3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз. Д ниеде адамға ең қажетт құрал – тіл


-жаттығу. Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеңіз



бет7/15
Дата25.04.2022
өлшемі50,5 Kb.
#32254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
5-жаттығу. Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеңіз.
Үлгі: Мен ұстазбын. Сен ұстазсың. Сіз ұстазсыз. Ол ұстаз.
Суретші, саяхатшы, ардагер, зейнеткер, ғалым, суретші, сәулетші, студент, оқушы, бала, директор, президент, жүргізуші, орындаушы, музыкант, ақын, жазушы.

12

ЛЕКСИКА: Менің мамандығым


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Менің мамандығым
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
Менің мамандығым – оқытушы. Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандадым. Балалық шағымда мұғалім ролін көп ойнадым. Бұл мамандықты тандауда менің анамның әсері күшті болды. Себебі менің анам да оқытушы. Анамның жұмысына барып, сабақтарына да қатысқан кездерім болды. Кейін мектепте оқып жүріп өз мұғаліміме де сүйсіне қарайтынмын. Неткен білімді адамдар деп ойлап, өскенде мен де осындай мамандыққа ие боламын деп өзіме сөз бердім.


Сөздік
мамандық - профессия

мамандық таңдау – выбор профессии

жауапкершілікті - ответственный

маңызды іс - важное дело

зейінді - сообразительный

өзі өскен орта - среда, где вырос

білімді – образованный

қызығушылық - интерес


қабілет - способность

бейімділік - склонность

қалау - желание

сүйену керек - надо опираться
үлес - вклад, лепта

жетістік – достижение






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет