2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ


ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС



бет21/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
2.6

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

2023-2024 оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту, үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Жұмысты ұйымдастыру білім алушылардың барлық пәндер бойынша білімін кіріс және тұрақты бақылау, жұмыс жоспарын әзірлеу және оны әр педагог жүйелі түрде жүзеге асыру барысында жүзеге асырылады және мектеп әкімшілігінің бақылауында болуы керек.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу пәндері бойынша білім сапасына үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу алгоритмі:

  1. бірнеше педагогтардың сабақтарды, оқу іс-әрекеттерін бірлесіп жоспарлауы (оқу материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін қарапайым оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу іс-әрекетін алгоритмдеу және т. б.);

  2. оқу қызметі барысында сүйемелдеу және консультация беру;

  3. бірінші сынып оқушылары мен осал балалардың психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету;

  4. оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табысқа жету жағдайларын жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.);

  5. білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім алушылардан үнемі сұрап отыру, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру,

кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру және т.б.);

  1. қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру;

  2. білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;

  3. дербес тапсырмаларды орындау үшін қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Оқу жылы ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша келесі міндеттерді шешуге бағытталған жұмысты жалғастыру ұсынылады:

  • білім алушының артта қалуының себептерін анықтау және оның оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау;

  • жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу; - сараланған тапсырмаларды таңдаумен жеке оқу жоспарын әзірлеу; - тұрақты кері байланыс жүргізу.

Педагог білім беру қажеттіліктерін және білім алушылардың жеке даму траекториясын ескере отырып, пән бойынша үлгерімі төмен білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:

  • өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу мақсаттарын, оқу пәні сабақтарының тақырыптарын біріктіру;

  • өткен оқу жылының материалын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне пәндер бойынша бөлу;

  • жаңа тақырыпты/оқу мақсатын оқымас бұрын оқу материалын қайталау;

  • білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша

сабақтар өткізу;

  • білім алушыларға оқытудың күрделі тақырыптары/мақсаттары бойынша жеке және топтық консультациялар өткізу;

  • пән бойынша өткен оқу материалдары бойынша олимпиадалар ұйымдастыру;

  • демалыс мектептерін ұйымдастыру;

  • формативті бағалау жүргізу кезінде өткен бағдарлама бойынша оқу тапсырмаларын әзірлеу және енгізу;

  • өткен оқу жылындағы материалды пайдалана отырып, зерттеу және жобалау жұмыстарын іске асыру;

  • білім беру ұйымдарының, оның ішінде гимназиялардың/лицейлердің Типтік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің сағаттарын білім алушылардың білімін толықтыру бойынша сабақтар өткізуге пайдалану; - білім беру платформаларын пайдалану.


И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022 жылы «Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірлеген және www.uba.edu.kzсайтында қол жетімді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет