41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз. Нәзира нәзирагөйлік



бет1/11
Дата18.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#94141
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

41. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі нәзиралық дәстүрді қолданған ақындардың еңбегіне талдап түсіндіріңіз.
Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің “жауап” қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады. Ол 11 ғасырдан бастап сарай поэзиясында әдебиет тартысы, ақындық талантты сынау құралы ретінде қолданылған.
Қазақ әдебиетінде нәзиралық дәстүр Абайдан басталған. Ол өзінің аталмыш үш поэмасын да шығыстық сюжеттегі нәзиралық үлгі түрінде жазған болатын.
"Ләйлі - Мәжнүн" - Шығыс халықтарында көне заманнан кең тараған ғашықтық дастан. Онда 7 — 8 ғ. аралығында өмір сүрген араб ақыны Каис ибн Муадтың махаббаты жырланады. “Ләйлі - Мәжнүн” дастанын кейін бір жүйеге түсіріп, алғаш біртұтас поэмаға айналдырған Әзірбайжан ақыны Гәнжәуи Низами. Қазақ арасына кең тарағаны Ш.Құдайбердіұлы жырлаған Физули нұсқасы. Дегенмен, бұл Шәкәрімнің төл туындысы болуы да мүмкін. С.Сейфуллин 1935 ж. осы нұсқаны жеке кітап етіп шығарған.
Фирдаусидің «Шаһнамасының» «Дараһнамасын» «Самұрық» деген атпен, «Әшкабусын» «Шаһнама» деген атпен жырлаған – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Негізінен, «Шаһнама» арқылы қазақ даласына тараған қиссалардың бірі – «Қисса Рүстем». Сыр сүлейі атанған Т. Ізтілеуұлы ХХ ғасырдың 30-жылдары ауызша, жазбаша тараған хикаялардың басын құрап, Фирдоуси туындысын кітаби ақындар дәстүрінде қайта жырлап шықты. «Шаһнаманың» Тұрмағамбет ақын жырлаған нұсқасы «Рүстем-дастан» деген атаумен 1961 жылы жеке кітап болып басылды.
М.Көпеев нәзиралық үлгіде жазылған “Аңқау адам туралы” атты мысал ертегісінің сюжеті мен құрылымы арабтың “Мың бір түн” ертегісіндегі үш жүз сексен төртінші түні айтылған “Адам болған есек туралы әңгімемен” үндес [82, 362 б.]. Оған ақынның шығармаларын араб әдебиеті үлгілерімен салыстыра саралай отырып көз жеткіздік. М.Көпеев нұсқасында есегін жетектеп келе жатқан сартты көрген қулардың есекті қалай ұрлап алғаны айтылады. Ал, араб әңгімесінде сюжеттің жалпы желісі Мәшһүр нұсқасымен мазмұндас болғанымен, ерекшелігі де бар. “Мың бір түнде” алданатын адам сарт емес, кіре тартып келе жатқан жолаушы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет