефта» жағарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай және газ көздерінің терең орналасқан қабаттармен байланысты екендігі белгілі. Бірақ, осы мұнай мен газ кенорындарын игеру және пайдалану ісі шамамен бір ғасырға жуық уақыттан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде мұнай туралы жинақталған тәжірибелер де аз емес. Осыған қарамастан мұнайгаз және олар тектес заттардың пайда болуы жайында деректер түбегейлі анықталып біткен жоқ деуге болады.
Отын-энергетика кенінің бұл саласы екі тармаққа бөлінеді: мұнай және газ шығару, мұнай және газ өңдеу. Қазақстанда әсіресе мұнай және газ шығару саласы дамыған.
Қазақстан Республикасында мұнай газ саласын қазіргі замандағы талапқа сай дамыту мынаған байланысты: мұнайы бар тұз асты шөгінділерін игеруді қолға алу, Каспий шельфі мен Қазақстан секторының мұнайлы аймақтарын пайдалану мен барлауды қолға алу.
Қазақстан жерінде бірінші мұнай фонтанын 1899 жылы Қарашұңғыл барлау алқабы атты, кейін Доссор (1911 жылы) және Мақат (1915 жылы) екі мұнай кәсіпорындары іске қосылды. Осы үш мұнай кен орындары республиканың батысында Атырау облысында орналасқан.
1965 жылға дейін мұнай тек қана Ембі бассейнінде көптеген қуаты тапшы кен орындарында шығарылған. Бұған себеп болған Ембі мұнайлы ауданының ұтымды географиялық орналасуы және мұнайдың жоғары сапалылығы.
Қазіргі уақытта Қазақстан мұнайы өңделместен, негізінен республикадан тыс аймақтарға (Ресей, Азербайджан, Түркменстан) тасымалданады, ал Қазақстанға сырттан толып жатқан мұнай өнімдері тасып әкелінеді. Мұндай жағдай мұнайды тасымалдаудың және өңдеудің ұтымды жолдарын таңдауды дәлелдеу проблемаларын туғызады.
Республика мұнай қорының молдығы және мұнай шығарудың техника-экономикалық қолайлылығы оны шығару көлемін шұғыл көбейтуге мүмкіншілік береді. Бірақ та онда екі проблеманы дәлелдеп шешу қажет: біріншісі, егер де Маңғышлаққа шикі өнім өндіретін бағыт берілсе, онда мұнайды өңдейтін бағыттарға қарай қуатты мұнай құбырын салуды бастау қажет; екіншісі, шикі мұнайды шығарылған жерде өңдеуге бағыт алатын болсақ, Маңғышлақ мұнайын өңдеу нобайын өзгерту қажет. Мұнайды шығарылған жерде өңдеу, шикі мұнайды шетке шығарудан және мұнай өнімдерін шеттен әкелуден экономикалық жағынан ұтымды.
Қазақстан мұнай өнеркәсібінің екінші жолмен дамуы орасан зор инвестицияны және шетел капиталын тартуды қажет етеді. Осы себептен Атырау және Маңғыстау еркін экономикалық аймақтары ашылды, ал көмірсутектер шикізаттар шығаратын және өңдейтін Қарашығанақ мұнай компаниясы, Тенгизшевройл сияқты ірі ортақ кәсіпорындары құрылды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет