4. Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата19.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#51226
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Филология факультеті 
Қазақ тіл білімі кафедрасы 
Тұрсынова М.А. 
Қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. 
«Латын негізді қазақ жазуы» пәні бойынша дәрістер курсы 
Қарағанды 
2022 
 
 


№1 дәріс тақырыбы: Орфография және оның зерттеу нысаны 
 
Дәріс жоспары:
1. 
Орфографияның зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері.  
2. 
Орфография мен пунктуацияның байланысы.  
3. 
Қазақ орфографиясының принциптері.  
4. 
Орфографиялық сөздіктер. Олардың әр жылғы басылымдарындағы 
өзгерістер. 
 
Дәріс мәтіні: 
Орфография (грек. огfhos - дурыс, gropho -жазамын) – сөзді бірізді жазудың 
тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) қандай 
әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылылы 
жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Кейде 
орфография кең түрде емле мағынасында қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу 
тәртібін де көрсетеді.
Тілдің жазбаша формасы өзінің ең басты адамдар арасындағы қарым-қатынас 
құралы болуға тиіс міндетінің үдесінен шығуы керек. Тілдің ауызша формасы 
сияқты ол да ойды жеткізу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Тілдің дыбысталу жағы 
оның тек өмір сүру формасы болғанмен, жазу өзінің басты функциясын орындау 
үшін онымен байланысты болуы міндетті емес деген пікірді Л.Р.Зиндер «Общая 
фонетика» атты еңбегінде айтқан болатын.
1) 
Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи 
қалыптасқан жүйесі. 
2) 
Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін 
жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфография тілдің белгілі-бір даму кезеңіндегі жазба тілдің 
нормаларын айқындайды деуге де болады.
Р.Сыздық өзінің бірқатар еңбектерінде орфографиялық принциптердің 
фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. түрлері 
бар, көптеген тілдердің орфографиялық заңдары аталған принциптердің біріне ғана 
негізделмейді, екеу, үшеу, тіпті барлық төрт принциптің де белгілері орын алуы 
мүмкін дей келе, қазақ орфографиясының негізгі принциптері – морфологиялық, 
фонематикалық және фонетикалық, сонымен қатар тарихи-дәстүрлік принцип те 
орын алады деп көрсетіп жүр. Бұл принциптердің әрқайсысына қысқаша мәлімет 
төмендегіше беріледі. 
Морфологиялық принцип сөз бөлшектерінің, яғни түбір, жұрнақ, 
жалғауларының түбір тұлғаларының сақталып жазылуын талап етеді. Мысалы, 
жұмыс, іс, аш деген түбірлерге -шы, -шең, -са, деген қосымшалар жалғанғанда, 
олардағы аралық дыбыстар бір-біріне әсер етіп, сөздер жұмұшшы, ішшеңашша 
болып айтылады және солай естіледі, бірақ сөздердің түбірлері мен жалғанған 
қосымшалар өз тұлғаларын сақтап, жүмысшы, ішсеңашса болып жазылады.
Фонематикалық принцип бойынша жазуда бір сөз ішінде дыбыстардың 
(фонемалардың) қосалқы реңкі (варианты) ескерілмейді, сөз бөлшектеріндегі 
фонемалардың негізгі реңкі (инварианты) сақталады. Мысалы, қашанғы, түнгі, 
күнге деп жазылған сөздер қашаңғы, түңгі, күңгө болып айтылады, естіледі. Қазақ 
орфографиясында морфологиялық принцип пен фонематикалық принциптердің 


тоғысып келетін сәттері жиі кездеседі. Сондықтан қазақ емле нормаларының негізі 
– морфологиялық-фонематикалық деп ұластырылып (қосақтап) атауға болады. 
Мысалы, біріккен сөздер мен қос сөздердің, негізінен, әр құрамды бөлігінің жеке 
тұлғасы сақталынып жазылады, ол компоненттерінің аралығындағы дыбыстардың 
айтылуыда бір-біріне ететін әсері ескерілмейді. Айталық, қара+күйе (құрт), 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет