8 тапсырма Тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беру. Жоспары: І. Кіріспе бөлім



бет1/8
Дата24.01.2022
өлшемі23,9 Kb.
#24285
  1   2   3   4   5   6   7   8

8 тапсырма



Тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беру.

Жоспары:



І. Кіріспе бөлім

Отбасылық қарым-қатынастың маңызы



ІІ. Негізгі бөлім

Отбасындағы қарым-қатынас стилдеріне сипаттама



ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Отбасылық қарым- қатынастың маңызы. Өмір есігін ашысымен кез-келген адам қандай да бір қоғамға келіп түседі. Ол сол қоғамда өсіп, өркендеп, қалыптасып әрі сонда өледі. Адамның дамуына көптеген факторлер оның ішінде биологиялық және әлеуметтік факторлер әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды фактор ол - отбасы. Отбасыда қанша адам бар екеніне, отбасыдағы адамдардың қарым-қатынасына байланысты т.с.с. отбасылар әртүрлі болады. Отбасыда адам өзінің әлемге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Отбасыдағы қарым-қатынас адамның болашақ өмірін қалай жасайтынын, қай жолмен жүретінін айқындайды.

Әрбір баланың өмірінде ата ананың орны ерекше. Олар балаға жүріс тұрыстың жаңа үлгісін береді. Солардың көмегімен ол өзін қоршаған әлемді таниды. Ол барлық іс әрекетінде соларға еліктейді. Бұл тенденция баланык ата анасымен арасындағы жағымды эмоционалды байланыстардың арқасында күшейе түседі. Бала әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Балаға үйреткісі келетін барлық адами қасиеттерді өз әрекеттерімен тырысатын болады. Бұндай тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым қатынас кезінде өзін өзі қадағалау отбасыға үлкен мән беру баланы қолайды жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай отбасыда бала жан жақты болады.

Отбасы ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Отбасыда әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Отбасы кішкентай әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді. Олардың әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен отбасы өміріне әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа мүшелерінің рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік қағидаларымен мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.

Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету отбасылық өмірдің қандай да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келімге келулеріне байланысты.

Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына тартқылайтын болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі шығады. Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның үстіне бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса, ондай бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол өзін қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп балалық үрей туады. Бала қорқақ болып, тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бала үшін отбасы мүшелерінің ара-қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым-қатынасы қандай екенін сезіну ерекше маңызды.

Отбасы баланы қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани құндылықтарды, моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы отбасыдан үйренеді. Ата-ананың келісіліп жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге сай өзінің сезімі мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада құндылықтар әлемі қалыптасады. Бұнлай жан-жақты дамудың барысында ата-ана өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда кейбір ата-ана өздерінің балаларының жүріс-тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті бұзылуына себеп болып жатады

Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді. Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін өзі бағалауы тым жоғары балалар тек жеңісті ғана көздейді. Ал егер жеңіліп қалса ол оларға үлкен психикалық соққы болады. Ал талабы төмен оған өоса өзін өзі бағалауы да төмен балалар болашақта да осы шақта да ешнәрсене ұмтылмайды. Олар алдарына жоғары мақсаттар қоймайды. әрдайым өздерінің мүмкіндіктеріне күмәнданып жүреді. Жеңілісті оңай қабылдайды, бірақ сөйте тұра өмірде көп жетістіктерге қол жеткізеді.

Әрбір отбасыда тәрбиенің қандай да бір түрі қалыптасады. Көбінеки отбасыларда әлі толық жетілмеген тәрбие жүйесі қалыптасқан. Тәрбиенің мақсатын түсіну , тәрбиенің түрлерін түсіну, баланы тәрбиелегенде не нәрсе болады не нәрсе болмайтынын білу керек. Ол үшін отбасыдағы тәрбиені төрт тактиға бөлуге болады . Сонымен бірге отбасылық қарым-қатынасқа жауап беретін төрт типке бөлеміз: диктат яғни артықшылық, қамқорлық, «араласпау», серіктесіп бірігіп істеу.

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады.

Отбасы түрлерін бес топқа бөліп қарастыруға болады:



  1. Ата-аналар мен балалар арасында өте жылы, достық қатынас бар отбасы. Бұл атмосфера барлық отбасы мүшелері үшін жағымды, өйткені бұл отбасының ата-аналары балаларын түсінеді, қолдайды, сенеді. Мұндай отбасының ата-аналары балаларының заманға сай тыңдайтын әндерін, замани сәндерін оңтайлы қабылдайды. Ал балалар өздерінің жақын туысқандарына өте жақын. Бұл отбасындағы жеткіншектер белсенді, тәуелсіз, достық қатынаста болады.

  2. Тілектестік отбасы. Бұл отбасы ата- аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығущыаналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушылық танытады. Бұл отбасында да конфликттер болып тұрады, бірақ бұлар ашық түрде өтіп, тез шешіледі. Бұл отбасындағы жеткіншектер ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, оларға сенеді. Мұндай отбасында үлкендер мен кіші арасында белгілі арақашықтық сақталады. Балалар мейірімді,ашық жүзді, тіл алғыш, болып өседі. Өздерінің тәуелсіздіктерін кейдк айтып та қояды.

  3. Көптеген отбасында ата-аналар балаларының оқуына, күнделікті өміріне көбірек зейін аударады. Тек осылармен ғана шектеледі. Мұндай отбасындағы балаларға өмірде керекті барлық заттары бар: киім, аудио-видео, құрал жабдықтар т.б. Және өздерінің бөлек бөлмелері, қымбат жиһаздары бар. Бұл отбасындағы бөлмеде кір жатпау керек. Мұндай отбасы ата-аналарының ұрандары мынадай: «басқалардан кем емеспіз». Мұнда анық ата-аналар мен жеткіншек арасында конфликт көрінеді. Мұндай отбасында балаларды материалдық қамту жеткіліксіз, оларды қанағаттандырмайды. Балаларға ең керегі өздеріне деген «үлкен зейін» аудару болып келеді.

  4. Балаларының соңынан аңдитын, оған сенбейтін, балаларына қол көтеретін отбасыларда бар. Мұндай отбасыларында өсіп келе жатқан жеткіншек пен ата-ана арасында конфликт болады. Кейде ол жасырын түрде де болып өтеді. Мұндай отбасындағы жеткіншектер ата-анасына деген өшпенділікті, үлкен адамдарға деген сенімділікті жоғалтады, сонымен қатар өз құрдастарына, қоршаған ортаға сенімсіз болады.

Бұл отбасындағы атмосфера өте тығыз (критический). Үйде қысым өте көп, әлеуметтікке қарсы, мұндай отбасы ата-аналарының бірі ішкіш болып кетеді. Мұндай отбасының күйі, көбінесе жеткіншектердің қылмыс жасауына себеп болады.

Ата-ананың балаға қарым-қатынасы – бұл балаға деген біртұтас сезімдердің жүйесі, баламен қарым-қатынас барысында байқалатын, өзін-өзі ұстай білу дағдысы, баланың жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсіну және соны ескере отырып әрекет жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет